Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Уйде окыту сабақ жоспары 4-сынып
Материал туралы қысқаша түсінік
Акыл ой кемистиги бар балаларга жоспар бойынша сабақ өту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
08 Желтоқсан 2023
238
1 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
А. Қ. Биисова, Л. Ж. Джусупкалиева
ҚАЗАҚ ТІЛІ
Зерде бұзылыстары бар балаларға
арналған арнайы мектептердің
(сыныптардың) 4-сыныбына арналған
әдістемелік құрал
Алматы
2021
ӘОЖ 376
КБЖ 74.3
Б52
Биисова А. Қ. т.б.
Б52 Қазақ тілі. Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы
мектептердің (сыныптардың) 4-сыныбына арналған әдістемелік
құрал / А. Қ. Биисова, Л. Ж. Джусупкалиева. – Алматы: «ӘБЕО
орталығы» ЖШС, 2021. – 116 б.
ISBN 978-601-347-186-0
ISBN 978-601-347-186-0
ӘОЖ 376
КБЖ 74.3
© «ӘБЕО орталығы» ЖШС, 2021
КІРІСПЕ
Оқу-әдістемелік кешен жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 4-сыныптары
үшін «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу
бағдарламасын негізге ала отырып, жеңіл ақыл-ой кемістігі бар
білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін ескере
әзірленген. Арнайы мектептерде қазақ тілі бастауыш деңгейдегі
жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылар үшін ең негізгі пән
болып есептеледі.
«Қазақ тілі» пәні арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды,
ұлттық мәдениетті, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеу машығында оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. Бұған
қоса, тілді оқып-үйрену барысында арнайы мектептегі оқушылар
алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, таным үдерістері түзеу
арқылы дамиды, сөйлеу дағдылары қалыптасады. Қазақ тілінде
оқу-жазуға дағдылану арқылы басқа пәндерді оқып үйренуге жол
ашылады.
«Қазақ тілі» пәні бойынша аталмыш оқу-әдістемелік кешеннің
мазмұны аталған санаттағы оқушыларды қазақ тіліне үйрету
міндеттерін шешуді көздейді. Олар:
1) айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыту;
2) күнделікті тұрмыстық жағдайларда, қолжетімді мамандықтар
бойынша іс-әрекет барынша өз бетімен қатынас жасауға қажетті
тілдік білім, білік және дағдыларды қалыптастыру;
3) білім алушылардың ұғымына сай мәтіндерді дұрыс оқып,
мағынасын түсінуге үйрету;
4) өз ойын жүйелі түрде дұрыс жеткізе білуге, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуге үйрету;
5) сөз байлығын дамыту, жетілдіру;
6) сөйлем құрау, дағдыларын жетілдіру;
7) диалогтік және монологтік сөйлеу дағдыларын, сөйлеу мәдениетін, өз сөзінің дұрыс айтылуын бақылауын қалыптастыру,
дамыту;
8) қарапайым орфографиялық және пунктуациялық ережелерді
практикалық түрде меңгеру;
3
9) білім алушылардың сабаққа, ересектермен және сыныптастармен қатынас жасауға қызығушылығын дамыту.
Оқу-әдістемелік кешен құрамына оқулық пен әдістемелік құрал
кіреді. Оқулық құрылымында бағдарлау аппараты: аңдатпасы,
алғы сөзі, мазмұны, көрсеткіштері, шартты белгілері көрсетілген.
Оқулық мазмұны жүйелі, ретті және қисынды құрылған.
«Қазақ тілі» оқулығында оқу бағдарламасында көзделген:
айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыту;
өз бетімен қатынас жасауға қажетті тілдік білім, білік және дағдыларды қалыптастыру; сөз байлығын дамыту, сөйлем құрау
дағдыларын жетілдіру; сөйлеу дағдыларын, сөйлеу мәдениетін,
өз сөзінің дұрыс айтылуын бақылауын қалыптастыру; қарапайым
орфографиялық және пунктуациялық ережелерді меңгеру міндеттерінің мәні ашылған.
«Қазақ тілі» оқулығында оқу және жазу жұмыстары өзара тығыз
байланыста қатар жүреді.
Оқу-әдістемелік кешен ұсынатын барлық практикалық тапсырмалар білім алушылардың жоғарғы психикалық қызметтерінің
сенсомоторлы негізін (қабылдау, сөйлеу тілі, ойлау) дамытуға,
өмірлік тәжірибесінің жеткіліксіздігінің орнын толтыру, жалпы білім
беру пәндері бойынша білім алу, дағды мен іскерлікті меңгеруге
мүмкіндік береді.
Қазақ тілін оқытуда, оқушылардың ойлау әрекетінің төмен
деңгейін ескере отырып, оқыған материалды сапалы меңгерту
мақсатында салыстыру, талдау, жіктеу, іріктеу, теңестіру, түсіндіру, дәлелдеу, топтастыру сияқты тәсілдер кеңінен қолданылады.
Осындай тәсілдер мен жұмыс түрлері оқушылардың белсенділігін
арттырады. Ал көрнекілікке сүйену арқылы практикалық және
ойын әрекеттер мен әртүрлі жаттығулар оқушылардың қазақ тілін
оқып үйренуге қызығушылығын дамытады.
Педагог оқыту барысында жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың ойлау үдерістерінің енжарлығы, танымдық белсенділігінің төмендігі мен сөйлеу дамуының артта қалуын, ойлау, қорыту
және абстракциялаушы функцияларының әлсіздігін ескеру керек.
Маңызды мәселе бұл жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың вариативті типологиялық ерекшеліктерімен шартталады, яғни олардың ерекшеліктері оқу материалдарын меңгеру
4
кезінде байқалады және білім, дағды мен іскерлігінің сапасына
әсер етеді. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған
арнайы мектеп пен сыныптарда оқу үдерісі белгілі оқушыларды
төрт типологиялық топты құрайтын педагогикалық жіктелу негізінде іске асырылады (В. В. Воронкованың жіктеуі бойынша). Педагог білім алушылардың мүмкіндіктеріне қарай әр типологиялық
топқа күрделілігі мен көлемі қол жетімділігін ескере отырып, оқу
материалдарының мазмұнын іріктеп алады. Осыған байланысты
барлық тапсырмалар мен жаттығулардың күрделілік деңгейлері
ескерілген, оқулықпен жұмыс дәптерінде тиісті шарт белгісімен
көрсетілген. Оқулықтың мазмұны бастауыш сыныптардың барлық
пәндері бойынша өзара сабақтастық пен байланыстың болуы
мақсатында:
- «Өзім туралы»;
- «Менің мектебім»;
- «Менің отбасым және достарым»;
- «Бізді қоршаған әлем»;
- «Саяхат»;
- «Салт-дәстүр. Мерекелер»;
- «Тағам және сусын»;
- «Дені саудың – жаны сау» сияқты бөлімдерге бөлу арқылы
қарастырылған.
«Қазақ тілі» пәні «Оқу және тіл дамыту», «Айналадағы әлем»,
«Бейнелеу өнері», «Қол еңбегі» оқу пәндерімен тығыз байланысты жүргізіледі. Бұл сабақтарда білім алушылардың енжар сөз қорының белсенді сөз қорына ауысуына, сөйлем құрау дағдыларының дамуына, тіл дыбыстарын дұрыс айтып бекітуіне, сөйлеудің
просодикалық жағының жетілуіне қолайлы жағдай туындайды;
танымдық ерекшеліктеріне сай білім алушылар өз ойын жеткізуге
дағдыланады, қазақ халқының мәдениетін құрметтеп, меңгеруге
тәрбиеленеді; эстетикалық талғамдары, ойлау, қабылдау, ауызша
сөйлеу тілі дамиды.
Бұл оқу-әдістемелік кешенді жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушылар оқитын арнайы сыныптар мен инклюзивті білім беру жағдайындағы сыныптарда пайдалануға болады.
5
ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ
ОҚУЛЫҚТЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Оқулықта оқу материалы жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балаларға
арналған қазақ тілін оқытудың арнайы әдістемесіне сәйкес келетін
оқу материалдары берілген.
Оқу құралы мұғалімге оқулық тапсырмаларын дәйектілікке
және білім беру бағдарламасына бағыттайтын кестелермен
аяқталады. Әр тақырып бойынша оқушының қызметін сипаттау
арқылы тұжырымдалған күтілетін нәтижелер қалыптастырылады.
Оқу үдерісінде бағдарлама бойынша өтілетін әртүрлі тақырыптар
қарастырылады.
Оқушылардың енжар сөздік қоры жаңа сөздермен және терминдермен толықтырылады. Содан кейін оқушыларды белсенді
сөйлеуде жаңа түсініктерді қолдануға шақыру қажет.
Оқулықтағы әрбір тапсырма бойынша мұғалімнің кеңесі беріледі. Тапсырма анық және баяу айтылады. Сұрақты бірден қайталамай, балалар естігендерін ойланып түсінетіндей мүмкіндік
туғызу қажет.
Жасыл дөңгелек күрделіліктің бірінші (төмен) деңгейін білдіреді. Бұл тапсырмаларда оқушы нысанның суретін немесе мұғалімнің сипаттап көрсеткен сюжеттік бейнені оқып, көрсетуі керек.
Сары дөңгелек оқыту міндетінің күрделілігінің екінші (орташа)
деңгейін көрсетеді, ол қазақ тілін түсінуді және терминологиясын
өз сөзінде қолдануды, оны мұғалім қайталауды қамтиды. Қызыл
дөңгелек күрделіліктің үшінші (жоғарғы) деңгейін көрсетеді. Ол
суреттерде көрсетілген бейнелерге өз бетімен сипаттама беріп,
ережеге сай тапсырмаларды талдап, түсіндіріп бере алатындай
дәрежені іске асыру көзделеді. Оқушылардың тапсырмасының
күрделілігі әртүрлі қызметтегі жетістіктері үшін бақылау негізінде
таңдалады. Әр оқушыға қарапайымнан күрделіге дейінгі тапсырмаларды біртіндеп және дәйекті күрделендіріп арттыру керек.
Барлық оқушылар күрделіліктің барлық деңгейлеріне қол жеткізе
алмайды. Оқушы өзінің мүмкіндіктеріне сәйкес, мысалы, күрделілігі бірінші деңгейдегі материалдарды орындап, мүмкіндігіне
байланысты күрделіліктің екінші деңгейіндегі тапсырмаларды
орындауға ауыса алады. Оқулықта белгіленген бағдарлау дағды6
ларын қалыптастыру, оны мұқият пайдалану, оқулық материалын
түсіну және түсіндіру үшін сабақта арнайы уақыт бөлінеді.
Оқулық беттерінде қарындаш пен қалам қолдануға болмайды.
Әдістемелік нұсқауда әрбір оқушының оқу жетістіктерін анықтауға арналған жетістіктер картасы бар. Сондай-ақ әрбір тақырып
бойынша оқушылардың барлық іс-әрекеттерін мұқият бақылап
талдай отырып, оқушылардың табыстылығына баға беріледі.
Жетістік картасында материалға оқушының қол жеткізген деңгейі
атап көрсетіледі, күні арнайы бағанда белгіленеді.
ЗЕРДЕ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР ОҚУШЫЛАРДЫ
ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Зерде бұзылыстары бар оқушыларға арналған көмекші
мектептердегі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде профессор
А. А. Воронкованың жүйесі бойынша 4 топқа бөлінеді:
1. І топтағы балалар көбіне бағдарламада берілген материалды толық меңгеріп, өз бетімен берілген тапсырманы орындай
алады, тапсырмадағы кейбір өзгерістерді тез ұғып, жаңа сабақты тез меңгереді. Мұндай топтағы оқушылар алған білімдерін
машықтық жұмыста өте тез көрсете алады. Сондықтан қазақ тілі
сабағында І топтағы оқушылар дыбыстық-әріптік талдауды жеңіл
меңгеріп кетеді, сонымен қатар оқу, жазу және дұрыс жаза білу
дағдыларын тез үйреніп алады.
Мысалы, өзіне бөлек тапсырма белгіленген парақша беріп,
оқушының қаншалықты дәрежеде ойлау қабілеті дамығандығы бақыланады. Оны дәптеріне көшіріп, оған талдаудың ізімен талдау
жасай отырып оқып жаза алады. Осындай талдаудың арқасында
оқушы қатесін жояды, фонематикалық есту, көру қабілеттері дамиды, сөздік қоры артады.
2. ІІ топтағы оқушылар бағдарлама бойынша оқытуда көп қиындық келтірмейді. Бірақ І топтағы оқушылармен салыстырғанда
көптеген қиындықтарға ұшырасады. Олар көбіне оқытушының
көмегінсіз өтілген материалдың ең қарпайым түрін қорытындылай
алмайды, оны түсіну мүмкіншілігі дамуындағы кемістіктерді түзете
отырып, мынадай мақсат қойылады:
7
- балаларға қажетті терминдерді меңгерту, мағыналарындағы
айырмашылықтарды ажыратып түсіндіру;
- балалардың айналадағы заттарды, құбылыстарды тікелей
бақылау, сұраққа толық жауап беру, суретке қарап әңгіме құру,
әртүрлі машықтық жұмыстар жүргізу қажеттілігі ескеріледі.
Оқыту жүйесінде экскурсияның білімдік және тәрбиелік мәні
өте зор. Экскурсия оқушының тақырыпты толығырақ түсінуіне
көмектеседі. Оқу мен жазуға үйрету барысында оқушылар фонетикадан алған бірқатар мәліметтерді әр сабақтың алдында
қайталап отырады.
Балалардың оқу мен жазудағы байқалатын кемшіліктері:
• сөздерді буынға бөле алмайды, бөлген жағдайда кемшіліктер
жібереді;
• сөйлем құрауда мағыналарына жіті көңіл бөлмейді, орындарын ауыстырып жазады. Мұндай олқылықтардың алдын алу
мақсатында жаңа сабақты бастамас бұрын сөзді буынға бөлдіріп,
буын санын сұрай отырып, дыбыстардың дауысты, дауыссыз
болатынын, қайсысы қай топқа жататынын графикамен сыздырып, ал буынға бөлуде қол шапалақтату арқылы буын санын тез
табуға көңіл бөлінеді.
3. ІІІ топтағы оқушыларға бағдарламалық материалды меңгертуде көп қиындықтар кездеседі, олар әр уақытта жаңа сабақты
түсінуде заттық материалдар мен ауызша-логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға қажет көрнекіліктерді мол пайдаланғанды
қажет етеді. Себебі, олардың ойлау, есте сақтау қабілеттері тек
қана көру, есту дағдысына байланысты дамиды, сол арқылы
дамып отырады. Ең біріншіден, оқушыны айтылатын нәрсенің ең
қарапайым түрімен таныстыру. Оқушыға осы қарапайым дағдыны
меңгертудің өзі көп жұмысты қажет етеді.
Жалпы оқу үстінде жаңа материалды бірден түсіне алмайды,
оларға бірнеше рет қосымша түсіндіруді қажет етеді. Өз бетімен
жұмыс істеу қабілеті жоқ. Екінші топтағы балаларға қарағанда,
сабақты ұғыну үдерісі өте төмен. Мұндай оқушылардың білу
дағдыларын қалыптастыру үшін үнемі ұйымдастырып, сұрақтар
қою арқылы сүйемелдеп отыру керек. Ол үшін мынадай басты
мақсатты іске асыру қажет:
• балалардың білімін, ептілігін, дағдыларын байқаумен тексеру (оқу, жазу сабақтарында);
8
• балаларды оқуға қызықтыру;
• балалардың жалпы және тілдік дамуындағы ерекшеліктерін
айқындау;
• есту, көру дағдыларын дамыту;
• қолдың бұлшықеттерін шынықтыруға қатысты жұмыстар
жүргізу;
• фонематикалық есту қабілеттерін дамыту т.б.
Бұл топтағы оқушылар қазақ тілін оқып үйренуде мынадай
қателіктер жібереді:
• Сөздер жазғанда көп қателіктер болады.
• Әріп, буынды тастап кетеді.
• Әріптің үстіне әріп жазылады.
• Әріптерді қосып жазбайды, жолдан шығып кетеді.
Осыны болдырмау әдісі:
- буынды, сөзді, сөйлемді жазғанда, кеспе әріптермен жұмыс
болу керек;
- суреттер арқылы тілін дамытып, сөзді дәптерге жаздыру;
- талдаудың ізімен талдау жасап, оқытып жаздыру.
Осылай талдаудың арқасында оқушылар қателіктерін жояды, фонематикалық есту, көру қабілеттері дамиды, сөздік қоры
артады.
4. ІV топтағы оқушылар көмекші мектепте қолданылатын оқу
материалдарының өзін ең төменгі дәрежеде қабылдайды. Оларға
жалпы оқу үдерісіндегі түсіндірулер жеткіліксіз. Оларға тапсырма
беруде, жаңа сабақты меңгертуде көптеген тәжірибелер мен жаңа
әдістемелік тәсілдерді қолдануды, оқытушы тарапынан нақты бақылауды қажет етеді. Ол үшін олармен жеке сауат ашу кезеңінде
қойылатын талаптармен жұмыс жүргізіледі:
- әріптерді, оларды бір-бірімен тіркестіріп, буындарды, тәсілдерді дұрыс меңгерту;
- осы оқушыларды буындап оқуға жеткізу.
Бұл кезең дыбыстық талдау, жинақтау тәсілімен жүргізіледі.
Оқушылар сөйлемді сөзге, сөзді буынға бөлуді үйренеді. Ал
фонематикалық есту қабілеті мен тілдік кемістіктерін түзету үшін
артикуляциялық жаттығулар жасалу қажет. Олар қимыл-әрекеттерін дамыту үшін сабақ барысында түрлі дидактикалық ойындарға
мән берген жөн.
9
Білім беру жүйесіндегі қазіргі талап, сабақты ұйымдастырудың тиімді жолдарының бірі – оқытудың жаңа технологияларын
орынды қолдану болып табылады. Жаңа технологияны меңгеру
мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық т.б. қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.
ОҚУЛЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
1) Дыбыс және әріп: қазақ тілде дыбыстарды дұрыс айту; ауызекі сөйлеу тілінде буын және дыбыс үндеcтігін сақтап сөйлеу.
Қазақ тіліндегі әріптердің орналасу тәртібімен танысу; әліпбидің
анықтамасымен танысу, жаттау; сөздерді әліпби ретімен орналастыру. Әртүрлі жазбаша жұмыс түрлерінде дыбысты, әріпті
сәйкес дұрыс қолдану (жазба, баспа әріптер). Жуан (а, о, ы, ұ),
жіңішке (ә, ө, і, ү) дауыстылар айтылуы мен естілуін ұғыну, сөзде
дұрыс жазу. Сөзге дыбыстық талдау жасау. Жұп (а-ә, о-ө, ы-і, ұ-ү)
дауыстыларды ажырату. Сөзге дыбыстық талдау жасау. Әртүрлі
жұмыс түрлерінде жуан, жіңішке дыбыстарды дұрыс өзбетімен
қолдану. Дауыссыз дыбыстар. Қатаң, ұяң және үнді дауыссыздар. Буын және тасымал: дауыстылардың буын жасай алатыны;
сөздерді буынға бөлу; тасымалдау жолдарын мысалдар арқылы
ұғыну; тасымалданбайтын сөздер; жуан және жіңішке айтылатын
дыбыстар (ана, әке). Сөздер мен сөйлемнен жуан және жіңішке
болып қолданылған дауыссыздарды табу, астын сызу. «Я», «Ю»
әріптердің емлесі. Жіңішкелік белгісі (ь) мен айыру белгісі (ъ).
«И», «Й» әріптердің жазылуы. Осы әріптер кездесетін сөздерге
буындық және дыбыстық талдау жасау. «В», «Ф» дыбысы мен
әріптері. Айтылуы мен жазылуында ажырату. Сөздерге дыбыстық-буындық талдау жасау.
2) Сөз: заттың атын білдіретін сөздер. Заттың атын білдіретін
сөздер туралы оқушылардың ұғымдарын кеңейту; сөздерге кім?
не? деген сұрақтарды дұрыс қоя білу және жауап беру; заттың
суреттері арқылы сөздер ойластыру; кімді? нені? кімге? неге?
кімнің? ненің? деген сұрақтарды қоя білу және жауап беру; затты
жеке және оның бөліктерін атай білу (үстел – беті, аяғы, тартпасы);
затты жеке және топтап айта білу (алма, өрік, алмұрт – жемістер);
білім алушылардың жалқы есім туралы ұғымдарын кеңейту; қала,
10
ауыл, көше, кісі аттарының бас әріптен жазылуын білу. Әрекетті
білдіретін сөздер. Әрекетті білдіретін сөздер туралы ұғымдарын
кеңейту; әрекетті білдіретін сөздерге сұрақ қоя білу; әрекетті білдіретін сөздерді мәтіннен таба білу; әрекетті білдіретін сөздерді
қатыстырып сөйлем құрау; не істейсің? не істедің? деген сұрақтарға
жауап беру; берілген қимылдың иесі бола алатын заттардың атын
анықтау. Не маңырайды? не боздайды? Заттың санын, сапасын,
белгісін білдіретін сөздер. Қандай? қай? неше? деген сұрақтар арқылы заттың белгілерін анықтау; заттың санын, сапасын, белгісін
білдіретін сөздерді мәтіннен дұрыс таба білу; оларды заттың атын
білдіретін сөздермен дұрыс тіркестіріп айта және жаза білу; аталған заттың бірнеше белгісін (сапасын) тауып айту және бірнеше
белгіні (сапаны) білдіретін сөздерге қарап заттың атын таба білу;
екі затты сапалары бойынша салыстыру (қар – ақ, көмір – қара,
мақта – жұмсақ, тас – қатты); сөз тіркестерін құрастыру: ақ көйлек,
қара бояу, үлкен мектеп, биік ағаш. Түбірлес сөздерді түсіну. Түбірлес сөздердің анықтамасын білу.
3) Сөйлем: жай сөйлем құрылымымен танысу; кімнің? ненің?
кімді? нені? кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен?
немен? деген сұрақтар арқылы сөйлем құрай білу; сөйлемді
мәтіннен ажырата білу; сөйлемді аяқтап жазуды үйрену; сұрақ
бойынша сөйлемді толықтыруға дағдылану; берілген жауабын
түсініп жаза білу (Самат ненің суретін салды? Самат әтештің суретін салды); сөйлемдегі сөздердің ретін сызба арқылы көрсету.
4) Байланыстырып сөйлеу: ретсіз берілген сөздерді мағынасына қарай ретімен орналастырып жаза білу; мазмұндаманың
мәтінін құрап, сөйлемдерді жүйелі түрде реттілікпен айту; сурет
бойынша шағын мәтін құрастыру.
5) Тіл нормаларын қолдану: орфографиялық нормаларды
сақтау; жалқы есімдер түбірлес сөздерге қатысты ережелерді
сақтау; орфоэпиялық нормаларды сақтау; пунктуациялық нормаларды сақтау; сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату
және сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ, леп белгісі) қолдану;
каллиграфиялық нормаларды сақтау; әріптерді үзбей, біркелкі,
таза жазуын жетілдіру, көркем, әдемі жазуға дағдылану; қолжазба
және баспа мәтінін тұтас сөздермен көшіріп жазу; 25-30 сөзден
құралған мәтінді жатқа жазу.
11
12
Оқу
мақсаттары
Дауысты
дыбыстар
Жұп дауысты
дыбыстар
Бақылау
диктанты
4
5
6
Дыбыс және
әріп
4.1.3.3 әртүрлі жұмыс түрлерінде жуан, жіңішке
дыбыстыларды өздігінен дұрыс қолдану.
4.1.3.2 жұп (а-ә, о-ө, ы-і, ұ-ү) дауыстыларды ажырата білу; осы дыбыстар кездесетін сөздерге дыбыстық талдау жасай білу.
1
3
4
1
4.1.1.1 ауызекі сөйлеу тілінде буын және дыбыс
үндеcтігін сақтап сөйлеу.
4.1.3.1 жуан (а, о, ы, ұ), жіңішке (ә, ө, і, ү) дауыстылар айтылуы мен естілуін ұғыну, сөзде дұрыс жазу;
сөзге дыбыстық талдау жасау.
1
1
Сағат
саны
4.1.2.1 әртүрлі жазбаша жұмыс түрлерінде дыбысты, әріпті сәйкес дұрыс қолдану (жазба, баспа
әріптер).
Тіл және сөйлеу 4.1.1.1 ауызекі сөйлеу тілінде буын және дыбыс
үндеcтігін сақтап сөйлеу.
Дыбыс және
буын үндестігі
1-бөлім.
ӨЗІМ
ТУРАЛЫ
11 сағат
Сабақтың
тақырыбы
3
2
1
№ Ортақ тақыр/с
рыптар
Қазақ тілі пәні, 4-сынып
Аптасына: 3 сағат
Барлығы: 102 сағат
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Мерзімі
Ескерту
13
Дауыссыз
дыбыстар
Я әрпінің
емлесі
Ю әрпінің
емлесі
Ь – жіңішкелік
белгісі
Ъ – айыру
белгісі
Й, и әрпінің
жазылуы
3
4
5
6
7
8
Буын және
тасымал
Әліпби
2-бөлім.
МЕНІҢ
МЕКТЕБІМ
16 сағат
2
1
4.1.6.3 И, Й әріптердің жазылуы. Осы әріптер кездесетін сөздерге буындық және дыбыстық талдау
жасау.
4.1.6.3 жіңішкелік белгісі (ь) мен айыру белгісі (ъ).

4.1.6.2 Я, Ю әріптердің емлесі.
4.1.6.2 Я, Ю әріптердің емлесі.
4.1.6.1 қатаң, ұяң, үнді дауыссыздарды әртүрлі
жаттығуларда, тапсырмаларда орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс қолдану.
4.1.5.1 қазақ тіліндегі әріптердің орналасу тәртібін
білу;
4.1.5.2 алфавит анықтамасымен танысу, жаттау;
4.1.5.3 алфавит ретін бекітуге арналған әртүрлі
тапсырмаларды өздігінен орындау.
4.1.4.1 буын, тасымал ережелерін тәжірибе жүзінде
меңгеру;
4.1.4.2 сөздің дыбыстық, буындық құрамын талдау
негізінде дұрыс жазу;
4.1.4.5 бір буыннан, көп буыннан тұратын сөздерді
тасымалдау.
1
1
1
1
1
3
2
3
14
Сөз. Заттың
атын білдіретін
сөздер
1
Заттың
4.2.3.3 заттың санын білдіретін сөздерді заттың
санын білдіретін атын білдіретін сөздермен тіркестіру.
сөздер
5
4.2.2.1 әрекетті білдіретін сөздермен сөйлем құрау,
жазу, қимыл сөздерді сөйлеу барысында дұрыс
қолдану;
4.2.2.2 әрекетті білдіретін сөздерді жағына, шағына
қарай өзгертіп, қолдану.
Заттың қимылын білдіретін
сөздер
4
4.2.1.3 жалқы есімдер; жалқы есімдер туралы түсінікті кеңейту (өзен, теңіз, тау атаулары); жалқы есім
сөздерін ережелерге сай сақтап жазу.
Жер-су аттары
4
5
1
2
4
4.2.1.1 затты жеке және оның бөліктерін атай білу
(үстел-беті, аяғы, тартпасы);
4.2.1.2 затты жеке және топтап айта білу (алма,
өрік, алмұрт – жемістер).

4.1.6.4 В, Ф дыбысы мен әріптері; айтылуы мен
жазылуында ажырату; сөздерге дыбыстық-буындық
талдау жасау.
3
Бас әріптен
жазылатын
сөздер
Бөлім бойынша
қайталау
11
2
Бақылау
диктанты
10
3-бөлім.
МЕНІҢ
ОТБАСЫМ
ЖӘНЕ
ДОСТАРЫМ
16 сағат
В, ф дыбысы
мен әрпі
9
15
Көпмағыналы
сөздер
Сөйлем. Сөйлемнің түрлері
7
1
Хабарлы
сөйлем
Қарама-қарсы мағыналы
сөздер
6
2
Мәндес сөздер
5
5-бөлім.
САЯХАТ
12 сағат
Түбірлес
сөздер
4
Бақылау
диктанты
Заттың
сынын білдіретін сөздер
Бөлім бойынша
қайталау
4-бөлім.
БІЗДІ
ҚОРШАҒАН
ӘЛЕМ
16 сағат
3
2
1
4.3.3.2 мәтіннен сөйлем түрлерін табу, түсіну.
4.3.3.1 сөйлем түрлерімен танысу (хабарлы, сұраулы, лепті), ажырату.
4.2.5.6 көпмағыналы сөздерді түсіну; көп-мағыналы
сөздердің анықтамасын білу;
4.2.5.5 қарама-қарсы мағыналы сөздерді түсіну; қарама-қарсы мағыналы сөздердің анықтамасын білу.
4.2.5.4 мәндес сөздерді түсіну; мәндес сөздердің
анықтамасын білу.
4.2.5.1 түбірлес сөздерді түсіну; түбірлес сөздердің
анықтамасын білу;
4.2.5.2 түбірлес сөздерді табу, сөздің түбірін анықтау;
4.2.5.3 түбірлес сөздерге өзгерту дағдыларын
меңгеру.

(үстел – беті, аяғы, тартпасы);

өрік, алмұрт – жемістер);

4.2.4.1 мәтіннен әртүрлі мағыналы сипаттау сөздерді табу, жазу.
2
2
2
2
2
2
1
1
6
16
Бақылау
диктанты
Бөлім бойынша
қайталау
3
4
Мәтін
Диалог
1
2
4.4.1.1 іс-әрекет бойынша сұрақтар қоя білу;
4.4.1.2 сурет бойынша сұрақтар қоя білу;
4.4.1.3 мәтін бойынша сұрақтар қоя білу.
Сөйлем мүшелері
6
6-бөлім.
САЛТДӘСТҮР.
МЕРЕКЕЛЕР
8 сағат
4.3.4.3 сөйлемнің тұрлаулы мүшелерімен танысу:
бастауыш, баяндауыш (атап қана өту).
Сөйлем түрлері
5
4.4.2.5 мәтінді өткен ережелерді сақтап көшіру.
Тыныс белгілерін қою.
4.4.2.4 мәтінді оқып, сұрақтарға жауап жазу.
4.4.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің жоспарын
(өлең, жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш) анықтап,
мазмұнын айту;
4.4.2.2 өздігінен мәтіннің жоспарын (өлең, жұмбақ,
мақал-мәтел, жаңылтпаш) анықтап, мазмұнын айту;
4.4.2.3 өз бетімен өлең, жұмбақ, мақал-мәтел,
жаңылтпаш жаттау.
4.3.4.1 сөйлемді аяқтап жазуды үйрену;
4.3.4.2 сөйлемді өзгертіп айту, жазу (хабарлы сөйлемнен сұраулы сөйлем құру);
4.3.4.4 үлгі бойынша, әртүрлі сөйлем түрлерін
құрастыру;
4.3.4.5 өздігінен әртүрлі сөйлем түрлерін құрастыру.
4.3.3.4 сөйлемдердің түріне байланысты интонацияны, дауыс күшін қолданып айту;
4.3.3.5 пунктуациялық, орфографиялық нормаға
сәйкес жаза білу.
Лепті сөйлем
4
4.3.3.3 сөйлемдерді салыстыру.
Сұраулы
сөйлем
3
1
1
3
3
2
2
2
2
17
Буын және
тасымал
Заттың атын
білдіретін
сөздер
Заттың қимылын білдіретін
сөздер
Заттың сынын білдіретін
сөздер
Заттың санын
білдіретін
сөздер
4
5
6
7
8
Дауысты
дыбыстар
Дыбыс және
әріп
Дауыссыз
дыбыстар
7-бөлім.
ТАҒАМ
ЖӘНЕ
СУСЫН

атын білдіретін сөздермен тіркестіру.
4.2.4.1 мәтіннен мағыналары әртүрлі сипаттағы
сөздерді табу, жазу;
4.2.4.2 заттарды үлгі бойынша өздігінен сипаттап
әңгімелеу.

жазу; әрекетті білдіретін сөздерді сөйлеу барысында дұрыс қолдану.

4.1.6.1 қатаң, ұяң, үнді дауыссыздарды әртүрлі жаттығуларда, тапсырмаларда орфоэпиялық нормаларға
сәйкес дұрыс қолдану.

негізінде дұрыс жазу.
2
2
4.1.3.3 әртүрлі жұмыс түрлерінде жуан, жіңішке дыбыстыларды өздігінен дұрыс қолдану.

18
Бақылау
диктанты
Тіл дамытуға
арналған жаттығулар
Сөйлем түрлері
4.4.3.3 сөздік диктант жазу;
4.4.3.4 сөйлемді аяқтап жазуды үйрену.
4.4.3.1 ілеспелі сурет бойынша (көмекпен) шағын
шығарма жазу;
4.4.3.2 басталған әңгімені аяқтау.
4.3.4.1 сөйлемді аяқтап, жазуды үйрену;
4.3.4.2 сөйлемді өзгертіп айту, жазу (хабарлы сөйлемнен сұраулы сөйлем құру).
102
сағат
1
3
3
өзі туралы айту, мысалдар келтіру;
дыбыс пен әріпті тану, дауысты дыбыстарды ажырату;
жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды үлгі арқылы көрсету;
жұп дауысты дыбыстарды ажырату;
дауысты дыбыстардың түрлерін кесте арқылы көрсету.
суреттер бойынша сөздер айту;
сөзжұмбақ шешу;
мазмұнды сурет, парақша, бейнекөрсетілім бойынша сөздерді табу;
топтық, жұптық тапсырмалар орындау, постер қорғау.
дауысты дыбыстарды түрлеріне қарай ажыратады;
дыбыстық талдау жасайды;
жеке, жұптық жұмыс.
тақырып бойынша сөздік жұмысы;
дыбыстан сөз, сөзден сөйлем құрайды.
Мазмұнды сурет
Ілеспелі қайталау
Сөздік және сөз
тіркестері
«Өзім туралы» ауыспалы тақырып бойынша технологиялық картаның үлгісі
БАРЛЫҒЫ:
102 сағат
8-бөлім.
ДЕНІ
САУДЫҢ –
ЖАНЫ САУ
7 сағат
Дыбыс және әріп.
Дауысты дыбыстар
3
2
1
19
заттық, мазмұнды суреттер; кеспелі парақшалар; кестелер; АҚТ қолдану (интербелсенді
тақта).
Көрнекі құралдар
мектеп туралы түсініктерін кеңейту;
дыбыс пен әріпті тану, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату;
әліпби ретін білу, тәжірибеде қолдану;
дауыссыз дыбыстардың түрлерін кесте арқылы көрсету.

буын мен тасымалдың анықтамасын біледі;
жеке, жұптық жұмыс.
тақырып бойынша сөздік жұмысы.
әдебиеттік оқу;
қол еңбегі, бейнелеу өнері;
айналадағы әлем.
заттық, мазмұнды суреттер; кеспелі парақшалар; кестелер; АКТ қолдану (интербелсенді
тақта).
Буын және тасымал.
Әліпби.
Дауыссыз дыбыстар
Мазмұнды сурет
Ілеспелі қайталау
Сөздік және сөз
тіркестері
Пәнаралық байланыс
Көрнекі құралдар
«Менің мектебім» ауыспалы тақырып бойынша
технологиялық картаның үлгісі
әдебиеттік оқу;
қол еңбегі, бейнелеу өнері;
айналадағы әлем.
Пәнаралық байланыс
20
отбасы және достары жөнінде әңгімелеу;
заттың атын, қимылын, сынын білдіретін сөздердің анықтамасын айту;
заттың атын, қимылын, сынын білдіретін сөздердің түрлерін сұрақ қою арқылы тану,
қайталау;
жетелеу сұрақтары арқылы сөз тіркестерін айту.

заттың атын, қимылын, сынын білдіретін сөздердің анықтамасы, түрлерін біледі;

Заттың атын, қимылын,
сынын білдіретін сөздер
Мазмұнды сурет
Ілеспелі қайталау
Сөздік және сөз
тіркестері
Пәнаралық байланыс
Көрнекі құралдар
«Менің отбасым және достарым» ауыспалы тақырып бойынша
технологиялық картаның үлгісі
21
қоршаған ортаға құрметпен қарау;
заттың санын білдіретін сөздердің анықтамасын білу;
сұрақтар қою арқылы заттың санын білдіретін сөздерді табу;
түбірлес, мәндес, қарама-қарсы мағыналы, көпмағыналы сөздерді айту.

заттың санын білдіретін сөздер, түбірлес, мәндес, қарама-қарсы мағыналы, көпмағыналы сөздердің анықтамасын біледі;

Заттың санын білдіретін сөздер, түбірлес,
мәндес, қарама-қарсы
мағыналы, көп- мағыналы сөздер
Мазмұнды сурет
Ілеспелі қайталау
Сөздік және сөз
тіркестері
Пәнаралық байланыс
Көрнекі құралдар
«Бізді қоршаған әлем» ауыспалы тақырып бойынша
технологиялық картаның үлгісі
22
саяхат туралы түсініктері кеңейді;
сөйлем, оның түрлерін ажыратады;
сөйлем бас әріптен басталып, соңына тыныс белгісі қойылатынын;
сөйлемнің айтылу мақсатына қарай, хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем екенін;
сөйлемнің түріне қарай дауыс ырғағының өзгеруін;
мұғалімнің көмегімен сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау.
мазмұнды суретке қарап, хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем жасай білу;
берілген сөйлемді сөйлемнің түріне қарай өзгерту.
сөйлем түрлерінің ережесін айтады;
сызбаның үлгісіне қарай сөйлем құрастырады.
тақырып бойынша сөздік жұмысы жүргізіледі.
әдебиеттік оқу;
қол еңбегі, бейнелеу өнері;
айналадағы әлем.
заттық, мазмұнды суреттер, ойыншықтар; кеспе әріптер, текшелер; сызбалар.
Сөйлем түрлері (хабарлы, сұраулы, лепті)
Сөйлем мүшелері
Мазмұнды сурет
Ілеспелі қайталау
Сөздік және сөз
тіркестері
Пәнаралық байланыс
Көрнекі құралдар
«Саяхат» ауыспалы тақырып бойынша технологиялық картаның үлгісі
23
салт-дәстүр, әдет-ғұрып, мерекелерді дәріптейді;
диалогтің екі адам арасында айтылатынын айтады;
мәтіннің ережесін, жоспар құрады.
суреттер бойынша сөздер айту;
сурет, парақша, бейнекөрсетілім бойынша сөздерді табу;

диалог пен мәтіннің анықтамасын біледі;

Диалог.
Мәтін
Мазмұнды сурет
Ілеспелі қайталау
Сөздік және сөз
тіркестері
Пәнаралық байланыс
Көрнекі құралдар
«Салт-дәстүр. Мерекелер» ауыспалы тақырып бойынша
технологиялық картаның үлгісі
24
тағам мен сусынды қолдану ережесін сақтайды;
дыбыс пен әріпті ажыратады;
сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

дыбыс пен әріптің анықтамасын біледі;

Сөз
Мазмұнды сурет
Ілеспелі қайталау
Сөздік және сөз
тіркестері
Пәнаралық байланыс
Көрнекі құралдар
«Тағам және сусын» ауыспалы тақырып бойынша
технологиялық картаның үлгісі
25
денсаулықтың маңызын түсінеді;
сөйлем, оның түрлерін ажыратады;
тіл дамыту жаттығуларын мұғалімнің көмегімен орындайды.

сызба арқылы сөйлемнің түрлерін ажырату;
сызбаның үлгісіне қарай сөйлем құрастыру.

Сөйлем түрлері.
Тіл дамытуға арналған
жаттығулар
Мазмұнды сурет
Ілеспелі қайталау
Сөздік және сөз
тіркестері
Пәнаралық байланыс
Көрнекі құралдар
«Жаны саудың – дені сау» ауыспалы тақырып бойынша
технологиялық картаның үлгісі
26
1-бөлім.
Өзім туралы
Дыбыс дәне әріп.
Дыбыс және буын
үндестігі.
Дауысты дыбыстар.
Жұп дауысты дыбыстар
І
ІІ 2-бөлім.
Менің мектебім
Буын және тасымал.
Әліпби.
Дауыссыз дыбыстар.
Я, Ю әріптерінің емлесі.
Ь – жіңішкелік белгісі.
Ъ – айыру белгісі.
Й, и әріптерінің жазылуы
В, ф дыбыстары мен
әріптері.
Тарау

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Соңғы бір жылда:
45 000 000 ₸
Авторлар тапқан ақша