400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Заманауи білім беру технологиялары

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда заманауи білім беру технологиялары жайлы айтылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Заманауи білім беру технологиялары

Технология – бұл қандай да бір істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын тәсілдердің жиынтығы болып табылады. Бұл педагогтың қызметіне қатысты барлық іс-әрекеттер белгілі реттілікпен және тұтастылықпен ұсынылатын құрылымы, ал оны орындау қажетті нәтижеге жетуді тұспалдайды және болжамды сипатқа ие болады.

Қазіргі таңда жүздеген білім беру технологиялары бар. Ал сол технологияларды қолдануда білім алушылардың тұлғалық және психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере білу қажет. Жалпы заманауи білім беру технологияларының қатарына мәселелі оқытуды, әртүрлі деңгейлік оқытуды, оқытудың ұжымдық жүйесін, өнертапқыштық тапсырмаларды меңгеру технологиясын (ӨТМТ), оқытудың зерттеушілік әдістерін, оқытудың жобалық әдістерін, оқытуда ойын әдістерін: рөлдік, іскерлік және өзге де оқыту ойындарын қолдану технологиясын, ынтымақтастықта оқытуды (командалық, топтық жұмыс), ақпараттық-коммуникативтік технологияларды, денсаулық сақтау технологияларын және т. б. жатқызуға болады. Әр білім беру технологиясының өзіне тән ерекшеліктері де бар. Бүгін мен өз салама байланысты, яғни бастауыш сынып оқушыларына тиімді деп танылған ойын технологиясы туралы айтқым келеді.

Ойын еңбек пен оқумен қатар – баланың ғана емес, сонымен бірге ересек адамның қызметінің бір түрі. Ойын барысында жағдаяттар шарты, қандай да бір қызмет түрі, қоғамдық тәжірибе қалыптасады, ал нәтижесінде өзінің іс-әрекетін өзіндік басқару қалыптасады және жетілдіріледі. Өз тәжірибиемнің көп бөлігінде дидактикалық ойындардың бір түрі рөлдік ойындарды әдебиеттік оқу пәнінде жиі пайдалануға тырысамын. Оқушы өзін әр түрлі кейіпкерлердің болмысымен сезініп, оқиғаны елестете алады. Аталған ойындардың нәтижелілігі, біріншіден, оларды жүйелі қолдануға, екіншіден, олардың бағдарламаларын мақсатты түрде құруға, оларды әдеттегі дидактикалық жаттығулармен үйлестіруге байланысты. Ойын қызметіне заттардың негізгі өзіндік белгілерін қалыптастыратын ойындар мен жаттығуларды айқындау, салыстыру, шынайы құбылыстарды жалған құбылыстардан ажырату машығын дамытушы, өзін - өзі басқару, реакция жылдамдығын, музыкалық қабілетін, тапқырлығын дамытушы ойындар кіреді. Білім алушы жас ұрпақты қазіргі ХХІ ғасырда заманауи білім беру технологиялары арқылы оқытуды ұстаз ретінде тиімді деп санаймын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.06.2024
258
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі