Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Заманауи мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарының тұлғалық сипаты.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Заманауи мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарының тұлғалық сипаты.
Республикада білім беру жүйесі қоғамдауымен байланысты дамып, жетіліп отыруы анық. Қазіргі уақытта мектеп рефрмасына көптеген біржақты өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі-сыртқы жүйесі түгелімен жаңаруда. Жаңалыққа сілтеме жасайтын, бағыттайтын, әрине, мектеп директорының орынбасарлары. Оқыту мен білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті педагогикалық үрдісте заманауи технологиялық мәселесі маңызды болып саналады. Сондықтан басқару жүйесіндегі әдіснамалық жұмыс білім қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін көтерудің және оқу-тәрбие жұмысын басқарудың негізгі құралы болып табылады. Бүгінгі таңдағы өтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жағдайында Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі кезінде мұғалімнің жеке тұлға ретіндегі, оның кәсіби біліктілігі айрықша мәнге ие болуда, өйткені ол мектептегі дәстүрдің жалғастырушысы мен жаңаруының кепілі болып табылады.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарының негізгі жеке тұлғалық сипаттамаларының маңыздысы – өзгеріске бейім, жаңалыққа құштар болу. Заманауи оқыту кезеңінде инновацияға негізделген әдістемелік жұмыстарды шығармашылықпен жүйелей білу керек. Ұжымда әдістемелік жұмыстардың мазмұнын, жоспарын, іс-шараларды жүргізу әдістерінің тиімділігін үнемі талдап отыру әдістемелік көмек көрсету жұмысын ары қарай жақсартуға және оны дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан білім беруді басқару жүйесінде инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізуде келсідегідей міндеттер үнемі назарда болу қажет:
-
жүргізілген іс-шараларға нақтылы баға беру, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға мүмкіндік туғызу; сабақтарға енгізу мүмкіндіктерін қарастыру;
-
қабылданған шешім дәлелді болу, жұмысты дұрыс жоспарлау;
-
әдістемелік жұмыстың кезеңдерінің тығыз байланыста болуы;
-
ұжымдық және жекеше жұмыс түрлерінің өзара байланыста
дамуы;
-
мұғалімдерді мазмұны мен түрі жағынан бір-біріне жақын іс-шараларға белсенді қатыстыруға бағытталған интербелсенді әдістерді ықпалдастыру.
Яғни, әдістемелік жұмысты ретке келтіруде оның қалыпты жағдайын зерттеп, ұйымдастырушылық құрылымын, мақсат, міндеттерді дұрыс анықтау қажет.
Білім беру жүйесінде басқарудың ең тиімді жолдарының бірі ретінде мұғалімдермен әдістемелік жұмыстарды үйлестіру мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарының басты міндеті. «Әдістемелік жұмыстар үздіксіз білімнің құрамдас бөлігі, ол ұстаздардың біліктілігін арттыруға, тұлғалық мәнді қажеттіліктерін қанағаттандыруға ынталандырады»,- деп жазады әдіскер ғалым Тұрғынбаева Б.А. Мектеп мұғалімдерімен әдістемелік жұмыстарды дұрыс үйлестіру кезеңінде директордың орынбасары келесідегідей қағидаларды үнемі назарда ұстау қажет:
-
әдістемелік жұмыстың ғылымилығы; жүйелігі
-
әдістемелік жұмыстың кешенді және шығармашылық сипаты;
-
мұғалімдердің барынша белсенділігі;
-
әдістемелік жұмыстың нақтылығы;
-
әдістемелік жұмыстың барлық іс жүзіндегі бағыт-бағдарында теорияның тәжірибедегі бірлігі;
-
әдістемелік жұмыстың жеделдігі, икемділігі, оңтайлығы;
-
әдістемелік жұмыс пен мұғалімдер өз білімдерін жетілдірудің жалпы мектептік, топтық және жеке, формальды емес, міндетті және ерікті нысандары мен түрлерінің ақылға қонымды үйлесімді ұжымдық сипаты.
-
желілік және кәсіби қоғамдыстық пен коучинг сессияларын
ұйымдастыру
-
зерттеу сабақтарын (LESSON STUDY) өтізу.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының басты тұлғалық сипаты – ұжым мүшелерімен тіл табыса білуі. Вернер Зигерт пен Лючии Лангтың «Қақтығызсыз басқару» бағдарламасын басшылыққа алу. Авторлардың «Кемшілік іздеу үшін тексеру ең нашар басқару...» пікірін орай достық қарым-қатынастағы, шығармашыл, бір-біріне көмеккке келуге дайын, жағдаяттарды бірлесіп шешетін және шығармашылыққа, зерттеушілікке ұмтылатын ұжым мүшелерін даярлау оқу ісі меңгерушісінің міндеті деуге болады. Мұғалімдерге сенім арту арқылы кретивті ойлауға, ізденімпаздыққа жетелеу қажет, яғни оқымысты, акдемик, Нобель сыйлығының лауреаты П.Л.Капицаның айтуынша «Сезімсіз кез-келген адам, тіпті данышпан болса да жақсы жұмыс істей алмайды».
Ұжым басшысы – көреген, сезімтал, адамгершілікпен қаруланған болу керек. Педагогикалық қызметте үш өлшемдік: әлеуметтік-психологиялық, іс-әрекеттік, генетикалық жүйесімен байқалатын «педагогикалық дарындылық» деген ұғым бар. Академик И.А.Зязюн әр мұғалімнен белгілі бір сала бойынша кәсіби таланттылықты жетілдіруге болатынын айтқанын ескеру арқылы ұжымдағы әр мұғалімнің мүмкіндік қабілетін жетілдіруге ұмтылу керек. Әрине, бұл педагогикалық ұжым мүшелерінің іс-әрекеті мен қызметіне рейтингтік бағалау жүргізу өте маңызды. Әдістемелік жұмысты ретке келтіруде оның қалыпты жағдайын зерттеуден бастап, ұйымдастырушылық құрылымын, жоспарлауын жасауда алға қойған мақсатқа орай жұмыс мазмұнын ұжымның мүмкіндіктеріне орай үйлестіріледі.
Педагогикалық ұжымды басқарудың жолдарын қарастыруда соңғы жылдары педагогика әлемінде қолдау тауып отырған Анатолий Гиннің көзқарастары мен қызықты ұйымдастыру құрылымдары ерекше атап өтуге болады. Ресейде «Педагогикалық еркіндік» деген термин бар. Бұл еркіндік – мақсат емес, тиімді әдістер. Ағылшын филосовы Д.Дьюи «Еркіндіксіз даму жоқ» деп тегін айтпаған болар. Сондықтан мұғалімдердің ой және іс-әрекет еркіндігіне баса назар аудару керек. Ғ.Мұстафин «Көргеннен, білгеннен аспау, барды қанағат қылу, жоқты іздемеу – ой мешеулігі» деп айтқан екен. Ұжым мүшелерінің бір-бірінен үлгі алуы, тәжірибе алмасуы, еліктей жүріп үйренуі, бағыт беруі, бағыттауы жолға қою - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының басты қағидаты болу шарт. Мұғалім теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы процесті басқару мүғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымындағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс тандап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді.
Мектеп директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары зерттеуші болу керек. Мектепте мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне диагностика жасау, мониторингісін шығару жолдарын іздестіру жаңа нәтижелер беруде. Педагогикалық ұжымды басқаруда инновациялық үрдістерді жүйелендіру әрекетінде мектептің өзекті тақырыпқа орай мақсат пен міндеттерді жүзеге асыруда басқару үрдісіне сүйену керек. Инновациялық басқаруға қажетті қабілеттер жүйесі:
Барлық әлемдік кеңістігіндегі білім беру идеологиясы «өмір бойғы білімге» ауысу жағдайында мектептерде білім сапасына әсер ететін басқару факторларының маңызы зор. Белгілі философ Ф.Бэкконның ойы бойынша «Оқытудың ақиқаты мақсатты білім емес, іс-әрекет» Ал, педагогикалық ұжымда мұндай іс-әрекетті жүзеге асыратын, ұйымдастыратын мектептегі оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары. Білім ұйымдарының қызметі жоғары деңгейлі нәтижеге жетуіне бағытталғандықтан, біздерге ұжымды сапалы және ғылыми тұрғыдан сауатты басқаруды күн сайын жетілдіруіміз қажет.
Педагогикалық ұжыммен ынтымақтасып, демократиялық қағидаларды іске асыруға бағыттау қажет . Мектеп директорының орынбасарлары ұстаздардың ақылшысы, бағыт-бағдар берушісі. Өз кезінде Жүсіп Баласағұн да «Құтты білік» еңбегінде «Әмірші қанша мықты бола тұрып ғалымдарсыз елді басқара алмайды» деген екен. Сонау заманда түркі мемлекеті қалайша гүлденген, мықты мемлекет бола алды? Қараханиттер әулетінің әміршілері білім алуға жол ашқан соң ғана олар осындай дәрежеге жеткені мәлім. Ендеше, әлем көз тігіп отырған Қазақстанның тағдыры да Мағжан Жұмабаев айтқандай «...мектептің қалай құрылуында...» болып отыр. Қазір біздің мектептер озық дәстүрлер мен әлемдік білім кеңістігіндегі кемел идеяларды ұштастыра отырып, жаңа білім арнасына түсуде. Осыдан бес-он жылдар бұрынғымен салыстырғанда мектептер Мәдениет-Білім-Тарих үштаған ұғымын өзек етіп, білімді ізгілендіру, дифференциялау, интеграциялау, гуманитаризациялау, ұстанымдарын басшылыққа алуда.
Білім беру ісінде ілгерілей дамудың қоғам өсіп өркендеуінде ғана емес, әр адам үшін де шешуші мәні бар. Табысқа жеткісі келген, уақыт сұранысына сай боғысы келген адам өмір сүріп отырған қоғам талабына жауап беретіндей білім алуы қажет. Осы заманғы қоғам дегеніміз қарқынды дамып отыратын орта, онда әлемдегі игілікті істерге елгезек, ізгілікке жаны құштар, шынайы өмірдің әрін кіргізуге қашада әзір тұратын тұлғаның алар орны айрықша. Қазіргі заман мектептері осындай адамдарды тәрбиелеп шығаруы тиіс. Сондықтан, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары педагогикалық жүйенің үнемі қозғалыста, үнемі даму үстінде болуы оқу-тәрбие жұмысында мақсат қою мен жоспарлауды жетілдіріп отыруды естен шығармауы керек. Мұғалімдер арасында танымдық шаралар, шығармашылық топтар мен әдістемелік бірлестіктер сайысын өткізіп, олардың креативті ойлауын қамтамасыз етуге жетелеу қажет.
Яғни, М.Монтель сөзімен айтар болсақ «Өзгені оқыту үшін өзіңді оқытудан да көп ой керек».
Ердеханов Дүйсенбек Сапарбаевич
Түркістан облысы, Жетісай ауданы
№60 «Қызылқұм» жалпы орта мектебі» КММ