Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕРДІ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕРДІ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Өзектілігі:
Білімнің тұрақты өсуі мен жаңаруы жағдайында оқушы құзыреттілігінің үздіксіз дамуы қазіргі заманғы білім беру жүйесінде неғұрлым өзекті болып отыр. Білім беруді дамыту үшін адами капиталдың әсері жеткіліксіз. Білім беру ортасын өзгерту қажет, еңбек ресурстарының білім беру көлемін ұлғайту ғана емес, білім беру мазмұнын, оның әдістерін, құралдары мен ортасын сапалы өзгерту керек, SMART-білімге көшу қажет. Педагог қызметкерлердің аналитикалық, кешенді мәселелерді шешу дағдылары, инновациялылық – жаңа идеяларды дамыту және оларды енгізу, SMART-технологияларды пайдалану дағдыларын қалыптастыру өзекті мәселеге айналды.
Мақсаты:
Бастауыш сыныптарда SMART технологияларды тиімді қолдану арқылы, оқушылардың математикалық білімін кеңейту, заманауи ғасырда жаңа инновациялық технологияларды қолдана білетін интеллектуалды, зияткер тұлға қалыптастыру
Міндеттері:
-
Математика пәні бойынша, интеграцияланған интеллектуалды виртуалды оқыту ортасын қалыптастыру құралы ретінде, оқушыларға білім жеткізу үшін әртүрлі гаджеттерді (Смартфондар, планшеттер және басқа ұқсас құрылғылар) тиімді қолдануды үйрету
-
Smart Еducation (ақылды білім беру) − барлық білім беру процестерін, сондай-ақ осы процестерде қолданылатын әдістер мен технологияларды кешенді жаңғыртуды көздейтін тұжырымдама, бұл контентті әзірлеу, оны жеткізу және өзектендіру процесін жаңаша құруға мүмкіндік беру.
Көбіне мен математика пәнінде компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамын.
АКТ-ның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таң қалдырады, шабыттандырады. Сонымен қатар АКТ-ны қолдана отырып, жаңа материалдарды түсіндіруге, меңгеруге қолайлы; берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны топтағы оқушылары арасында талқылауға үлкен мүмкіндіктер туғызады.
Мен Г. А. Китайгородскаяның "Жеке тұлға мен ұжымның резервтік мүмкіндіктерін белсендіру" авторлық әдісін қолданамын. Оны жаңа деп атауға болмайды, себебі ол 35 жыл бұрын жасалған, алайда ол қарқынды оқыту саласында жаңашыл және классикалық болып саналады. Китайгород жүйесіне сәйкес, адамның шет тілін меңгеру жолы бала өзінің ана тілін меңгеретін жолмен өте ұқсас.
Ең алдымен көбейту кестесін қалай айту керектігіне тоқталайық. Өткен заманның оқушылары «1 жерде 1=1,1 жерде 2= 2» деп «жерде» деген сөзді қолданып жаттаса, қазіргі жаттаудың және айтудың ең дұрыс және түсінікті жолы мынадай:
1х1-ім=1, 1х2-ім =2, 9х3-ім=21 тсс. Осындағы «-ім» қосымшасы жаттауды, айтуды оңайлатады, тездетеді және түсінікті. Мысалы: 9х3-ім=21, яғни 3 саны 9 реттен өз-өзіне қосылған, 3+3+3+3+3+3+3+3+3=21, мұндағы «-ім» қосымшасы 3 санының неше есе қолданылуы керектігін нақтылайды. Екі жағдайда да «х» - көбейту таңбасы мен «=» тең болады таңбалары тек жазылады, оқылып айтылмайды. Мысалы: 1 көбейту 1 тең болады 1, тсс. Бұлай да жаттауға болады, бірақ бұл тәсіл тым ұзақ, баланы шаршатып, жалықтыруы мүмкін. Сондықтан қазіргі кезде көп қолданылмайды.
Көбейту кестесін ойындар арқылы үйрену «Бірліктер - ондықтар» ойыныБарлық оқушылардың үйренуге қорқатыны – санды 9-ға көбейту.
Оның ең қарапайым және ыңғайлы, оңай тәсілі бар. Үстелге екі алақанымызды төмен қаратып қоямыз. Саусақтар түзу жатсын. Ал енді (солдан оңға қарай) қай санды 9-ға көбейтеміз, соны қайырамыз да санаймыз.
Ескерту: қайырылған саусақтан сол жағы-ондықтар, ал оң жағы – бірліктер. Сонымен солдан 3 саусақ бұл -30 яғни 3 ондық + 6 саусақ оң жақтан бұл -6 бірлік. Нәтижесінде 9х4-ім=30+6=36.
Осылай саусақпен ойнау арқылы алдымен жаттығамыз, сосын саусақтарды алып тастап көз алдымызда елестетеміз. Осылайша қарапайым саусақтарды санау арқылы 9-ға көбейтуді үйреніп аламыз.
«Сиқырлы билеттер» ойыны
Көбінесе мен сияқты оқушылар 6х7, 6х8, 6х9 және 7х8, 7х9,8х9 комбинациясында көп қиындыққа тап болады. Егер менің сыныптасым дәл солай қиналса, көмекке билеттер (карточкалар) келеді. 12 билет дайындап алып, орын ауыстырымдылығын ескертемін. Әр билеттің артына жауабын жазамын. Қызықтыру мақсатында таймер қолданамын. Олар:
6х8
6х7
8х9
7х9
7х8
6х9
7х6
8х6
9х6
8х7
9х7
9х8
Енді сыныптастарыммен ойнаймын! Егер көрсетілген билетке дұрыс жауап берсе, билетті өзіне беремін. Қателессе қайта араластырамын. Бір минутта неше билетке жауап бере алады екен? Ертеңінде осы нәтижесін қайталай алады ма? Бұл ойын сыныптастарыма өте қызықты болады деп ойлаймын.
«Картафиксики» ойыны
Алдымен қарапайым карталар коллодасының суретті карталарын жетпейтін сандармен белгілеп аламыз. Мысалы: тұз – 5, король – 4, дама – 3, валет – 2. 1-ге көбейтуді ауызша қайталауға болады. Егер белгілеуде шатассаңыз өз қолыңызбен карта жасап алған қызықтырақ болады. Енді ойнаймыз! Карталарды тең бөліп алып кезекпен бір –бірімізге карта ұсынамыз, егер дұрыс жауап берсе екі картаны да алады. Қателессе карталар сізде қалады. Осылайша карталар біткен кезде оларды санаймыз. Ойын мақсаты: барлық карталарды жинау. Ең бастысы ойын арқылы көбейту кестесін бекітеді.
«Интернет» желісі арқылы үйрену
Онлайн материалдарын қолдану. Интернет желісінен түрлі викториналар мен көбейту кестесіне арналған ойындарды, тестілерді орнатып алуға болады. Оларды қолдан да жасауға болады, бірақ мендей балаларға (оқушыларға) компьютермен жаттап үйрену қызықтырақ болады, әрі компьютерді меңгереді.
«Бинго» ойыны
Сіздің балаңыз немесе оқушыңыз 6 да 6 шаршы кестені қалауынша кез-келген бір, екі таңбалы сандармен толтырады. Сіз мысал келтіресіз: 5х4-ім? егер оның шаршысында 20 саны бар болса оны сызып алады. Осылайша өз шаршысының барлық сандарын сызып алғанша көбейту кестесінің комбинацияларын атап шығасыз. Осы ойынды отбасымен ойнаған жақсы. Бингоны бірінші кім ұтып алады екен? Қандай сыйлық алар екен? Бұл ойын лото тәріздес, балаларға өте қызықты болады деп ойлаймын.
Пифагор кестесінің көмегімен көбейту кестесін есте сақтау.
Бұл кесте әрбір оқушыда болған дұрыс деп есептеймін. Себебі жаттауға оңай және көмекші құрал болып табылады.
Пифагор кестесін жадымызда тез сақталуы үшін ұстазымыздың ұсынысы бойынша түрлі-түсті етіп жасап, көбейту кестесін жаттауда қолданып жүрдік.
Көбейту кестесін мынадай домалақ пішіндердің көмегімен жылдам әрі тез жаттап алуға да болады.
Мұндай көрнекілікті балалар өздері қолдан қиып жасауға да болады.
Сандарды көбейтіп, қанша рет көбейетіндігін қосу амалы арқылы да шешуге болады. Мысалы мына төмендегідей. Бұл менің сыныптастарыма өте қызықты болады деп ойлаймын.
Әрбір оқушыға алғашқы математикалық сауаттылық бастауыш сыныптан бастап беріледі. Бұл баланың математикалық есептерді иегруі функционалдық сауаттылықпен тығыз байланысты. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Қорытынды
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік - мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді.
Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет. Жаңа нәтижеге бағытталған білім ретінде инновациялық білімді қарастыруда қойылған мақсатқа жетуде, оқушылардың тілдік, теориялық, практикалық құзіреттіліктерін жетілдіруге тиімді әдіс - тәсілдерді таңдалып, биология пәні бойынша құзіретілікті жетілдіруге арналған тиімді тапсырмалар құрастырылды. Ақпараттық технологиялар ішінен LearningApps.org, iSpringQuizMaker, QuizLet.com атты бағдарламалар кешендері алынды.
Инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігіне келетін болсақ, заманауи технологиялардың даму себебінен оқушылардың білім алу үдерісінде, оның ішінде биология сабақтарында электронды гаджеттерді үздіксіз пайдалану оқытудың жаңа әдістері мен тапсырмалардың ауқымды типтеріне және көптүрлілігіне әкеліп соқты. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарынының орын алуы да кең өріс алды.
Осыған орай қазіргі мұғалім:
-
Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
-
Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
-
Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
-
Білімді, іскер, шебер болу керек.
Ежелгі грек материалисті, философ Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі». Олай болса, жас ұрпаққа үйретері мол аға - ұрпақтың ісі өрге жүзіп, еңбектері үстем болсын дегім келеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
-
Математика әлемі: математикалық пәндік энциклопедиясы. -Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 496 бет.
-
Интернет желсінің сілтемесі:
http://pad1.whstatic.com/images/thumb/b/bf/Teach-the-Multiplication-Tables-to-Your-Child, аудармасы
-
Васильева Е.Е. Веселая таблица умножения \Е.Е.Васильева, В.Ю.Васильев. –М.: Астраль: АСТ: Хранитель, 2007. -189, (3)с.- (Superпамять). аудармасы
-
Узорова О.В. Весь курс начальной школы в схемах и таблицах. 2-ой класс. –Москва: Издательство АСТ, 2016.- 125с. Аудармасы
-
1001 совет женщинам, №8, август 2015. -40с (24с). аудармасы
6