Бөлім:
|
8.3А Бөліп
шығару
|
Педагогтің
аты-жөні:
|
Жылгелдина Дариға
Өмірбайқызы
|
Мектебі:
|
Сарысай негізгі орта
мектебі КММ-сі
|
Күні:
|
19.01.2022
|
Сыныбы:8
|
Қатысушылар саны: 10
Қатыспағандар саны:0
|
Сабақтың
тақырыбы:
|
Зәр шығару жүйесі
мүшелерінің құрылысы (бүйрек, несепағар, қуық, несеп жолы) мен
қызметі. Бөліпшығару және сүзу мүшелері. Бүйректің құрылысы
(қыртысты және милы қабат, нефрон, пирамида, астауша, бүйрек
өзекшелері).
|
Оқу бағдарламасына
сәйкес оқу мақсаты
|
8.1.5.1 адамның зәр
шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметін
сипаттау
8.1.5.2 бүйректің
құрылымдық бөліктерін танып
білу
|
Сабақтың
мақсаты:
|
Барлық оқушылар
үшін:
Білім алушыларбүйректің құрылыс мен рөлін
біледі.
Көпшілік оқушылар
үшін:
Зәрдің шығарылуын
түсіндіре алады.
Кейбір оқушылар
үшін:
Бірінші және екінші
реттік зәрдә ажырата алады.
|
Сабақ
кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың
басы
Қызығушылықты
ояту
7
мин.
|
І.Ұйымдастыру
кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу,
түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал
туғызу
"Қарым-қатынас" тренинг
ойыны.
Мақсаты: Топтағы оқушылармен
жақсы қарым-қатынас орнату, бүгінгі сабаққа бейімделуіне
эмоционалды көмек көрсету арқылы сабаққа белсенділіктерін
арттыру.
Тиімділігі: Оқушылар бір-бірін
тыңдай біледі, тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді
және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде
саралаудың «Жіктеу» тәсілі
қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру
мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі
беріледі.
2 топқа
бөлу:
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Көпір орнату» әдісі арқылы өткен
тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау
сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі
сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен
бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау
жасағаннан кейін оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен
таныстырамын.
Оқушылардың зейінін
жаңа сабаққа бұру үшін бейнебаян
көрсетіледі
|
1. Зәр шығару жүйесіне қандай мүшелер
жатады?
2.«Нефрон, бірінші реттік және екінші реттік зәр» деген
не?
3. Милы және қыртысты қабат дегеніміз
не?
4.Зәр түзілу кезеңдерін
талдаңыздыр.
5. Бүйрек қандай ұлпалардан
тұрады?
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды
түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық
дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын
көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік
береді.
Саралау: Бұл жерде
саралаудың «Диалог және қолдау
көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс
мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық
сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші
сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы
бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада
білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға
«Керемет!» деген
мадақтау
сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны
ашу.
26
мин.
|
"Араның ұясы" әдісі арқылы оқулықтағы
мәтінмен жұмыс жасауға тапсырма
беремін
|
Бейне баянды көргеннен соң, оқушылар жаңа тақырыптың
өзектілігімен танысады.
1-тапсырма.Оқулықты оқып танысып
шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
Оқулықтағы сызбаны сызып алады.
1-топ: Бүйректің құрылысы мен
қызметі.
|
Дескриптор: Жалпы -3 балл
Зәрдің шығарылу
процесін түсіндіреді.
|
Тақырып бойынша
интернет желісін пайдаланып бейнебаян
көру
|
|
Қолдану айдарындағы
тапсырманы орындатамын.
|
1. Бүйректің жарып көрсетілгендегі құрылысын
сипаттайды.
2-топ:Нефрон. Зәрдің
түзілуі
2-тапсырма. Құрылыс ерекшеліктері
мен қызметін анықтап толтырады.
Дескриптор: Жалпы-3 балл
1.Суреттерді
талдау,сипаттау
2. Кестені дәптерге жазып, толтырады.
3-тапсырма: "Ойлан, ізде, тап" Биологиялық есептер
шығару.
1-топ: Бір тәулікте адам
организмінде 180 литр зәр түзілетіні белгілі Бұл өлшемді қалай
анықталады деп есептейміз?
2-топ: Бір адам екі стакан
тұзды су ішті. Екінші адам екі стакан кран суін ішсе, үшінші адам
тұзды сумен аузын шайды. Осы адамдардың несеп бөлу мөлшерінде
қандай өзгерістер болды?
Дескриптор:
1.Адам организміндегі түзілетін зәр мөлшерін
анықтайды.
|
ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Топаралық
бағалау.
Өзін -өзі бағалау,
интербелсенді тақтадан дұрыс жауаптар арқылы
бағаланады.
|
|
Талдау айдарындағы
тапсырманы орындатамын
|
4-тапсырма.
Жұптық жұмыс. Берілген тапсырманы жұптасып
орындайды.
1-топ: Тостағанша, астау,
несепағар, зәр шығару түтігі, қуықтың құрылысы мен рөлін бағалайды.
Олардың ауа жолдарымен ұқсастығы бар
ма?
2-топ: Бүйрек артериясының
қанына зиянды заттардың (несепнәр) түсуінен бастап жүретін
үдерістер мен құрылымдарды дұрыс ретпен орналастырып айтып
шығады.
|
Дескриптор: Жалпы -3 балл
1. Жауаптарыңды негіздейді.
2.Тапсырмаларды
орындайды.
|
ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Жұмыс
дәптерлері.
|
Сабақтың
соңы
Ой
толғаныс.
Рефлексия
7
мин.
|
«Бір ауыз сөз»
әдісі.
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген
көзқарасын, рефлексиясын тыңдаймын
Мақсаты:Оқушы алған білімін
саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі:Тақырып бойынша
оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын
қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде
саралаудың "Қорытынды" тәсілі
көрінеді.
|
Жеке
жұмыс:
Оқушылар бір ауыз
сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз
сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады,
пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте
сақтадым, жасай аламын. т.б.
|
Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай
1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып
бағалайды. Сонымен қатар, оқушыларды ынталандыру
үшін
«Қошеметтеу» әдісі арқылы
бағалайды.
|
|