Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Юбканы белдемшемен қосу
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы : Юбканы белдемшемен қосу
Білім:Белдемшені модельдеу технологиясын туралы теориялық ақпарат бере отырып, таңдап алған белдемше фасонын модельдеуге үйрету.
Білік:А. Қиялындағы фасонды қағаз бетіне сурет қып түсіру және қиялдай білу, елестете алу,В. Модельдеу саласында алған білімдерін дамытып, адам өміріндегі маңызына баға беру;
Дағды: С.Тақырып бойынша материалды меңгеріп , алған білімін өмірде қолдана білу.
Керекті жабдықтар
Ресурстар, интерактивті тақта, кестелер, масштабы 1:4 лекало, дайын үлгілер, иллюстрациялы суреттер
Қолданылатын әдістер
Үй тапсырмасын сұрауда «Менен-сұрақ, сізден-жылдам жауап», жаңа сабақты меңгеруде диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдісі: постер шығару, сұрақ қою техникалары, «ыстық орындық», формативті бағалау түрлері
Сабақ барысы: Амандасу. Топқа бөлу. Стикерлерді таңдап алады, жазылған тілекті оқиды, түстеріне сәйкес үш топқа бөлініп отырады.
Үй тапсырмасын тексеру: «Меннен- сұрақ, сізден- жылдам жауап». Оқушылар дайындап келген сұрақтарын топта талдап, топтан жақсысын ұсынады.
1. «Менен- сұрақ, сізден- жылдам жауап».
1. Белдемше сызбасының масштабын 1:4 етіп сызу дегеніміз не?
2. Қолдану мақстына қарай киімдер қалай бөлінеді?
3. Киімге қойылатың экономикалық талаптарды айт
4. Өлшем алу үшін қандай құрал қолданамыз ?
5. Белдікті бұйымдарға
нелер жатады ?
6. Өлшем алған кезде айналым, көлденең өлшемдер қалай
жазылады?
7. Қандай өлшемдер толығымен жазылады?
8. Белдемшенің ең көне элементтерінің бірі не жатады ?
9. ХV ғасырдан бастап готикалық белдемшелері қандай болды?
10. ХVI ғасырларда бай әйелдердің белдемшелері қандай болды?
11. XVII ғасырда қандай белдемшелер көбірек пайда болды?
12. XIX ғасыр басында белдемшелер қандай болды?
13. Белдемше сызбасын сызу үшін қандай өлшемдер қажет?
14. Киім адам тұлғасына қонымды болу үшін не қажет болады?
Сәлемдеседі. Үш топқа бөлініп отырады.
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап береді.
Тұсаукесер
Интерактивті тақтада белдемше суреттерін жасырып, бетіне сұрақтар қоямын. Әр сұраққа жауап берген сайын белдемше суреттері ашылады.
Күліш (кеңейтілген) белдемше түрлері
а- күліш; б- үлкен күліш; в- кішкентай «конус тәрізді белдемше»; г-орташа «конус тәрізді белдемше»; д-үлкен «конус тәрізді белдемше»; е-«жарты күн»; ж- «күн»;
1) Сызба сызған кезде қандай белдемше сызбасында бүкпе болады?
2) Қандай белдемше 6, 8, 12 бөліктен тұрады ?
3) Қандай белдемшенің жеті түрі бар?
Белдемше силуэті бойынша тік, күліш (кеңейтілген) және қиықты болып бөлінеді. Дәстүрлі стильдер классикалық, рамантикалық, спорттық және фальклорлық. Осы стильдер жаңа элементтермен толықтырылып модельдегенмен негізгі силуэттері өзгермейді. Қиялымыздағы белдемшені тігу үшін белдемшенің сызба құрылымын негізге ала отырып, сызықтар енгізу арқылы әртүрлі белдемше үлгілерін модельдеуге болады.
Әрқайсысы болжамдар айтады, тақырыппен байланыстырады.
Тақырыпты жазады
Сабақ мақсатын анықтайды, табыс өлшемдерін құрады.
Негізгі бөлім
Бекіту
Сонымен модельдеу дегеніміз не?
Ой қозғаймын.
Тік белдешелерді модельдеу
Кокеткалы белдемше
-
Бел сызығынан төмен бүйір сызығына 7 см өлшеп, бел сызығынан орта сызыққа төмен 10 см өлшеп шыққан нүктелерді қосып сызамыз
-
Бүкпені жауып кокетка сызығын қиамыз. Алдыңғы бойда кокеткалы белдемше шығады.
« Годе» белдемше
Мерзімі
Сабақтың атауы
Машина тігістерінің түрлері
Сілтеме
Технология оқулығы
Жалпы мақсаты
Оқушының білімі мен дүниетанымын кеңейтуге және шеберлік пен іскерлікке үйрете отырып, жаңа сабақты меңгерте отырып, білімдерін қалыптастыру. Машина тігістерінің түрлерімен таныстыру.
Оқыту нәтижесі
Жаңа мәліметтер ала отырып, машина тігіс терминологиясымен танысады.
Негізгі идеялары
Көкөністерден тағам әзірлеу технологиясын үйрену
Тапсырмалар
Мұғалім тарапынан берілетін тапсырмалар
Оқушыдан күтілетін іс-әрекет, нәтиже
Көрнекілік, слайд, видео
Ұйымдастыру кезеңі
Бағалау критерийлары
Оқушыларды ұйымдастыру. Сабақтың мақсатымен таныстырамын.
-
Оқушыны түгендеу
-
Кезекшілер міндеті (арнайы киімді тарату, тақта, бор дайындау)
-
Санитарлы-гигиеналық талаптарды орындау (арнайы киімді кию, қолдарын жуу, ыдыс-аяқ тазалығын қадағалау)
Тақтада бағалау критерийлері:
-
Теорияны меңгеруі
-
Практикалық жұмыс
-
Жұптың жұмысына ортақ баға
Бағалау критерийлерімен танысады.
Үй тапсырмасы
-
Қауіпсіздік ережелерін сұрау
Жаңа сабақ
Оқушыларды машина жұмысының терминологиясымен таныстыру. (тақтада кесте) Киімді дайындау кезінде әртүрлі жұмыстар атқарады: қол тігістерін орындаймыз.
Машина тігістері қолданылуына қарай біріктіру, шет және әрлеуші тігіс болып бөлінеді.
Топпен ойланып жазу
1-тапсырма
Материалдар мен құралдар. Өлшемі 15×5 см мақта матасы. Жиектеу тігісі үшін өлшемі 15×3 см және жөрмеу үшін 13×5 см қиғай мата жолағы, жіп, ине, қайшы, тігін машинасы.
жаңа мәліметтермен танысады, жұппен не ұққандары жайлы айтады.
Оқулықпен жұмыс
2 тапсырма
Пратикалық жұмыс
Жұмыстың орындалу реттілігі:
1. Бөлшекті ішіне қаратып, қиықтарды теңестіре қосып көктеп тігу
2. Қиықтардың шетінен 5-7 мм қалдырып, машинасынан тігім жүргізу
3. Тігіс кеңдігін 3-5 мм мөлшерде қалдырып қию 8-сурет.Тігіс кеңдігін 0,5 мм қалдырып ішкі жағынан бұрыштарды қию 9-сурет
4. Ішкі контур бойынша тігімге қалдырылған орынды бірдей арақашықтықта бірнеше рет тігу керек. 10-сурет
5. Бөлшектерді өң жағына айналдыру, үлкен бөлшектен ені 1-2 мм шеттік жасау.
6. Шеттікті бекіте отырып, бүктемеге жақын түзу немесе қиғаш инешаншыммен тігу. 11сурет
7. Үтіктеу. Негізгі бөлшектің ашық қиығын ирекпен өңдеу.
8. Бөлшектерді жөрмеу, шеттіктен тігіс ені 0,7-1 см тігін машинасымен тігім жүргізу. 12- сурет
9. Көктеу жіптерін алу, үтіктеу.
Бекіту
«3 қадамды сұхбат», оқушылардың практикалық жұмыстарын тексеремін. Жіберілген қателіктер бойынша ескерту жасаймын.
— Қандай тігіс түрлерімен таныс болдыңдар? (машина тігістерімен, біріктіру, шет тігістері)
— Бріктіру тігістері-қандай жағдайда қолданады? (иық, бүйір қиықтарын, иініш, қалта, қатпарларды біріктіру кезінде)
— Шеттік тігістері мен әрлеу тігістері қай кезде қолданады? (жаға, мойындық, қолтық ойындысы шеттерін сетінеп кетпес үшін)
— Әрлеу үшін қалта үшін, өңірге, кеудеше қиығына әдіп салындар
Тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар қояды. Қаншалықты дайын болған жұмыстарын көрсетеді.
Қорытынды
Не үйрендік? Не білдік? Не білгіміз келеді?
Жұмыс орнын жинау
Сабақ бойынша не үйренгендері туралы жұппен ақылдасып жауап береді.
Оқушыларды бағалау
Сабақ соңында бағалау критерийлері бойынша бағалау.
Үйге тапсырма беру
Терминдерді жаттау
Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады, технологиялық картаны, жасалу жолы көрсетілген слайдтарды алады.
Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың
ең негізгісі – тігін машинасы. Осы тігін машинасының шығу тарихына
жалпы құрылымына, құрылысына тоқтала өтейк.
• XV – ғасыр – Леонардо да Винчи – тігін машинасының жобасын
ұсынды.
• 1755 жыл – Карл Вайзенталь – бір жіпті тігін машинасын ойлап
тапты.
1834 жылы – Уолтер Хант шөрнекті машина жасады
1844-1845 жылы –Элиос Хоу бір қалыпты жұмыс істейтін тігін
машинасын ұсынды
1850-1851 жылы –Ален Уилсон мен Исаак Зингер қазіргі заманғы машина
түрлерінің негізі дүниеге келді
1870 жылы – АҚШ-та Исаак Зингер – “Зингер” фирмасын ашты.
1900 жылы – Ресейде Подольск қаласында “Зингер” зауытын ашты.
1917 жылы – Кеңес елінде Подольск қаласында тұңғыш механикалық
зауыт іске қосылды. Машинаның сыртқы дизаиндары жасалып, фирманың
белгісін жазатын болды.
1850-1851 жылы –Ален Уилсон мен Исаак Зингер, қазіргі заманғы
машина түрлерінің негізі
Тұрмыстық тігін машинасы өзінің құрылымы, техникалық мүмкіндігі
және сыртқы көрінісі бойынша түрліше болып келеді. Бірақ олардың
құрылысы, реттеуі және пайдалану ережелерінің көпшілігі ортақ.
Тігін машинасының қол машина, аяқ машина және электр машина деп
аталатын түрлері бар
• 1.
Кері жүріс тетігі.
• 2. Тігісті реттейтін құрылғы.
• 3. Тігістің ұзындығын реттеуші.
• 4. Тігістің енін реттеуші.
• 5. Жіп орағыш стопор.
• 6. Жіп орағыш шпиндель.
• 7. Катушкалы өзек.
• 8. Жіп орағышты бағыттаушы.
• 9. Жіп бағыттағыш.
• 10. Жіп тартқыш рычагы.
• 11. Жіп берілісін реттеуші.
• 12. Алдыңғы бөлік.
• 13. Жіп кескіш.
• 14. Жіп бергіш.
• 15. Пластина.
• 16.Қысу табанын ұстаушы.
• 17.Инелі өзектің винті.
• 18. Ине.
• 19. Қысу табаны.
• 20. Қосымша бөлік (аксессуарларды сақтау орны).
• 21. Алып жүруге арналған ұстау тетігі.
• 22. Айналма дөңгелек.
• 23. Қосу тетігі.
• 24. Электр желісіне қосатын бөлік.
• 25. Бос жеңқап.
• 26. Түймелік рычагы.
• 27. Қысу табанын көтеру рычагы.
Машина тігістерінің
түрлері
Киімді дайындау кезінде әр түрлі жұмыстар атқарылады: қолмен,
машинамен, ылғалды-жылулық.
Машина тігістері қолданылуына байланысты біріктіру, шет және
әрлеуші тігіс болып бөлінеді.
Біріктіру
тігісі тігін бұйымының бөлшектерін біріктіру үшін қызмет
етеді. Олар: сырып тігу, бастыра тігу, айыра тігу, жапсыра тігу,
қосарлы және бүктемелі тігістер. Бұл тігістермен (бүктемелі
тігістен басқасымен) таныссыңдар.
Біріктіру тігістері иық, бүйір қиықтарын, жеңдерді, иініш, қалта,
қатпарларды біріктіру кезінде қолданылады. Біріккен тігістерде
бұйым бөлшектері тігістің екі жағында жатады. Мысалы, сырып
тігілген тігісті жатқыза жөне айыра үтіктеуге болады. Айыра
үтіктелген тігіс екі жағынан тігіммен бекітілген болуы мүмкін, яғни
айыра тігілген.
Бүктемелі
тігіс ақ жайма, жейде пішімді блузка, ерлер
жейдесін тігу кезінде қолданылады.
Шет
тігістері
жаға, мойындық, өңір, қолтық ойындысы шеттері сетінеп кетпеуі және
әрлеу үшін қолданылады. Шеттік тігістерге: жабық қиықты бүгіп тігу,
жөрмеу, шеттіктеу (жиектеу)тігістері
жатады.
Жөрмелген
тігіс өңір шеттерін, жаға, қаттама, қалталарды
өңдеу кезінде қолданылады. Өңдеу кезінде бөлшек шеттерін біріктіріп
жөрмеуден кейін бұйым өңін айналдыру, сонан соң шеттік жасап
айналдыра көктеу қажет.
Ашық қиықты бүгілген
тігіс өңірдің ішкі жиегін, мойындық әдібін,
қолтық ойындысын, бұйымның етегі мен жеңнің шетін өңдеу кезінде
қолданылады. Бұйым етегін және жең қиығын өңдеу кезінде қиықтарды
алдын ала арнайы машинада торлайды.
Жабық қиықты бүгілген
тігіс жібек және мақта матадан тігілген көйлек, блузка,
ұйықтағанда киетін көйлектің етегін және бұйым жеңінің жиегін өңдеу
кезінде қолданылады.
Шеттіктеу
тігісі үш түрге бөлінеді: ашық қиықты, жабық қиықты және
ызбамен жиектеу.
Қиықты қиғаш жиекпен ғана емес, негізгі және әрлеу матасынан
көлденең жиекпен, сондай-ақ дайын ызбамен де жиектеуге бол
1.
Артқы бойда бүкпені жабу;
2. Тізе сызығынан орта сызыққа дейін көлденең сызық сызу және оны қию;
3. Қиылып алынған етек сызығына сызыққа дейін 0,3 мм жетеізбей тік сызықтар сызып, қиып кеңейту;
4. Алдыңғы бойда бүкпеден тізе сызығына сызық сызып доғалап қосу;
5. Доға тұсынан етек сызығына дейін тік сызықтар түсіріп қию, етегін кеңейту
Асимметриялы драпировкаланған белдемше
І тапсырма Топтық жұмыс постер шығару: өз беттерімен мәтінді оқып танысуға 5 минут, негізгі ойларын плакат бетіне түсіруге 7 мин, қорғауға 8 минут уақыт беріледі.
Бір-біріне сұрақ береді, «екі жұлдыз, бір тілек» айтады.
І топ Модельдеу, конструкциялық, әшекейлік сызықтар .
ІІ топ Киімді модельдеудегі негізгі үш принцип.
ІІІ топ Техникалық модельдеу.
ІІ тапсырма Зертханалық жұмыс жүргізу
Зертханалық жұмыстың
нұсқаулары:
Өз қиялындағы белдемшенің суретін салып
модельдейді.
Сәйкестендіру кестесі «Кім алғыр?» ойыны
1. Жаңа модельдегі
киімдерді шығару, жаңа пішімдерді ойлап табуды модельдеу деп
атаймыз ба? Иә
2. Конструкциялық сызықтар – бұйымды әшекейлеуге арналған ба ?
Жоқ
3.Әшекей сызықтар - бұл сызықтар тек бұйымды әшекейлеуге арналған?
Иә
4. Киімді модельдеуде төрт негізгі принцип бар ма? Жоқ
5.Эскизден, болашақ модель суретінен басталатын кезең көркем
модельдеу деп аталады ма? Иә
6.Суретші – модельер көркемдік модельдеумен айналысады ма ? Иә
7. Модельдеген кезде сызбанын қажеті жок па? Жоқ
8 Белдемшенің негізгі үш силуэті бар? Иә
9. Әшекейлі сызықтарға бүкпе, ортаңғы сызықтар жата ма? Жоқ
10 Суреттен, фотосуреттерден модель жасауды техникалық модельдеу
дейміз ба? Иә
Мәтінді өз беттерімен оқиды. Топ болып ақылдасады, талқылайды, не білетіндері жөнінде постерге жазып қорғайды. Қалған оқушылар «екі жұлдыз бір тілек» айту арқылы бағалайды.
Ең жақсы постер анықталады.
Тәжірибе жасайды, тақырып бойынша алған білімін қолданады, жинақтайды.Әр топтан үш оқушы шығып, сұрақтарға «Иә», «Жоқ» деп жауап жазады. Жауап парақшаларын ауыстырып, бірін-бірі тексереді.
Қорытынды
Бағалау:. Топтық бағалау, бірін-бірі бағалау болады. Өзім формативті баға беремін: жетілдіретін тұстарын айтамын.
Үйге тапсырма: Тақырыпты түсініп оқып, өз сызбаларыңыз сызылған сызбаға өз қиялыңыздағы белдемшені модельдейсіздер, суретін саласыздар.
Рефлексия: «Стикердегі диалог»
Топтық бағалау, бірін-бірі бағалау болады. Топ басшылары бағалау парағындағы қойған бағалары жөнінде таныстырады.
Үй тапсырмасын жазып алады.
Сабақтағы әрекеттері туралы ойларын стикерлерге жазып қалдырады.
Классикалық белдемшелер
Рамантикалық белдемшелер
Спорттық белдемшелер
Фальклорлық белдемшелер