Материалдар / Замана запыраны обалы кімге ұрпақтың баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Замана запыраны обалы кімге ұрпақтың баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынылып отырған мақалада Семей сынақ алаңының қоршаған ортаға,адамзатқа тигізген кері әсерлеріне қысқаша сипаттама берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
413
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Замана запыраны обалы кімге ұрпақтың


Ұсынылып отырған мақалада Семей сынақ алаңының қоршаған ортаға,адамзатқа тигізген кері әсерлеріне қысқаша сипаттама берілген.



Халқымыздың бойындағы қанға сіңген қасиеттердің бірі – табиғатты аялау. Данышпан бабаларымыз әлі мұрты бүлінбеген,тұнығы шайқалмаған табиғаттың қадір – қасиетін жете түсінген. Адамзаттың ой – санасын,көңіл – күйін,денсаулығын күннен –күнге мазалап,қобалжытып отырған бұл экология мәселесі. Экологиялық жағдай қазіргі уақыттағы күрделі мәселенің бірі болып отыр. Табиғат байлықтары азамат өмірі мен қызметінің,олардың тұрақты әлеуметтік – экономикалық дамуының әл –қуатын арттыруының негізі болып табылады. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау- қазіргі заманның маңызды мәселесі.

Республикамыздың табиғатына және халқына үлкен зиян алып келген Семей полигоны. Ядролық

қару – жарақты сынау барысы бір Семей полигонында емес қосымша 16 сынақ бөлімшесінде де

болған.

Семейдегі ядролық қаруды сынақтан өткізу полигоны Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды

облыстарының түйіскен жерінде 18 мың шақырым жерді алып жатыр.


Қазақстан аумағындағы радиациялық апат аймақтары (1кесте)

Аймақтың қауіптілігі

Облыс,аудан,елді мекендер

1

Төтенше қауіп – қатерлі аймақ

Шығыс Қазақстан облысы,Абай,Бесқарағай аудандары

2

Қауіп – қатерлі аймақ

Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай,Абай аудандары

3

Орташа қауіп – қатерлі аймақ

ШҚО,Семей,Курчатов,Өскемен,Риддер қалалары,Аягөз,Бородулиха,Глубокое,Шемонаиха аудандары;Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Павлодар облысы Май ауданы

Кезінде әлемдегі ең құпиялы жер болып келген полигон бүгінгі күні ашық әңгімеленуде. Ядролық қарулардың жаппай сыналу кезінде оның қоршаған ортаны ластау көлемі, тек қана сынақ алаңы аумағымен ғана емес,бүкіл планетаға таралғаны мәлім.

Экологиялық апаттар және оның тигізетін зардаптары (2кесте)

Экологиялық апат түрлері

Апаттың зардаптары

  1. Ортаның ластануы

  1. Адамдардың ауруға ұшырауы

  1. Техногенді апат

  1. Қоршаған ортаның ластануы

  1. Ресурстардың таусылуы

  1. Ел экономикасының төмендеуі

  1. Топырақ эрозиясы

  1. Өнімнің жетіспеуі

  1. Озон қабатының жұқаруы

  1. Ультракүлгін сәулелердің зияны


1949 – 1962 жылдар аралығында жер үсті ядролық жарылыстар, 1963 – 1991 жылдарда жер асты сынақтары өткізілсе,1949 жылы бірінші ядролық жарылысы, 1955 жылы бірінші сутекті бомба жарылғышы іс – тәжірибеден өткізілсе, жылына 14тен 18ге дейін сынақтар өтіп отырған.

Ұлттық Ядролық орталықтан алынған ресми деректер бойынша:

  1. Ядролық қаруды жасау мен сапасын арттыру үшін жүргізілген сынақтар – 330

  2. Әр түрлі жағдайлар мен түрлерін зерттеу үшін – 25 жарылыс

  3. Зиянды факторлар мен оның әскери және азаматтық объектілерге зерттеу үшін – 25 жарылыс

  4. Аудандағы жоғары температура мен қ ысымды түпкілікті және ж үйелі түрде зерттеу үшін – 36 жарылыс

  5. Бейбіт мақсаттар үшін – 28 жарылыстар

Оның ішінде: 1) жер асты жарылыс – 330.

2) атомдық жарылыс – 86 жүзеге асырылған.

Сынақ алаңында жүргізілген жарылыстар саны (1 диагрмамма)


Shape2 Shape1

330


Бұл сынақтар нәтижесінде табиғи және жасанды радионуклидтер үлкен аумақтың әр түрлі ландшафтарында табиғи процестер әрекетінен әр түрлі ортаға қайта шоғырлану процесі белсенді жүрді. Ядролық жойқын сынақ жарылыстардан 55 рет радиоактивті бұлт пайда болып,жел арқылы сынақ алаңынан тыс аймақтарға тараған, жер асты жарылысынан қауіпті улы газағыны 69 рет ауаға бұрқылдап шығып,одан бөлінетін радионуклидтер көптеген елді –мекендерге тарап, Қазақстан халықтарын қайғылы қасіретке душар еткен. Нәтижесінде 1,5 пайыз жер әртүрлі радиоактивті заттармен уланды. Мұны мамандардың өздері де жоққа шығармайды. Сынақ кезінде бөлініп шығар зиянды ауыр металл изотоптарының ең қауіптілері – «Стронций-90», «Плутоний-238», «Цезий-137», тағы басқалары. Стронцийдің ұсақ микробөлшекке айналып, қоршаған ортаға зиянсыз күйге енуі үшін 56 жыл керек екен. Ал цезийге – 30, плутонийге – 2100 жыл қажет. Бір ғана жарылыс өткізуде осындай он мыңдаған изотоптар мен қосындылардың пайда болатынын ескерсек, барлық сынақтан кейінгі жеріміздің, ел-жұртымыздың денсаулығын ойлап көріңіз. Осыншама сынақты қойнына тығып жатқан қара жер қойнауының әлі алда не әкелерін кім білсін? Бұл жақта сирек те болса өтетін жер сілкінісінің өзі күдікті мың еселей түседі.

Полигон тынышталып,атом көмейіне құм құйылғанымен,оның зардабы сүйектен – сүйекке,ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келеді. Ғалымдардың болжамы бойынша бұл қасірет 300 жылға дейін созылуы ықтимал (яғни үшінші ұрпақ болмауы да мүмкін). Бұл күндері аудан,ауыл халқының арасында аурудың көптеген тосын түрлері кездеседі. Өмірге өте қатерлі аққан, қатерлі ісік,жүйке,бүйрек,ішек,сүт бездерінің, асқазанның аурулары белең алған. Кезінде академик А.Х.Сахаров «Семей полигонындағы радиация зардабы әсерінен 500 мың адам өзінің санаулы ғұмырынан ерте қайтыс болады» деген екен. Семейде болған тұңғыш ядролық сынақ салдарынан облыс бойынша 200 000 – нан астам адам радиациялық сәуле алған. Полигонға тақау елде сәулелену 100 – 250 бэррге жеткен. Жер бетінде және ауада сынақтар жасалған кезеңнен бері Семей ядролық полигоны қамтыған аймақта 2 млн – нан астам адам ағзасы көп ретті сәулеге ұшыраған. Соның нәтижесінде катаракты,қалқан безінің,сүт безінің,сілекей безінің,ішек – қарын,өкпе мүшелер кемістігі көптеп кездеседі. Зерттеулер қорытындысы 10 бэррден астам сәуле алған адамдардың ұрпақтары леикозбен және басқа да генетикалық ақпараттың бұзылуына байланысты аурулармен көп сырқаттанатыны дәлелденді. Мысалы,1998жылы қазаға ұшырау мен туа біткен кемістік 1985 жылмен салыстырғанда 3 есе артық болып шыққан (құбыжық бала,шайтан малдың дүниеге келуі).

Сонымен қатар сынақ халқымыздың болашағы балалар денсаулығына кері әсерін тигізді. Полигон аймағында тұратын балалар арасында (әсіресеҚайнар,Саржал,Абай,Бесқарағай,

Жаңа Семей,Шұбартау) қан ауруы анемия 10 есеге,туа біткен жүрек ауруына шалдыққандар 7,3 есеге өскен. Әсіресе іштен туған мүгедек балалардың саны жиілеп кетті. 1950 жылдан 1990 жылға дейінгі өлім 5 есеге өскен. Аналар арасында қанның аздығы ауруына шалдыққандар саны 2,5 есеге өскен. Сонымен қатар тұқым қуалайтын аурулардың жиілеп кетуі қатты алаңдатушылық туғызуда. Әсіресе Даун синдромы. Кейінгі 25 жылдың ішінде 241 адам әр түрлі дерттен,14 адам лейкоздан қайтыс болған.

1000 адамға шаққанда жалпы диспансерде 19 мың адам есепте тұрса,олардың барлығы қайтыс болған.

Әр түрлі жылдардағы радиация алған адамдар саны % алғанда (Кесте 3)



Сонда жалпы саны 1,5 млн адам,соның ішінде 500мың адам – 400-ге дейінгі мөлшерде радиация алған. Радиацияның ең негізгі қауіп – қатерлі радиоактивті сәулелер адам ағзасына өте күшті әсер етіп,жасушаларды өлтіреді. Мысалы, радиоактивті сәулені бір рет қабылдауы кезіндегі сәуленің жұтылған дозасы 1 – 2,5 грейге жеткенде адамды сәуле ауруының жеңіл түріне, 4- 6 грэйге жеткенде адамды ауыр түріне шалдықтырады, ал 6 -10 грэй сәуле ауруының ең ауыр түріне ұшырайды,яғни қызыл түйіршіктері мен сүйек кемігінің жасушалары бүлінеді.

Адам ағзасына жұтылған дозаның әсері (грэймен есептегенде)


Shape3

Мәселен, семейліктер ішіп жүрген қымызда стронций нормадан 28 есе көптігі, ет, сүт, бау-бақша өнімдерінде басқа да ауыр металдар құрамы аз еместігі енді-енді анықталуда. Осындай жағдай Ертіс пен Шаған суларынан ауланған балық түрлерінде де байқалуда. Атомды ядролық бомбалар жарылғанда пайда болған радиоактивті изотоптар шаң топыраққа араласып,жел тұрған шақта жүздеген километр жерге таралып жерді,суды былғайды,жануар,а да өсімдіктерге аса көп зиянын тигізеді. 1989 жылғы зерттеулер нәтижесінде тамақ өнімдері мен малдың сүйектерінде қорғасын 210 элементі 10 есе мөлшерден көп табылған. Топырақтың химиялық және физикалық ерекшеліктеріне байланысты радионуклеидтер белгілі бір мөлшерлі олардың ажырамас бөлшектерінің бірі топырақтың аккумуляциялық ерекшеліктері және өсімдік тамырлары арқылы олардың өсімдіктердің сабағына өтуі және одан әрі үй жануарлары арқылы адам ағзасына өтеді. Сондықтан радионуклидтердәі топырақтағы шамадан тыс көп мөлшері ақыр соңында адам ағзасына тамақ арқылы белгілі бір концентрация мөлшерінде жетеді. Мәселен, семейліктер ішіп жүрген қымызда стронций нормадан 28 есе көптігі, ет, сүт, бау-бақша өнімдерінде басқа да ауыр металдар құрамы аз еместігі енді-енді анықталуда. Осындай жағдай Ертіс пен Шаған суларынан ауланған балық түрлерінде де байқалуда. «Полигонның табиғатқа, тіршілікке әсері төмендеуі үшін әлі кемінде үш ғасырдай уақыт керек» дейді депутаттар мен ғалымдар. Мәселен, «плутоний-240», толық ыдырап кетуі үшін 6500 жыл қажет, ал «плутоний-239»-ға 2100 жыл, ал «плутоний-241» ыдыраған кезде жаңадан альфа-сәуле пайда болатындығын Курчатовтағылар елемей отыр. Ядролық полигон зардаптарына ШҚО-ның 1,5 млн. тұрғыны ұшыраған. Мемлекет тарапынан біржолғы өтемақы төленгенімен, басқа жеңілдіктер алынып тасталған. Қазір облыстағы 700 мың тұрғын полигон туғызған аурудан аурухана, емханаларға тіркелген. Әсіресе, рак, қан айналымы, көз, буын аурулары өте жоғарғы деңгейде. Келешекте сынақ өткен жерлерді цеолит араласқан топырақпен өңдеуді осы бастан ойластырғанымыз жөн. Өзіміздің облыста Тарбағатай ауданында цеолиттің мол кен орыны бар. Полигонды, сол маңдағы елдімекендерді, атқарушы органдар мен медициналық орындарды гейзер, дозиметрлермен қамтамасыз еткен ләзім. Әлі күнге дейін полигон аймағындағы радиациялық деңгейдің картасы көпшілік қолына берілмеуі де зардаптарды молайта түсуде. Қай жерлерде тіршілік етуге болады, қай жерлер қауіпті, оны халық білмейді. Радиациялық қауіпті аймақтардағы торлар алынып тасталған, мал жаюшылар, түрлі-түсті металл сынақтарын іздеушілер ол жерлерде еркін жүреміз деп, кенеттен қайтыс болуда

Топырақ үлгілеріндегіжалпы жинақталған альфа және бетта белсенділіктің топырақ жамылғысының әр түрлі тереңдікте (0 – 30см) таралу ерекшеліктері

Белсенділік интервалы

белсенділік

белсенділік

белсенділік

0 – 5см

0 – 15см

15 -30см

0 - 200



2




200 -400

1


13




400 – 600

8


26




1200 -1400

1

19

3

27

1

9

Кестеде көрсетілгендей топырақтың (0 -5см) жамылғысындағы альфа – белсенділік оның төменгі (0 -15 см) қабатына қарағанда көбірек. Бұл негізінен, ғылыми әдебиеттегі заңдылықтарға сәйкес, дегенмен топырақтың төменгі 15 -30 см деңгейіндегі альфа – белсенділіктің көп болуы ойланарлық жағдай.Зерттеу жұмысының мұндай нәтижесі бұл мәселенің әлі де болса толық зерттеле қоймағанын көрсетеді.

Ата –бабамыз көздің қарашығындай қорғап мұраға қалдырған қазақ жерінің экологиясын қорғау оны аялау адамның азаматтық борышы.

Сондықтан :

  • Қалдықсыз технологияларды өндіріске кеңінен енгізу;

  • Тазалау қондырғылар орнату немесе барларын жаңарту;

  • Ауаны ластайтын көздерді толығымен есепке алу;

  • Атмосфераны ластану деңгейіне тұрақты бақылау ұйымдастыру;

  • Ұлттық парктер аймағын кеңейту;

  • Шқл мен шөлейтке айналуға,ормандардың құруына қарсы және тал шыбықтар егудің көлемін ұлғайту.

Біз талай қиындықтарды жеңген текті бабалардың ұрпақтарымыз. Өскелең елдің болашаұ жас ұрпақтары біз «Жасыл ел» бағдарламасын басшылыққа ал отырып,туған өлкеміздің гүлденіп, жайқала беруіне және өз денсаулығымызды нығайтуымызға,салауатты өмір салтын нақты ұстануымызға үлесімізді қосуға міндеттіміз.






Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Кузнецов Г.А. Экология и будущее. М., 1988.

  2. Гулякин И.В., Юдинцева Е.В. Радиоактивные продукты деления в почве и растениях. М., Госатомиздат, 1962.

  3. Ишмұхамедова Н.Б. Экология негізгі бойынша білімді қалыптастыру мен дамытудың әдістемесі. Алматы: «Ғалым», 2006.

  4. Сәтімбеков Р. Табиғатты қорғау. Алматы: «Рауан», 1992.

  5. Жакупова А.А.,Чигаркин А.В. Қазақстанның аймақтық геоэкологиясы. Алматы: «Қазақ университеті»,2007.

  6. «Ұлан таңы» газеті.2010.29 тамыз.











































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!