Материалдар / Ынтымақты отбасы» сайысы 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ынтымақты отбасы» сайысы 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
МұҒалімдерге ата- ана мен мұғалім, мұғалім мен ата-ан; оқушы мен ата-ана арасындағы байланысты жақындату, ата-аналармен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың бір-біріне деген қарым-қатынастарын байқау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
356
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сайыстың мақсаты: « Ынтымақты отбасы» сайысы



Мақсаты: ата-аналармен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың бір-біріне деген қарым-қатынастарын байқау.

Кіріспе:

Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үйді базар» дейді. Өйткені бала-өмірдің жалғасы, отбасының жемісі берер гүлі. Отбасы бұл-қоғамның негізі. Болашақта баланың жақсы азамат болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты.

Көрнекілігі: нақыл сөздер

Тапсырмалар:

1-тапсырма

Қойылған сұрақтарға қай отбасы бірінші болып қол көтерсе, сол отбасы жауап береді.

Нақыл сөздер:

  1. Бақытты отбасы болудың негізгі үш шарттарына нені жатқызар едіңіз?

1-шарт-екі адамның сыйлауы, 2-шарт кішіпейілдік, 3-шарт махаббат

  1. Сәлемдесу, жөн сұраудың өзіндікі дәстүрі бар. Осы жайында не айта аласыз?

Сәлемдесу тек аман-саулық сұрасу емес, бұл ел ішінде, ағайын-жегжат арасында татулық орнату, ауыл-аймақты біріктіру мақсатын көздейді.

Ассалаамағалейкум (араб тілінен-сізге тыныштық тілеймін) деген сәлемдесуіңізге үлкен кісі уағалейкуамассалам ( сізге бейбітшілік болсын) деп жауап береді.

3)Бала шар етіп дүниеге келгеннен бастап, үлкен азамат болғанға дейін жасалатын 9 салттың түрі.

Кіндік кесу, шілдехана тойы, балаға ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару тұсау кесу, сүндет той, тілашар, үйлену той.

Ұлағатты ырым-тиымдардың тәрбиелік мәні.

Әрбір ырым сөздің негізінде қоршаған ортаға, табиғатқа, тіршілікке, адамгершілікке қажетті қасиеттерді уағыздап, жаман іс-әрекеттен, жат пиғылдан безендіретін түйіндер жатыр. Нанды бір қолыңмен үзбе-бұл киелі асты қорлау. Тізеңді құшақтама-қу тізесін құшақтап жалғыз қалу. Үйде ысқырма-көргенсіздік белгісі, айдалада ысқырған желдей ұлыған қасқырдай баспанасыз қаласыз деген ұғым. Сіздер қандай тиым сөздер білесіздер?

2-тапсырма. Мақал-мәтел сайысы.

«Мақал айтып, жанымды жайландырды» демекші, балаларыңызбен бірігіп отбасы жайында мақал-мәтелдер айту керек.

« Ұяда көргенді-ұшқанда ілерсің», «Ата-бәйтерек, бала-жапырақ», «Тентектің ақылы түскен кейін кіреді», «Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді», «Ата-көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», «Ата баласы азарында-асық ойнағанды», «Ата балаға сыншы», « Анаға не бар болсын, бала кезде жар болып көп жүрмес», «Ана тілін алмаған ұлдан без, ана тілін алмаған қыздан без», Атаң өлсе де, атаңды көрген өлмесін», «Ердің анасы-елдің анасы»

3-тапсырма.Ситуациялық сұрақтар.

Ата-ана мектепке шақырылды, себебі баласы мұғалімге дөрекі сөз қайтарып ренжіткен. Бұл жағдайды ата-ана қалай шешер едіңіз?

Мамасы Әлияны дүкенге нан алып келуге жұмсады. Әлия барғысы келмеді. Сіз не істер едіңіз?

Балаңыз мектептен жылап келді. Сіз алдынан шығып не болғанын сұрадыңыз. Бала бірге оқитын оқушымен төбелесіп қалғанын айтты. Осы жағдайдан қалай шығатын едіңіздер?

Балаңыз математика сабағынан екі алып келді. Бірақ үй тапсырмасын сіз шығарып бергенсіз, дұрыс шығарғаныңызды білесіз? Бірақ үй тапсырмасын сіз шығарып бергенсіз, дұрыс шығарғаныңызды білесіз? Не істейді?

Төрде әкесі газет оқып отыр.Есіктен баласы кіріп келіп, жылап отыра кетті. Баласы: «Әке, мен мамам ойнауға жібермей жатыр, сабағыңды оқы дейді. Ал мен сабағымды оқи, оқи шаршадым, иоқиғым келсе де миыма қонбайды. Айтшы мамама» деді. Осы жағдайдан қалай шығасыздар?

Балаңыздың сыныптасына ата-анасы қымбат телефон алып беріпті. Сіздің балаңыз да сондай стелефон алып беруді сұрады. Сіздің іс-әректеіңіз.

Балаңыз сіздің бір қымбат затыңызды мектепке апарып жоғалтып алды делік. Сізге айтуға қорқып жасырып жүрді. Күндердің күнінде сіз сол затты іздедіңіз.

Жоқ екенін көріп жоғалған затты сіз бірінші кімнен көресіз?

Сіз жоқта балаңыз үйде достарын ертіп келіп, үйдің айран-топырын шығарыпты.

Сіз жұмыстан ерте келіп үй шашылып жатқанын, балаңыздың бір өзі емес екенін көріп не істер едіңіз?

Балаңыз сізді қалай пайда болғанын сұрады дедік. Сіз қалай жауап бересіз?

Балаңыз сыныптасының үйіне қонуға сұранады?Балаңызды жібересізбе?

Picture 3 Picture 2



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!