Материалдар / Заңды білу - заң талабы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Заңды білу - заң талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
1)Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру; 2)Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру; 3)Оқушылардың саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2024
126
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БЕКІТЕМІН

Директордың тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары

_____________А. Батырханова


Құқық қоғау органы қызметкерлерінің қатысуымен

«Заңды білу - заң талабы» тақырыбында өткізілетін жиынның

Бағдарламасы


Мақсаты: 1)Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру; 
                  2)Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру; 
               3)Оқушылардың саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу; 

Көрнекіліктері: Қ.Р-ның рәміздерінің суреттері, Қ.Р-ның Конституциясы, тб. заң жинақтары, көрме, заң туралы қанатты сөздер; 


Жүргізуші: «Заңды білсең, балдырған,
Ақиқат шығар алдыңнан!»

Адам дүниеге келеді. Ол өзі өмір сүрген ортадағы қоғамның мүшесі. Әр елдің өз адамдарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Ата Заңымыз ең алдымен адам құқығын ту етіп көтереді. Сол сияқты дүние жүзі елдерінің бәрі қолдайтын ортақ заңдар мен ережелер бар. Олар: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы» және «Балалардың құқығы жайлы конвенция».

Құқық – заң арқылы реттелетін адам құқығы.
Конституция – құрылым.
Конвенция - келісім.

Бүгінгі құқықтық оқуымызға келген қонақтарымызбен таныс болыңыздар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Баяндама: Оқушылар арасында құқық бұзушылығын алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау оқыйтын Қожахметов Бауыржан ағай.

Құрметті ұстаздар мен студенттер! Мемлекетіміздің ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы. Бүгінгі күнде қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

Қазіргі таңда зерттеушілер жасөспірімдердің қылмысқа баруының мынадай үш себебін ашып көрсетеді: Отбасылық жағдай, жасөспірімдердің уақытын тиімді пайдалана алмауы, тұрмыстық жағдай.

1. Жанұядағы тәрбие жұмыстарынан кеткен қателіктер, кемшіліктер, жинақталып келіп қоғамдық тәрбиедегі қателіктерімен байланысып, жасөспірімдердің тәртібін одан әрі шиленістіре береді. 

2. Бос уақытын тиімді пайдалана алмауынан ата-ана назарынан тыс қалған балалар.

3.Тұрмыстық жағдай. Яғни тұрмыстың ауыр зардабын көре отырып қылмыстық жолмен жеңіл ақша табуға әдеттенген балалар.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, әрбір азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау, өзегелердің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуіміз абзал.

«Бала – болашағымыз. Балаларымызды қалай тәрбиелесек, болашағымыз да солай болмақ. Келешекте балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда», - құрметті оқушылар!


Жүргізуші: Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты.
Мектеп жасындағы балалардың құқықтық санасының төмендігі олардың қылмысты көп жасауына, заң талаптарына өз талаптарын
қарсы қоюына әкеліп соғады. Сондықтан оқушылар қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жас өспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет. 


Не байқадым, не білдім? (Оқушыларға қойылатын сұрақтар.)

1. Адам дүниеге келгенде алғашқы құжаты қалай аталады? (Туу туралы куәлігі)
2. Күнделікті алған бағаңды мұғалім қайда қояды? (Журналға)
3. Бір нәрсені хабарлау үшін немесе оны әйгілеу үшін не жазылады? (Хабарландыру)
4. Мектепке 1 - сыныпқа қай жастан келеді? (6 жастан)

5. Бас әріптен басталып жазылатын сөздер: (Кісінің аты - жөні, жер - су атаулары, газет - журнал аттары)


Ситуациялық жағдаят:

1. Екі оқушы аулада ойыншықпен ойнаған сәбиді жолықтырады.
– Ойыншығың әдемі екен. Кім алып берді?
– Ата - анам.
– Ата - анаң тағы не үйретті?
– Үлкендерді сыйлауды.
– Біз үлкенбіз бе?
– Иә
– Онда аяқ - қолыңды көтеріп тұр.
Сәби аяқ - қолын көтеріп тұрады. Оқушылар мазақ етіп кетіп қалады.

Сұрақ: - Қандай жағымсыз әдет көрдіңдер? Бұл заң бұзушылыққа жата ма?
Сәбиді ата - анасы дұрыс тәрбиелеген бе? (Оқушы пікірлерін тыңдау)

Жауабы: Сәбиді ата - анасы дұрыс тәрбиелепті. Бірақ Ата - Заңымыздағы 17 - бапты үйретпепті. Ата Заңымыздың 27 - бабында «балаларды тәрбиелеу ата - ананың басты міндеті» делінген. Ата - заңымыздың 17 - бабында «ешкімді азаптауға, оған зорлық - зомбылық жасауға, адамдық қадір - қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге болмайды» делінген.


2. Баласы көршісінің тауық қорасынан жұмыртқа ұрлап әкелді де, шешесіне жұмыртқа қуырып беруін сұрады. Анасы жұмыртқаны қуырып береді...

Сұрақ. Жігіттің ұры болып өсуіне кінәлі кім? Өзі ме, әлде анасы ма?


Жүргізуші: Қорытынды сөзі.
Күн нұрындай сәуле шашқан өңірге,
Бақ дәулетін аямаған жеріме.
Егемендік елдігіме жарасқан,
Ата Заңым құт сыйладың еліме!

Міне, осы жыр жолдарынан Ата заңымыз мемлекетіміздің гүлденіп дамуына, халқымыздың бақытты өмір сүруіне ықпалы мен көмегінің зор екенін байқаймыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!