Материалдар / Заманауи тәрбие құндылықтарының өзекті проблемалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Заманауи тәрбие құндылықтарының өзекті проблемалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Құндылық – адам, отбасы, туған жер, тіл, дін, еңбек, білім, мәдениет деген спекторлардан құралады. Осылардың әрқайсысының аражігін тарқатып көрсек... Адам – жер бетінің ең басты субьектісі, таным көкжиегінің жоғарғы сатыдағы бірлігі, жаратушының шебер жаратылысы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2022
1450
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Заманауи тәрбие құндылықтарының өзекті проблемалары

(эссе)

Құндылық – адам, отбасы, туған жер, тіл, дін, еңбек, білім, мәдениет деген спекторлардан құралады. Осылардың әрқайсысының аражігін тарқатып көрсек... Адам – жер бетінің ең басты субьектісі, таным көкжиегінің жоғарғы сатыдағы бірлігі, жаратушының шебер жаратылысы. Мемлекеттің басты байлығы болып табылатын – адамның құндылықтары да жоғары бағалануға тиіс. Ата Заңымызда да, тіптен сонау «Жеті жарғыда» да – халықты, адамды қорғау, оның адами құндылықтарын жоғары бағалау бұзылмас ережеге айналған. Белгілі бір ережелерден құралған адамның белгілі бір тәртіппен, тәрбие шеңберінде қалыптасуы да заңдылық. Ал, енді осы қалыптасқан тәртібіміз бен тәрбиеміз уақыт өте келе заманның ағымына қарай маңызды жақтарын жоғалтып жатқан жоқ па деген ой келеді.

Тәрбие тіл, мәдениет, ізеттілік пен адамгершіліктен тұрады десек, олардың қаймағы бұзылмай сақталуын қадағалау қажет. Өзекті проблемалар ең алдымен, сыйластықтан байқалады. «Үлкенге ізет, кішіге құрмет» көрсетіп өткен қазақ халқының тәрбиесіндегі басты ұстаным – үлкенді сыйлау, қарсы келмей, ақ батасын алып жүру. Салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз бен мәдениетіміз де бала тәрбиесінде үлкен әсерін тигізетін еді. Оған қоса, бала кезден қазақ менталитетіне сай «ұят» болады деген сөз бар. Оған дәлел Жұбан Молдағалиевтің адамдықтың өлшемі болған «Ар –ұят туралы» өлеңі.

  • Сен де бір өліксің, ендеше,

Тірі боп жүрсең де санақта.

Адам ол өледі мен десе,

Ұяттан айырылған сағатта...деген қарттың сөзіне «Ұят үшін өлетін мен емес, сол ұятың нан болса езіп же» деп міз бақпай тұрған намыссыз, арсыз жігітті суреттеу арқылы қоғамның шындығын бейнелейді. Қарт пен жас жігіттің айтысына тебіренген ақын  ар-ұят,ар-ождан жайлы толғанады. Адамның сәби шағынан бастап көз жұмғанға дейінгі бар саналы ғұмырында ар ожданының сақшысы,адамдық тірлігінің мәні де ұят арқылы келетінін айтады. Ол балаға шектеу қою емес, жағымсыз әрекеттерден тыю еді. Қазақ халқы текті ұлт болғандықтан не нәрсені болмасын үлкен астармен, терең мағынамен жасап, түсіндіретін. Тарихшы, доцент Жаңабек Жақсығалиев «Тектілік феномені» атты тарихи этнографиялық пайымында «адам баласы тектілігін сақтаудың арқасында өзінің ұлттық қасиетін және ұлыс бірлігін жоғалтпаған. Өйткені тектілік феномені – ұлттың бойындағы қорғаныс қабілеті» делінген. Алайда, бұл дүниелердің барлығы түгелімен сақталып келе жатыр деп ауыз толтыра айта ала алмаймыз. Бұралаң жолға түсіп жатқаны да, адасып қайта қазығын тауып жатқаны да бар. Әрине, олардың барлығы заманның ағымына, заманына қарай бөрігін киген адамдардың танымына байланысты.

Қазіргі заман техника мен технологияның қарыштап дамып келе жатқан заманы. Әлемде болып жатқан құбылыстардың бірін білсек, бірін білмейміз. Айына, тіптен күніне жаңа техникалық құралдар ойлап табылып жатыр. Барлық елдер бір-бірімен бәсекелесіп, құлашын кеңге жайып тұрған шақта технологияларды қолданбай да отыра алмассың. Сол проблемаларының бірі – әлеуметтік желілер. Ол ең бірінші адамның денсаулығына зиян екенін білеміз. Ал, ана тілімізді бұрмалап, әріптерді жұтып, ойдың, сөздің толықтай жеткізілмей, жартысын жеп жатқандығы тағы бар. Қазақ жастарының қазақша сөйлей алмай, қойыртпақтап жатқанын көргенде тіптен ішің удай ашиды. Бұл да қазақ тіл саясатының дұрыс жүргізілмегені ме? Әлде заңға бағынбағандық па? Болмаса, өзіміздің өзге тілдерді абырой көретініміз бе? Бұл да ойланарлық өзекті проблема. Себебі, тәрбие – тіл арқылы қалыптасады. Заманауи боламыз деп тәрбиенің басты құндылықтарын жоғалтпай, барлығын ұлттық кодымыз арқылы дамытсақ, рухани жаңғыру дегеніміз сол болар...

Мәдениет... Мәдениет үлкен шеңберді қамтиды. Өнер де, әдебиет те, ән де, жыр да, айтыс та, халықтық мұра да мәдениеттің көрінісі. Осы бір кезеңде батысқа еліктеушілік белең алып тұрған кезде, көгілдір экраннан жарқ етіп шығып жатқан жастардың өнері аса сүйсіндіре қоймайды. Мейлі, батыстың да, шығыстың да мотивтерін қолдана бер, бірақ, қай жанрда болмасын қазақтың иісі шығып тұрса жақсы ғой. Кей жастардан Абай Құнанбайұлының қай жылдары, қайда дүниеге келді, қанша қара сөзі бар білесіз бе десең, білмейді. Әлем танып жатқан Абайды қазақ танымаса қазақылығымызға үлкен сын, үлкен мін. Биыл Абайдың туғанына 175 жыл толып отырғаны бәрімізге мәлім. Осы орайда мектебімізде Абайды танып - білу мақсатында түрлі форматтарда шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған «Абайдың қара сөздері» атты челленджі ұйымдастырылып, аудан мектептеріне жолданды. Бас ақынымызға арналған шаралар мектеп әкімшілігі, аудандық білім беру бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталып отырды.

Еліміздің тұңғыш президенті, елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Өзінің биік, таза, рухани қасиетімен Кітап – мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады» - деген. Шынымен де, өскелең ұрпақ қазақ халқының қазақ болып қалыптасуынан бастап бүгінгі күнге дейінгі өмір өткелдерін асыл қазына – кітаптан оқып білетінін ескере отырып, тіл мамандары «Кітап оқуға құштар мектеп» атты жоба аясында «Әжемнің ертегілері», «Оқуға құштар отбасы» жобаларын қолға алып, жұмыстануда.

Біздің жас мемлекетіміз қалай өсіп-жетіліп кемелденсе, жас жеткіншегіміз де онымен бірге ер жетеді. Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал ететін де, алға апаратын құдіретті күш те – білім мен адами құндылық.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!