Заттардың құрылысы мен қасиеттері 5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заттардың құрылысы мен қасиеттері 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5.3.1.2- заттардың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылымын бөлшектер теориясына сәйкес түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқамерзімді сабақ жоспары


Білім беру ұйымының атауы


Пәні:

Жаратылыстану

Бөлім:

5.2 A Заттар және материалдар

Педагогтің аты-жөні:

Исмагулова М.

Күні:


Сыныбы: 5

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Заттардың құрылысы мен қасиеттері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.3.1.2- заттардың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылымын бөлшектер теориясына сәйкес түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Заттардың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылысын анықтау

Заттардың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылысын бөлшектер теориясы бойынша салыстыру

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин.


Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу

Оқушылар оқулық,дәптерлерін алып сабаққа дайын отырады.



Жаратылыстану. Жалпы білім беретін мектептің 5 сыныбына арналған оқулық/

Б.Ш.Әбдіманапов, А.У.Әбілғазиев. Алматы: Атамұра, 2017

жұмыс дәптері






Өткен тақырыпты еске түсіру

7 мин.

Мұғалім «Сұрақ менен,жауап сенен» әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында сұрақтар қояды.

1.Заттың неше агрегаттық күйі бар?

2.Оларды атап бер

3.Молекула дегенміз не?

4.Атомдар дегеніміз не?

5.Зат пен физикалық дененің қандай айырмашылығы бар?

6.Диффузия құбылысын түсіндір.мысал келтір

7.Қандай заттың күйінде диффузия өте жылдам жүреді?

8. Қандай жағдайда диффузия жылдам жүреді?

Оқушылар үй тапсырмасы бойынша берілген сұрақтарға жауап беріп, талдау жұмыстарын жасайды

Мұғалім бағалауы

Әр дұрыс жауапқа 1 балл

Жаңа сабаққа кіріспе

3 мин.



(Ұ) «Суреттер сөйлейді» әдісі

-Оқушылар суреттен не көріп тұрсыңдар?

-Заттың қандай күйлері берілген?


Олай болса сабағымыздың бүгінгі тақырыбы мен мақсаты қандай?


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғаліммен бірге сабақтың тақырыбы, мақсатын анықтайды.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру

Сабақтың ортасы

24 мин.


Мұғалімнің жаңа тақырыпты қысқаша түсіндіруі.Оқушыларға жетелеуші сұрақтар қоя отырып тақырып ашылады.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Керекті ақпаратты «Түртіп алу» әдісі арқылы дәптерлеріне жазып отырады.


Мұғалім бағалауы

Дескрипторлар:

Білім алушы:

-сұрақтарға жауап береді;

анықтамаларды дәптерлеріне жазады.

Жалпы: 2 балл

Мұғалім оқушыларға тәжірибені орындатады, бақылайды.

Тәжірибе 1. Газдардың қасиеттерін зерттеу.

1. Шарды үрлеңіз. Шардың қай бөлігін ауа алып тұр? Газдың пішіні қандай?

2. Қолыңызбен шарды қысыңыз (шардың формасын өзгертіңіз). Ауаның көлемі сақталды ма? Оның пішіні сақталды ма?

3. Шприцтің поршенін тартып, оны ауамен толтырыңыз. Тесігін саусағыңызбен жауып, сыға бастаңыз. Газды сығу оңай ма?


Тәжірибе 2. Сұйықтықтардың қасиеттерін зерттеу.

1. Мензурканың көмегімен сұйықтықтың көлемін өлшеңіз. 2. Суды пішіні әртүрлі ыдыстарға құйыңыз. Ыдыстың қай бөлігін сұйықтық толтырып тұр? Сұйықтық өз пішінін сақтайды ма?

3. Сұйықтықтың көлемін қайта өлшеңіз. Оның көлемі өзгерді ме?

4. Шприцті сумен толтырыңыз. Тесігін саусағыңызбен жауып, сыға бастаңыз. Сұйықтықты сығу оңай ма?


Тәжірибе 3. Қатты денелердің қасиеттерін зерттеу.


1.Түрлі түсті ермексаздың екі кесегін бірінің үстіне бірін қойып, қатты басыңыз.

2.Қатты денелердің пішіні бар ма?

3. Өз көлемін сақтайды ма?

4. Қолыңызбен денені басыңыз. Оны сығу оңай ма?


Оқушылар тәжірибе жүргізіп, сұрақтарға жауап береді.


Орындалған тәжірибелердің негізінде оқушылар келесі кестені толтырады.

Салыстыру критерийлері

Газ

Сұйықтық

Қатты дене

Молекулалардың орналасуы




Молекулалардың қозғалу сипаты




Молекулалардың арасындағы тартылыс күші




Пішіні сақталама




Көлемі өзгередіма






Мұғалім бағалауы

Дескрипторлар:

Білім алушы:

-тәжірибені орындайды;1 балл

-сұрақтарға жауап береді;2 балл

-кестені толтырады. 5 балл.

Жалпы:8 балл

Тәжірибеге керекті заттар:

Шар,шприц,мензурка,су,әр түрлі ыдыстар,түрлі түсті ермексаз

Сабақтың соңы

Рефлексия

5 мин.

«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

.



Үйге тапсырма

Бағалау

3 мин.

Кестені аяқтау, сұрақтар дайындап келу

1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.01.2023
949
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі