Материалдар / Зәр шығару жүйесінің аурулары . 9сынып.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Зәр шығару жүйесінің аурулары . 9сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге, оқушыларға сабақ жоспарына қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2020
659
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Зәр шығару жүйесінің аурулары

Аурулар

Себептері

Белгілері

Алдын алу / емдеу

1

Пиелонефрит бүйрек паренхимасына зақым тигізетін қабыну процесі

Ауруды қоздырушы Escherichia, Proteus, Staphylococcus, Enterococcus және т.б. бактериялар.

Оның екі түрі болады: (несеп жолдары бойынша), (бактерияның қан ағымы арқылы басқа ауру ошағына ауысуы)

Ұзақ мерзімді аурудың белгілері бірнеше сағат көлемінде байқалады. Қалтырау, дене температурасының 38-39°С –қа көтерілуі. Кейіннен жамбас бөлімі ауырады.

Асқыну:

- ауыр немесе ұзақ мерзімді бүйрек жеткіліксіздігі;

Бүйректің іріңдеу процесстері (карбункул почки, абсцесс почки и др.);

- сепсис.

Жеке бас гигиенасын сақтау. Жыыстық жолмен жұғатын аурулардан қорғаныңыз. Ауруды дер кезінде емдеңіз. Режим сақтаңыз, ұйқы мен демалыс үшін уақыт бөліңіз. Ішімдік пен темекіден аулақ болыңыз.

2

Цистит – қуықтың қабынуы


Қоздырушылар – несеп каналдары арқылы қуыққа түскен бактериялар. Жиі кездесетін Escherichia coli (ішек таяқшасы) қоздырушы болуы мүмкін.

Анатомиялық құрылысына байланысты ер адамдарға қарағанда әйел адамдар осы аурумен ауруға бейім. Әйел адамдарда несеп каналы қысқа және онда инфекцияның түсуі өте жеңіл. Циститтің екінші себебі қуықтың жыныстық қатынастан кейін қабынуы болып табылады.

Үлкен адамдарда цистит кезінде жиі және қиын зәр шығарумен сипатталады. Ашыту сезімі. Несеп немесе зәпдің түсі өзгеріп, қан аралас болуы мүмкін. Белдің ауруы пайда болады. Ересек пен балаларда айқын байқалмауы мүмкін. Негізгі белгісі бас айналу, лоқсу, және іштің ауруы.

Зәрді қуықта сақтамаңыз. Босатып отырыңыз. Күніне 8 стақаннан кем емес су ішіңіз. Күніне 1 рет жуыныңыз. Денеге жабысып тұратны шалбарлар мен іш кимідерді кимеген дұрыс. Іш киімнің мақтадан жасалуы қажет. Егер цистит қайталана беретін болса, онда ваннаның орнына душқа түсуіңіз қажет.

1

Энурез – зәрді ұстай алмау ауруы

Негізгі себептері мыналар:

  1. Орталық жүйке жүйесі мен қуықтың жұмысының жүрмеуі. Миға қуық толды ояну қажет деп жеткізетін нейрондар жұмыс істемейтін сияқты;

  2. Жүйке жүйесінің дамуының тежелуі

  3. Психологиялық факторлар мен стрессті жағдайлардың орын алуы

  4. Тұқымқуалау

  5. Антидиуретикалқы гормонның бұзылуы. Бұл гормон өндірілетін несептің көлемін реттейді: қанда бұл гормон көбейген сайын, зәрдің түзілуі азаяды;

Энурез кезінде бала қиын ұйықтап, әзер оянады. Өте терең ұйқыда болады, жаман түстер көріп, түнде жүруі де мүмкін. Энурез кезінде күндіз де ұйқылы ояу жағдайды көруге болады. Бала өте күйгелек болып, оның тәбеті өзгереді, және өте қатты сусайды.

Энурезді емдеу үшін аурудың пайда болу себебін білу ғана қажет емес. Сонымен қатар гинеколог, уролог, педиатр және невропотолг сияқты дәрігерлерге қаралған жөн. Медикаменттер арқылы емделу гормондар, антидепресанттар, андреномиметиктер мен кофеин қабылдау арқылы жүзеге асады. Статистикаға сүйенсек қысқа мерзім арасында аурулардың 25-30% ы жазылды.

Медикаменттерсіз ем қабылдау кезінде психотерапия, гипнотерапия, фитотерапияны қолданады.

2

Уретрит – зәр шығару каналының қабырғасының қабынуы.

  1. Жыныстық өмір: қорғанышсыз жыныстық қатынас, жоғары сексуалды белсенділік.

  2. Салқынтию.

  3. Жалпы иммунитеттің төмендеуі

  4. Диетаны дұрыс сақтамау

  5. Зәр шығару жүйесінің инфекциялық-қабыну процесстері.

  6. Жеке бас гигиенасын сақтамау.

Ауру, қыжыл, ашу.

Зәшығару каналынан сілемейлі-іріңді, иісі өткір, қанмен/қансыз зәрдің бөлінуі.

Жиі зәр шығару.

Емдеу жолдары:

  • Қоздырғышты ерте анықтағаннан кейін антибиотикотерапия арқылы емдеу, .

  • Иммунотерапия (иммунитетті жоғарылату

  • инстилляции (зәр шығару каналына сұйық дәрілерді енгізу. Өткір түрлерінде жасауға болмайды.

  • Ішімдікті пайдалнбау,

  • Жазылғанға дейінгі жыныстық қатынасқа түспеу.

  • Алдын алу:

  • Кездейсоқ жыныстық қатынастардан абау болу.

  • Жыоына 1 рет уролог пен гинекологқа қаралу.

  • Жеке бас гигиенасын сақтау,

  • Диетаны сақтау.

  • Салқын тиюден сақтану

  • Қабыну ауруларын тез арада емдеу .

3

Несептас бүйректе, қуықта тастың жинақталуы.

Тастардың пайда болуы белгілі бір зат алмасуының бұзылғандығының көрінісі болып есептеледі. Дегенмен де осы тас түзуші себептерді екі топқа бөліп қарау керек. Бірінші, жалпы себептерге белгілі бір минералдар алмасуының бұзылуы., А витаминінің жетіспеуі, Д витаминінің мөлшерден тыс көбейіп кетуі., кермек су ішу, ауаның ыссы жәнен құрғақ болуы және т.б. кіреді. Ал жергілікті себептерге: несеп жолдарының қабынуы, несеп ағардың туа пайда болған кемістікиері, несеп шығарылуының қиындауы, несептің қышқылдылығының немесе сілтілігіні ңарып кетуі және басқаларды кіргізуге болады. Тастардың алғашқы түзілуіні екі теориясы түсіндіріп береді. Қалыпты жағдайда несеп құрамында еріген кристалоидлты және ерімегне коллоидты бөлшектер бар. Коллоид заттр осы жердегі кристалдардыы бір –біріне жабысуына мүмкіндік бермей ергіен халде сақтайды. Физикалық-химиялық теория: бойынша осы тепе-теңдік бұзылғанда ғана кристалдар шөгіп тасқа айналады. Метаболизмді (фосфорлы-кальцийлі, зәр қышқылының т.б.) бұзушы факторларға зәршығару жолдарының инфекцияларын да жатқызуға болады. Фосфорлы-кальцийлі метаболизм бұзылыстары фосфат тәрізді конременттердің пайда болуына ықпал жасайды. Зәрқышқылды конкерменттердің (ураттардың) пайда болуы зәр қышқылы метаболизмінің бұзылыстары өз белоктарының ыдырауымен,алиментарлы фактор (тағамда бұршақтәрізділерде, етте болатын пуриндік негіздердің жеткіліксіздігі) (подагра кезінде) кезін.де көрініс табады. Ураттық тастардың пайда болуындағы тағы бір маңызды фактор зәрдің қышқылдылығының жоғарлауы (рН 5,5 төмен). Оксалатты тастардың пайда болуы ағзаға оксалаттардың артық мөлшерде түсуі немесе олардың организмде көп мөлшерде түзілуі жатады.

Конкременттер мөлшері әртүрлі – тарыдай ұсақтардан бастап гольф ойынына арналған шардайға дейін. Ұсақ конкременттер зәрмен бірге ауру сезімінсіз сыртқа шығуы мүмкін. Ал мөлшері 2-3 мм болатиын конкременттер несепағар обструкциясын шақырып, оның кеңейюіне әкеліп, бүйректің табақшалы-түбекшелі жүйесін бұзып, бел аймағындағы жедел спастикалық ауырсынулармен, жүрек айнумен, құсумен, гематуриямен жүреді.

Бүйректас ауруы ұстамасыз кезеңі бірқалыпты, жүріс кезінде, селкілдегенде, ұзақ жүргенде қатаятын бел аймағының сыздап ауруымен жүреді.

Нефролитиаз симптомсыз жүріп, рентгенологиялық немесе ультрадыбыстық зерттеу кезінде кездейсоқ табылуы мүмкін. Зәр анализінде микрогематурия анықтиалады. Уролитиаз кез келген жаста кездесуі мүмкін, 20-50 жас аралығында жиірік кездеседі. Несептас ауруы урологиялық бөлімге түсу себептерінің 30-40% құрайды. Уролитиаз ұзақ уақыт емделмеген жағдайда пиелит немесе пиелонефрит дамуы ықтимал.

Емдеудің бағыты тастың түріне және симптомдарының ауырлығына байланысты.


Бүйректің кішкентай тастары әдетте, несеппен өздігінше шығуға қабілетті.


Шыққан тасты анықтау және зерттеу үшін несепті сүзу қажет.

Шығатын несептің мөлшерін арттыру үшін күніне 6-8 стақан су ішу қажет. Бұл тасты шығаруға көмектеседі.

Ауырсыну аса қарқынды болуы мүмкін. Ол кейде өздігінше өтеді, немесе анальгетикалық (ибупрофен, напроксен) және есірткілік дәрілік препараттарды қолданумен басылады.

Күшті ауырсынуы бар кейбір науқастарға ауруханада емделу қажет. Оларға көктамыр арқылы сұйықтық енгізу қажет болады.


Тастардың кейбір түрлерінде дәрігер тас түзілуіне кедергі келтіретін немесе организмнен тас түзілетін заттектерді шығаруға қабілетті дәрілік препараттарды тағайындайды.


Бұл препараттарға жататындар:


Аллопуринол (бүйрек қышқылының тастары үшін)

Антибиотиктер (струвитті тастар үшін)

Несеп айдайтындар

Фосфаттық ерітінділер

Натрий бикарбонаты немесе натрий цитраты

Тиазидті диуретиктер.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!