400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

«Ықтималдық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау, 10-сынып, жаратылыстану-математика бағыты

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ықтималдық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау, 10-сынып, жаратылыстану-математика бағыты
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ықтималдық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

10.3.1.2 Қайталанбайтын алмастырулар, орналастырулар және терулерді есептеу үшін формулаларды қолдану

10.3.1.3 Қайталанбалы алмастырулар, орналастырулар және терулерді есептеу үшін формулаларды қолдану

10.3.1.4 Комбинаторика формулаларын қолданып, ықтималдықтарды табуға есептер шығару

10.3.2.3 Ықтималдықтарды қосу ережелерін түсіну және қолдану * P(A + B) = P(A) + P(B) * P(A +B) = P(A) + P(B) – P(A ∙ B) 10.3.2.4 Ықтималдықтарды көбейту ережелерін түсіну және қолдану * P(A ∙ B) = P(A) ∙ P(B) *P(A ∙ B) = P(A) ∙ PA(B)= P(B)PB(A)

І нұсқа

  1. Компанияда сегіз жұмысшы бар. Олардың үшеуі ер адамдар, бесеуі әйелдер. Осы сегіз адамның ішінен жиналысқа қатысу үшін төрт адамнан тұратын топ таңдалады.

а) Төрт адамнан тұратын топты таңдаудың әртүрлі қанша тәсілдері болады?

b) Жиналысқа қатысатын топта тура екі әйел адам болуының ықтималдығын есептеңіз

  1. а) АСТАНА сөзіндегі әріптердің әртүрлі алмастырулар санын табыңыз.

b) Үш «А» әрпі бір-бірінің қасында тұратындай, АСТАНА сөзіндегі әріптердің әртүрлі алмастырулар санын табыңыз.

  1. Оқушы емтиханды үш ретке дейін тапсыра алады. Емтиханды сәтті тапсырған оқушы, 23 оны қайтадан тапсырмайды. Оқушының емтиханды бірінші мүмкіндіктен тапсыру ықтималдығы 0,6-ға, екінші мүмкіндіктен тапсыруы 0,8-ге және үшінші мүмкіндіктен тапсыруы 0,4-ке тең.

а) Кездейсоқ таңдалған оқушының барлық үш мүмкіндігі сәтсіз болуының ықтималдығын табыңыз.

b) Кездейсоқ таңдалған оқушының бірінші мүмкіндігі сәтсіз болып, бірақ оның емтиханды екінші немесе үшінші мүмкіндіктен тапсыруының ықтималдығын табыңыз.



«Ықтималдық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

10.3.1.2 Қайталанбайтын алмастырулар, орналастырулар және терулерді есептеу үшін формулаларды қолдану

10.3.1.3 Қайталанбалы алмастырулар, орналастырулар және терулерді есептеу үшін формулаларды қолдану

10.3.1.4 Комбинаторика формулаларын қолданып, ықтималдықтарды табуға есептер шығару

10.3.2.3 Ықтималдықтарды қосу ережелерін түсіну және қолдану * P(A + B) = P(A) + P(B) * P(A +B) = P(A) + P(B) – P(A ∙ B) 10.3.2.4 Ықтималдықтарды көбейту ережелерін түсіну және қолдану * P(A ∙ B) = P(A) ∙ P(B) *P(A ∙ B) = P(A) ∙ PA(B)= P(B)PB(A)

ІІ нұсқа

  1. Компанияда тоғыз жұмысшы бар. Олардың үшеуі ер адамдар, алтауы әйелдер. Осы тоғыз адамның ішінен жиналысқа қатысу үшін төрт адамнан тұратын топ таңдалады.

а) Төрт адамнан тұратын топты таңдаудың әртүрлі қанша тәсілдері болады?

b) Жиналысқа қатысатын топта тура екі әйел адам болуының ықтималдығын есептеңіз

  1. а) АЛГЕБРА сөзіндегі әріптердің әртүрлі алмастырулар санын табыңыз.

b) Екі «А» әрпі бір-бірінің қасында тұратындай, АЛГЕБРА сөзіндегі әріптердің әртүрлі алмастырулар санын табыңыз.

  1. Оқушы емтиханды үш ретке дейін тапсыра алады. Емтиханды сәтті тапсырған оқушы, 23 оны қайтадан тапсырмайды. Оқушының емтиханды бірінші мүмкіндіктен тапсыру ықтималдығы 0,4-ға, екінші мүмкіндіктен тапсыруы 0,6-ге және үшінші мүмкіндіктен тапсыруы 0,8-ке тең.

а) Кездейсоқ таңдалған оқушының барлық үш мүмкіндігі сәтсіз болуының ықтималдығын табыңыз.

b) Кездейсоқ таңдалған оқушының бірінші мүмкіндігі сәтсіз болып, бірақ оның емтиханды екінші немесе үшінші мүмкіндіктен тапсыруының ықтималдығын табыңыз.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
17 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
1447
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі