Материалдар / «Зерде дамуы бұзылған балаларды түзете-дамыта тәрбиелеуде құм терапиясының маңызы»

«Зерде дамуы бұзылған балаларды түзете-дамыта тәрбиелеуде құм терапиясының маңызы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсақ моторикасын, қиялын, ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту. Нұсқауды естіп, оны орындауды үйрету. Жүйке жүйесін жайландыру. Сөйлеу тілін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2018
530
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дефектолог – мұғалімі Каликова Айгерім Орынғалиқызы

Тақырыбы: «Зерде дамуы бұзылған балаларды түзете-дамыта тәрбиелеуде құм терапиясының маңызы»

Түзету мақсаты: Ұсақ моторикасын, қиялын, ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту. Нұсқауды естіп, оны орындауды үйрету. Жүйке жүйесін жайландыру. Сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Шыдамдылыққа, төзімділікке үйрету. Бастаған істі аяғына дейін сабырмен орындауға дағдыландыру.

Көрнекілігі: Құм, құмға арналған ванна, қышыдағы су, күрекше, түрлі қалыптар, жүк көліктері, кинетикалық құм.

Әдісі: Көрсету, түсіндіру, бірлесе жұмыс жасау.

Зерде дамуы бұзылған балаларды түзете-дамыта тәрбиелеуде заманауи инновациялық әдістерді қолданған тиімді. Соның ішінде балаларды шаршатпай, жалықтырмай, жан-жақты дамуына «Құм терапиясының» тигізер үлесі мен септігі орасан зор. Зерде дамуы бұзылған балалардың танымдық процестерін дамытуда қолданылатын түрлі әдістердің ішінде құм терапиясына тоқталғым келеді. Терапия – емдеу деген ұғымды білдіреді, ал құм терапиясы-құммен емдеу дегенді білдіреді. Бұл ем түріне ешқандай дәрі қажет емес. Құм терапиясы – адамның ойлау қабілетін дамытады, зейінін арттырады. Сонымен қатар, адамның жүйке жүйесін жайландыратын қасиетке ие. Сол себепті де балалар құммен ойнағанды өте жақсы көреді. Жаз мезгілі асыр салып ойнайтын сәт болғандықтан, балаларымызға ауладағы құмзарда ойнауға жағдай жасауымыз керек. Балалар құмзардағы құмды сумен араластырып, сазбалшық илеп, олардан түрлі зәулім сарайлар тұрғызып, тоқаштар мен торттарды жасап еңбектенеді. Бала құммен ойнау арқылы агрессиядан арылып, бір-бірімен өзара түсінісіп, өзара жоспар құрып, бірлесе жұмыс жасайды. Олардың бір-бірімен қатынас жасауы – тілдік және коммуникативті дамуында жағымды әсерін тигізеді. Өзімнің балалық шағымда менде барлық балалар секілді аулада құммен ойнағанды, жаңбырдан кейін балшықты қолыммен ұстап, жалаң аяқ басып, оларды илеп түрлі пирамидалар, қамалдар тұрғызып, оларды түрлі тастармен безендіруші едім. Құмнан түрлі үлкенді-кішілі торттар, бәліштер жасап, оны дастархандағы ыдыстарға салып, құрбыларымды қонаққа шақырып, үй болып ойнайтынмын. Ал сіздер ше? Сіздердің де балалық шақтарыңызда осы ойындарды ойнағандарыңыз естеріңізге түсіп отырған шығар. Ол кездер керемет бақытты кездер еді ғой. Ендеше,бізде тәрбиелеп отырған балаларымызға сол бақытты сезінуге мүмкіндік туғызбасқа?! Балалық шақтағы түрлі ойындарымыз үлкейген кезімізде де қызықты. Мысалы: баламен бірге құмды алақанымызға салып, саусақтарымыздың арасынан сусылдатып төккенде жүйке жүйеміз жайланып, жанымызға жағымды әсер аламыз. Не себепті? Құмның ерекшелігі неде? Құм терапиясы :
  • Баланың бойындағы қорқыныш сезімін, үрей, қобалжуларды сыртқа шығарады.
  • Баланың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамытады. Қиялын шыңдайды.
  • Баланың жүйке жүйесін тыныштандырады.


Жаз айларында балаларды ауладағы құмзарларға ойнатсақ, қыс айларында бөлме-лерде орналасқан құмға арналған ванналарда түрлі ойындар ұйымдастыруға болады. Құммен ойналатын ойын түрлері:1. «Құм астында не жасырынды?» Құмның астына түрлі ұсақ ойыншықтарды жасырып, бала екі қолымен құмды сапыра отырып тауып алады. Тауып алған ойыншықтың атын атап, оның пішінін, түсін ажыратады. Барлық ойыншықтарды тауып, құмнан шығарғаннан кейін оларды санап басқа ыдысқа салады. 2. «Сезімтал алақандар».Бұл ойынды да құмның астына түрлі ұсақ ойыншықтар жасырып қоямыз. Баланың көзі жұмулы күйінде құмның арасынан ойыншықтарды қос қолмен іздеп тауып, ол ойыншықтарды сипап сезу арқылы қандай ойыншық екенін тауып атайды.3. «Құрылысшы» (топтық ойын)Балалардың бірі ойыншық жүк көлігіне күрекшемен құмды тиеп, көлігімен екінші жерге апарып төгеді. Екіншісі сол құмды сумен араластырып, одан кірпіш соғады. Үшінші бала-сол кірпіштерден қамал тұрғызады. Бұл ойынды жаз мезгілінде аулада алдын-ала дайындалған аймақта өткізген дұрыс.4. «Сиқырлы қалыптар».Түрлі қалыптарға (жұлдызша, пішіндер, аңдар, жануарлар, жемістер)құмды су бүркіп дымқылдап алып, саламыз. Оны алақанымызбен, саусақтарымызбен тегістеп, тегіс жерге аударамыз. Қалыпқа салған құмымыздан не пайда болды? – деп балаға сұрақ қоямыз, және жауабын тыңдап, мадақтаймыз.5. «Құмдағы моншақтар».Құмға моншақтарды араластырып қойып, оны сүзгімен сүзіп аламыз. Сүзгіден сусылдап төгілген құмға баланың зейінін аударамыз. Сүзіп алған моншақты жіпке тізіп, түрлі алқа, білезіктер жасаймыз. 6. «Ненің ізі?»Құмды дымқылдап алып, тегістейміз. Тегістелген құмға баланың көзін жұмғызып тұрып, түрлі қалыпты (жануарлар, жемістер, пішіндер) сырт жағымен бастырып, із қалдырамыз. Баланың көзін ашып, ненің ізі екенін сұраймыз. Құммен сурет салу – бұл бала үшін кішкентай мейрам. Себебі, оны үйде, далада, балабақшада, мектепте немесе басқа жерде өткізуге болады. Қазіргі таңда құм анимациясы өте танымал. Құмнан сурет салу өнері – жай, қол жетімді, аса қымбат емес қызықты іс. Әйнек бетіне құммен сурет салу таңғажайып әдемі. Құммен сурет салу өте қызықты іс болғандықтан, кереметтей жақсы сурет салып білмесе де, балаларымыз бір бейненің сұлбасын салып қызықтайды. Бұл балалардың дұрыс жетілуіне, саусақтарының епті болуына пайдасын тигізеді. Ұсақ моторикасының дамуына ықпал етеді. Ал ұсақ моторикасының дамуы сөйлеу тілінің кемістігі бар балалардың сөйлеу тілін дамытуға көмектеседі.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ