Заманауи педагогтың
ақпараттық құзыреттілігі
Абдрахманова
А.К
Қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі
№34
ЖББОМ
Қарағанды
қаласы
Қоғамды, білім саласын
ақпараттандыру, жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы – заман
талабының заңды үрдісі.Есептеу техникасысыз ешбір сала , соның
ішінде білім саласы, адамға сонша өзін еркін сезінуге мүмкіндік
бермес еді. «Ақпараттық сауаттылық» дегеніміз сан алуан ақпараттық
ағынның ішінде , өздігімен ғаламтор ішінде мәліметтер – нысанын
жасай білу. Осындай мысалдар арқылы келешек мектепке төмендегі
талаптарды қоюға болады: әр оқушының шығармашылық шамасын дамыту,
яғни оқыту барысында оқушыны мәліметтермен өзіндік жұмыс жасауға
үйрету.
Заман талабына сай мектептерде
тұсаукесерлер, таныстыру, интербелсенді тақта арқылы сауалнамалар
және сөзжұмбақтар оқушының қызығушылығын арттыруға себеп болады,
пәнге деген танылым қызығушылығын артады, оқу белсенділігін,
баланың эмоциялық және рухани үрдісін
дамытады.
Компьютерлік технологияларды
сабақта жие қолдану осындай нәтижелерге әкеледі: басқа пәндермен
пәнаралық байланысқа, сабақта көрнекіліктерді ұтымды
қолдануға.
Ақпараттық технологияларды
қолданған мұғалім оқулықтағы тапсырмалармен байланыстырады,
сондықтан бұл оқушылардың білім сапасына жақсы әсер етеді.Жаңа
ақпараттық технологияларды қолдана отырып, тақырыптарды терең
меңгертуге болады, дәстүрлі емес әдістерді қолдану арқылы білік пен
білім дағдыларын қалыптастыруға ықпал
етеді.
Сонымен қатар ақпараттық-
коммуникативтік технологияларды қолдануда білім саласында бірнеше
мәселелерді туғызып отыр. Оқушылардың жетісігіне ,денсаулығына және
психологиясына кері әсер етуі.Оның ішінде: экран арқылы үлкен
ауқымды мәліметтерді қабылдауы, «мұғалім мен оқушының » өзара
әрекетінің болмауы, себебі компьютер мұғалімді толыққанды алмастыра
алмайтындығы. Мұғалім ғана оқушының білімге деген құмарлығын
арттыра алады, сеніміне кіреді, кез келген пәнге бағыттай
алады,білімі үшін марапаттап,оқуға
жетелейді.
Бұл мәселелерді айта отырып
ақпараттық технологиялар дегенмен оқушының қызығушылығын тудырады,
оқу үрдісін қызықтырады және қарқындылығын көтереді, әділ бағалауды
қамтамасыз етеді,өздік жұмыстарының
молаюы.
Мультимедиялық өнімдерді
қолдану барысында, оқушының танымдық әрекетінде мұғалім білім
берушіден бағыттаушыға, ұйымдастырушыға айнала
алады.
Бейнетасмалдаушының жылдамдығы
және оңтайлылығы, қайта қолдануы , кадрді тоқтату мүмкіндігі сабақ
барысында үлкен пайдасын тигізеді.Көру кезінде оқушы деректер мен
оқиғалардың шынайылылығын қабылдау арқылы білімге деген құштарлығын
оятады. Бейнематериалдарды қолдануда жалпы дидактикалық талаптар
қойылады, оның ішінде жоғары эстетикалық деңгейі және эмоциалық
ықпалы; таным белсенділігі; мәліметтердің анықтығы; тарихи
кезеңдегі көркемдік бейненің шынайы өмірмен байланысы; оқу
тәрбиесіне лайықты, ойға қонымдылығы.
Ең алдымен мұғалім
бейнематериалдарды жинақтап, өзінің жеке бейнеқорын және топтамасын
ашып, аудандық, қалалық ғылыми-танымал публицистикалық
бағдарламаларға сүйеніп, деректі фильмдер, көркем фильмдердің
үзінділерін пайдаланады.
Жиналған бейнематериалдарды әр
түрлі сабақтарда қалай және нақты қолданылуын ойластыру қажет, оның
ішінде қосымша сабақтарда немесе үйірмелерде. Жоғары деңгейдегі
тәрбие жұмысы үшін көркем фильм
үзінділерін сабақтан тыс
уақытта көрсетілгені дұрыс. Содан кейін барып сабақ уақытында
көрсетуге дайындалу керек; үзіндінің хронометражын және уақытын
анықтап, белгілеу;үзіндіні мағыналық бөліктерге бөлу; оқушыларға
сұрақтар мен тапсырмаларды алдын ала топтастыру; үзіндіден нақты
тақырыпты анықтау.
Бейнесабақ өткізбестен бұрын,
мұғалім кинофильмді толық көріп шығуы қажет. Көру барысында мұғалім
кейбір кадрларды оқушының зейінін аудару үшін белгілеуі
керек.Мұғалім жаңа ұғымдарды, түсініктерді түсіндіруі қажет.Егер
кейбір заттар, ұғымдар, құбылыстар оқушыға белгілі немесе түсінікті
болған жағдайда кейбір жаңа сөздер түсіндіруді қажет етпейді.Осы
даярлық жұмыстарынан кейін мұғалім сабағын жүйелі ұйымдастыруы
керек. Бұндай бағалы және жоғары деңгейдегі бейнежазбалар жыл сайын
жоғары көрнекілік ретінде де, бірнеше қайталап көрсетуге де ,
гуманитарлық бағытта пайдалануға үлкен септігін тигізеді.
Бейнефильмдердің ерекшелігі коммуникативтік қарым-қатынасты көру,
қабылдау арқылы нығайтады. Бейнефильмнің көрсетілімі ойын-сауық
түрінде қабылдануы емес, қазіргі сабақ үрдісінің әдістемелік
талаптарына сай болуы керек.
Осы бейнефильм арқылы
мәліметтерді тарату, ұйымдастыру және есте сақтауы
анықталады.
Қазіргі білім алу үрдісі
оқушылардың шығармашылық қасиеттерін дамытуға ықпал ету мүмкіндігін
алға тартады. Осындай талаптар оқушыны мәліметтер, ақпараттар
арқылы өздігімен жұмыс жасауға қалыптастырады.Осы арқылы оқушылар
пәндік және жобалық технологияларды
дамытады.
Қазіргі таңда ақпараттық
технология ол баста әртүрлі ақпараттық өнімдер ретінде ( мәтіндер,
тұсаукесерлер, web- парақшалар және т.б.)қолданылса, ал қазір
оқушылардың қолындағы қажетті құралына айналуы
мүмкін.
Ақпараттық- коммуникативтік
технологиялардың мүмкіндіктері: тақырыпқа байланысты қызығушылық
тудыруы; оқу жұмысына мәселелік, шығармашылық, жобалық
-зерттеушілікті тудыру; пән мазмұнының жаңартылуы; оқушылардың
өзіндік әрекетін дамыту.
Жалпы қолданыстағы
бағдарламалар: MicrosoftWord, Microsoft Excel, Microsoft Power
Point ,Microsoft Front Page, Microsoft Publisher Adobe, Photoshop
және басқаларын сабақ барысында кез келген пән мұғалімі қолданыла
алады.Оқыту барысындағы қолдану аясы өте кең. Оларды көрнекілік
ретінде қолдану, бақылау тестілері, оқушылардың шығармашылық
өнімдері ретінде. Microsoft Power Point ,
бағдарламасы
арқылы үлкен шамадағы
көрнекіліктер жасауға болады. Мұғалім өздігімен тұсаукесерлерді өз
қолымен жасап,оны сабақтарына пайдалана алады. Ғаламтордағы дайын
жиынтықтарды оқу тұсаукесерлерін барлық пәндерге пайдалануға
болады.Сонымен қоса қазіргі кезде оқушыларға тұсаукесерлер жасау
тәжрибесі кеңінен қолданып жүр ( үй жұмысын, рефераттарды,
баяндамаларды, хабарламаларды және т.б.)
Бұл мәдени құбылыс мәтіннен
гөрі , көрген затты есте сақтап қалуға апарады.Мультимедиялық
технологиялар үрдісін пайдалану барлық пәндердің мәселелерін шешуге
ықпал жасайды.Оқушыны сол кездегі тарихи дәуірге енуіне, әдеби
романдардың оқиға желісіндегі сюжеттерді елестетуге үлкен септігін
тигізеді. Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану,
жекеше және саралап оқытуда ,қазіргі заман мектептерінде өте
маңызды орын алады.
Қолданылған әдебиеттер
тізімі:
1. Ахметшина Г.Х.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде
пайдалану.
3. Бабич
И.Н. Жаңа ғасырда жаңа технологияларды пайдалану.
Мәліметтер
XIV Халықаралық конференциясы «Білім саласындағы жаңа
технологиялар».
4. Білім саласындағы жаңа
педагогикалық және мәліметтік технологиялық жүйесі. Е.С. Полат. -
М., 2000.