Материалдар / Зат есімнің тәуелденуі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Зат есімнің тәуелденуі.

Материал туралы қысқаша түсінік
а) Тәуелдік жалғаудың мағынасын байқату, яғни заттың, қандай да бір нәрсенің біреуге тән, соның меншігі екенін білдіретін қосымша тәуелдік жалғау деп аталатынын түсіндіру; ә) Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін дамыту, қызығушылықтарын арттыру; б) Адамгершілік тәрбие беру, таза ,әдемі жазуға баулу. (1, 2 слайдтар).
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2018
625
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәннің атауы: Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Зат есімнің тәуелденуі

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

а) Тәуелдік жалғаудың мағынасын байқату, яғни заттың, қандай да бір нәрсенің біреуге тән, соның меншігі екенін білдіретін қосымша тәуелдік жалғау деп аталатынын түсіндіру;

ә) Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін дамыту, қызығушылықтарын арттыру;

б)  Адамгершілік тәрбие беру, таза ,әдемі жазуға баулу. (1, 2 слайдтар).

Типі :   жаңа білім беру.

Әдісі : түсіндіру, талдау, ішінара ізденіс.

Көрнекілігі :Әмбебап тақта, карточка, кесте, әр оқушыға арналған жеке психологиялық тапсырмалары бар парақтар.

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Кестемен жұмыс ( тақтада ілулі тұр).

Сол үлгіге қарай отырып, берілген сөздерді тәуелдейміз.)

Түбірлері мен қосымшаларын ажырату.

-Бұлар қосымшаның қандай түрі?

Сонымен бұл жалғаулар заттың біреуге не бір нәрсеге тәуелді меншікті екендігін көрсету үшін қолданылады екен.

-Кестеге назар аударайық .

Тәуелдік жалғаулары оңаша, ортақ тәуелдену болып та бөлінеді екен.

Жеке оқушылармен жұмыс (карточкалар  беру).

1-топ

  Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауларын жазыңдар.

Жайлау... бір біздің,

Қыстау... бір біздің,

Әже... ндей  Алатау

Қазақ пенен қырғыздың.

2-топ

Балам, бала... , жаны... , бала ...!

Құлағ...    сал , сөйлейді ана...

Сені өсіріп,  бөбег...   деп

 Аппақ    сүт...н   емізді  ана... .

3-топ

  Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып көшір.

            ...  жолдасым,  ... кітабым

            ... табысымыз,  ...  тәрбиешіміз

           ...   мектебің ,   ...  кітабың

           ...  баласы,   ...   тапсырмасы

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке?

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Оқушылардың бұрынғы білімдерін жаңғырту үшін сұрақ-тапсырмалар:
- Жалғау дегеніміз не? 
Жалғау дегеніміз...........
А) сөздің мағынасын өзгертетін қосымша
В) сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша
С) түбір сөз
- Жұрнақ дегеніміз..............
А) түбір
В) сөздің мағынасын өзгертеді
С) сөз бен сөзді байланыстырады

Үйге тапсырма

53-жаттығу. 160-бет.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!