Заманауи мұғалім - жаңа мектеп, эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заманауи мұғалім - жаңа мектеп, эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жас ұстаздарға көмек болады. Қашықтықтан оқу жағдайында саралап оқытудың тәсілдерін үйренуге болады. Жаңа мектепті қалыптастыратын жаңашыл ұстаздар әрқашан заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар болып, шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасауы керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Заманауи мұғалім – жаңа мектеп

Біріншіден, заманауи мұғалім қандай болуы керек деген сұраққа жауап бергім келеді. Қасым Аманжолов ағамыз «Мектепті сыйлағандықтан, мамандығын жан тәнімен сүйгендіктен мұғалім ең алдымен өзінің интеллектісін көтеруі керек, дүниеге деген көзқарасын биіктетуі керек» деген болатын. Міне, осы айтылған қанатты сөздің астары жаңа мектеп мұғаліміне, соның ішінде жаңашыл, заманауи мұғалім болам деген әріптестеріме сілтеме беріп тұрғандай. Сондықтан, заманауи мұғалім, жетекші педагогикалық идеяларды ту етіп ұстап, білімін үнемі жетілдіріп, білім мазмұнына жаңалық енгізуге, тиімді жаңа әдістерді іздестіруге өз үлесін қосуы шарт. Ал, Елбасымыздың халыққа арналған Жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда жаңаша ойлай білетін, осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» дегені егеменді еліміздегі жас ұрпақтың тағдыры – ұстаз қолында екенін әр мұғалім түбегейлі түсініп, жаңашылдыққа үзбей ұмтылыс жасап, озық технологияларды барынша меңгеріп іске асырулары керек. Сонда ғана заманауи мұғалімнің көшбасшылығымен білім алушыларға саналы да сапалы тәрбие мен білім беріліп, жаңа мектеп керегесі кеңейіп, шаңырағы биіктейді.

Екіншіден, қалай оқыту керек деген сұрақ төңірегінде өз ойымды жазбақпын. Бүгінгі таңдағы оқыту – негізінен қашықтықтан оқыту түрінде болып жатқандықтан, өз тәжірибемдегі қашықтықтан оқытудың қыр-сырларымен бөліскім келеді. Қашықтықтан оқыту синхронды немесе асинхронды болған жағдайда да саралап оқыту технологиясы ең маңызды деп есептеймін. Саралап оқыту дегеніміз - бір материалды барлық оқушыларға әртүрлі оқыту тәсілдерін қолданып оқыту дегенді білдіреді, сол себепті мұғалімнен әрбір оқушының қабілетіне қарай тапсырмаларды қиындық деңгейі бойынша жіктей отырып, сабақты ұйымдастыруды талап етеді. Саралап оқыту қазіргі қашықтықтан оқыту жағдайында ерекше ескерілуі керек деп ойлаймын. Сондықтан, оқыту неғұрлым қарапайым, түсінікті және шынайы болса, оларды жүзеге асыру және қажетті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі де соғұрлым көбірек болады. Сабақты жоспарлаған кезде оқушыларыңыздың жас ерекшеліктері ескеріліп, оқу мақсаттары мен тапсырмаларын құрғанда бір немесе бірнеше саралау тәсілдерін таңдаған абзал.

Жалпы сабақтың басты міндеті оқу мақсаттарын жүзеге асыру, соған орай сабақ жоспары осы оқу мақсатының төңірегінде құрылады. Сабақ мақсаттары да, одан туындайтын бағалау критерийлері мен тапсырмалары да оқу мақсатын жүзеге асыру үшін жұмыс жасайды. Сондықтан, ең әуелі сараланған оқу мақсаттарын айқындаймыз: Барлық оқушылар.............................; Оқушылардың көпшілігі .........................; Кейбір оқушылар............................... . Мысалы: «Климат түзуші факторлар» тақырыбын алатын болсам, оқудың мақсаты 8.3.2.1 климат түзуші факторларды талдайды. Осыған орай сараланған сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: климат түзуші факторларды талдай алады; Оқушылардың көпшілігі: климат түзуші факторларды талдап, анықтай алады; Кейбір оқушылар: климат түзуші факторларды талдап, олардың әсерін сипаттай алады. Сабақ мақсатынан туындайтын бағалау критерийлері: Барлық оқушылар: климат түзуші факторларды талдайды; Оқушылардың көпшілігі: климат түзуші факторларды талдап, анықтайды; Кейбір оқушылар: климат түзуші факторларды талдап, олардың әсерін сипаттайды.

Жоспарлау және оқыту барысында тапсырманы саралаудың маңыздылығы бәрінен басым деп ойлаймын. Сондықтан, саралаудың бұл тәсілі негізгі мазмұнды қамтитын түрлі тапсырмалар ойластыруды көздейді. Оқушыларға оқу мақсатына жетуді көздейтін тапсырмаларды беру барысында баланың жеке ерекшелігі және қажеттілігі ескерілуі керек. Яғни, әр бала өз ерекшелігіне, қажеттілігіне және мүмкіндігіне қарай тапсырмалар мен жаттығуларды орындай отыра оқу мақсатына жетуі тиіс. Сабақ қашықтықтан болып жатқандықтан, тапсырмаларды белгілі бір ойлау деңгейіне сәйкес түрлі түске бояй отырып, сигналды түрде оқушыға таңдау беруге болады. Тапсырма 1. Тапсырма 2. Тапсырма 3. (әр деңгей тапсырмаларының сұрақтары мен дескрипторы да деңгейіне қарай түрлі түстермен көрсетіледі)

Сонымен қоса, сұрақ бойынша да саралауға болады, яғни оқу мақсаты бойынша деңгейлік сұрақтар құрастыру. Мысалы: Сіз қандай сұрақтарға жауап бергіңіз келетінін таңдаңыз деп бірнеше сұрақ жазып қоясыз. 1.............., 2..............., 3.................., 4..............., 5................ Сұрақтарды астына ескерту жазасыз. (1 және 2 сұраққа барлық оқушылар жауап беру керек, 3,4,5 – өз таңдауы бойынша жауап береді) Көбіне 3,4,5 сұрақтарға орта және жоғары деңгейдегі оқушылар ғана жауап береді.

Қашықтықтан оқытуда оқушыларға саралап оқыту әдісін қолдану - білім сапасын, олардың біліктілік деңгейі мен қабілеттерін жақсартуға мүмкіндік береді. Оларды ынталандыру, сенімді түрде алға жылжытып, шабыттандырып, оларды қарқынды жұмыс істеуге жұмылдырады. Тапсырманың түрлі деңгейде болуы баланың күш-жігеріне деген сенімін нығайтады, оны табысқа жетелеп, танымдық қызығушылығын арттырады. Ендеше, заманауи мұғалім өз сабақтарында табысқа қол жеткізулері үшін білім алушыларына басқа да озық технологияларды қолдануымен қоса, менің сабақтарымда тиімді болған саралап оқыту технологиясымен оқытуды ұсынамын.

Эссемді қорытындылайтын болсам, жаңа мектепті қалыптастыратын жаңашыл ұстаздар әрқашан заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар болып, шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасауы керек. Сонда ғана озық ойлы ел болашағын қалыптастыратыны сөзсіз.









.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.03.2021
1901
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі