Материалдар / Ырғыз ауданның құпияға толы жері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ырғыз ауданның құпияға толы жері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданның Жаманшың кратерінің пайда болуы мен қазіргі кездегі жағдайы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Сәуір 2021
420
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жұмбағы мол Жаманшың

Жаманшың – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы, Ырғыз селосына қарай 40 км қашықтықтағы жерге 36-40 млн. тонналық космостық дене салмағы бар метеорит құлаған ұрмалы кратер. Кратердің ішкі сақинасының мөлшері шамамен 7×7 км. Радиоизотоптық талдау нәтижелері бойынша кратердің жасы шамамен 1 миллион жыл (басқа бағалаулар бойынша-53 миллион жылға дейін). Ең кең таралған гипотезаға сәйкес, бұл кратер жарылыс кезінде диаметрі 200-ден 400 метрге дейін метеориттің (мүмкін астероид немесе комета ядросы) жерге құлауы нәтижесінде пайда болды. Жарылыс кезінде құлау аймағындағы қоршаған ортаның температурасы 1700 °C-қа жеткен. Жарылыстан кейін кратердің тереңдігі кемінде 500 метр (мүмкін 1000 метр) болды. Қазіргі уақытта максималды биіктік айырмашылығы – 250 - 300 метр. Жарылыс толқынының, шектен тыс температура мен қысымның әсерінен жер қойнауындағы жыныстардың ауқымды бөлігі араласып, еріген және буланған. Осының нәтижесінде импактит, тектит деген тектестер пайда болған. Бұл екі тектестің жер бетінде бір жерден табылуы алғашқы рет Жаманшың кратерінің үлесіне тиіп отыр. Жаманшыңды алғаш рет 1937- 1939 жылдары А. Яншин мен В. Вахрамеев атты ғалымдар зерттеген. Геологтар жер бетінде палеозой дәуірінің бөлшектерін зерттеп, тапты. Көп жылдық зерттеулерден кейін топырақ сынамаларын жіберген Мәскеу профессоры Павел Васильевич Флоренский 1975-1976 жылдары Жаманшыңға метеорит құлап, жоғалып кетті деген қорытындыға келді, ал қатты соқтығысқан кезде пайда болған жыныстарға ғалым "Ырғыз" және "жаманшинит"атауларын берген болатын.

Ресей Ғылым академиясының Сібір филиалының Геология және геофизика институтының ғалымы, Геология және минералогия ғылымдарының докторы Э.П. Изох көптеген жылдар бойы тектиттердің пайда болуы туралы гипотезаны жасады, оған сәйкес кратердің жасы шамамен 10 мың жыл деп есептеді. Бұл гипотеза кратер тектиттерінің радиогендік жасы мен кратер айналасындағы геологиялық жыныстардың жасы арасындағы қайшылықты жоюға мүмкіндік береді, онда кратердің пайда болуымен байланысты импакт-қабат орналасқан.

Бұл жер тектиттердің (Ырғыз) бірнеше кен орындарының бірі және бір уақытта тектиттер мен импактиттер табылған жалғыз кратер. Кратерде көбіктенетін лешатерит (кварц әйнегі) және құрамында үш валентті титан бар минералдар да кездеседі.

1989 жылдың қыркүйегінде АҚШ, Канада, ГФР және Франция елдерінің ғалымдарынан құралған халықаралық экспедиция ұйымдастырылып, Жаманшың әлем назарын аударды.

Табиғаттың тылсым тұсы аталып кеткен Жаманшың атауы туралы аңыз көп таралған. Ол жерге өсімдікте шықпай, жәндіктерде жолай алмағандықтан жұрт Жаманшың деп атап кеткен деседі. Жаугершілік жылдары қуғын-сүргінге ұшырағандар осында келіп паналаған, құрсанып келген қуғыншылар таба алмаған. 1960 жылдары осы Жаманшыңда құпия әскери бөлімше тұрған. Алып машиналар, қару-жарақтар, оқ-дәрілер, тіпті әскери ұшақтар қонатын болған. Жаманшың аумағынан табылған тектиттер ТМД елдері территориясында бірінші рет тек біздің Ақтөбе облысынан ғана табылып отыр. Бұрынғы замандарда адамдар бұл заттан түрлі бұйымдар жасағаны да зерттеушілерге мәлім. Ал герцог Эденбург осы тектиттерден моншақ тізіп, корольге сыйға тартқан.

Осындай жұмбаққа толы Жаманшың метеориттік кратерін «Мың рет естігенше бір рет көрген артық» деп өз көзіммен көру, сыры ашылмаған тарихымен танысу, тарихы туралы кеңірек мағлұмат алу мақсатында ІІІ Халықаралық ғылыми-зерттеу экспедициясы және ғылыми-практикалық конференциясына қатысқан болатынмын.

Экспедиция 2019 жылдың 7-12 қыркүйек аралығында Ақтөбе облыстық планетарийінің бастамасымен өтті. Ғылыми-зерттеу экспедициясына Қазақстан мен Ресейдің геология, астрономия саласындағы белгілі ғалымдар қатысты: профессор Павел Васильевич Флоренский – Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, әлемге әйгілі геолог (Мәскеу қ.), Борис Семенович Зейлик – белгілі қазақстандық геолог, профессор, геология - минералогия ғылымдарының докторы, ҚР Минералдық ресурстар академиясының корреспондент-мүшесі (Алматы қ.), Виктор Иосифович Гроховский – Орал федералды университетінің Физика-техникалық институтының доценті. Сергиенко Елена Сергеевна – халықаралық метеорит қауымдастығының мүшесі, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің доценті, Сахиев Жүніс – жазушы-фантаст, Астрогеодезиялық қоғамның қатысушысы (Нұр-сұлтан Қ.).

Бұл экспедиция аясында Жаманшың орналасқан аймақтың ландшафының әртүрлілігіне көз жеткіздік. Яғни, жақын маңда өзен-көлдердің болмағанымен су бойында өсетін қоға, қамыс және де ен далада кездесетін қырат төбелері де бар екен. Бұл қырат төбелерін Жерге құлаған аспан денесінен қалған із деп айтады. Осы экспедиция барысында өңірдің тарихымен бізді таныстырған Ырғыз өңірінің тумасы Мереке Жұбанияз болатын.

Экспедициядан кейін Ақтөбе қаласының тарихи-өлкетану мұражайында Жаманшын кратері бойынша конференция өтті. Мұнда Жаманшын кратеріне әлемдік деңгейдегі геопарк мәртебесін беру туралы шешім қабылданды. Бұл біздің Жаманшынға жасаған соңғы сапарымыз емес деп ойлаймын.

Біздің экспедиция болашақ геопарктің бастапқы нүктесін анықтады. Онда тас белгі, бағыттары бар көрсеткіш және қонақтарға арналған ақпараттық стенд картасы орнатылды.





 















































































































.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!