Материалдар / "Ым-ишара психологиясы" баяндамасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ым-ишара психологиясы" баяндамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп оқушыларына, ұстаздарға, физиогномика іліміне қызығушылықтары бар барлық адамға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2018
2091
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЫМ-ИШАРА ПСИХОЛОГИЯСЫ


Салем, достым! Адамның қаншалықты шынайы қарым-қатынас орнатып тұрғанына көз жеткізе алмай, бас қатырған кезіңіз болған шығар.. Сол кезде «Шіркін, адамның ойын оқи алатын қабілетім болса ғой!» деп армандаған да боларсыз? Адамның шынайы ойын айтқызбай-ақ «оқи» білу өнері кез келген жанды қызықтыратынына мен сенімдімін.

Бұл өнерді психологияда кинесика деп атайды. Кинесика - адамның сөйлеу, тыңдау, ойлану мен жауап беру барысында дене мүшелері мен ым-ишарасының түрліше өзгеруінің астарын зерттейтін ғылым. Мүмкін сіз қол-аяқ пен көз бен қас сөйлей ала ма деп таңқалып тұрған боларсыз... Иә, достым, адамның бет әлпетіндегі ым-ишара мен дене қозғалысы әңгімелесушінің жалған не шынайы сөйлеп тұрғанын анықтауға көмектесе алады екен. Тіптен сөзге қарағанда көп мағлұматты ым-ишара арқылы алуға болатынын да байқауға болады. Әттең, көп адам естіген сөзбен ғана шектеліп, оның ым-ишарасы мен дене мүшелерінің қозғалысын елемей, алданып, бармақ шайнап, санын соғып жатады.

Ал кинесика кез келген адамның жасырын құпиясын ашуға көмектеседі. Белгілі классик Лорд Честерфилд: «Ақпаратты әңгімелесушіден тек естіп қана емес, көріп те үйреніңдер»,- деп өсиет еткені осы жайында болса керек.

Кинесика ғылымына әлемнің көптеген психологы қызығушылық танытып, жан-жақты зерттеген. Нәтижесінде тұлғараарлық қарым-қатынас кезінде сөз арқылы ақпараттың 30 %-ы, ал ым-ишара арқылы 70 %-ы берілетіндігі анықталған.

Ерте Жапония мен Қытай мемлекетінде ым-ишара мен дене тілі ғылымына үлкен мән берілген. Тіптен адамның ым-ишарасы мен дене тілін меңгертетін арнайы мектептері болған. Адамның бет әлпетінде болатын өзгеріс пен әжімді, сол секілді түрлі жағдайда терінің өзгеру қабілетіне аса назар аударылып, мұқият зерттелінген. Әлемді өз өнеріне бағындырған суретші Леонардо да Винчиді де еске түсіре кетейік. Оның суреттерінің аса көркем және адамға тылсым түрде әсер етуінің мәні – атақты суретшінің ым-ишара мен дене қалпының психологиясын толықтай игеруінде деген болжам бар.

Адам 5 сезім мүшесіне ие: мұрын, құлақ, тіл, көз, түйсік, осылардың ішіндегі төртеуі адамның бетінде орналасқан. Сондықтан ым-ишара ақпараттың негізгі гаммасын беруі заңдылық болып саналады. Кез-келген дене мүшелерінің қозғалысы адамның ойымен тығыз байланысты.
Аз да болса, сізбен осы ғылымның бірнеше құпиясымен бөліссем деймін. Өтіріктің алғашқы белгісін мұрыннан байқауға болады. Егер серіктесіңіз санасыз түрде әңгімелесу, сұрақ қою барысында мұрнын қасып, жиі ұстай бастаса, онда сізге берілген ақпараттың толықтай шынайылығына күмәндануға болады. Себебі мұрынның қышуы немесе жыбырлауының себебі физиологиялық тұрғыда түсіндіріледі. Кез келген өтірік адамның санасыз түрде қобалжуына әкеледі. Ол өз кезегінде, қан қысымын көтеріп, мұрын ұшында орналасқан жүйке талшықтарына әсер етеді.

Көре білген адамға ақпараттың негізгі легін – көз, құлақ, қол мен аяқ, дене қалыбы береді.
«Көз адамның –айнасы» деп ата-бабамыз бекер айтпаған көрінеді. Америкалық философ, ақын Р.Эмерсон: «Егер көз бен тілдің айтқаны сәйкес келмеген жағдайда, тәжірибелі адам көздің айтқанын басшылыққа алады»,- деп айтқан.

Адамның көзі сығырайтып, тісін көрсетсе ол шынайы болып сналмайды. Шынайы күлкі – көз қиығының көтерілуімен, көз қарашығының сәл үлкейіп, жылтырауымен сипатталады. Серіктесіңіздің көзі сөйлесу барысында жанарыңызбен жиі тоғысатын болса, ол адам сізден қорықпайды, сізді қызық жан деп қабылдап, жағымды қарым-қатынаста байланыс орнатқысы келетіндігін білдіреді.
Егер адам басын бір жақ иығына қисайтып отыратын болса, - ол көзқарасқа қызығушылықтың бар екендігін айғақтайды. Басты тік ұстап, көзді бөлменің төбесіне, еденге ауыстырып, ол иықты көтерумен жалғасса, ойдың жоғалғандығын білдіреді. Көзді жоғары бағыттап, басты төмен иіп немесе жоғары көтерсе - өтініш: «Сәл күте тұрыңызшы, мен ойланып алайын» дегенді білдіреді.
Әңгімелесушінің көзге ұзақ және қозғалыссыз қарауы оны өзіне бағындырумен сипатталады. Төмен, аяқ астына қарау – бағынуға дайындықты, жан-жаққа қарау – серіктеске деген көңіл толмаушылық пен оны елемеуді білдіреді.

Көзді тіке-жоғары немесе жоғары-оң жаққа қозғалтса, адам көрген нәрсесін еске түсірумен сиптатталады.

Көздің оң жаққа қозғалысы – адамның естігенін еске түсіруін көрсетеді.

Көздің сол жаққа-төмен қозғалысы – басынан өткен сезімін еске түсіреді.

Көздің оң жаққа-төмен қозғалысы – адамның ішкі ойын талдап отырғандығын білдіреді.

Көздің сол жаққа-жоғары қозғалысы – көз алдына қандай да бір бейнені елестетуін білдіреді.

Сонымен көз – ақпаратты ең көп тарататын мүше болып табылады. Лев Толстой өз еңбектерінде адам көзінің ішкі күйді бейнелейтін 85 түрін анықтап көрсеткен. Адамның көз қарашығының үлкею мен кішірею ішкі күйдің сол нәрсеге деген қатынасын анықтауға көмектеседі. Өзіне жағымды нәрсені көрген уақытта көз қарашығы 45 %-ға кеңейеді екен. Шығыс елінің саудагерлері сатып алушының көзқарашығының үлкеюі мен кішіреюіне байланысты тауардың бағасын көтеріп немесе түсіріп сатқан. Егер адамның көзінің қарашығы үлкейсе онда сатып алушының тауарға деген қызығушылығы артқанын және бағаны көтеріңкі қойып сатуға болатындығын білген. Ал көз қарашығының кішіреюі көңіл-күйі жоқ, ашулы адамда жиі байқалады. Әдетте, карта ойынымен шебері ойын барысында қара көзілдірік тағуды жөн деп санайды. Себебі шебер ойыншы қарсыласының көзқарашығына қарап-ақ оның қолындағы картаның салмағының қаншалықты екендігін болжай алған. Тіптен қолындағы картасы мәз болмаған сәтте де, қулыққа салып, көзілдірікті жаймен шешіп, жақсылап бақылай отырып, уақыт созған. Уақыт соза отырып, қарсыласының көз қозғалысы мен ым-ишарасынан барынша көбірек мағлұмат алуға талпынған.

«Ым-ишара – тәннің емес, жанның қозғалысы»,- деп Ф.Шаляпин айтып өткен.
Әр елдің салты басқа демекші ... ым-ишара әр елде түрліше болып саналады. Саусақты самайға қою Ресейде – «есіңнен адасқансың ба?» дегенді, ал Францияда – «сен ақылға қонымды сөз айтып тұрсың» дегенді, АҚШ-та – «мен не жасап тұрғанымды жақсы білемін» дегенді білдіреді.
Қорытындылай келе, «ым-ишараны бақылау –адамның тұлғалық қасиеті мен ерекшелігін анықтауда ең қол жетімді және пайдалы әдісі болып саналды».
Ым-ишара кейде тек бір адамға ғана тән болса, ал кейбірі барлық адамда көрініп жатады.

Адамның ым-ишарасының мағынасын игере отырып, оның ойын да оқып-үйренуге болады.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!