Материалдар / ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ХИМИЯ ПӘНІН МЕҢГЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ХИМИЯ ПӘНІН МЕҢГЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жаңа білім беру жүйесінің қалыптасуы жүріп жатыр. Осыған орай, алдыңғы қатарлы идеялар мен педагогикалық технологияларды практикалық тұрғыдан жаңарту жəне оларды ғылыми тұрғыда негіздеу бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Болашақ маман – бүгінгі студент педагогика теориясы мен практикасындағы қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың түрлерін біліп, оларды оқутəрбие үдерісінде шығармашылықпен қолдануға тырысуы тиіс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2022
559
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Боранова Талшын Табылдықызы

Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі

химия пәнінің оқытушысы

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ХИМИЯ ПӘНІН МЕҢГЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ






Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жаңа білім беру жүйесінің қалыптасуы жүріп жатыр. Осыған орай, алдыңғы қатарлы идеялар мен педагогикалық технологияларды практикалық тұрғыдан жаңарту жəне оларды ғылыми тұрғыда негіздеу бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Болашақ маман – бүгінгі студент педагогика теориясы мен практикасындағы қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың түрлерін біліп, оларды оқутəрбие үдерісінде шығармашылықпен қолдануға тырысуы тиіс. [1]

Білім беруде технология деген сөзді көп естиміз. “Технология” түсінігі техникалық процеспен байланысты және сөздікке сүйенсек (гректің techne -өнер, біліктілік және logos – оқу ұғымдары), материалды өңдеудің тәсілдері мен құралдары туралы білімнің жиынтығы.

Ғылыми әдебиеттерде қазір технология түсінігіне мынадай анықтама беріледі: “Технология” – бұл қоғамдағы практикалық процесстердің техникамен реттеліп отыратын және материалдық дүниенің заңдылықтарымен анықталатын, техникалық құралдар мен объектінің өзара әрекеттесуінен туындайтын процесс” және “технология” термині үш түрлі аспектіні береді: технология-материалдық игіліктер өндірудің тікелей процесі; технология- технологиялық процесс; технология - осы процестің заңдары туралы ғылым. Ғылым мен техниканың дамуына қарай педагогиканың да мүмкіншіліктері артты, жаңа технологиялар пайда болы. Қоғамдағы талаптар мен әлеуметтік сұраныстар педагогикалық технологиялардың тууына себеп болды. [2]

Білім – қоғамның дамуы мен болашақтағы жағдайын анықтаушы болып табылады. Кез келген елдің экономикалық және саяси тәуелсіздік жағдайы халықтың жалпы білімі мен кәсіптік деңгейіне байланысты.
Қазіргі қоғамдық сұраныс – өз ісіне мығым, жұртшылықпен араласуда жеке басындағы барлық шынайы жағымды қасиеттерін байқата алатын, бүгінгі студент, ертеңгі маманды тәрбиелеуді талап етеді. Дүние жүзілік білім беру тәжірибесіне жүгінетін болсақ, оқыту үрдісінің сапалы да жемісті жолы аудиториялық сабақтардың көлемін тиімді қысқарту арқылы студенттердің өздік жұмыстарына уақытты көбірек бөлу. Себебі семестрдегі жүйесіз берілген өзіндік жұмыстар сессия кезіндегі «үлгермеушілікке» және білім сапасының төмендеуіне әкеліп соғады.

Студенттердің өздік жұмыстарының ішкі мазмұны – мұғалімнің қатысуынсыз немесе көмегінсіз дайындалу ғана емес, студенттің әрекеті алған ақпаратты білімге қолдана білуге айналдыру . Негізінен алғанда, студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу технологиясы мынадай элементтерден тұрады:
* студенттердің өздік жұмыстарын жоспарлау,
* әдістемелік қамтамасыз ету,
* бақылау және орындалу бағасы,
* талдау және жетілдіру.

Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар:

жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

оқушылардың жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

оқушылардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

оқушыларды табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап, түсінуге үйрету; [3]

оқушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

Өзіндік жұмыстың эффективтілігі эпизодты немесе кездейсоқ емес, оқу процесінің құрамына жоспарланған түрде маңызды элемент ретінде еніп, арнайы уақыт бөлінгенде ғана мақсатына жетеді. Осы жағдайда ғана білім алушыларда өзіндік жұмысқа деген қызығушылық артады. Өзіндік жұмыстың түрлерін таңдағанда дидактиканың негізгі ұстанымдарын есте сақтаған жөн. Жекеше өздік жұмысты ұйымдастыруда оқушылардың даму міндеті шешіледі. Қабілеті мен дайындық деңгейі әр түрлі оқушыларға тапсырмаларда деңгейлеп беріледі.

Мысалы: Жалпы химия пәнінен биогенді элементтердің медициндағы рөлі туралы дараланған тапсырмалар беруге болады.

  • Төменгі деңгей үшін:

Элементтердің химиялық фолрмуласын, молекулалық массасын, периодтық жүйедегі орнын, химиялық қасиетін қарастыру.

  • Жоғары деңгей тапсырмасы:

Элементтердің шекті рауалы концентрациясының артуынан немесе төмендеуінен болатын патологиялық өзгерістер.

  • Орта деңгей тапсырмасы:

Микро макроэлементтер жайлы түсінік.Элементтерді микро және макроэлементтерге сәйкес жіктеп орналастыру.

Өз сабақтарымда, химия пәнінің үйірмесінде әр түрлі өзіндік жұмыстың түрлерін қолданамын. Мысалы: пресс-конферения сабағында білім алушылар өздерін журналист, фотокорреспондент, техникалық қызметші, зерттеуші ғалым рөлдерінде жеке ізденіс-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Пәндік үйірмеге қатысушыларға жыл бойы ізденуге, зерттеуге, сауалнама жүргізуге арналған әр-түрлі тақырыптар беріледі. Мысалы: косметикалық және гигиеналық заттардың құрамы, белсендірілген көмірдің құпиясы, химиялық қоспалармен шаштын структурасын өзгерту, алтынның сынамасын анықтау.

Студенттердің өздік жұмыстарының қарапайым және қолайлы түрі – белгілі бір тақырыптағы баяндама немесе деректі мәселені талқыға салатын ғылыми жиналыс түрінде ұйымдастыру. Бұған мұғалімдердің де шығармашылық әдіс-амалдары қажет. Мысалы, студенттердің жазған «мазмұндамасын», жасаған «семестрлік, курстық жұмыстарын» әдеттегідей қабылдай салмай, әр-түрлі ғылыми пікірталас ұйымдастыру арқылы қабылдаған әлдеқайда тиімді. Бір жобаны 2-3 студент орындаса, жобаның практикалық сапасын арттыруға болатындығы көрінеді, яғни, бұл топтастырған тәсіл өз бетімен жұмыс істеуге, өзара көмек көрсетуге, шығармашылығын және жауапкершілігін арттыруға себебін тигізетіндігі анық. Өйткені жобалау кезінде студенттер таңдау еркіндігін алады.
Білімгерлердің өздік жұмыстарын қадағалаудың тәсілдері де үлкен нәтиже береді. Өзін бағалай және қадағалай білуді, өзіне баға беруді қалыптастыру – оқушының қызығушылық көзқарасын және белсенділігін арттыратын сенімді тәсіл.

Химияны оқытуда оқушылар мен табиғат арасындағы байланыстарды жүзеге асыруда эксперименттің алар орны үлкен. Әрбір сабақта химия кабинетінің мүмкіндігіне қарай демонстрациялық тәжірибелер жүргізуге тырысамын. Тәжірибелік сабақтарда білім алушылар жұптасып тәжірибелік дағдыларды орындайды. Мысалы: аналитикалық химия сабағында титриметриялық әдіспен заттардың құрамын сандық анықтау, әрбір топ катиондарына сапалық реакциялар жүргізу секілді тапсырмалар берілген кезде оқушылар тәжірибелерді аса қызығушылықпен орындайды. Сабақтың ыңғайына қарай шығармашылық бағыттағы ішінара зерттеуді қажет ететін тапсырмалар беру білім алушының ойлауы мен тәжірибе жасау икем дағдыларын арттырады. Осыған байланысты, өздік жұмыстарын орындау үшін әр студентке оқу-әдістемелік құралдарын көрсетіп, өздік жұмыстарына тиімді нұсқау беру керек. [4]

Химияны оқуда өзбетімен жұмысты ұйымдастыру үшін оқушы негізгі заңдылықтарды меңгеріп, химиялық білімді тұжырымдап, ғылыми мәселелерді шешу мәселесін көрсетіп оларды шешудің тиімді жолдарын анықтай білуі тиіс. Оқушыларды химиялық мәселелерді өзбетімен шешуге үйрете отырып оқытушы алдымен бірқатар мысалдар негізінде болжам құруға, мәселе қоюға, оның дұрыс шешімін табуға жол көрсетеді. Заман талабына сай ақпараттық технологиялардың да көптеген элементтерін қолданамын: word padlet, miro қосымшасында тапсырмалар дайындау, Jamboard тақташасымен жұмыс,  QuizletKahootQuizizz или Wordwall платформаларында викторинаға жауап беру,  LearningAppsTwinkl платформасында ойындар, интерактивті жаттығулар орындау, виртуальді зертханамен жұмыс.

«Ұрпағы білімді халықтың болашығы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.
Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, кәсібін терең түсінетін, өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет. Осы айтылған міндеттер – мамандар дайындайтын оқу орындарының алдында тұрған негізгі мәселелер.
Қорытындылай келгенде, еліміздің болашақ мамандары қоғам талабына сай жан-жақты қарулануы үшін төмендегі міндеттерді әрбір оқытушы орындауы қажет. Менің басты мақсатым оқушыны өз бетінше жұмыс істеуге баулу арқылы оның өзін-өзі дамытуына жағдай жасау. Өз бетінше ізденуге баула оқушыны қатарластарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздеуге, қиындықты жеңуге баулиды.
[5]



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында // Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2005. – 47 б.

2. Шешукова Г.В. Роль и место системы образования в политической социализации населения современной России // Credo. – 1998. – № 4. – С. 24

3. Абсаттаров Р.Б., Байлярова Б.К. Идейно-политическое воспитание в студенческом коллективе. – Алма-Ата: КазГУ, 1989. – 32 с.
Политиздат, 1986.

4. Нұрмағамбетов А.А. Образовательная политика Республики Казахстан в контексте трансформации системы высшего образования. — Алматы, 2002. — 35 с.

5. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар Ф. Б. Бөрібекова Н. Ж. Жанатбекова : Оқулық. – Алматы: 2014. – 360 бет.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!