Материалдар / Зейінді дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Зейінді дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бастауыш сынып оқушыларының танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету».
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2019
20085
62 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



















































Қостанай облысы Амангелді ауданды

Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім

беретін орта мектебінің педагог-психологы

Магзумова Шамшия Файзоллақызының

іс-тәжірибесінен























2016 жыл







Алғы сөз

Қабілеттер тек іс – әрекетте көрініп қана

қоймай, сонымен қатар іс – әрекет

барысында пайда болады және дамиды.

Б.М.Теплов


Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне - өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Бастауыш саты - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Біздің міндетіміз - жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру. Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Білім негізі бастауыштан басталатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым: «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету». Осыған орай, Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде қызмет ете жүріп, әріптестеріме көмекші құрал ретінде пайдалануға, өзімнің қолданып жүрген бастауыш сыныптарға арналған танымдық ойындар мен жаттығуларды назарларыңызға ұсынамын.



Ә.Боранбаев АЖББОМ психологы Магзумова Шамшия Файзуллиновна

Зейінді дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар

«Не өзгерді?»

Мақсаты:Баланың ырықты зейінін дамыту.

Өткізу әдісі:Үстелге үш – төрт ойыншық қойылады.(ойын барысында ойыншық санын көбейтуге болады.) Бұдан соң баладан ойыншықтарды есте сақтауы сұралады. 1 -2 минуттан соң, баланы теріс қаратып қойып, үстелдің үстіндегі ойыншықтан біреуін алып немесе ойыншықтардың орнын ауыстырып қоямыз. Содан соң, баланы бері қаратып,үстелдің үстінен не өзгергенін сұраймыз.

«Айырмашылығын тап»

Мақсаты:Баспа әріптердің элементтерінің орналасуындағы ұқсастығы мен айырмашылығын табуға үйрету.

Нұсқау:«Әріптерді мұқият қарап, олардың бір – бірімен ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңдар және бұл жұмыста жылдам әрі дұрыс істеуге тырысыңыздар».

  1. АИНП

  2. ГТПН--------

  3. РЬФ

  4. КНИ

  5. ВБФР

  6. ОЮС

  7. ЕШЩ

  8. ХУКЖ

  9. МНП



«Корректуралық байқау»

Мақсаты:Жазылған әріптер мен сандарға талдау жасауға үйрету және ішінен керегін таба білуге үйрету.Бұл арқылы зейіннің тұрақтылығын және концентрациясын дамыту.

Нұсқау:«Қағаздағы әріптер мен сандардың жиынтығына мұқият әрі шапшаң қарап отырып оның ішінен «а» әріпі мен «2» санын сызып шығыңыздар.

8абвгд4жзе2атунол9стуфғыю

ато2я3с2ном6абвгд2умлэятсь х а м

икал2мрт4снжст2а5и6адортл ж т у б в

епиаб6ры2ро8лба7глпа5жсие р а 9 я

р8нгы2зща кнглд2 вджуцуаф р а 5 п к е ч



«Алақан шапалақтау»

Мақсаты:Бала зейінін тез аударуға қабілеттілігін және тез бөлінгіштігін дамыту.

Нұсқау:«Мен қазір сіздерге әртүрлі сөздер оқимын, ал сіздер осылардың ішіндегі тірі табиғатты бейнелейтін сөздерді оқығанда алақандарыңды шапалақтап отыруларыңыз сұралады.»





«Рұқсат етілмейтін қимыл»

Мақсаты:баланың зейінінің тұрақтылығын дамыту;

Нұсқау: «Балалар қане, бәріміз түзу тұрып, маған назар аударыңыздар.Қазір мен қолыммен түрлі қимылдар жасаймын. Ал сіздер осы қимылдарды мұқият қарап отырып, менің артымнан қайталап отырыңыздар.Бірақ, мына шартты ұмытпаңыздар: қолыңызды төмен түсіруге болмайды.Мен қолымды төмен түсіргенде сендер жоғары көтеріңіздер. Кім қателесіп менімен бірге қолын төмен түсіріп қойса, сол ойыннан шығады.»

«Көзбен сана»

Мақсаты: Белсенді зейінді, оның шоғырлануын қалыптастыру.

Нұсқау: «Алдарыңыздағы суретке мұқият, зейіндеріңізді салып қараңыздар.Бұл суретте дөңгелектер мен қосу таңбасының суреттері бейнеленген. Ал, енді мұқият болыңыздар? Саусақтың немесе карандаштың көмегінсіз әр қатардағы қосу таңбасы мен дөңгелектерді көзбен санап шық. Жанына жауабын жаз. Алдымен дөңгелектің санын, содан соң қосу таңбасының санын есептеп шығып, жанына жаз.» Бұл жаттығуды тез есептеу арқылы бірнеше баланы жалғастыруға болады.

+ 0 0 + 0 + + + 0 0 + 0 + + 0 + +

0 + + 0 0 0 + + 0 + + + 0 0 + 0 0

+ 0 + 0 0 0 + + 0 + + 0 0 0 + + +

0 0 0 + + + 0 + 0 + + 0 + + + + 0

+ + + 0 0 0 0 + 0 + + + + 0 0 0 +

0 + 0 + 0 0 0 0 + + 0 + 0 + + + 0 0

+ + + + 0 + 0 0 + + 0 0 0 0 + + +

+ 0 0 0 0 0 + + + 0 0 + + + + 0 0



«Сурет сал»

Мақсаты:Ырықты зейінді қалыптастыру.

Өткізу әдісі:«Алдымен балаға қағаз бен түрлі – түсті қарындаштар береміз. 10 үшбұрыштың суретін бір қатарға салғызамыз да, балаға мынадай тапсырма береміз. Алдымен берілген тапсырманы мұқият тыңдап ал. Мына суреттегі 3 –ші, 6 – шы, және 9 – шы үшбұрыштарды қызыл бояумен боя, 2 –ші және 5 –ші үшбұрыштарды көкпен бояуға кірісейік.»







«Атауға болмайтын сандар»

Мақсаты:Шарт пен материал арасындағы зейіннің шоғырлануын, бөлінушілігін дамыту.

Өткізу әдісі:Балаларға сұрақтар беріледі,ал балалар осы сұрақтарға тез – тез жауап беріп, отыру керек және бұл ойынды ойнағанда мына екі шартты ұмытпау керек.

  1. 2 және 4 санын айтуға болмайды.

  2. Бір рет айтылған санды қайталап айтуға болмайды.

Сұрақтар:1. Бір қолда неше саусақ бар?

2. Итте неше аяқ бар?

3. Екіні үшке көбейткенде неше болады?

4. Тауықта неше аяқ бар?

5. Сен неше жастасың?

6. Аспанда қанша жұлдыз бар?

7. Екіге екіні көбейткенде неше болады?

8. Бегемотта неше көз бар?

9. Үшке екіні қосқанда қанша болады?

Жауаптары:1.Бес; 2.мысықта қанша, итте сонша аяқ; 3. Алты; 4. Жұп; 5. Аз

6. Өте көп; 7.3 –ке бірді қосқандағы сан шығады;8. Менде қанша көз бегемоттада сонша көз; 9. Үшке үшті қосып, бірді алғанда шығатын сан.



«Аралас әңгіме»

Мақсаты:Қасындағы адамның айтқанына назар аударып оған зейінін аудара білуге дағдыландыру.

Өткізу әдісі:Балалларға берілген тақырыпта әңгіме құрастыру жөнінде тапсырма беріледі. Ол үшін оқушы сол тақырыпқа тағы бір сөйлем жазып үшінші оқушыға жалғастырады. Бәрі жазып болғаннан кейін әрқайсысы өз сөйлемін оқиды.Сонда барлығынан аралас әңгіме шығады.

Ойлауды дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар



«Төртіншісі артық»

Мақсаты:Талдау және топтастыру ой операцияларын дамыту.

Нұсқау:«Балалар,сіздердің алдарыңызға 4 үлестірме қағаз беріледі. Онда үшеуі бір – бірімен байланысты да біреуі артық. Сіздердің мақсаттарыңыз мұқият қарап отырып, осы 4 заттың ішіндегі артығын табу. Кім жылдам және дұрыс табады, сол жеңімпаз болып саналады.»

Үлестірме қағаз: 1. Қызғалдақ, түймедақ, мысық, інжугүл

2. Қарандаш, қалам,дәптер,бояу;

Төртінші артық затты тапқаннан кейін, қалған үш затты бір сөзбен қалай атауға болатынын балалардан сұрау керек.

«Заттарды салыстыр»

Мақсаты: Ойлау операцияларын дамыту.

Өткізу әдісі:«Балалар сіздердің алдарыңызға жұп сөздер берілген. Сіздер оны оқыңызда, олар не себепті ұқсас, не себепті айырмашылығы бар екенін анықтаңыз.

  1. Шыбын және көбелек 6. Көл және өзен

  2. Үй және сарай 7. Қала мен дәптер

  3. Үстел және орындық 8. Кітап және дәптер

  4. Су мен сүт 9.Скрипка және сырнай (гармон)

  5. Балға және балта 10.Төбелес және жанжал

«Сөзді аяқтау»

Мақсаты:Ойлау жылдамдығын дамыту.

Нұсқау:«Балалар мен қазір сіздерге сөздің алғашқы буынын оқимын, ал сіздер оны аяқтауларыңыз керек.»

Мынадай 10 сөздің алғашқы буыны беріледі:

  1. Сый 3. Ау 5. Ай 7.Ше 9. Ба

  2. Ха 4. Ми 6. Қас 8. Ша 10. Ер



«Артық сөзді тап»

Мақсаты: Мәнді белгілерді білу, ойлау үрдісін дамыту.

Нұсқау: «Қазір мен сіздерге 4 сөз оқимын, оның біреуінің мағынасы бөлек. Сізге берілетін тапсырма осы сөзді тауып жазып, оның не себепті артық екенін түсіндіріңіз»





  1. Арман,Айдар, Бақыт, Балдырғанов

  2. Сүт, ірімшік, ет, қаймақ

  3. Шаң, жаңбыр, шық, қырау

  4. Ата, мұғалім, ана, әке

  5. Қаламсап, қылқалам, раушан, қарандаш

  6. Бөрік, тымақ,шарф, қалмақ

  7. Троллейбус, трамвай, трактор, автобус

  8. Аққайың,қарағай, қарбыз,шырша

  9. Кірпіш,тас,үй, саз

  10. Туфли, көйлек, бәтеңке, етік

«Сөйлем құра»

Мақсаты:Заттарды өзара тез байланыстыруды дамыту.

Өткізу әдісі: Балаларға үш бір – біріне байланысы жоқ сөздерден мүмкіндігінше көбірек сөйлем құрастыру тапсырылады. Мысалы: мынадай үш сөз берілсе, « өзен, карандаш, аю» мынадай сөйлемдер құрастыруға болады.

  1. Аю карандаш алып,өзеннің суретін салды.

  2. Аю өзен жағасына отырып, карандаш кемірді т.б.

Берілетін сөздер:

  1. Теледидар, кенгуру, орман.

  2. Кітап, машина, жаңбыр.

  3. Піл, арқан, өрт.

  4. Таңертен,сарай,мысық.

(Құрастырған сөздерін дәптеріне жазып отыру сұралады. )

«Болады - болмайды»

Мақсаты:Себеп – салдарлық байланыстарды қалыптастыру қабілетін дамыту

Нұсқау: «Мен әртүрлі жағдайларды айтып допты лақтырамын, егер осы жағдайлардың болуы мүмкін болса допты қағып алыңыздар да, мүмкін емес жағдайлар болса допты ұстамаңыздар»

Жағдайлар:

1.Мысық тамақ пісірді 8.Әйнек бәтеңке

2.Пойыз ауада ұшып жүр 9.Кастрюльде тамақ тұр

3.Мысық тамақ жегісі келіп отыр 10.Түнде күн шығады

4.Адам ұя тоқыды 11.тауық жем жеді

5.Почташы хат әкелді 12.Бала құйрығын қозғады

6.Қоян мектепке барады 13.Құрылысшы үй тұрғызды

7.Тұздалған алма 14.Мысық тышқанды қуды



«Анаграмма»

Мақсаты:Ойлау қабілетінің варианттарын және сөз қорын дамыту.

Нұсқау:«Балалар, қазір мен сіздерге әртүрлі анаграмммалар беремін.Солардан әріптерді ауыстырғанда қандай сөздер шығатынын табыңыздар».Мысалы: мына анаграмманы шеше отырып, әріптерді алмастырғанда қандай сөздер шығатынын тап.



А) үйде: Ә) Автомобиль маркалары:

ЕРЕТЕЗГОЛАВ

ЫАШРТУГЛИИЖ

ҒБАҚЫАРЕРЕМДСЕС



Б) Жануардың атауы В) Гүлдің аттары:

ҚСАҚЫР НАРУША

ЛҮТІК РСАТА

ОНҚЯ РМОАКАШ



Есті дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар

«Суреттер»

Мақсаты:Көріп есте сақтауын дамыту (қысқы мерзімдік және ұзақ мерзімдік)

Нұсқау:«Қазір мен сіздерге кезекпен 10 суретті көрсетемін, оның әр біреуінде сендерге таныс заттар бейнеленген (әр суретті көрсету уақыты 1 – 2 секунд). Ал енді осы көрсетілген он суреттің есінде қалғанын ретімен атаңыз»

«Құлама сөз»

Мақсаты:Қысқа мерзімдік естіп есте сақтаудың сөздегі көлемділігін дамыту.

Нұсқау:« Балалар, сіздер қазір менің айтқанымды қайталап отыруларың керек.Мен бастапқыда 1 сөз оқимын содан соң екеу, одан соң үшеу, міне осылай жалғасып кете береді. Сіздер осы сөздерді есте сақтауларыңыз керек».


Сөздер:

1.От

2.От, үй

3.От,үй, ат

4.От,үй,ат,балық

5.От, үй, ат,балық бор

6.От үй, ат, балық, бор,тау

7.От,үй,ат, балық, бор,тау, бал

8.От, үй, ат,балық,бор,тау, бал,қайың


«Құлама сан»

Мақсаты: Есте сақтаудың сандағы көлемділігін дамыту.

Нұсқау: «Балалар, қазір сіздер менің айтқанымды қайталап отыруларың керек. Мен бастапқыда 1 сан оқимын, содан соң үшеу, міне осылай жалғасып кете береді. Сіз осы сандарды есте сақтауларыңыз керек»



Сандар:6,2

2,8,3

1,7,4,3

6,3,5,1,9

1,4,8,6,9,2

,9,3,8,1,4,7


«Мен қапқа салдым»

Мақс

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!