400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Зайырлылық және дінтану негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Теріс пиғылдағы діни ағымдарды батыста «Жаңа діндер» деп атайды. Олардың көпшілігі ХХ ғасырдың 70-80- жылдары пайда бола бастады. Зерттеушілердің пікірінше олардың саны әлемде 1500-ден 5000-ға дейін жетеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


4-тоқсан

2-сабақ (29-сабақ)

§29.

Пәннің аты: Зайырлылық және дінтану негіздері

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы:

Теріс пиғылды діни ағымдар, олардың белгілері және зардабы.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар сендер сабақ барысында дәстүрлі емес діни культтар, экстремистік және лаңкестік ұйымдар туралы терең білім алып, олардың белгілерімен танысасыңдар.

Сабақтың барысы:

Қысқаша конспект.

Теріс пиғылдағы діни ағымдарды батыста «Жаңа діндер» деп атайды. Олардың көпшілігі ХХ ғасырдың 70-80- жылдары пайда бола бастады. Зерттеушілердің пікірінше олардың саны әлемде 1500-ден 5000-ға дейін жетеді. Олар өз ілімдерін жаюға, қатарын көбейту арқылы ірі орталық ретінде орнығып, беделді күшке ие болып, теріс пиғылдарын жүзеге асыруға тырысады. Бұндай теріс пиғылға тартудың мыналдай ерекшеліктері бар: «Сіз қауымның басты назарындағы мақтауға лайық, қауымның сүйіспеншілігіне бөленген өте қажет адамсыз, Құдайдың таңдауы түскен жансыз. Сондай-ақ, қасіреттен бақытқа жеткен, қараңғылықтан нұрға шыққан, адасушылықтан тура жолға түскен, болашағынан үлкен үміт күттіретін адамсыз. Сіздің ұстанған іліміңіз, дініңіз, жолыңыз ешкім ұстанбаған, таппаған, жүрмеген, білмеген жаңа ілім, жаңа дін, жаңа жол, т.б. деген мақтаумен адамды шектен тыс мақтап, қоғамдағы орнын асыра бағалау арқылы бағыттайды.

Теріс пиғылды діни ұйым – жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің басты құқықтары мен мүдделеріне қайшы келетін қатаң иерархиялы діни құрылым.

Діндер арасындағы сан алуан айырмашылықтарға қарамастан олардың мынадай ерекше белгілерін атауға болады:

бірінші – ұйымдастырушылық ерекшеліктері; екінші – кадрлар тарту ерекшеліктері; үшінші – ілім беру ерекшеліктері;

Бірінші мәселе бойынша мынадай жайттарды ескеруге болады: бір орталыққа байлану, қатаң заңдарға бағыну, жанқиярлықпен үгіт насихат ісін жүргізу, ұйымдастыру, бәрін бір тәртіпке бағынуға көндіру, ұйым мүшелерінің табысынан үнемі белгіленген мөлшерде үлес алу және т.с.с.

Екінші, кадрлар тарту немесе жақтастарын көбейту мәселесінде мынадай ерекшеліктер байқалады: қатарына қосылған жаңа адамдарды аз уақыт ішінде өз ілімдеріне үйрету, онымен жекелей психологиялық жұмыстар жасау, ілімін еш сұрақсыз, ешқандай түсіндірусіз қабылдауды талап ету, қатарларынан кетпеу үшін бар күштерін салып ұстау, рәсімдерін, культтерін бұлжытпай орындауды талап ету, ерікті істерге тыйым салу және т.с.с.

Үшінші, ілімдеріндегі ерекшелік ретінде мыналарды атауға болады: нақты догматтардың, діни құлшылықтардың болмауы немесе жүре қалыптасуы, жекелеген адамдардың түсінігіне, пікіріне, қоғамдық санаға тез лайықталуы, әр діннің құндылықтарын қажетінше алып, қалауынша теріс көруі, оларды өзара араластыруы, ілімдерінің тым қарапайымдылығы немесе тым күрделендірілуі, эклектиканың (дәйексіз пайдалану) басым болуы, ілімдерінің адам ақылына ауыр әртүрлі мифтермен, аңыздармен немесе қарапайым мысалдармен ғана түсіндірілуі, ілімдерінде символдардың, әртүрлі белгілердің шамадан тыс көп болуы, ғылыми немесе тәжірбиелік нәтиже, тұжырымдардан ада болуы және т.б.

Бұндай діни ағымдардың қатарына тартудың мынадай ерекшеліктері де бар: Сіз қауымның басты назарындағы өте қажет адамсыз, мақтауға лайық, қауымның сүйіспеншілігіне бөленген, Құдайдың таңдауы түскен жансыз. Сондай-ақ, бақытсыздықтан бақытқа жеткен, қараңғылықтан нұрға шыққан, адасушылықтан тура жолға түскен, болашақта үлкен іс күткен адамсыз. Сіздің ұстанған іліміңіз, дініңіз, жолыңыз ешкім ұстанбаған, таппаған, жүрмеген, білмеген жаңа ілім, жаңа дін, жаңа жол.

Деструктивті тоталитарлы діни ұйымдарға төмендегідей белгілер тән:

Бірінші, дәстүрлі діндерге дұшпандық көзқарас, яғни ілімдеріне, негізгі ұстанымдарына қарсы келу.

Екінші, дәстүрлі діни ілімдерді өз ыңғайына бұра тарту, теріс түсіндіру, бір ғана адамның іліміне тастай жабысу.

Үшінші, адамның ішкі жан дүниесіне емес, сыртқы келбетіне, түріне, жынысына, нәсілі мен ұлтына үлкен мән беру.

Төртінші, сырттай керемет болып көріну. Әдетте, бұндай ұйымдар ресми түрде ең ізгі мақсаттарды ғана жариялайды.

Бесінші, қауым мүшелерінің бойында «культтық менталитет» қалыптастыру үшін сананы бақылау құралдарын пайдалану, өз өкілдеріне қауымға жаңа мүшелер тартуды міндеттеу.

Cілтемелер:

https://youtu.be/NAVTNvVOiUI

https://youtu.be/CxUr_uVhxQw



Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар:

Термин сөздермен жұмыс.




Анықтау.






Факторларды атау.







Сипаттау.

1 тапсырма: Термин сөздермен жұмыс жасаймыз.

1. Гипноз -

2. Культтық рәсімдер

3.Медитация

4. Мінажат ету


2 тапсырма: Теріс пиғылды діни ұйымдарға тән белгілерді анықтаймыз.

Бірінші:

Екінші:

Үшінші:


3 тапсырма:

Теріс діни ағымға адамдар неліктен кіріп кететіндіктерінің факторларын атап көрсетеміз.

1.

2.

3.


4 тапсырма: Теріс пиғылды діни ұйымдардың ықпалына түскен адамдардың мінез-құлқын сипаттаймыз.


Сабақты қорытындылау:

1. Теріс пиғылды діни ағымдардың мақсаты не?

2. Теріс пиғылды діни ұйымдар дегеніміз не? Ондай ұйымдарға қандай белгілер тән?

3.Қазақстанның болашақ азаматы ретінде бүгінгі тақырып туралы сендердің жеке көзқарастарың қандай?

4. Теріс пиғылды діни ұйымдардың ықпалына қандай адамдар тез түсуі мүмкін деп ойлайсыңдар?

Үйге тапсырма:

§29. Теріс пиғылды діни ағымдар, олардың белгілері және зардабы оқу. Конспект жазу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
09.10.2020
838
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі