Тақырып бойынша 11 материал табылды

Зайырлылық және дінтану негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Зайырлылық және дінтану негіздері пәнінен тақырыптық тесттер жинағы жазылған.Әрбір тараудағы тақырыптар бойынша тест тапсырмаларымен бірге қосымша дұрыс жауаптары берілген.Бұл тақырыптық тесттер оқушының зайырлы және дінтану негіздерінен қаншалықты білім меңгергеніне қорытынды жасауға көмектесе алатын құрал.Сонымен қатар бұл авторлық бағдарлама мұғалімге де қосымша құрал ретінде өз үлесін қоса алады деп сенемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мазмұны


Түсінік хат ...................................................................................................................4

I тарау.Зайырлылық және зайырлы мемлекет..........................................................6

II тарау.

Дін – рухани мәдениет феномені..................................................................8

III тарау. Ежелгі діни сенім түрлері және ұлттық діндер .....................................................................................................................................11

IYтарау.Әлемдік діндер............................................................................................13

Y тарау. Қазақстандағы діндер.................................................................................15

YI тарау. Жаңа діни қозғалыстар.............................................................................17

YII тарау. Қазақстан – дінаралық келісім елі..........................................................18

Қорытынды тесттер...................................................................................................20

Қосымша мәліметтер.................................................................................................24

Діни терминдер............................................................................................. ............24

Қазақстанда тыйым салынған экстремистік және террористік ұйымдар.............................................................................................................26

Қорытынды.................................................................................................................30

Әдебиеттер.................................................................................................................31



























Түсінік хат


"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ.

Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және

конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын.

Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз.

Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы


Қазақстан – демократиялық, құқықтық және зайырлы ел. Міне, ҚР-сы демократиялық ел болғандықтан, діни сенім бостандығы адам құқығы ретінде мойындалып отыр. Сондықтан Қазақстанның әр азаматы өзі қалаған дінді таңдай алады. Біздің Республикамызда, негізінен, екі дін дәстүрлі сипатқа ие. Ол қазақтардың және басқа да түркі халықтары ата-бабасынан бері ұстанып келе жатқан ислам діні мен славян халықтарының христиан діні.

Дін – жалпыадамзат мәдениетінің құрамдас бөлігі. Ол қоршаған ортаны, төрткүл дүниені танып-білудің, оны рухани меңгерудің пәрменді құралы. Дін – діни сана, діни сенім-наным, діни ұйымдардан тұратын рухани әлеуметтік тұтас жүйе. Өйткені, күллі адам баласының даму тарихы, өсіп-өркендеуі, қалыптасып жетілуі дінмен етене байланысты. Сондықтан, діни наным бұрын да, бүгін де, бұдан былай да барлық адамгершілік игі мұраттарды, жалпы адамзаттың рухани құндылықтарын, гуманистік идеяларды көпшіліктің меңгеруінің, шын жүрегімен беріле қабылдауының ең белсенді тәсілі болып қызмет ете беретіні анық. Оған қоса қазіргі әлемдік жаһандану үрдісі, еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылу жолындағы іс-әрекеті, ең алдымен, рухани ой-сананы жетілдіруді, ұлттық құндылықтарымызды берік орнықтыруымызды талап етеді. Сондықтан, дін – біздің рухани байлығымыздың қайнар бастауы, елдік тұтастығымыздың тұғырлы іргетасы, дербес мемлекеттігіміздің берік негізі деп білуіміз керек. Мектеп – ғылыми-теориялық негіздегі тәрбиенің арналарын объективті түрде таныта алатын қоғамдық-мемлекеттік орын. Тәрбиелік таным отбасында ата-ананың тәрбие мәдениеті мен әлеуметтік жағдайына, өмірге деген көзқарасына қарап танылатын болса, қоғамдық ортада мектепке дейінгі мекемелерден бастап, жоғарғы оқу орындарына дейін этикалық-эстетикалық таным, салауатты өмір салты, ұлтжандылық, отаншылдық, қарым-қатынас мәдениетінің таным көздері тағылымтану мен тұлғалық таным аясында меңгертіледі.

Бұл  құрастырылып отырған «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінен 9 – сыныпқа арналған тараулық тесттер тапсырмасы оқушылардың бұрынғы және қазіргі діндердің тарихын, олардың айырмашылықтарын, тарихи ұғымдарын, даму кезеңдерін және қазіргі кездегі жағдайларына сипаттама береді. Тапсырмалар жиынтығы оқушылардың қажетті білім деңгейін, білік пен дағдыларды игеруге мүмкіншілік береді. Мысалы, хронологиялық тапсырмалар – оқушылардың оқиғалар сабақтастығы мен уақыт шеңберін анықтау, уақыттың әртүрлі категорияларын ажырату қабілеттерін анықтайды. Пәнді оқытуда оқушының тарихи танымын, шығармашылық ойлауын дамытуға оң

ықпал ететін оқыту әдіс-тәсілдері таңдап алынуы қажет.

Мақсаты:

- оқушыларды «зайырлылық» ұстанымын құндылық, яғни мемлекет баяндылығының басты тұғыры ретінде қабылдауға, діндерді зайырлы таным аясында тануға үйрету;

- діни сенім бостандығы, әлемдік және дәстүрлі діндердің , жаңа діни қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі,теріс пиғылды діни ағымдар мен тыйым салынған діни ұйымдар туралы жан-жақты білімін қалыптастыру;

Міндеттері:

- оқушыларға діннің мәні, тарихы және оның қазіргі қоғамдағы рөлі жөнінде жүйелі мәлімет беру;

- зайырлылық ұстанымдарын мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің негізі ретінде таныту;

Күтілетін нәтиже:

- ғылыми тұрғыдан алғанда негізгі діни терминдер мен құбылыстарды;

- зайырлылық және дін ұғымдары ара-қатынасын;

- мемлекет, дін бірлестіктері және мәдениет арасындағы қарым-қатынас мәнін;

- әлемдік және дәстүрлі діндер тарихынан

- зайырлылық,діни сана сезім, діни сенім, діни тәжірибе, діни ой-сана ұғымдарының ара жігін ажырату

- заманауи ақпараттық-коммуникациялық құралдарды қолдана білу

Осылайша, жүйелі түрде игерілген білім оқушыға Қазақстан Республикасының толыққанды азаматы ретінде рухани толысуға, өз халқының рухани мәдениетін деструктивтік, радикалды діни бірлестіктердің зиянды әректетінен сақтау және қорғау мүмкіндіктерін қалыптастыруға мүмкіндік

алады, екінші жағынан, адамның қандай дінге жататынын анықтау, діни сана-сезім, басқа діндерге көзқарас және қатынас мәдениетін қалыптастырады.
















I-тарау.

Зайырлылық және зайырлы мемлекет

1.Дінге сенушілердің бір діннің аясындағы бірлестігі:

A) Медитация

B) Политеистік

C) Протестанизм

D) Пуританизм

E) Монотеизм

F) Тотемизм

G) Конфессия

H) Лаицизм

2. «Зайырлы, зайырлылық» сөзінің білдіретін мағыналары:

A) анық

B) жалпы

C) ашық

D)билік

E) заң

F) үндестік

G) өркениет

H) нақты

3. «Зайырлылық болмысына» жататындар:

A) қоғам

B) өркениет

C) бейтараптық

D) төзімділік

E) тәуелсіздік

F) мойындау

G) еркіндік

H) бағынышты


4. Сәйкестендіру:


Діни термин

Анықтамасы



1.Зайырлы мемлекет


2.Зайырлы этика


3.Зайырлылық ұстаным

А) Рухани тіршіліктің жүйеленуінде қоғамдық, конституциялық нормаларды басшылыққа алуды көздейді.

В)Ұлттық құндылықтарды дамытуға тиым салуды көздейді.

С)Мемлекеттің конституцялық сипаты

Д) Басқа діни ағымдардың дамуына жол ашады.

Е)ішкі және сыртқы тепе-теңдікті орнықтыратын бірден-бір құнды тетік


А) 1 С, 2 А, 3 Е. В) 1С, 2 Е, 3 А С) 1В, 2 С, 3 Д

Д)1 В, 2 Е, 3 А Е) 1 Д,2 Е, 3 С


5. «Қазақстан зайырлы мемлекет» тақырыбына эссе жазу.


I-тарау бойынша дұрыс жауаптары

1. G.

2.А, С, Н.

3. С, Е, G.

4. А

5. «Қазақстан зайырлы мемлекет» тақырыбына эссе жазу.

































II- тарау.

ДІН – РУХАНИ МӘДЕНИЕТ ФЕНОМЕНІ


1.Дін туралы түсініктің тотемизм көзқарасын қолдағандар:

A) Э. Лэнг

B) М. Мюллер

C) У.Р. Смитт

D) З.Фрейд

E) Г.Спенсер

F) Э.Б. Тайлор

G) Э.Дюргейм

H) Дж. Фрэзер

2. «Дін» сөзінің ұғымына жататындар:

A) әдет-ғұрып

B) заң

C)жүйе

D) иман

E) мойынсұну

F) қоғам

G) дүниетаным

H) ғибадат жол

3.Адамдарды саналы түрде өз қалаулары бойынша тек ізгілікке бастайтын құдайлық жүйе, жол:

A) Дүниетаным

B) Заң

C) Қауымдық

D)Дәстүр

E) Дүниетаным

F) Мәдениет

G) Дін

H) Қоғам


4. Сәйкестендіру


Тұлға

Еңбек жарық көрген уақыт

Еңбегі

I. Э.Б. Тайлор


II. З.Фрейд


III. Э.Дюргкейм


1)1892 ж.

2)1871 ж.

3)1982 ж.

4)1913 ж.

5)1918 ж.

6)1912 ж.

А) «Натурализм»

В)«Жол,сенім, әдет,құлшылық»

С) «Алғашқы қауымдық мәдениет»

D) «Магиялық әрекет»

Е)«Діни тіршіліктің қарапайым түрлері»

F) «Тотем және табу»

А) I.2 С В) I.2 C С) I. 3 E Д) I. 5 A E) I.1 F F) I. 2 D

II.4 F II.6 E II. 6 A II. 2 F II.2 A II. 4 F

III.6 Е III.4 F III. 3 C III. 1 E III. 4 D III. 6 E


5. Мәтінмен жұмыс

Діндер доктриналық, танымдық құрылымдарына және сенім негіздеріне байланысты екіге бөлінеді:біртәңірлілік табынушылық – монотеистік және көптәңірлілік – политеистік діндер.Тек тәңірлік діндер бір Жаратушыны ғана мойындауға негізделген. Мұндай діндер тек бір Тәңір және киелі кітаптар негізге алынады. Көптәңірлілік діндер – (көне діндер) бірнеше тәңірдің бар екенін қабылдайтын сенім жүйесі. Пұтқа табынушылық (құдайларды кескіндеп, оған табыну) екітәңірлік (дуалистік), натурализм, ежелгі грек, Рим,Мысыр діндері – көптәңірлік діндер.

Ал діндерді тегі ,даму тарихы, таралу ерекшеліктеріне қарай алғашқы қауымдық, ұлттық және әлемдік діндер деп жіктеуге болады.

Дін әлеуметтанушысы Ж.Ваше де Лапуж діндерді негізін салушылары (будда діні, джайнизм, конфуций ілімі т.б.) және дәстүрге негізделген (үнді діні,синто ілімі, түрік діні) діндер деп бөлсе, А.Шиммель алғашқы қауымдық (тайпалық) діндер (га,маори,аину, инка), ұлттық діндер (иудейлік,үнді діні, джайнизм, конфуций ілімі т.б. ) және әлемдік діндер (будда, христиан және ислам) деп жіктейді.

Діндерді халықтың этникалық орналасуына байланысты былай топтастырады: Орта Шығыс немесе семит діндер: идейлік, христиан және ислам; үнді діндері;үнді діні, будда діні, джайнизм,сикх ілімі; қытай-жапон діндері: конфуцийлік , даосизм,синто ілімі.

1.Діндер доктриналық, танымдық құрылымдарына және сенім негіздеріне байланысты бөлінеді:

А)джайнизм

В) монотеистік

С)конфуций

Д) политеистік

Е)даосизм

2. Діндерді негізін салушылары және дәстүрге негізделген деп бөлген дін әлеуметтанушы:

А) Ж. Ваше де Лапуж

В) А.Шиммель

С)Э.Б. Тайлор

Д) З.Фрейд

Е) Э.Дюргкейм

3.А.Шиммель пікірі бойынша әлемдік діндер жіктелді:

А) Негізгі және дәстүрлі діндер

В) Иудейлік, христиан, үнді діндері

С) Джайнизм,сикх ілімі

Д) Синто ілімі, джайнизм, христиан

Е) Алғашқы қауымдық, ұлттық діндер, әлемдік діндер



II- тарау бойынша дұрыс жауаптары

1.С, D

2.А, Е, Н

3. G

4. А

5. 1 В,Д 2. А 3.Е




































III – тарау.

ЕЖЕЛГІ ДІНИ СЕНІМ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ДІНДЕР


1.Фетишизм терминін алғаш ғылыми айналымға қолданған ғалымдар:

A) Э. Лэнг

B) Ш.Деброс

C) Лао Цзы

D) Дж. Фрэзер

E) С.Крамер

F) Р.М. Маймон

G) О.Конт

H) Чжуан-цзы

2.Адамдар мен белгілі бір жануарлар не болмаса өсімдіктер арасындағы өзара тектік байланыс туралы сенім:

A) Анимизм

B) Фетишизм

C) Магия

D) Натурализм

E) Мистика

F) Тотемизм

G) Аскеттік

H) Джайнизм

3.Иудейлердің қасиетті жазбалары:

A) Құран

B) Інжіл

C) Танах

D) Авеста

E) Талмуд

F) Гильгамеш

G) Дварим

H) Тора

4. Сәйкестендіру:


Дін

Тұлға

Еңбек


I.Анимизм


II. Джайнизм


III. Заратуштра




1) Ш.Дербос

2) О.Конт

3) Вардхамана

4) Спитама

5) Дж.Фрэзер

6) Э. Тайлор




A) «Авеста»

B) «Ригведа»

C) «Рамаяна»

D)«Алғашқы қауымдық мәдениет»

E) «Агама»

F)Квиту



A)I.2 E B) I.1F C) I.4 B D) I.6 D E) I.6 F F) I.5 E

II.5 II. 2 C II.6 D II.3 E II.4 E II.2 A

III. 3 III. 5 E III.3 F III. 4 A III.1B III.6 C


5.Терминмен жұмыс.

1.Тотемизм -

2. Анимизм -

3.Магия -

4.Аскеттік -

5.Йога -

6.Джайнизм -

7. Синагога -

8.Эсхатология -


III – тарау бойынша жауаптары

1. В G

2. F

3.С Е

4. D

5.Терминмен жұмыс

Тотемизм –адамдармен белгілі бір жануарлар не болмаса өсімдіктер арасындағы өзара тектік байланыс туралы сенім.

Анимизм – табиғат күштерінің, жан-жануарлардың, өсімдіктер мен жансыз заттардың рухы, жаны бар деп сену.

Магия- тылсым, құпия күштерге және олардың көмегімен айналадағы шындыққа әсер ету мүмкіндігіне сенуге байланысты салт-жоралар және әрекеттер жиынтығы.

Аскеттік- адамға тән тілектер мен сезімдерден бас тару.

Йога – «байланыс», «бірлік» деген мағына береді, денсаулықты жақсарту не уайым-қайғыдан ада болу

Джайнизм – үнді дінінің касталық жүйесі негізінде қалыптасқан ағымдардың бірі.

Синагога – иудейлердің туғаннан бастап, дүниеден өткенге дейінгі барлық мәселелерін шешетін орны.

Эсхатология – дүниенің ,адам өмірінің баянсыздығы туралы, ақырзаман мен о дүние туралы діни ілім.









IY – тарау.

ӘЛЕМДІК ДІНДЕР


1.Будда дінінің негізін қалаған:

А)Махаяна

В)Хинаяна

С)Шуддходан

Д)Сиддхартһа Гаутама

Е)Дхарма

2. «Православие» - сөзінің грек тілінен аудармалары:

А) «дұрыс ойлау»

В) «рухани тыныштық»

С) «сенім»

Д) «кешіру»

Е) «қоныс аудару»

F) «дұрыс ілім»

3.Мұсылманның бес парызы:

А) иман, намаз

В) тазалық

С) денсаулық

D)тәртіп, адалдық

E)ысырапшылдық

F) ораза, зекет

G ) салт

H) қажылық


4.Сәйкестендіру


Дін

Кітап

Тұлға


I. Буддизм


II. Христиан


III. Ислам



A)«Інжіл»

B) «Нирвана»

C) «Дхаммапада»

D) «»

E) «Құран Кәрім»


1. Сиддхартһа

2.Фесодий

3.Ашока

4. Иисус Христос пайғамбар

5. Мұхаммед пайғамбар



5.Ислам дінінің маңыздылығы жөнінде сызбаны толтыру.

Shape1

Shape3 Shape2

Shape5 Shape4

Ислам дінінің маңызы


Shape6


Shape8 Shape7 Shape9

IY – тарау бойынша дұрыс жауаптары

1.Д

2. А, F.

3.А,F,H.

4. A) I.C 1 B) I.B 3 C) I.C 4 D) I. A 1 E) I.E.1

II. A 4 II. C 5 II. D 3 II.C 3 II.B 5

III.E 5 III.D 2 III. E 5 III. D4 III. A 2

5. Сызба





































Y – тарау.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНДЕР


1.«Рибат» сөзінің араб тілінен аударғандағы мағыналары:

А) «байланыс»

В) «ұстаз»

С) «түйін»

Д) «пір»

Е) «кәпірлермен соғысқан жауынгердің ат байлайтын қазығы»

2.Ислам дінінің келуімен Орта азияда Мұхаммед пайғамбардың ұрпақтары ретіндесан ғасыр бойы халықтың шексіз құрметіне ие болып отырды:

А) ишан

В) сейіт

С) молда

Д) шайх

Е) қожа

3.Қазақ даласына исламның түпкілікті орнығуы есімімен байланысты:

А) Мансұр Халладж

В) Жүсіп Баласағұни

С)Қожа Ахмет Иасауи

Д) Ахмет Иүгнеки

Е) Махмұд Қашғари


4. Сәйкестендіру:


Тұлға

Еңбек

1) Жүсіп Баласағұни


2) Ахмет Иүгнеки


3) Махмұд Қашғари

А) «Һибатул Хақаиқ»

В) «Рибат»

С) «Құдатғу білік»

Д) «әл—Китап әл-Мусиқа әл-Кабир»

Е) «Диуани лұғат ат-түрік»


А) 1С, 2А, 3Е В) 1Д, 2 А, 3 С С) 1С,2 Д,3А

Д) 1В, 2А, 3Е Е) 1Е, 2В, 3С


5. Сызбадағы исламның үш кезеңдегі таралу және даму ерекшеліктеріне сипаттама беру.

Shape11 Shape10

Патша үкіметі тұсындағы ислам діні

Исламның қазақ даласына келуі


Shape12

Қазіргі ислам діні




Shape13

Shape15 Shape14


Y – тарау бойынша дұрыс жауаптар

1.А С Е

2.В Д Е

3.С

4.А

5. Сызбадағы исламның үш кезеңдегң таралу және даму ерекшеліктеріне сипаттама беру.





































YI - тарау.

ЖАҢА ДІНИ ҚОЗҒАЛЫСТАР


1.1960-70 ж.ж. діни ағымдар таралған мемлекеттер

А) АҚШ

В) Жапония

С)Қытай

Д) Ресей

Е)Қазақстан

2.Исламдық жаңа бағыттары:

А) «Хизб-ут-Тахрир»

В) «Шеиттер»

С) «Уаххабшылдық»

Д) «Суниттер»

Е) «Таблиғи Жамиғат»

3.Жеке адамны, қоғам мен мемлекеттің басты құқықтары мен мүдделеріне қайшы келетін қатаң иерархиялы діни құрылым:

А) Хәл ілімі

В) экстремизмге қарсы ұйым

С) Теріс пиғылды діни ұйым

Д)Фиқһ ілімі

Е)Дұрыс пиғылды діни ұғым


4.Кестені толтыру


Діни ағымдар

Пайда болған уақыты







5. Қазақстанның болашақ азаматы ретінде қосымша ақпарат көздерінен әлемде болып жатқан экстремистік және лаңкестік әрекеттердің бейбіт халыққа тигізген зияны мен зардаптарын талқылай отырып, эссе жазу.



YI - тарау бойынша дұрыс жауаптар

1.А Д

2. А С Е

3. С

4. Кесте

5. Қазақстанның болашақ азаматы ретінде қосымша ақпарат көздерінен әлемде болып жатқан экстремистік және лаңкестік әрекеттердің бейбіт халыққа тигізген зияны мен зардаптарын талқылай отырып, эссе жазу.



YII - тарау.

ҚАЗАҚСТАН – ДІНАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ ЕЛІ


1.Қазақстанның діни саласындағы заңнамасында бөліктерден тұрады:

А) «Бейтараптылық қағидасы»

В) «Діни бірлестіктер және дңни сенім бостандығы»

С) «Төзімділік қағидасы»

Д) «Тепе- теңдік қағидасы»

Е) «Экстремизммен күрес туралы»

2. ҚР – сы Дін істер агенттігі құрылды:

А) 2009 жылы 18 мамыр

В) 2013 жылы 18 мамыр

С) 2015 жылы 18 мамыр

Д) 2008 жылы 18 мамыр

Е) 2011 жылы 18 мамыр

3.Әртүрлі дін өкілдерінің бір-біріне өз діни сеніміні таңбай, бір-бірінің діни сезіміне төзімділік таныта отырып, өзара сыйластықпен тең құқылы қарым-қатынас жасауы:

А) Дінаралық сұхбат

В) Паритеттік сұхбат

С)Антитеррорлық сұхбат

Д) Миссионерлік сұхбат

Е)Сакралдық сұхбат


4. Сәйкестендіру.


Мемлекеттер

Діни сенім бостандығы

I. АҚШ


II. Германия


III.Италия

А.Тең құқылық үлгі

В.шіркеуге салық төлемейді

С.шіркеуге жарна төлейді

Д.Діни бостандыққа тиым салынған

Е.зайырлы, дегенмен шіркеу салығы бар


А) I B) I. С C) I. А Д) I.В E)I. С

II.Е II.Д II. С II. Е II. Д

III.С III. Е III. В III.Д III.А


5.Дінге қатысты азаматтарды және мемлекеттің құқықтары:


Азаматтардың құқықтары

Мемлекеттің құқықтары





5. ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың дін саласындағы саясатына эссе жазу.


YII ТАРАУ БОЙЫНША ДҰРЫС ЖАУАПТАР


1.В Е

2. Е

3. А

4. А

5. Дінге қатысты азаматтарды және мемлекеттің құқықтары.

6. ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың дін саласындағы саясатына эссе жазу.


































Қорытынды тесттер


1.  Дін туралы арнайы ғылым

А) философия

В ) этнология

С )дінтану

D)теология

Е) атеизм

2. Құдайды адам бейнесінде суреттеу

А) анимизм

В) тотемизм

С) фетишизм

D) идея-аңыз

Е) антропоморфизм

3. Ежелгі қазақтардың түсінігіндегі адамның тіршілік ететін кеңістігі

А)орта әлем

В) жоғарғы әлем

С) төменгі әлем

D) солтүстік

Е) оңтүстік

4. Ғарышты табиғатты тіршілік иесі ретінде қарастырылатын сана

А)аңыздық

В) мифтік

С) ертегілік

D) қиял-ғажайыптық

Е) идея-аңыздық

5. Аккадтықтардың басты мифтік мұрасы-Шумердегі Урук қаласының      билеушісі туралы миф

А) Энлиль

В) Энка

С) Нанна

D) Гильгамеш

Е) Нергал

6. Зороастризмнің қасиетті кітабы

А) «Құран»

В) «Інжіл»

С) «Драхма»

D) «Авеста»

Е ) «Кама сутре»

7. Египеттегі дінің түпнұсқасы қолда бары б.зд. 2600-2300 жылдардығы көне патшалық дәуірінің діни шығырмасы.

A) «Көне тарих кітабы»

B) Одүниеде не бары туралы кітап

C) «Өлілер кітабы»

D) Саркофантар мәтіні

E ) Пирамидалар мәтіні

8. Көне грек құдайлары пантеонында әйел құдайлардың орны ерекше, осылардың ішіндегі диқаншылық пен молшылық құдайы (грек тілінде – «жер ана»)

A) Деметра

B) Афина

C) Гера

D) Метида

E) Фемида

9. «Әр адамды өзінді құрметтегендей құрметтеуден өзіңе тілегенді тілесең одан білік ештеңе жоқ» - нақылдық авторы

A) Раджив Ганди

B) Конфуций

C) Джавахарлар Неру

D) Махатма Ганди

E) Индира Ганди

10. Дао діни – философиялық бағыттық негізін салушы

A) Аммон-Ра

B) Сиддахатарха Таутама

C) Лао-Цзы

D) Кун Фуцзы

E) Заратуштра

11. Жапон діни нанымдарының қытайша жиынтық атауы

A) Синто

B) Кун-Цзы

C) Зороастризм

D) Магия

E) Миф

12. «Бархман» түсінігінің мағынасы:

A) дін қызметшісі

B) әлемді жарартушыны мадақтау дуғалары

C) абстрактілі жасампаздық бастау

D) Брахма жаратушы - құдай

E) жауаптардың барлығы дұрыс

13. «Бөрілі менің байрағым, бөрілі байрақ көргенде, қозады қай-қайдағым»....

А) Мухтар Ауэзов

В) Сабит Муқанов

С) Жамбыл ақын

D) Сүйінбай ақын

Е) Ғабит Мүсірепов

14. «Тәңір бір» делінген ескерткіш:

А) «Күлтегін»

В) « Тоныкөк»

С) « Бал-Балда»

D) Орхан Енисей

Е) Талас

15. Римнің діни күнтізбесінде көптеген мейрамдар – феериялар болды, олардың ішіндегі ақпанда ата-бабалар аруағына арналып өткізілетін мейрам.

А) Юнона

В) Флоралий

С) Паренталий

D) Минерва

Е) Рим ойындары

 16. Көне грек мифологиясындағы жартылай адам, жартылай буқа кейпіндегі

А) Кентавр

В) Минотавр

С) Динозавр

D) Сфинкс

Е) Пентозавр

17. Ертедегі мәдениеті мен өнері өрістеген аймақ Грекия мен Римде көп ....   дәстүрі кеңінен орын алды.

18. .... дінді табиғи инстинкт, өмір үшін күрестің құралы деп санайды.

19. .... деп бір орталыққа бағынатын, құрылымы және төменнен жоғарыға дейін басқару жүйесі бар діни мекемелер.

20. Академик .... пікірі бойынша, бақсы- бұл емші дәрігер ғана емес, сонымен бірге ақын, музыкант. Ол ауру адамды емдеуде сөзді де, музыканы да шебер қолдана білетін жан.

21. Әлемнің заңын мифология, .... тілімен айтсақ, зерек ақылмен емес метафора арқылы бейнелейді.

22. Бөрілі менің байрағым, бөрілі байрақ көргенде, қозады қай-қайдағым ....

23. Махмұт Қашқари «Ұлы» деген ұгымды тек Тәңірдің эпитеті ретінде қолданған. Демек,  Тәңірдіқ мәні оның ....

24. Екінші жиһан соғысы жылдары еврейлердің басына ауыр сын түсті. Оны Израиль  ұлдары .... немесе ... деп атайды.

25.Теология –

26.Шамандық –

27. Төрт түлік мал иелері (пірлері) –

28. Күн-Цзы уағыздаған ізгіліктінің бес түрлі жолы –

29.Көк Тәңірі –

30. Индуизмнің басты мерекелері –


Қорытынды тест жауаптары:

 

1.  C

2.  E

3. A

4. B

5. D

6. D

7. E

8. A

9. B

10. C

11.A

12. E

13. D

14. A

15. C

16. B

17. құдайлылық (политеистік)

18. ғылым

19. діни бірлестік

20. Әлкей Марғұлан

21. Абай

22. Сүйінбай ақын

23. Ұлылығында

24. «холокост» немесе «жаппай өртеу»

25. Теология – (көне гр.т. teos-халық, logos-ілім) құдайтану пәні, білімнен бұрын                  сенім анықталған, сондықтан теологтар сенім мен діни қағидаларды өздерінің басты принциптеріне айналдырған (ислам теологиясы, христиандық теология, буддалық теология)

26.  Шамандық – ертеден келе жатқан діни наным. Оның негізгі тұлғасы шаман трансқа кіріп, ауру мен кемтар адамдарды емдеп жаза алатын харизматикалық тұлға.

27. Ойсыл–Қара (түйе иесі), Қамбар Ата (жылқы иесі), Зенгі–Баба (сиыр малының     иесі), Шопан-Ата (қой иесі), Шекшек–Ата (ешкі малының иесі).

28. Күн–Цзы ізгіліктің бес түрлі жолын уағыздады. Олар даналық жолы,      қайрымдылық жолы, адалдық, үлкендерді құрметтеу және қайраттылық жолдары.

29. Тәңірді көк Аспан деуге, Махмұт Қашқари қарсы. Ешқашан Тәңірді нақтылы әлденемен салыстыра немесе соның өзі деуге болмайды, Тәнір деген көк Аспан емес. Олы ұлы. Ал ұлылықтың не синонимі, не теңдесі болмайды, ол өзімен-өзі ғана тең.

30. Кришна мен Раманың туған күндер мерекелері және Ганеша мен Шиваның құрметіне өткізілетін салтанаттар














ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР


Діни терминдер


Термин

Анықтама

Алла

Исламдағы бір тәңірдің , Жаратушы Құдайдың атауы

Адам ата,Һауа ана

Әлемдік діндер бойынша, Құдайды ең алғаш жаратқан адамы

Аватара

Үнді Құдайларының адам немесе аң кейпінде жерге келуі

Адвентистер

19 ғасырдың 30- жылдары АҚШ-та пайда болған протестанизм бағытындағы ағым

Апостол

Библия бойынша , Құдайдан дін тарату жөнінде әмір алған жандар.Исаның 12 шәкірті осылай аталған

Арафа түні

Зүлхижжа айының тоғызы мен оны арасындағы түн, яғни, Құрбан айт мерекесінің алдындағы түн.Бұл түні Құран оқу сауапты іс саналады.

Армагедон

Ақырзаман алдында болатын үлкен шайқас

Бәраат түні

Шағбан айының 14-нен 15 – не қараған түні.Бұл түні Алла тағала періштелерге бір жыл ішінде бар не жоқ болатын барлық оқиғалар мен құбылыстарды білдіреді.Сол себепті мұсылмандар бұл түнді құлшықпен өткізуге тырысады.

Библия

Христиан дінінің қасиетті кітабы

Евангелие

Иисус Христостың өмірі мен ілімі жайлы түсінік беретін «Жаңа өсиеттің» алғашқы төрт кітабының атауы

Зекет

Нисап көлеміне жететін байлыққа ие болған мұсылман байлығының белгілі бір бөлігін жылына бір рет Алла тағаланың риазылығы үшін тұрмысы төмен адамдарға беруі.

Зікір

Құдайды еске алу

Кәлима

Құдайдың бірлігіне куәлік айту

Күпірлік

Жалған сөйлеу, арам істерге бару; дінде иманға шек келтіру, күнәкарлық жасау

Конфессия

Діни бірлестік

Миссионерлік

Діни ұйымның өз елінде және шетелдерге дін тарату қызметі

Намаз

Мұсылманның бес парызының бірі, күнделікті бес уақыт жасайтын ғибадаты

Ораза

Исламдағы бес парыздың бір.Қасиетті Рамазан айында орындалатын отыз күндік ғибадат.

Пайғамбар

Құдайдың адамдарды тура жолға бастау үшін жіберілген елшілері

Пасха

Христиан дінінің басты мейрамы

Періште

Құдайдың нұрдан жаратқан тылсым әлемдегі жандары

Политеистік

Көпқұдайшылық дін танымына берілген анықтама

Православие

Шіркеулердің бөлінуі кезінде 2 ғасырда пайда болған христиандықтың бір бағыты

Протестантизм

Христиандықтың негізгі бағыттарыныңы бірі.Еуропада 16 ғасырда орын алған реформацияға орай пайда болған.

Рамазан

Құран түскен қасиетті ай.Бұл айда мұсылмандар ораза тұтады.

Рағайыб түні

Режеп айының алғашқы жұмасының түні. Бұл түннің қасиеті жайлы Мұхаммед пайғамбардың көп хадисі бар. Режеп айы алғашқы Адам пайғамбардан бері қасиетті ай саналады.

Сакралды

Киелі, қасиетті әлемге берілген атау

Сахабалар

Мұхаммед пайғамбардың тұсында исламды қабылдап, кейін мұсылман болып көз жұмғандар. Оның ислам дінінің нығайып, әлемге таралуына еңбек сіңіргендер.

Секта

Ресми шіркеу мен конфессиядан бөлінген діни топ немесе қауым

Сүннет

Мұхаммед пайғамбардың сөзі, әрекеті және шешімі.Құранда Мұхаммед пайғамбарға ойынсұну бұйырылады.Сүннет – парыз бен уәжіптен бөлек, пайғамбар жасаған және жасауды насихат еткен іс-әрекетттер.

Хадис

Мұхаммед пайғамбардың сөздері,амалдары мен төреліктерінің, шешімдерінің жалпы атауы.

Шахид

Адамның ұлы мұраттар жолында өз өмірін ерікті не саналы түрде қиюы дегенді білдіреді.Бірақ қазіргі кезеңде саясиланған діни танымдар осы қасиетті ұғымды бұриалап танытып жатыр.Шахид болу құндылық, ал интихар, яғни өз-өзіне қол жұмсау, ол діни тұрғыдан ең басты күнә.

Экстремизм

«шеттеу», «орталықтан ауытқу», «шектен шығу» деген мағынаны білдіреді.Экстремист – жалпы түрде ешбір мөлшерді , тәртіпті мойындамайтын, өзінің шектен шыққан пікірі мен іс-әрекеттері арқылы ерекшеленген адамдарды білдіреді.Саяси ортада пайда болған экстермизм – саяси экстремизм, ал діни ортада пайда болған экстремизм – діни экстремизм деп аталады.




Қазақстанда қызметіне тыйым салынған экстремистік және террористік ұйымдар


Ұйым атауы

Құрылған күні мен орны:

Мақсаты

«Аль-Каида»

1988 жылы, Ауғанстан

Негізін қалаушы: Осама бен Ладен

«Аль-Каеданың»

мұсылман елдеріндегі «шіріген» және «еретикалық» басқару режимін құрту, ол жерлерге шариғатты билік орнату болып табылады.

«Алля-"Аят" (Фархата ата, «Фархата Ата тобы»)


Құрылған жылы: 1990, 1995жж. Негізін қалаушылар: Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылының тұрғындары, Алматы облысының колхоз шоферы Абдуллаев Фархат Мухамедұлы және оның әйелі

Аят» - аккультті сипаттағы қауіпті ілім. «Күн шапағымен» емделу

«Асбат аль-ансар» - маркстік-лениндік ағымдағы исламдық ұйым

Басқа атауы: “Партизан лигасы”

Құрылған күні мен орны: 1989 жылы, Әйн аль-Хильведе

Негізін қалаушы: шейх Хишам Шрейди


Палестинадағы израилдық оккупациямен күрес және Ливанды батыстық ықпалдан қорғау.


«Аум-Синрике» («Алеф»)


Құрылған күні мен орны: 1984жыл, Жапония. Көшбасшысы: - Секо Асахара (қазіргі таңда - Тидзуо Мацумото)

биліккке ұмтылу. Әскерилендірілген ұйым. Дін өте құпия, әзотериялық сипатта құрылған.


«Боз Гурд» - түрік әскерилендірілген ұйымы.


Құрылған күні мен орны:1965-70 жж

Негізін қалаушы: полковник Альпарслан Түркеш

туранизм – түркі халықтарының біріккен мемлекетін құру.


«Братья Мусульмане» - халықаралық діни-саяси террорлық ассоциация.


Құрылған күні мен орны:1928жыл наурыз, Исмаилия (Египет). Негізін қалаушы: оқытушы Хасан аль-Банна

исламдық емес үкіметті жою және әлемдік масштабта «Ұлы Ислам халифаты» деп аталатын билікті құру.


«Орталық Азиядағы джаматта моджахедтар» - халықаралық терроистік ұйым.

Басқа атауы: «Исламдық джихад тобы»

Негізін қалаушылар: «Өзбекстанның исламдық қозғалысы» жауынгерлері

.


Өзбекстан территориясында террористік акциялар ұйымдастыру және елдің конституциялық құрылысын қирату

«Шығыс Түркістанның исламдық партиясы» - халықаралық террористік ұйым.

Құрылған жылы: 1998

Негізін қалаушылар: Айсан Махсум и Абудукадир Япуцюань


Қытайды террористік әдіспен қирату, Шынжан аумағында біріккен «Шығыс Түркістан исламдық мемлекетін» құру болып табылады.

«Өзбекстандағы исламдық қозғалыс» - бірден-бір қауіпті халықаралық террористік ұйым.


Құрылған жылы: 1996

Негізін қалаушы: Тахир Юлдашев


Ферғана жазығында ислам мемлекетін құру. Ұйым көшбасшылары елдің конституциялық құрылысын қиратып, исламдық мемлекет құруды көздейді.

«Күрд Халық Конгресі»

Басқа атауы: «Конгра Гел», «Рабочая партия Курдистана»

Құрылған күні мен орны: 27 қараша 1978

Қозғалыс көшбасшысы: Абдулла Оджалан

Қарулы күрес арқылы Түркияның оңтүстік-шығысында күрд мемлекетін құру.

«Лашкар-и-Тайба» - Үнді штаты Джамму мен Кашмирдағы (Пәкістан) әскерилендірілген әкстремистік суннитік топ.

Құрылған күні мен орны: 1980, Кунар провинциясы (Афганистан)

Негізін қалаушы: профессор Хафиз Мухаммад Саид.

әлем мұсылмандарының басын біріктіру, моджахедтарға әскери көмек беру, әртүрлі террористік ұйымдарға қаржылай көмектесу.

«Шығыс Түркістанды азат ету қоғамы»

Құрылған күні: 1994

Қозғалыс көшбасшысы: Майматин Айзлат


ҚХР-ның Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданында жеке мемлекет құру, қытай билігімен қарулы қақтығыс жүргізу.

«Талибан»


Құрылған күні мен орны: 1989 жыл, Пәкістан.

Негізін қалаушы: молда Мухаммед Омар.

Қозғалыс орталығы: Кандағар қаласы (Ауғанстанның оңтүстік-шығысы)

«Шынайы исламдық» мемлекет құру және ауған моджахедтарының барлық әскери-саяси топтарын Б.Раббани үкіметіне қарсы бағыттау.


«Хизб-ат-Тахрир-Аль-Ислам» - сунниттік діни-саяси әкстремистік ұйым.


Құрылған күні мен орны: 1953 жыл, Иерусалим, египеттік филиалы ретінде құрылды.

Негізін қалаушы: жергілікті шариғаттық апелляциялық соттың судьясы Такиуддин ан-Набхани Филасин.

Көшбасшысы: Ата Абу Рашта, Абдул Кадим Заллума ізбасары

Басты мақсаты: бірінші – Палестинадағы сионистік әкспансияға қарсы тұру, өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап – исламдық өмір бейнесін және исламдық мемлекетті қалпына келтіру.


Таблиғи жамағат (араб.: جماعة التبليغ‎, урдуша: تبلیغی جماعت‎, «(дін) тарату жамағаты»)—

Үндістандық Мұхаммед Ілияс Кандеһләуи (1303-1364) 1926 жылы Үндістанда құрған ағым.

Исламға шақыру, Исламды тарату мақсатында құрылған.


1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде:

1) «Аль-Каида»,

2)«Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс»,

3) «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс»,

4) «Күрд Халық Конгресі» («Конгра-Гел»).

2. Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес:

1) «Асбат аль-Ансар»,

2) «Братья-мусульмане»,

3) «Талибан» қозғалысы,

4) «Боз гурд»,

5) «Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтар»,

6) «Лашкар-е-Тойба»,

7) «Әлеуметтік реформалар Қоғамы».

3. Астана қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес:

1) «АУМ Синрикё»,

2) «Шығыс Түркістан азат ету ұйымы».

4. Астана қаласы сотының 2008 жылғы 5 наурыздағы шешіміне сәйкес:

«Түркістан ислам партиясы»

5. Астана қаласы сотының 2005 жылғы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес:

«Хизб-ут-Тахрир»

6. Мамандандырылған ауданаралық Алматы қаласы сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы және Астана қаласы сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы шешімімен:

Адамдарды қозғалыс методы (өзін-өзі емдеу) арқылы емдеу деп бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт насихат таратқан Абдуллаев Ф.М. (Фархат-ата), ол «Алла-Аят» деген атауға ие;

7. Мамандандырылған ауданаралық Алматы қаласы сотының 2009 жылғы 5 ақпандағы шешімімен:

«Ата жолы» және «Ақ жол» ұйымдары;


































ӘБ қарастырылды:

«__»___________2017 жылы

ӘБ жетекшісі:

___________Г.Е. Айтжанова





Қорытынды


«Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінен 9 сыныпқа арналып құрастырылып отырған тараулық тапсырмалар жинағы бірден – бір диагностикалық материалдар болып табылады. Оқушылар өткен тараулары бойынша тест тапсырмаларын орындай отырып, бір сұрақтың ішінде бірнеше жауаптың болуын, сәйкестендіруді, өзекті мәселе бойынша эссе жазуға дағдылануға көмекші құрал бола алады. Сонымен қатар қорытынды тестілермен жұмыс жасай отырып, бос тұрған орындарға лайықты жауап табуға ізденіп тырысады.Тапсырмалар жинағының қосымша мәліметтер бетінде термин сөздерге анықтама берілген, сонымен бірге Қазақстан Республикасында тиым салынған діни ағымдар туралы толық мәлімет кесте түрінде келтірілген.

Бұл жинақ берілген тапсырмаларды орындаумен ғана шектелмейді. Әрбір «зайырлылық және дінтану негіздері» пәнін оқитын 9 - сынып оқушыларына діннің тарихын, таралуын, дамуын,ерекшеліктерін, ең бастысы «зайырлылық» сөзінің ұғымдарына терең зерттеу жүргізе отырып, мұқият оқитындарына себепші болады.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Біз бұқара санасындағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек, онда тұрған қатерлі ештеңе жоқ. Жалпы дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңе үйретпейді. Жалғыз-ақ бізге қауіп төндіретіні діни біліміміздің деңгейі онша жғары болмай отырғаны» - деп жазады. Сондықтан еліміздің тарихы мен мәдениетін және діни мәдениет негіздерін танып, өзіндік, қоғамдық пікір қалыптастыра алғанда ғана Отанын сүйетін, ұлтжанды, қоғамға пайдалы азамат бола алады.Бұл ұсынылып отырған тесттер жинағының басты мақсаты – діни білімді одан әрі дамыту және діни танымдарды кеңейту негізінде мәдениетке жол сілтеу болып табылады.










Қолданылған әдебиеттер тізімі


1.ҚР—сы президенті Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының II съезінде сөйлеген сөзі. «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының II съезі » кітабы. –Алматы, 2016.

2. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңы, 2011 жылы

3. «Зайырлылық және дінтану негіздері» .9 сынып. «Арман ПВ» баспасы.2016 ж.

4.Дінтану. 9 сынып. «Арман ПВ» баспасы. 2010 ж.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2018
4068
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12