Зейінді дамытуға араналған тренинг:
«Мергендер»
Мақсаты: Зейін процессінің ерекшелігімен танысу. Зейінді
оқушыны анықтау, зейінділікті дамыту.
Жабдықталуы: қызыл – қара таблица, Мюнхенбергтің
әдісі бойынша ақ параққа жазылған әріптер, қалам,
дәптер.
1.Тренингкке қатысушыларға, ойынның мақсаты және
шарттары түсіндіріледі.
1.«Сөзді бұзу»
жаттығуы.
Мақсаты: зейіннің концентраты мен тұрақтылығын
жаттықтыру.
Нұсқау: қазір біз кемі екі ойыншыдан тұратын екі команда
құрамыз. Екі команданың ішінен бірінші нөмірлі ойыншы мен екінші
нөмірлі ойыншыны анықтаймыз. Бірінші ойыншылар бір-біріне бетпе-бет
қарап тұрулары қажет және дауыстап біреу 100-ге дейін жұп сандарды
айтса, екіншісі 99-ға дейін тақ сандарды айтып шығулары тиіс. Ал
екінші нөмірлі ойыншылар бірінші нөмірлі ойыншылардың шатасып
кетпеуін бақылап отыру қажет. Егер шатасқан болса, ол туралы
жүргізушіге хабарлаулары тиіс. Осылай кімде-кім жаңылыспай 100-ге
немесе 99-ға дейін бірінші болып санап шығатын болса, сол команда
жеңіске жетеді.
-
инут.
2.«Шыбын»
ойыны: Тақтаға тігінен он клеткадан және көлденен
он клеткадан тұратын төрт бұрыш сызылады, оның кезкелген жеріне
нүкте салынады, Осы нүктені «шыбын» деп атаймыз. Сонан соң
жүргізуші шыбын бір клетка жоғары, төрт клетка оңға, бес клетка
солға, алты клетка төмен дегендей нұсқау береді, шыбын қонды деген
кезде оқушылар «шыбын» қайда қонып тұрғаны туралы айтып нүктені сол
жерге ауыстырады, дұрыс тапқан оқушы жүргізушінің орнын ауыстырып
өзі «шыбынның» ұшу жолын айтады, қалған оқушылар оны табу
керек.
3.«Пионино»
әдістемесі: Оқушылар шеңбер құра отырып, екі жағындағы
адамдардың тізесіне қолдарын қояды, Сонан соң жүргізуші қасындағы
адамның тізесінен бір рет түртеді, келесі қол екі рет түрту керек,
одан кейінгі қайтадан бір рет түрту керек. Ойын осылай жалғасын
табады. Шатасып қалған оқушы ойыннан шығып отырады, шеңберде бір
адам қалғанша ойын жалғасады, сонына дейін жеткен оқушы ең зейінді
оқушы атанады.
4.«Жануарды қалдырып кетпе (өсімдік,
мамандық)»
Сөздер қатары оқылады. Балалардың мақсаты мысалы,
мамандық кездескен кезде қолмен шапалақтауы керек. Келесі жолы
өсімдікті білдіретін сөзді естіген кезде орындарынан тұрады. Одан
кейін екі тапсырманы біріктірсе де болады.
Жаттығу зейіннің ауысу мен бөліну
жылдамдығын, ықыластылықты дамытады, одан басқа баланың танымдық
белсенділігін және ой-өрісін кеңейтеді.