400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Заман үнімен үндесіп келе жатқан Абай атамызға – 175 жыл"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Заман үнімен үндесіп келе жатқан Абай атамызға – 175 жыл"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Заман үнімен үндесіп келе жатқан Абай атамызға – 175 жыл

Абай атамыз қазақтың жаршысы, жалғыз жанашыры бола білген адам. «Мыңмен жалғыз алысқан» жолда талай қиындық тауқыметін тартқан жан.

Абай Құнанбайұлы – 1845 жылы 23 тамыз күні қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың әйелі Ұлжаннан туған.

Ол ұстаз, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын ияламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Абай есімі дүниежүзі халықтары әдебиетінде «Шекспир, Пушкин, Гетелермен » қатар тұрады. Ақынның мол әдеби қазынасы тек қазаққа ғана емес, бір халыққа ғана емес, бүкіл адамзаттың олжасы ретінде саналады.

Қазақстанда ұлы Абайдың есімі көптеген елді мекендер мен көшелерге, Алматы Ұлттық университетіне, Алматы қаласындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына берілген. Ұлы ақынның құрметіне Қазақстан мен Ресейде ескерткіштер орнатылған. Қазақстандағы жоғары оқу орындарында Абай шығармашылығына арналған халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар жыл сайын өткізіліп тұрады. Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы 1995 ж дүниежүзілік ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.

Зәки Ахметов Абай туралы: Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы . Ахмет Байтұрсынов: Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрынғы-соңды заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ. Осы пікірлерден Абай атамыздың мәртебесінің қаншалықты биік екенін аңғарамыз.

Абай мұрасы қашанда бізбен бірге жасай бермек. Әр шығармасын оқыған сайын шабыт алып, дамуымыз бұл қалыпты жайт. Қазақтағы қандай ақын-жазушылар болса да бәрі-бәрі Абайдың алдынан өтіп оның шәкіртіне айналған. Абайды үлгі тұтып, оның жолын қуатын жастар көбейе берсін!













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
07.07.2021
551
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі