Материалдар / «ЗАМАНАУИ ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМ»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«ЗАМАНАУИ ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Цифрлық технологиялар сапалы, нәтижелі білім беруде маңызды рөл атқарады. Осы мақалада жаңаша оқыту тәсілдері, сабақты қызықты өткізу, алуан түрлілендіру әдістері келтірілген. Бұл жердегі материал оқытушылардың жұмысын жеңілдетіп, сабаққа презентация жасау, сауалнамалар өткізу, ойын түріндегі тапсырмалар, үй тапсырмаларын ұйымдастыру және оны автоматты тексеруді қарастырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Сәуір 2024
276
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ЗАМАНАУИ ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМ»
Шарипов Турарбек Нурлыбекович
Алматы мемлекеттік энергетика және
электронды технологиялар колледжінің
арнайы пәндер оқытушысы,
техника ғылымдарының магистрі
turarbek.sharipov@gmail.com
АҢДАТПА
Цифрлық технологиялар сапалы, нәтижелі білім беруде маңызды рөл
атқарады. Осы мақалада жаңаша оқыту тәсілдері, сабақты қызықты өткізу,
алуан түрлілендіру әдістері келтірілген. Бұл жердегі материал
оқытушылардың жұмысын жеңілдетіп, сабаққа презентация жасау,
сауалнамалар өткізу, ойын түріндегі тапсырмалар, үй тапсырмаларын
ұйымдастыру және оны автоматты тексеруді қарастырады.
Кілт сөздер: цифрлық технология, нәтижелі білім, интерактивті жұмыс
дәптері, жігерлендіру, құзыреттілік.
Білім беру жүйесінде цифрлы инновациялық технологиялармен
жабдықтап, білім берудің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы
айрықша. Танымал ғалым, педагог, философ, профессор Джон Дьюидің:
«Егер біз бүгін балаларымызды кешегідегідей оқытатын болсақ, онда біз
оның ертеңін ұрлаймыз» деген ойына негізделе отырып, оқушы бойындағы
қабілетті жетілдіріп, білім алушыларды болашаққа жетелер, жақсы істі
бастап отырмыз.
Бұл ісіміз білім алушыларымызды оқытуда цифрлық ортаны енгізе
отырып, мотивациялық-тренингтік әдісті қолдану. Тренинг адам бойында
қалыптасқан мінез-құлық пен іс-әрекеттерді басқару тәсілі ретінде
қолданылады да білім алушылардың белсенділігін арттыруға, олардың кәсіби
білімі мен қабілеттілігін көтеруге бағытталады.
Қазіргі таңда кеңінен таралған бизнес-тренингтерде не үйретеді?
Әрине, мақсат қоюды және оған жетуді, жету жолында өз-өзіңнің ерікжігеріңді игере алуды үйретеді. Мен айтқалы отырған цифрлық ортадағы
мотивациялық-тренингтік әдіс білім алушыларға тапсырмаларды сәтті
орындауға, жұмыстың өнімділігін арттыруға көмектеседі. Цифрлық орта
білім
алушылардың
қызығушылығын,
мотивациялық
тренингтер
құлшынысын арттырады.
Мақсатым: Білім алушыларға берген білімім мен қалыптастыруға
ұмтылған дағдыларымның нәтижелілігін арттыру.
Өзектілігі: «Z буыны» үшін дәстүрлі оқытудың нәтижесінің төмендігі,
білім алушылардың білім алуға құштарлығының, қызығушылығының
төмендігі.
1

«Z буыны» негізінен әр түрлі құрылғыларға тәуелді, олар негізінен
жылтырақтарға, қысқа ақпараттарға, сондай-ақ блогерлер мен бизнес
тренерлерге қатты сенеді. Сондықтан да мен кәсіптік білім беру жолымда
осындай өзекті мәселені шешу үшін цифрлық ортаға арналған
мотивациялық-тренинг әдісін қолданудамын.
Мен бұл мотивациялық-тренингтік әдіс арқылы оқытуда білім
алушылардың алдына мақсат қоямын. Әр тарауды бастағанда бір үлкен
мақсат қоямыз да, әрі қарай осы үлкен мақсатқа жету жолында кіші мақсаттар
қоямыз, яғни, бұл – сол тарауда өтілетін әр тақырыптарға қойылған мақсат.
Ал осы мақсаттарға жету үшін білім алушыларға мотивация беремін,
шабыттандырамын, көздерінде от ойнатып, жігерлендіремін. Мақсатқа жету
үшін жатпай-тұрмай оқу-үйрену керек және негізгі баспалдақ – уақытты
жоспарлауды үйретемін. Осы жолда кездесетін әр түрлі қиындықтар:
жалқаулық, жауапсыздық, әлеуметтік желіге тәуелділік секілді кері тартпа
факторларды жеңуді үйретемін. Қазақта «жақсыдан – үйрен, жаманнан –
жирен» деген мәтел бар ғой, жамандықтан кез-келген адам өз бойын аулақ
ұстауға тырысады. Қандай да бір жалқаулыққа немесе әлеуметтік желіге ұзақ
уақытын жұмсау секілді жаман әдеттерге адам өзінің ерік-жігерін игере
алмағандықтан баратынын түсіндіремін.
Ерік-жігер күші дегеніміз не екенін түсіндіремін. Нейробиология
ғылымында адамның миы 5 бөліктен тұратынын айтады. Дәл осы секілді
жануарларда 4 бөліктен тұрады. Айырмашылығы адамның алдыңғы миы
(префронтальная кора) – санасы бар, ойлауға жауап береді, қалған бөлігі –
артқы бөлігі. Ал осы алдыңғы мидың міндеті: «мен істеймін», «мен
істемеймін», «мен қалаймын» деген 3 сұраққа жауап береді.

1 – сурет.

2 – сурет.

Алдыңғы мидың міндеттеріне (2 – сурет) сай «мен істеймін» деген
жұмыс орындалмаса, онда ми өз жұмысын жасамай артқы мидың алдында
жеңіліс тапты, яғни хайуани ми жеңді. Адам өзінің хайуаннан
артықшылығын көрсету үшін әрқашан алдығы ми мен артқы мидың соғысы
кезінде алдыңғы миға жеңіс беріп отыруы керек. Осындай мысалдар арқылы
«миға шабуыл» жасап, жаманнан жиренуге жігерлендіремін.
2

Қазақта «төрт құбыласы тең адам» деген жақсы тіркес бар. Осы сөзді де
мен сабақтарымда мотивация ретінде қолданамын. 3 – суреттен
байқағанымыздай «төрт құбыласы тең адам» болу үшін адамда: бай рухани
дүние, жақсы көңіл-күй, мықты денсаулық, жоғары табыс болуы керек. Ал
суретте осының бәрін біріктіріп, діңгегінде «білім» тұр. Осы арқылы білім
алушыларды аянбай білім алуға, оқығанды көңілге тоқуға бағыттаймын.

3 – сурет
Бұдан басқа мотивациялық әдістерімде «шыбын мен ара» және «қыран
мен тауық» мысалдарын келтіріп, білім алушыларды ара емес шыбын болуға,
тауық емес қыран болуға жол сілтеп, жігерлендіремін.
Ал сабақ уақытын келесі суреттегі синусоидалы графиктің
периодындай қабылдаймын. 2π – сабақтың толық уақыты болса, үй
тапсырмасын π/2-ге дейін сұрап үлгеріп, жаңа тақырыпты бастаймын. π/2 мен
π аралығында жаңа тақырыпты толығымен түсіндіремін, синусоида
графигінің қисығы уақытқа байланысты білім алушының қабылдауын
көрсетеді. Сабақтың жартысына (π) жеткенде білім алушының миы
шаршайды, қабылдауы төменгі шекке жетеді, осы кезде миға жаттығулар
жасатып, медитация жасатып немесе рух беретін музыкалар тыңдау арқылы
демалыс орын алады да, π мен 3π/2 аралығында жаңа тақырып бекітіліп, 2 πге дейін бақылау сұрақтары мен рефлексия жүргізіліп, аяқталады.

3

4 – сурет. Синусоида графигі – сабақ уақыты.
Білім алушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, аудиторияның
атмосферасын жоғары деңгейде ұстау үшін келесідей цифрлық
технологиялар, гаджеттер қолданамын:
Виртуалды тақта (онлайн тақта) - әр оқушыға өз жұмысын тақтаға
орналастыруға, ал мұғалімге барлығына түсініктеме беруге және бағалауға
мүмкіндік беретін қызмет. Сондай-ақ оқу-әдістемелік, бақылау-өлшеу және
басқа да материалдарды орналастыру үшін мұғалімнің тақтайшасын
пайдалануға болады. Осылайша кез келген материал тақтаға электрондық
түрде орналастырылуы мүмкін.
Padlet желілік қызметі бүгінгі күні виртуалды тақталар жасаудың ең
танымал онлайн құралдарының бірі болып табылады. Қызмет тегін, орыс
тіліндегі нұсқасы да бар, оқуға ыңғайлы, сондай-ақ, қандай да бір бастапқы
дайындықты қажет етпейді.
Padlet қызметін пайдаланудың артықшылықтары:
• виртуалды тақтаның тақырыпқа, мамандыққа сай дизайнын таңдай
алу;
• нақты уақыт режимінде ұжымдық қызметті ұйымдастырып, көрнекі
мазмұнмен жұмыс істей білу;
• кез келген ортадан да, интернеттен де материалдарды орналастыру
мүмкіндігі (фото, бейне, аудиофайлдар).
Padlet не үшін пайдаланылады?
• Алдыңғы сабақта үйренгендеріңізді қарап шығу үшін;
• Рефлексия үшін;
• Сабақты және үй тапсырмасын жоспарлау үшін;
• Курс бойынша құжаттар мен материалдарды сақтау үшін;
• Нақты жоба бойынша ақпараттар жинау үшін;
• Кері байланыс және ақпаратты пысықтау үшін.
Қызмет сондай-ақ пайдаланушыларды шартты санаттарға бөлуге
мүмкіндік береді: әкімші, модератор және пайдаланушы. Бірінші жағдайда
шексіз кіру тек мазмұнға ғана емес, қабырғаның барлық параметрлеріне де
беріледі.
Модераторлар мынадай материалдармен жұмыс істеумен шектеледі:
бекеттерді қосу, редакциялау, ұйымдастыру және құрылымдау. Тұтынушы
4

кері жүктелген деректерді ғана көре алады және қандай да бір өзгерістер
енгізуге мүмкіндігі жоқ.

5 – сурет. Padlet желілік тақтасының және Genially тақтасының көрінісі
Genially интерактивті визуалды коммуникациялар бойынша жаһандық
көшбасшы болып табылады. Бұл керемет интерактивті суреттер,
викториналар, нұсқаулар, инфографика, үстелдер, ойындар, пікірлер,
бейнекөрсетілімдер, түйіндемелер, сауалнамалар және әлеуметтік медиа
материалдарын жасауға арналған онлайн-құрал. Бұл онлайн құралды
пайдаланудың екі мүмкіндігі бар:
1. Еркін қолжетімділік – тегін
2. Премиум қолжетімділік – ақылы, еркін қолжетімділік кезінде
мүмкіндіктер аздап шектеулі, мысалы, жасалғанын жүктеп алу тек премиум
қолжетімділікте ғана бар. Онлайн құрал толығымен ағылшын тілінде, бірақ
бұл платформада орысша бетке аударуға болады.
Бастапқыда бұл онлайн құралды испандықтар стартап бизнесклиенттерге арналған эксклюзивті қызмет ретінде ойластырды, бірақ қазір
Genially білім беру саласында кеңінен қолданылады. Бұл ресурсқа деген
қызығушылық ғаламдық пандемия жағдайында қашықтықтан оқытуға көшу
жағдайында өсті. Оқытушылар, лекторлар, кітапханашылар, сондай-ақ
студенттер қызметiн игерiп, оның артықшылықтарын өздерiнiң жұмысында
және оқу процесiнде пайдаланады.
Интерактивті плакат - пайдаланушының іс-әрекетіне белсенді және
әр түрлі жауап бере алатын ақпарат беру құралы. Интерактивтілік әр түрлі
интерактивті элементтерді: сілтемелерді, өткізу түймелерін және т.б.
пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі, Мұндай плакаттарда тұрақты баспа
плакатына қарағанда оқу материалы әлдеқайда көп болады және оны
әлдеқайда көрнекі және тиімді түрде қамтамасыз етеді.

5

6 – сурет. Интерактивті плакаттың көрінісі
Сондай-ақ білім алушылардан үй тапсырмасын сұрау мен жаңа
тақырыпты пысықтауды еркін форматта, ойын ретінде сұрауды бір жолға
қойып алғанмын. Ол үшін келесідей бағдарламалар мен гаджеттер арқылы
сұралады:
- Socrative/Student және Socrative/Teacher интернет программасы. Бұл
кезде студенттер интернет арқылы сұрақтарға жауап береді және жауап
нәтижесі интерактивті тақта арқылы көрсетіледі.

6

- kahoot.it/Student және kahoot.it /Teacher интернет программасы.
Студенттер интернет арқылы сұрақтарға жауап береді және жауап нәтижесі
интерактивті тақта арқылы көрсетіледі.

«Bingo» әдіcі.
Білім алушылар төмендегідей кестеге өткeн тaқырыптaр бойыншa жaңa
тeрминдeрді жaзып шығaды, бeлгілі бір уaқыт aрaлығындa. Уaқыт мәрecінe
жeткeннeн кeйін тeрминдeрді оқытушы aтaп шығaды. Aтaлғaн тeрминдeрдің
бәрі, жaзылғaн тeрминдeрмeн cәйкec кeліп, ұяшықтың бaрлығы cызылca,
ондa «Bingo» дeп бeлгі бeрeді. Aл ұяшықтaры толмaй қaлғaн оқушы aтaлғaн
тeрминдeрдің eрeжecін aйтaды.
1-кecтe. «Bingo»

«D.E.E.P. Questions» әдіcі.
Тақырып немесе тарау aяқтaлғaннaн кeйін қолдaнғaнғa өтe ынғaлы.
Білім алушылар бeрілгeн cұрaқтaр бойыншa жaуaп бeрeді. Жaуaбынa қaрaп
оқушының қaншaлықты дәрeжeдe тақырыпты немесе тaрaуды мeңгeріп
шыққaндығын көрceтeді.
7

2-кecтe. «D.E.E.P. Questions»
Cипaттaу
Эмоция
Тaқырыптa нe
Eң қызықты
жaйлы
бөлігі қaндaй?
aйтылғaн?
Қaндaй cөздeр
Нe
eрeкшeлeнeді?
шaбыттaндырды?
Нe ұнaды?
Cіздің
нaзaрыңызды нe
aудaрды?

Cізгe
тaқырыптың
шынымeн қaй
жeрі түcініктірeк
болды?

Бaғaлaу
Тaқырыптың
мaңыздылығы
нeдe?
Бұл cіздің жeкe
бacыңызғa қaлaй
әceр eтті?
Бұл тaқырыптaн
кeйін қaндaй
көзқaрacтaр
қaлыптacты?

Ұcыныc
Cіздe қaндaй ой
пaйдa болды?
Оcы тaқырыптaн
aлғaн біліміңізді
қaй жeрдe қолдaнa
aлacыз?
Оcы тaқырыптaн
cоң қaндaй ойдa
болдыңыз?

НӘТИЖЕ.
Мотивациялық-тренингтік
әдісті
қолдану
нәтижесінде
білім
алушылардың білімінің деңгейі өскенін және тәжірибелік жұмыстарды
орындау дағдыларының қалыптасқанын, қабілеттерінің белгілі бір деңгейде
дамығанын байқадым және әр жылдағы жүргізілген мониторинг
қорытындысын көрсеттім. (Мониторинг қорытындысы 8-бетте)
Жалпы алғанда тренингтің түрі көп, мен оны төмендегі сурет арқылы
көрсете кеткенді жөн санадым.

5 – сурет. Тренингтің түрлері.
8

Білім беруде үрдісінде мотивациялық-тренингті қолдану арқылы алға
қойған мәселелерді шешу, қарым-қатынас, жігерлілік, өз-өзіне сенімділік,
ойлаудың сыншылдығы, өзін-өзі басқару қабілеттілігі және өзіндік «менін» дамытуға жағдай жасалады.
Сонымен қатар эмоциялық тұрғыдан жеке бастың өзін-өзі
бақылауы, адам-аралық қатынасы, өзін-өзі тануы және тәжірибені
тұжырымдап іс жүзінде қолдануы жүзеге асады.
Мотивациялық-тренингтік әдістің нәтижелі болуы оқыту барысында
шешімін табуға тиіс міндеттерге оқытушының ықпал ете алуына
байланысты. Нәтижесінде, алға қойылған мақсаттармен бірге, топтың әрбір
мүшесі кері байланыс көмегімен өз-өзін жаңа қырынан ашу және өз-өзін
түсіну тәжірибесін игереді. Тренинг барысында топ мүшелері өзара үйрену
процесіне тартылады, сондықтан да олар әдетте жетекшіге емес бір-біріне
сенім артады.
Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда
болды. Осыған орай мұғалім алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі
жаңартып отыру және технологияларды, тілдерді меңгеру, оларды тиімді
қолдану міндеті тұр. Білім мазмұнының жаңаруымен қатар критериалды
бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарды
қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Заманауи мұғалім оқыту
стратегиясының барлық мүмкіндіктерін қолдану үшін түрлі педагогикалық
тәсілдерді құрамдастыруда әртүрлі арсеналы болу қажет. Білім беру
стратегиялары барлық сыныппен, топта жүргізілетін жұмыс, жеке жұмыс
және білім алушылармен кері байланыстан тұрады.
Қорыта айтқанда берілген білім нәтижелі болуы үшін білім алушыны
шабыттандыру керек. Уильям Уордтан қалған сөзбен ойымды аяқтаймын.
«Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады».
Қолданылған әдебиеттер:
1. Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.
2. Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. Брест,1993.
3. Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг
как форма обучения общению. Прага: 1981.
4. Кузьмин Е. И., Громова О. К.. Как разорвать замкнутый круг: поддержка и
развитие чтения: проблемы и возможности: научно-практический сборник /
сост. – М.: МЦБС, 2007.
5. Интерактивная рабочая тетрадь Skyeng (электронный ресурс). - URL:
https://edu.skysmart.ru/ (режим доступа: свободный).
6. www.abristraining.kz
9

№№
р.с.

2022-23 оқу жылы
Оқу тобы
Оқытылу тілі

1
ЭО-222
2
ЭМН-220
Барлығы пән бойынша:
Барлығы:

қазақша
қазақша

2023-24 оқу жылы
№№
Оқу тобы
Оқытылу тілі
р.с.

1
ЭО-222
2
ЭМН-220
Барлығы пән бойынша:
Барлығы:

қазақша
қазақша

Білім
алушылар
саны

Оның ішінде білім
алушылар
«5» «4» «3» «2»

Орташа
балл

Электрлік машиналар және трансформаторлар
25
9
12
4
4,2
25
11
9
5
4,24
50
20
21
9
4,22
50
20
21
9
4,22

Білім
алушылар
саны

Оның ішінде білім
алушылар
«5» «4» «3» «2»

Орташа
балл

Электрлік машиналар және трансформаторлар
25
14
11
4,56
25
16
9
4,64
50
30
20
4,6
50
30
20
4,6

10

%
Үлгерімі

%
Білім
сапасы

100
100
100
100

84
80
82
82

%
Үлгерімі

%
Білім
сапасы

100
100
100
100

100
100
100
100

Ескерту

Ескерту
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!