Ықылас күйлерінің ерекшеліктері

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ықылас күйлерінің ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ықылас атамыздың қобызға қосқан орасан зор үлесі айтылады. Нағыз халқын сүйген, ұрпаққа өнегелі өмірі көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қазанғап атындағы Қызылорда

музыкалық жоғары колледжінің

Оқытушысы Рүстембек А.П

Мақала

Ықылас күйлерінің ерекшеліктері


Қос ішекті халық қобызы-Ықыласқа дейін бақсы-балгер аспабы боп саналып келген. Олар қазақты алдап жынын шақыратын, аурудан аман алып қалатын «сиқырлы» құралы ретінде пайдаланған.

Бақсылар халық кұйлерінің таңдаулыларының үзіндісін пайдаланған. Олардың орындауында оған тек мистикалық пішін берді, тек төменгі регистрінде ғана орындап қияқ арқылы жалбарыну, арбау сияқты өзінің жұмбақ, сиқырлы үнін шығаратын. Қобыздың ұнамды да жағымды дыбыс көлемін тегіс пайдаланып Ықылас күйге мистикалық емес, өмірлік шын мінез беруге тырысты. Соның бірі- «Кертолғау» күйі. Бұл күй өзінше текстсіз ән, өткен кезеңді баяндайтын эпостық күй, бір регистрдің, бір ішектің жартысында орындалады. Күйдің бұл ерекшелігі оны бір сарында, бір сазды етуіне әкеледі.

Ықылас қобыздың дыбыс көлемін байытты, метро-ритміне өзгерістер енгізд, мелодиялық өңін құбылтты. Қорыта келгенде күй өз алдына бөлек, маңызды эпостық шығарма болып шықты. Ықылас 19 жасында «Ықылас» күйін шығарды. Басқа күйлерге қарағанда бұл күй ширақы, жігерлі, екпінді. Мұның бәрі қобыз үшін жаңалық еді. Ықылас аталары көбіне пайдаланған баяу екпіндерді, тар өрісті дыбыс көлемін батыл қзгертті, кеңейтті, жаңа позицияларды қолданды.

Аспапты мейлінше игерген Ықылас, жасында естіген аңыз бен ертегілер кейіпкерлерін, халықтың өмірін, ой-арманын бейнелейтін ертегі-аңыздар негізінде қобыз ішегін сөйлетуге талпынды. Осы орайда «Қазан» күйін мысал етуге болады. Күйдің негізгі мазмұны талай рет еліне маза бермей берекесін алған Қазан қаласына Нарықтың ұлы Шора батырдың сол қалаға аттанған жорығы туралы эпикалық халық поэмасы негізінде шыққан. Кішкене кіріспе күйдің мінезін, ырғақтық пішінін бейнелейді. Күй басынан аяғына дейін жігерлі, көтеріңкі мажор үнінде орындалады.

«Жалғыз аяқ» күйі- тағдырына жалынбағандық, уайым-қайғы жоқ,басынан аяғына дейін шабытты, шат көңілді.

«Ерден» күйі күрделі лирикалық шығармаларға дайын тақырып болатын қобыз күйлерінің ең тамаша үлгілерінің бірі. Бұл күйде Ықылас қобыздың «вокалдық» мүмкіншілігін кеңінен пайдаланады, күйдің қайсыбір буындарынан «жоқтау» айтқан адам үніне ұқсас зарлы әуен естіледі. Бұл күйде сүйікті ұлынан айырылған әке-шешенің қайғысы жатыр.

«Жез киік» күйі-жазық, еркін далаға деген сүйіспеншіліктің күйі. Еркін киіктің екпінді, шапшаң жүрісі Ықыластың өзіндік әдістермен әсерленеді. Жез киікке арнаған күйінде өз ойын, сезімін бейнелейді. «Жез киік» оптимистік шабытқа толы күй, ондағы шартты бейнелеу кезеңі бостандық туралы патетика әнімен ұштасады. Күйдің мелодиялық сазы басынан аяғына дейін ширақы және сымбатты болып келеді. Біздің заманымыздың Ықылас күйлері ішінен биігі әрі қобызшылар репертуарының алтын қоры- осы «Жез киік» күйі.

Қорыта айтсақ, Ықылас атамыз 19 ғасырда қазақтың маңдайына біткен қобызшы әрі күйшісі. Атамыздың орындауы бір төбе, күйлері бір төбе. Өз заманында талай билер, болыстар көрген Ықылас атамыздың шеберлігі шыңдала түскенін күйлерінен айқын көреміз. Кварта бұрауынан квинта бұрауына ауысып, түрлі аң-құсты суреттеп қана қоймай, күйге толық тақырып беріп, жыр-дастанның әуеніне басып қоя бергені нағыз дәуірдің жаңалығы бола түсті. Халқымыздың өмірін қобыз үніне қосып, бірде қуанып, бірде қайғырып суреттей білгені нағыз тарих. Қобызға жаңа дем беріп, халықтың еңсесін жоғарғы регистрде көтеріп, шат-шадыман екпін қосқан дүл дүл күйші десек артық болмас еді. Мұндай ерекшеліктерін аша білген Ықылас атамызбен мақтанамыз!


Пайдаланылған әдебиеттер


  1. А.Жұбанов «Ғасырлар пернесі» Алматы: Дайк-Пресс 2002

  2. Ә.Жұмабекұлы «Қылқобызға арналған хрестоматия» Алматы: «Білім» 2012




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.07.2024
246
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі