Материалдар / заттардың агрегаттық күйі өзгеруі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

заттардың агрегаттық күйі өзгеруі

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сыныпқа химия пәнінен ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
4077
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.1 В Зат күйінің өзгеруі


Мектеп: №36ЖОББМ


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Ташимова Гулшат Абдулгафовна


СЫНЫП: 7

Қатысқандар :


Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Заттың агрегаттық күйлері.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.1.4 бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық және газ тәрізді заттардың құрылымын түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық және газ тәрізді заттардың құрылымын түсіндіреді

Оқушылардың басым бөлігі:

  • бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық және газ тәрізді заттардың құрылымын түсіндіреді

  • Заттың агрегаттық күйлеріне мысалдар келтіреді.

  • Агрегаттық күйі әртүрлі заттардың қасиеттерін анықтайды

Кейбір оқушылар:

  • бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық және газ тәрізді заттардың құрылымын түсіндіреді

  • Заттың агрегаттық күйлеріне мысалдар келтіреді.

  • Агрегаттық күйі әртүрлі заттардың қасиеттерін анықтайды;

  • Заттардың бір-біріне айналуының себебін түсіндіреді.

Бағалау критерийі

  • бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық және газ тәрізді заттардың құрылымын түсіндіре алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін сипаттау бойынша түйінді терминдерді дұрыс пайдалана алу;

  • Күй өзгерісіне қатысты өз бақылауларын көрсету және түсіндіру.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Агрегаттық күйлер, қатты, сұйық, газ тектес, буландыру, қайнау, булану, кристалдық, аморфты, кристалдық тор, балқу, сублимация,

десублимация, конденсация

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Бөлшектер қозғалысы азайды/артты, себебі температура түсті/көтерілді

Бөлшектер температура көтерілген кезде жылдамырақ қозғалды

Мен су қатып қалды деп ойлаймын, себебі..........

Күйдің өзгеруі......... себепті болды

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы.

Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану-заттың агрегаттық күйі. (5.3.)


Алдыңғы оқу


Жаратылыстану. Заттардың қатты, сұйық, газ тектес күйлері, заттардың құрылысы мен қасиеттері, бөлшектер теориясы туралы түсініктері бар.

Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы

7 мин

2 мин















5 мин






Қызығушылықты ояту

Оқушыларды топқа бөлу. Суреттер (үй шатырындағы сүңгі, қайнап жатқан шайнектің шүмегінен шыққан бу, сарқырамадан аққан су) қиындылары арқылы сынып оқушылары топқа топтастырылады


- құрастырғанда қандай суреттер пайда болды?

- бұл суреттерде не бейнеленген? Олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары қандай?


Ой қозғау

- Заттың неше агрегаттық күйі болады? Мысалдар келтір.

- Бір зат бірнеше агрегаттық күйде болуы мүмкін бе?

- Неліктен бөлшектердің орналасуы заттың агрегаттық күйіне тәуелді деп ойлайсың?

Оқушылардың дұрыс жауаптарын мадақтап («Жарайсыңдар», «Өте жақсы»), жаңа тақырыптың оқу мақсатымен таныстырылады.










Қағаз қиындылары


Сабақтың ортасы

32 мин


2 мин





13 мин




3мин



1+1 мин







12 мин



















Топтар бойынша тапсырма беріледі.

1-топқа: Заттардың агрегаттық күйі туралы жалпы түсінік;

2-топқа: Қатты, сұйық, газ тәрізді заттардың агрегаттық күйі;

3-топқа: Заттардың агрегаттық күйлерінің өзгеруі.


ЖИГСО әдісімен үш топ мәліметтерді түсіндіреді, оқушыларға мәліметтің ықшам, түсінікті, нақты болу керектігі және 1,5 минут түсіндіруге уақыт берілетіндігі ескертіледі.


Топтағы жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылардан комментарий алынады (Критерийге сүйеніп топтар бір-бірін бағалайды)


«Плазмалық агрегаттық күй» жөнінде бейнекөрсетілім ұсынылады.

Оқушылармен талқылау жүреді. Сұрақтар қойылады:

  • плазма қандай агрегаттық күй?

  • Ол қайда кездеседі?

  • Оны қайда қолданады?

Оқушылардың жауаптары марапатталады. Қол шапалақтау арқылы.


1- тапсырма

Бөлшектер теориясы тұрғысынан қатты, сұйық және газ тәрізді денелердің құрылымын, қасиеттерін атап, кестені толтырыңыз.


Заттардың агрегаттық күйлері

Заттардың қасиеттері

Бөлшектер теориясының негізгі ережелері

Фор-

масы

Көле-мі

Бөлшек-

тер арақашық-тығы

Бөлшек-

тердің әрекетте-суі

Қозғалу мәні

Орнала-су тәртібі








Дескриптор Білім алушы:

  • Газ тәрізді заттардың құрылымын, қасиеттерін анықтайды;

  • Сұйық заттардың құрылымын, қасиеттерін анықтайды;

  • Қатты заттардың құрылымын, қасиеттерін анықтайды.

2-тапсырма

Берілген заттар: қант, ауа, су буы, сынап, ас тұзы бөлме температурасында қандай агрегаттық күйде болады? Қатты, сұйық, газ тәрізді заттарға анықтама беріңіз.

Дескриптор Білім алушы:

  • Заттардың агрегаттық күйін анықтайды;

  • Қатты заттардың анықтамасын жазады;

  • Сұйық заттардың анықтамасын жазады;

  • Газ тәрізді заттардың анықтамасын жазады;

3-тапсырма.

Көлемі 400 мл суды өлшеп, қыздыр. Процестің нәтижелерін кестеге көрсет.

Уақыт

0

2

4

6

8

10

12

14

Темпе-ратура

0)

20

48

69

84

95

100

100

100

а) су температурасының уақытқа тәуелділік графигін сыз;

ә) графикті пайдаланып, мына сұрақтарға жауап беріңдер:

- 5 минуттан кейін судың температурасы қанша болады?

- 7 минуттан кейін судың температурасы қанша болады?

- егер 20 мин қыздырса, судың температурасы қанша болады?

Дескриптор Білім алушы:

  • температурасының уақытқа тәуелділік графигін сызады;

  • Графикті пайдаланып сұрақтарға жауап береді;

  • 5 мин кейінгі судың температурасын біледі;

  • 7 мин кейінгі судың температурасын біледі;

  • 20 мин қыздырғандағы судың температурасын біледі.


Оқулық











https://www.youtube.com/watch?v=94tReSbyPYc





Сабақтың соңы


5 мин












Рефлексия: «Сабақтағы проблемалар» кестесі

Қиындықтар

Себебі

Шешімі




Үй жағдайында химиялық тәжірибелер жасау, зерттеу, бақылау нәтижелерін жазу.

«Жабық пластикалық бөтелкемен тәжірибе»

Бос пластикалық бөтелкені тығынмен жауып тоңазытқышқа қойыңдар. Бір минут өте салысымен ішіндегі ауаны сорып алғандай бөтелке қабысып қалады. Неліктен олай болады? Егер оны тоңазытқыштан алса, бастапқы пішінге келе ме?

Кесте



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық және газ тәрізді заттардың құрылымын түсіндіреді

Оқушылардың басым бөлігі: Заттың агрегаттық күйлеріне мысалдар келтіреді.

Агрегаттық күйі әртүрлі заттардың қасиеттерін анықтайды.

Кейбір оқушылар:

заттардың бір-біріне айналуының себебін түсіндіреді.



Жаңа сабақты меңгерту кезінде ҚБ - қолпаштау, жарайсың, өте жақсы деген жетелеу сөздері арқылы бағалаймын.

Сабақ соңындағы топтық жұмыс пен жеке тапсырмалар критерийлер бойынша дескриптор арқылы бағаланады.


Сыныптың санитарлық талапқа сай болуы. Тапсырмаларды орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары (оқу мақсаттары) дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқу болды, неліктен?






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!