Материалдар / Ырымдар мен тыйымдарда кездесетін болымсыз етістік жұрнақтары

Ырымдар мен тыйымдарда кездесетін болымсыз етістік жұрнақтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы зерттеу жұмысы жоғары сынып оқушылары үшін көмек болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2018
1397
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіСолтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы«№ 23 орта мектеп» КММ











Зерттеу жұмысының тақырыбы:

«Ырымдар мен тыйымдарда кездесетін болымсыз етістік жұрнақтары»



Бағыты: Қазақ тілі



Орындаған: 9 «А» сынып оқушысы Афанасьева ДарьяЖетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Рахимжанова Шолпан Серікқызы













Петропавл қаласы, 2018 ж

Аңдатпа

Қазақ халқы тыйым және ырымдарға өте бай. Қазақтың тыйым сөзі ұлттық тәрбие көзі, яғни қазақ халқы кішкентай кезінен жақсылыққа үйір, жаман әдеттерден аулақ болсын деп тыйым арқылы баласын тәрбиелеп отырған. Қазақ халқының қанына сіңген тектігі, адамгершілігінің жоғары болуы, әртүрлі келеңсіз көріністерден, әбес қылықтардан аулақ болғаны осы қазақтың тыйымының арқасы, яғни бала бойына ертеден сіңіргеннен. Біз сол ата-әжелеріміздің тыйымымен өсіп өсіп келеміз. Бұл сөздер балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған.  Мұндай тыйым сөздер ел ішінде өте көп. Оның бәрін қамти алмағанмен кейбір үлгілерін қағазға түсіріп ұсынып отырмын.



Аннотация

Казахский народ богат приметами и запретами. Запретные слова казахского народа – это источник воспитания, казахский народ с детства впитывал в детях все хорошее. Посредством народных запрет и примет воспитывали своего ребенка.Казахский народ всегда осуждал непристойные поступки как поведении девушек , так и парней, и приметы и запреты были орудием в воспитании молодежи. Мы с детства старались впитывать в себя приметы и запреты которым нас учили старшее поколение. Все эти слова защищают детей от отрицательных качеств, плохой привычки. Невозможно исследовать все запреты и приметы, но я привела некоторые из них.



Annotation

The Kazakh people are rich with signs and bans. The forbidden words of the Kazakh people is a source of education, the Kazakh people brought up good features of the children since the childhood. They brought up their children using national signs and bans.The Kazakh people always condemned obscene acts both behavior of girls, and guys, and signs and bans were the tool in education of youth. We tried to remember signs and bans which we were taught by the senior generation since our childhood. All these words protect children from negative qualities and bad habits. It is impossible to investigate all bans and signs, but I have brought some of them.















Мазмұны

І Кіріспе

1.1 Ырымдар мен тыйымдардың пайда болуы, тарихы...............................................................

6


ІІ Негізгі бөлім




2.1. Ырымдар мен тыйымдарда кездесетін болымсыз етістік жұрнақтары ........................................

8
2.2 Олардың тізімі және классификациясы..........................................................................2.3. Олардың тәрбиелік мәні .................................................... 21

9

2.4 Оларды өмірде қолдану, олардың екінші өмірі бар .............................22


ІІІ Зерттеу бөлімі


3.1 Сауалнама .....................................................................................................25
Ұсыныс…………………………………………………………………………26


ІV Қорытынды ....................................................................................................


27


Пайдаланған әдебиеттер тізімі...........................................................................


28


Қосымша..............................................................................................................


29




Мақсаты: Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының тыйымдары мен ырымдары, наным-сенімдерінің алатын орны ерекше екенін таныту.Міндеттері: - мәдениеттану, тарихы-этнографиялық еңбектерді зерттеп талдау;-қала кітапханасындағы қазақ халқының ырымдары мен тыйымдарымен танысу;-ауыл тұрғындары әжелерден мәліметтер жинау;-оқушылар арасында сауалнама өткізу;-қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары тақырыбына сынып сағаттарын өткізу;Зерттеу нысаны: ырымдар мен тыйымдар. Зерттеу өзектілігі: зерттеу қосымшаларын мұғалім және оқушылар сабақта және ОЖСБ мен ҰБТ дайындық ретінде қолдана алады.Гипотеза: Жинаған мәліметтерге қарап, тыйым сөздер қазір де, болашақта да дамиды деген сенімдемін.Зерттеудің әдістері: Зерттеу жұмысының мақсатына орай ғаламтор желісінің әдебиеті және материалы меңгерілді, бақылау, классификациялау, жалпылау, жүйелеу, сипаттау, салыстыру, материалдарды іріктеу, талдау және жүйелеу, сауалнама, шеберлік сыныбы қолданылды.Зерттеу кезеңдері:
  • Тақырыпты талдау;
  • Материалдар жинау;
  • Ізденіс жұмыстарын жүргізу;
  • Ғылыми жетекшімен жұмыс істеу;
  • Күнделік жүргізу;
  • Тиісті материалдарды жинақтап, жүйелеп, қорытындылау
Зерттеудің жаңашылдығы:
  • Ырымдар мен тыйымдардың қалай пайда болғанын балалар білсе;
  • ОЖСБ мен ҰБТ –ға дайындалу үшін олардың жадынамасын қолданса;
  • Ырымдар мен тыйымдарға халық арасында сұраныс артылса;
  • Ырымдар мен тыйымдардарда кездесетін болымсыз етістік жұрнақтарын оқушылар дұрыс қолдана білсе;
  • Оларға назар аударып, үнемі қызығушылық танытып жүрсе.
  • Өз өмірімізде оларды қалай дұрыс қолдануын білсе.
Зерттеу қатысушылары: 8-9 сынып оқушылары.



















I Кіріспе           Былтыр 8 сыныпта оқып жүрген кезімде біз «Қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары» атты тақырыпты өттік, сол кезден бастап біз ОЖСБ - ға дайындалып жүргенбіз. ОЖСБ -да сапалы нәтижеге жету үшін мен осы тақырып бойынша зерттеу жұмысын жазуды жөн көрдім. Әсіресе, мұндағы кездесетін болымсыз етістік жұрнақтарын дұрыс қолдана білуді.  Қазақ халқында «баланы-жастан» деген сөз бар. Бала жақсы мен жаманды танымай көп нәрсені үйренуге тырысқанымен, кейде бір нәрселерден тыйып жатады. Мысалы: «жағыңды таянба», «табалдырықты баспа» деп айтсақ та, балаға оның мағынасын түсіндірмей «жаман болады» деп айта саламыз. Осы дұрыс па? Тыйым сөздер қайдан шыққан? Қазақта тыйым сөздер көп. Осы тыйымдардың өзі болашақта тәрбиенің көзі болатынын білуіміз керек. Кай заманда болмасын адамзаттың мақсаты - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.Бала тәрбиесіне мән беріп оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі – қазақ халқы. Тәрбиелеудің тәсілдері көп. Ырымдар мен тыйымдардың философиялық мәні бар. Ол қоршаған ортаға, табиғатқа деген сүйіспеншілік. Ертеде қазақ халқы ұл – қыздардың бойындағы кейбір жаман қылықтарды бетке басып, тәртіпке салған, тәрбиенің бұл құралы мінез – құлық ережесін қалыптастыру болған. Жастардың бойында тек адамгершілік, қайырымдылық, адалдық пен имандылықты тәрбиелеген. Басқаша айтқанда, ырым мен тыйым сөздер тұрмыста заң сияқты болған.Осы ырымдар мен тыйымдар бірнеше уақыт ескілік сарқыншағы саналып, қалып қойды. Сондықтан, тәрбие ретінде пайдалану үшін бір жүйеге жіктеу қажет деп санаймын. Жастарды ырым – тыйымдар арқылы қазақ халқының дәстүрі мен мұрасымен танысуға болады.







































  • Ырымдар мен тыйымдардың пайда болуы, тарихы


Қазақ халқының тәрбиесінде тыйым сөздердің орны ерекше. Тыйым сөздер тәрбиенің көзі. Қазақта тыйым сөздер өте көп. Мысалы: алдыңа ас келгенде тәубе айтып жеу, нанды, қасықты оң  қолыңмен ұстау, асты шашпай жеу, қалай болса солай аузыңа салмай, асықпай шайнап жеу секілді ас ішудің де өзінің керемет тәртібі бар. Аяқ киіміңді кигенде оң аяғыңнан бастап кию, тәубе айтып жүру, осының бәрі – үлкен тәрбие. Бүгінгі күнде осыларды жоғалтып жүрген сияқтымыз. Қазір жастарды әкесі мен шешесі тәрбиелеп жатқан жоқ, компьютер мен теледидар тәрбиелеп жатыр. Қай – қайдағы сұмдықтарды көрсеткенде, қарауға адам ұялады. Осы теріс қылықтар жас ұрпақтың болашағына кедергі жасайды.    Тарихқа тоқталсақ, Орта Азияны мекендеген қазақ халқының табиғаты басқа халықтарға қарағанда ерекше. Тұрмыс – салтымызда ырым мен тыйымға ерекше мән беретін елміз. Мысалы, жас балаға бұғана ұстатпайды. Онда баланың бойы өспей қалады деп жорыған. Егер әйел қыз туа берсе, баланың жолдасын босанған әйелдің басынан үш рет айналдырса, ұл туады деп ырымдайды. Келін бала көтермесе, нағашы жұртының бір баласын қойнына алып жататын бір ырым бар. Қазір мұны кім жасайды дейсің? Жүкті әйел шашын кессе, іштегі бала кемтар болып туады, бақыты кесіледі. Ал бүгінде жүкті әйелдер шашын бояйды қияды. Қазақ баланы санамайды және санын айтпайды. Бала бас ұстамайды, егер бас ұстаса, әкесі өліп қалады деп тыйым салған. Сәби басын төмен салып еңкейіп, екі аяғының астынан қараса, қонақ келеді дейді. Баланың аңшылықтағы алғашқы олжасын «несібесі кетеді», «аңшылықта жолы болмайды» деп, ешкімге байлатпайды. Қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі. Бесікті бейуақытта далаға шығармайды. Нәрестенің еңбегін баспайды. Нәрестенің ит көйлегін далаға тастамайды. Жас келіншек аяғы ауыр кезінде түйе етін жемейді. Себебі, баласын түйе сияқты көп уақыт көтеріп, мезгілінде босанбайды деген ырым бар.    Қазақ халқында жер бауырлап жатып жылау – жаман ырым. Түбі жақсылық емес деп түсінеді. Балаға түкірту ырымының мәні зор. Бала енді – енді тілі шығып, ойын баласына айналып келе жатқанда жасалатын ырым. Мұны жасау кез келгенге бұйыра бермейді. Абыройы асқан, ауылдың көпті көрген кісісіне «сендей болсын, елге сыйлы, халқының қамын жейтін азамат болсын» деп баланы түкіртіп алатын болған. Көбіне қолөнер шебері, дәулескер күйші, дарынды әнші, болмаса көп жасаған абыз қарияларымызға түкіртетін болған. Бұл ырым бүгінде қазақ салтында қолданылып келеді.    Бүгінгі халық ұмыта бастаған ырымдар да бар. Мысалы, «жолдық» деген сөз бар. Бұл – жолға шыққан адамға берілетін зат. Ол зат ат, түйе, мал, асыл зат, ақша болуы да мүмкін. «Тоқымқағар» дейтін салт болған. Тұңғыш рет жолға шыққан адамның үйінде қалған туыстары, көрші – қолаң жиылып шәй береді. Мал сояды. Шағын бір той өткізеді. Жолаушыға ақ жол тілейді. Үй төңірегіне келіп сауысқан шықылықтаса алыс – жақыннан хабар келеді деп ырымдайды. Күшік күйеу деген бар қазақта, қайын жұртқа сіңген күйеуді айтады. Бала үйге кіре беріп жығылса, олжа келді дейді. «Құтты қонақ қонса, қой егіз табады, құтсыз қонақ қонса, қойға қасқыр шабады» дейді біздің қазақ. Үйдің шаңырағына қарлығаш ұя салса, тыныштық болады деп ырымдайды. Шаңырақтан шыққан түтін түзу шықса, жақсылық болады деген.      Ырым мен тыйым дүниежүзі халықтарының бәрінде бар. Бұлардың ұқсастығы – екеуінің де тәрбиелік мәнге құрылғандығында. Кейде біз  «өте ырымшыл, діншіл екен» деп жатамыз. Діншілдік – ырымшылдық емес. Ырым – тәрбие. Тыйым – салтымызбен сабақтасқан шарт.    Халқымыз Ай мен Күнді және жұлдыздарды ерекше құрметтеген. Тіпті, оларды қолын шошайтып көрсетпеген. Әсіресе, жаңа туған айды көру қазақ үшін бір ғанибет. Айды өздері кие санаған. Жаңа айға қарап тұрып: «Ей, Тәңірім, жаңа айдай жарылқа, ескі айдай есірке. Еліме тыныштық, отбасыма амандық бер», деп бетін сипаған.    Аспанда қанша жұлдыздар жамырап тұрса да, оларды саусақпен санап көрсетпеген. Тек көзімен ғана санаған. Бұл да жұлдызға деген құрмет.Конец формыНачало формыКонец формыНачало формыАталарымыз «отқа су құйма», «суға түкірме», «күлді баспа», «жол жиегіне дәрет сындырма» деген. Бір жағынан қарасаң, осының бәрі – дұрыс. Бұл –мәдениеттің бір көрінісі. От пен су – тіршіліктің көзі. Ал тіршіліксіз өмір болмайды.     Күн батар уақытта ұйықтама; бойыңды өлшеме; құр ерге мінбе; жаяу қамшыланба; қараңғыда суға барма; түнде алаша қақпа; адам басын санама; жалғыз ағашты кеспе; сыпырғышты тік қойма; итті теппе; итке ожаумен ас құйма; туысыңа пышақ, үшкір нәрсе сыйлама; бесік бетін ашық тастама; аяқ киімді төрге қойма; оң жақтағы қыз төсегін баспа; кісінің үстінен аттама; кемтар адамға күлме; ертеңгі асты тастама; қазанды төңкерме сияқты тыйым сөздер бар. Күнде айтып отырсақ, бұдан өткен тәрбие жоқ.    Ертеде жаңа түскен келінге отқа май құйғызады. Оттың алауымен аластайды. Мысалы, бұрынғы қазақ отбасыларында майшам болатын. Ұйқыға кетер кезде майшамның отын үрлеп өшірткізбейтін. Білігін басып, сөндіртетін. Бұл да әдептілік. Әрі отты өшіру жақсы ырым емес. Өз отыңды өзің өшіргенмен бірдей. «Отың өшпесін», «шырағың сөнбесін» деп халқымыз бекер айтпаған. Қазіргі кезде осы тыйымдар жоқ. 770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ