Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заманауи педагогтің ақпараттық құзыреттілігі: ОРЫС ТІЛДІ ОҚУШЫЛАРҒА «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» ПӘНІ САБАҒЫНДА ТАПСЫРМАЛАРДЫ ИНТЕРН

Материал туралы қысқаша түсінік
Заманауи педагогтің ақпараттық құзыреттілігі: ОРЫС ТІЛДІ ОҚУШЫЛАРҒА «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» ПӘНІ САБАҒЫНДА ТАПСЫРМАЛАРДЫ ИНТЕРНЕТ ПЛАТФОРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ТИІМДІ ӘРІ ТЕЗ ОРЫНДАУ ЖОЛДАРЫ 5 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Заманауи педагогтің ақпараттық құзыреттілігі:

ОРЫС ТІЛДІ ОҚУШЫЛАРҒА «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» ПӘНІ САБАҒЫНДА ТАПСЫРМАЛАРДЫ ИНТЕРНЕТ ПЛАТФОРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ТИІМДІ ӘРІ ТЕЗ ОРЫНДАУ ЖОЛДАРЫ


АКЫЖАНОВА АЙНУР ШАЙМУРАТОВНА

КММ «ЖББМ №30», ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ


Ақпараттық құзыреттілік - ақпараттық қоғамда, жаһандану заманында білімді болумен қатар, өз біліміңді қажетіңе пайдалана білуге айрықша назар аударуды қажет етеді. Заманауи педагог - мультимедиялық, электрондық, жалпы ақпараттық технологияларды меңгеруі тиіс.

«Ақпараттық  сауаттылық» дегеніміз сан алуан ақпараттық ағынның ішінде, өздігімен ғаламтор ішінде мәліметтер – нысанын жасай білу. Қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесінің басты көрсеткіші - оқушының өздігінен білім алуға деген ұмтылысын қалыптастыру. Ал мұғалімнің негізі міндеті-оқушыны білімге өз бетінше ізденіске және шығармашылық іс-әрекеттерге баулу болып табылады. «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер», - деп Ж.Аймауытов айтқандай, әрбір өткізілген сабақ оқушының  жүрегінен орын алатындай, жақсы істерге жетелейтіндей  ұйымдастырылуы керек [1, с 97].

Қазіргі таңда өзекті мәнге ие  оқу процесін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту жүйесінің еліміздің білім беру саласында кеңінен қолданылуы тілді оқытуды жандандыра түсуде. Қазақ тілін орыс тілді мектептерде қашықтықтан оқыту ұстаз бен  оқушының белсенді әрекетімен тығыз байланыса отырып, ұстаздың да, оқушының да белсенділігі ізденушілік әрекетінде көрініс тауып отыр. Қашықтықтан оқыту жүйесінде оқушының белсенділігі, оқушыларға қажетті білімді, іскерлік, дағдыны жедел жеткізуге және шығармашыл, өзін-өзі басқара алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Осыған сәйкес, оқушы мен оқу тобының белсенділігі қазақ тілін компьютер арқылы тез меңгеруге, өзіне керекті қатысымдық іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға, жеке тұлғаға қажет қасиеттерді қабылдауға, белсенді саналы жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардағы (АКТ) дамудың арқасында қашықтықтан білім беруде көптеген технологиялық құралдар қолданыла бастады. Skype, Zoom, Microsoft Teams, Google Hangouts Meet және басқа да көптеген осындай платформалар сияқты бағдарламалық қосымшалардың құралдарымен онлайн топтық сабақтарға арналған, толыққанды тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік береді [2, с 12].

Компьютерлерді пайдалану қайталанатын жаттығуларды орындау үшін және тез арада кері байланысты қамтамасыз ету үшін өте жақсы деп санауға болады, ойын элементтерін пайдалану арқылы тіл үйренуге қызығушылықтарын арттырады, ал Интернет оқушыларға кез-келген уақытта басқа оқушылармен синхронды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Сабақ – мақсат қою мен мақсатты жүзеге асыру үдерістерін орындау барысы екені мәлім. Ал, мақсат – адам болашақта белгілі бір іс-әрекет негізінде қол жеткізетін алдынала жоспарланған нәтиже. Ендеше, қашықтан оқытуда сабақты мұғалімдер қалай іске асыруда деген сұрақтар туындайды. Бұл жерде айта кететін ойым, қатып қалған платформа жоқ. Мұғалім оқу үдерісінде өзіне де, оқушы мен ата-анаға ыңғайлы желіні таңдайды [3, с 3].

Осы мақаламда тәжірибе ретінде 5 сынып орыс тілінде оқитын оқушыларға «қазақ тілі мен әдебиеті» пәні сабағында «Аспан әлемін зерттеген ұлы көшпенділер» тақырыбы бойынша қолданған бірнеше платформа тапсырмаларын атап көрсеткім келді. Бұл әрекет оқушыларға өте қатты ұнады.

Wordwall платформасы. Жаңа сөздердің аудармасын табу. 4-тапсырма.

https://wordwall.net/resource/9179388 сілтемесі арқылы ашады [5].

Курсормен «Start» кнопкасын басып тапсырмаға кіреді. «Шаблон переключателя» бағанасынан бірінші түрін таңдайды «сіріңкені тап» ойыны арқылы жасалған бойынша тапсырманы орындайды. Жаңа сөздердің аудармасын дұрыс тауып белгілейді, дұрыс тапса «˅» дұрыс белгісі, қате болса «х» қате белгісі бар жауаптары бірден шығып, нәтижесі баллмен жиналып отырады. Екінші ауысу шаблоны «сәйкестендіру» (совпадение) түрін таңдап курсормен бастау кнопкасын басады.

Wordwall платформасы

Жаңа сөздердің тұсына дұрыс аудармасын сәйкестендіріп қойып отырады. Дұрыс/бұрыс жауабы бірден шығып тексеріліп отырады. Соңында балл қойылады. Осылайша бір тапсырманы бірнеше түрмен таңдап отырып орындап шығады. Бұлай бірнеше рет қайталап орындауда есте сақтау қабілеттері қалыптасып, жатталып қалады.

3 -тапсырма. Сұраққа жауап.https://wordwall.net/resource/8743335 сілтемесі арқылы тапсырмаға кіреді [5]. Ауысу шаблонындағы бірінші түрі «лабиринттегі жарыс» бойынша «старт» кнопкасын басып ойын ойнап отырып дұрыс жауабын анықтайды. Ауысу шаблонындағы екінші түрі «квиз» әдісі арқылы тест ретінде сұраққа дұрыс жауабын таңдайды. Ауысу шаблонындағы келесі үшінші түрі «Қорабшаны ашыңыз» әдісі. Оқушылар сандар қорапшасын таңдап ашып, сұраққа дұрыс жауап беруге тырысады. Дұрыс/бұрыс жауап нәтижесі бірден шығады. Тапсырма соңында оқушының жинаған балы шығады [5]. Бағалар журналға қойылады.

learningapps платформасы. 2-тапсырма. Сөздерді сәйкестендір. https://learningapps.org/watch?v=pdisyuia321 сілтеме арқылы ашып, тапсырманы орындайды [5]. Сарғылт түстердегі сөздерді көк түстегі суреттермен мағынасына қарай мәтін бойынша сәйкестендіреді. Түстерді бір-біріне жалғастырса сөздер бір-біріне тіркеледі. Liveworksheets платформасы. Қажетті сөздерді қою. 6-тапсырма.

https://www.liveworksheets.com/vt1583778utсілтемесі арқылы тегін платформаға кіріп көп нүктенің орнына қажетті сөздерді (текше ішіндегі) курсормен жылжытып акеліп орнына қойып, тапсырманы орындайды [5].

Learningapps, Liveworksheets платформасы

Қорытындылай келгенде, ақпараттық білім негізінде қашықтықтан оқытудағы оқу қызметінің басты элементі – өз бетімен жұмыс істей білу. Ал, әдістемесінің ерекшелігі – тіл үйренуші қалай болғанда да, тапсырманы өз бетімен орындайды және кез-келген сәтте мұғалімнен қажет көмегін ала алады. Тіл үйренетін оқушы – «дүниежүзілік өрмектегі» кез келген анықтамалық әдебиетті пайдалана алады. Оқушыларға қазіргі ақпараттық технологияны тез қолдану қиынға соқпайды [4, с 27]. Қазіргі заманғы мұғалім өз ісінің маманы болуымен қатар, қоғамда болып жатқан өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық, жан – жақты талдау жасай білетін маман болуы шарт деп ойлаймын.

.


Әдебиеттер тізімі

  1. Білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгізу жағдайында педагогтардың біліктілігін арттыруды  ұйымдастыру әдістемесі/Ахметова Г.К., Караев Ж.А., Мухамбетжанова С.Т.// Алматы:АҚ «ҰБАО «Өрлеу», 2013.

  2. Журнал «Информатика негіздері» № 1 – 2010ж (11-14 бет.)

  3. К.Құдайбергенова «Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі»

  4. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. –Астана, 2010

5. https://wordwall, https://learningapps, https://www.liveworksheets

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
31.07.2021
454
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12