Материалдар / Университеттегі бакалавриат дәрежесіндегі басқару психологиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Университеттегі бакалавриат дәрежесіндегі басқару психологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Біріншіден мотивация – білім алушыларды қандай да бір әрекетке ынталандыратын психологиялық процесс. Басқару психологиясында мотивация теориялары өте маңызды, себебі білім алушылардың білім алуына деген ынтасы көбінесе мотивация деңгейіне тәуелді. Абрахам Маслоуның қажеттіліктер иерархиясы теориясы, Фредерик Герцбергтің екі факторлы теориясы және Дэвид МакКлелландтың қажеттілік теориясы басқару психологиясында жиі қолданылатын негізгі теориялар болып табылады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Университеттегі бакалавриат дәрежесіндегі басқару психологиясы



Университетке адам баласы не үшін түседі? Білім алу үшін, оқу үшін түседі. Бірақ, біреулер ерігіп оқуға түсіп жатады. Ал дипломдары өкінішке орай, шаң басып жатады. Бакалаврдағы оқу жүйесі, студенттің психологиясына қалай әсер етіп жатады? Студенттердің көбісі, оқуға өздері қаламай барады. Неге? Өйткені, оқу бармағаны үшін, студентті оқудан шығарып жібереді. Студент сабақтардан қалмай, оқуын жақсы оқып жатады. Оған тағы бір себеп, студент ай сайын алып жүрген шәкірт ақысынан айырылғысы келмейді, жазда тағы да оқығысы келмейді. Бір жағынан, ол әрбір студенттің оқуға деген құштарлығын ашады, оқуға деген талпынысын ашады. Студент не үшін оқудан шығып кетеді? Көп студенттер оқып жатқан мамандығынан үміт көрмей, болашақ көрмей, болмаса оқып жатқан мамандығы ұнамаған жағдайда оқудан шығып кетіп жатады. Әрине, ол әр адамның өз қалауы. Бірақ, 4 жыл білім алып, диплом алған жағдайда, сол дипломмен жемісін көріп жүргендер қаншама.Аталған сұрақтарға толыққанды жауап есебінде мекеме және топтағы тартымдық психологиялық тұрғыда басқару,ынталандыру,мотивация көп жауап береді

Басқару психологиясы бірнеше негізгі теориялар мен ұғымдар арқылы ұйымдардағы адамдардың мінез-құлқын түсіндіреді:

Біріншіден мотивация – білім алушыларды қандай да бір әрекетке ынталандыратын психологиялық процесс. Басқару психологиясында мотивация теориялары өте маңызды, себебі білім алушылардың білім алуына деген ынтасы көбінесе мотивация деңгейіне тәуелді. Абрахам Маслоуның қажеттіліктер иерархиясы теориясы, Фредерик Герцбергтің екі факторлы теориясы және Дэвид МакКлелландтың қажеттілік теориясы басқару психологиясында жиі қолданылатын негізгі теориялар болып табылады.

Екіншіден білім алушылар арасында ұтымды лидерлік позиция қалыптасуы – басқару процесіндегі маңызды аспектілердің бірі. Лидерлер топтың табысты болуына ықпал етіп, білім алушыларды біріктіріп, оларды ортақ мақсатқа жетелейтін тұлғалар болып табылады. Лидерлік стильдеріне қатысты Р. Лайкерттің басқару стилі теориясы, Левиннің үш басқару стилі (авторитарлы, демократиялық және либеральды) және трансформациялық лидерлік сияқты модельдер басқару психологиясында кеңінен қолданылады.

Үшіншіден топтық динамика – топ мүшелерінің өзара қарым-қатынасы мен әрекеттерін зерттейтін сала. Ұйымдардағы топтар әртүрлі мақсаттарды көздегенімен, олардың тиімді жұмыс істеуі топтық динамикаға, коммуникацияға, рөлдерге және мәртебеге тәуелді. Топ ішінде қақтығыстар мен стресс жағдайлары жиі туындайды, сондықтан оны тиімді және ұтымды басқару маңызды.

Бұдан бөлек Бакалавриат деңгейіндегі басқару психологиясы студенттерге теориялық біліммен қатар практикалық дағдыларды да үйретеді. Бұл дағдылар басқарушылардың адам ресурстарын тиімді басқаруы және мекеме тәртібі енгізілуі маңызды . Себебі айтылғандай қақтығыс және стресстік жағдайлар барысы жиі туындауына алдын-ала шаралары жүргізілуі маңызды болғандықтаң басқаруда коммуникация дамытып,қақтығыс жағдайларын шешу маңызды.

Ең алдымен коммуникация – бұл топ ішінде ақпарат алмасудың негізі. Басқару психологиясында студенттерге ашық және тиімді коммуникация әдістері, белсенді тыңдау, эмоционалдық интеллект және конструктивті кері байланыс дағдылары үйретіледі. Қарым-қатынастың тиімділігі қызметкерлердің жұмыс мотивациясына тікелей әсер етеді. Топтың мотивациясын түсіну және оны тиімді басқару – басқарушының басты міндеттерінің бірі.Ұйымда қақтығыстар туындауы мүмкін, бұл көбінесе жұмысшылардың жеке қызығушылықтары мен топтық мақсаттары арасындағы қайшылықтардан туындайды. Қақтығыстарды шешу үшін басқарушы араласып, мәселені бейбіт жолмен шешуге бағытталған тәсілдерді қолдануы қажет. Бұл басқарушының дағдыларына және психологиялық білімдеріне байланысты. Өзгерістерді енгізу ұйымның тұрақты дамуы үшін маңызды. Басқару психологиясы басқарушыға қызметкерлерді өзгерістерге бейімдеуге, олардың стресс деңгейін бақылауға және жаңашылдықты қолдауға қажетті дағдыларды үйретеді. Өзгерістерді басқару ұйым мәдениеті мен қызметкерлердің психологиялық дайындығын қажет етеді.

Жалпы Университеттегі Бакалавр дәрежесіндегі Басқару Психологиясының жүйесі - студенттің оқу жүйесіне қызығуына, білім алып жатқан оқу орнына өз қызығушылықтарын ашады. Студенттік өмір, уақытша процесс болғанымен ондағы жүйе адам санасына психологиялық тұрғыда онтайлы әсерін тигізумен қатар, адамның топ арасында жұмыс істей білу, мақсаттарға жете білу және өзіндік жеке даму жолдарына ынтайлы мотивация және мүмкіндік жолдарын ашып береді.


Құзайыр Ә.Ә. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, География мамандығының 1- курс магистранты Болтаева А.М. психология ғылымдарының кандидаты



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!