400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Заттар тобын салыстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Заттарды салыстыруға үйрету заттардың үлкен және кіші санын анықтау, салыстыра алу және қаншалықты артық немесе кем? деген сұраққа жауап бере алу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Таным»

Бөлім: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру.

Тақырыбы: Заттар тобын салыстыру.

Мақсаты: заттарды салыстыруға үйрету заттардың үлкен және кіші санын анықтау, салыстыра алу және қаншалықты артық немесе кем? деген сұраққа жауап бере алу.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңберге тұрып, бәрі хормен «Талапты баланы» айтады.

Мен талапты баламын,

Дайын дәптер қаламым.

Санап, жазып үйренем.

Жақсы білім аламын.

Балалар шаттық шеңберге тұрып, бір- біріне жылы лебіздерін айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру

№1 тапсырма

Сабақ суретті қарастырудан басталады. Суретте мұқият көз жүгірте отырып, ненің теңдей екені, қыздар көп пе, ұлдар көп пе екенін анықта. Балалар қай үстелде ойнап отыр, қай үстелде цифрлармен жұмыс істеп отыр? Олар нешеу, қайсылары көп? Суретте балалар саны тең, артық не кем екенін көрсет. Неше орындық, парта, сағат, тақта, т.б. (12 мұғалім, 3қыз, 4ұл, 2 үстел, 5 орындық және т.б.) екенін санаймыз.

Кестені толтыру үшін жапсырма қағаз таңдап алу керек.

Тапсырма беріледі: Алдымен ұяшықта неше нүкте барын анықта. Содан кейн суреттен заттардың осынша санын тап. Бір, екі, үш және 6 адамы бар суретті таңда. Енді қажетті тапсырма қағазды алып, нүкте санына қарай ұяшықтарға жапсыр.
















№2 тапсырмада

№1 тапсырмадағы сурет бойынша жұмысты жалғастырады. Балалар суретте неше зат немесе неше объект болса, сонша шеңбер ішін бояу тиіс. Содан кейін боялған шеңберлер бойынша қай зат артық (кем) екені белгілі болады.

Осындай ауызша жұмысқа қайсысы артық екенін көру үшін, екі топтағы заттарды бірінің астына бірін немесе бірінің үстіне бірін қою ұсынылады.


№3 тапсырма.

Тиеген пирамидалар саны бәрдей жүк көлігін тап.Пирамидалар саны аз машинларды көк түспен боя.Пирамидалар саны бірдей машиналарды қызыл мен көктен өзге бірдей түспен боя.


№4 тапсырма.

Заттарды 10-ға дейін санау үшін картина берілген. Әр ұяшықтағы заттарды санаймыз. Түсі мен пішінін, заттың қандай геометриялық пішінге ұқсас екенін анықта. Ойша топтарға бөл, қандай топтар шыққаныни ата, неше топ болды? (Жеміс - жидектер және көкеністер). Жеміс- жидектер көп пе, әлде көкеністер көп пе?

Ауызша жұмыс.Символдар бойынша дидактикалық ойын, №1 тапсырмадағы сурет бойынша.

Ойын сәттері жұмысты жандандыра түседі. Мәселен, тәрбиеші магнитті тақтаға ұшақ бейнеленген картиналарды орналастырады және «Ұшақтардың неше тобы бар? Әр топта неше ұшақ бар? Ұшақтар неше қатар? Барлығы неше ұшақ?» сұрақтар қояды. Содан кейін балалар көзін жұмады да,тәрбиеші ойыншықтардың орнын ауыстырады. Балалар көзін ашқан соң, не өзгергенін тауып,ұяшықтың неше тобы, әр топта неше ұшақ екенін санайды.



Сабақ суретті қарастырудан басталады. Суретте мұқият көз жүгірте отырып, ненің теңдей екені, қыздар көп пе, ұлдар көп пе екенін анықтайды.




Алдымен ұяшықта неше нүкте барын анықтайды. Содан кейн суреттен заттардың осынша санын табады.






Балалар суретте неше зат немесе неше объект болса, сонша шеңбер ішін бояйды.








Тиеген пирамидалар саны бәрдей жүк көлігін табады.




Заттарды 10-ға дейін санау үшін картина берілген. Әр ұяшықтағы заттарды санайды.






Балалар көзін ашқан соң, не өзгергенін тауып, ұяшықтың неше тобы, әр топта неше ұшақ екенін санайды.


Рефлексивті – түзетушілік

  • Сабақты қорытындылап, алған білімдерін бекіту. Сабаққа белсене қатысқан балаларды мадақтап, ынталандыру.

Сұрақтарға жауап береді. Алған білімдерін ортаға салады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: заттарды салыстыруға үйрету заттардың үлкен және кіші санын анықтай алады.

Нені игереді: Салыстыра отырып, алу және қаншалықты артық немесе кем? деген сұраққа жауап бере алады.

Нені біледі: көп, аз ұғымдарын біледі.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
2197
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі