400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Зерде" зияткерлік сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагог әріптестерімізге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Зерде» зияткерлік сайысы


Мақсаты: 1. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда

сай азаматты қалыптастыру.

2. Жас ұрпаққа саналы білім беру, әлемнің дамыған

елдерімен тең дәрежеде болуға тәрбиелеу

3. Оқушының пәнге қызығушылығын, ойлау қабілетін

дамыту алғырлыққа, тапқырлыққа және тез ойлауға

тәрбиелеу

Ресурстар: Интербелсенді тақта, карталар, суреттер

Формасы: Сайыс сабақ

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Ынтымақтастық атмосферасын орнату

1топ: 9а сыныбы- Шағыл тобы

2 топ: 9б сыныбы- Гринвич тобы

3 топ: 9г сыныбы- Бергштрих тобы

Сайыс кезеңдерімен таныстыру

1. “Білім биржасы”

2. “Сөздер банкасы”

3. “Қара жәшік”

4. “Елтану”

5. “Картограф”

6. Ойконимдер шеруі”

Жүргізуші сөзі:

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән

Топ сұрақтары:

1 кезең «Білім биржасы» Әр топқа он сұрақтан беріледі.

1 топ сұрақтары:

1.Географияның атасы кім?

2. Ауа қысымын өлшейтін құрал?

3. Дүниежүзіндегі ең үлкен арал?

4. Қазақстан көмір қоры жөнініен нешінші орында?

5. Этнос деген не?

6. Машина маркасымен аттас өзен?

7. Гастарбайтер деген кім?

8. Жер асты жер сілкінуінен жанартаудың атқылауынан пайда болатын толқын?

9. Эмигранттар деген кімдер?

10. Алтай тау жүйесі даму тарихына орай нешеге бөлінеді?

2 топ сұрақтары:

1.Қазақстанның халық саны қанша?

2. Темір мен никельден тұратын, жердің ең орталық өзегі?

3. Бизнес дегеніміз не?

4.Ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге орын ауыстыруын не деп атайды?

5. Дүниежүзіндегі ең үлкен түбек?

6. Моноқала деген не?

7. Қазақстан фаунасында сүтқоректілердің қанша түрі бар?

8. Сайқан желі қай бағыттарда соғады?

9.Табиғи-ресурстық әлеует дегеніміз не?

10. Ноосфера деген не?

3 топ сұрақтары:

1. Диаспора деген не?

2.Қазақстандағы ең биік тау жүйесі?

3.Масштабтың неше түрі бар?

4. Магелланның саяхаты қай жылдары жер шарын айналып өтті?

5. Қазақстан вольфрам қоры жөнінен дүниежүзінде нешінші орында?

6. Биологиялық ресурстарға қандай ресурстар жатады?

7. Қазақстандағы ең төмен нүкте?

8. Дүниежүзіндегі ең кіші мемлекет?

9. Хоронимдер деген не?

10. Аллюминий шикізаты?


2 кезең «Сөздер банкасы»

Берілген сөздердің анықтамасын айту қажет.

Ойконим, азимут, урбандалу, радиация, булану, экспорт, канал, валюта,

демография, тұман, мұздық


3 кезең «Қара жәшік»

Қаражәшік ішіне салынған затқа толық сипаттама беру қажет

1 топ- «Баян сұлу» конфеті

2 топ-«Ақмаржан» Қызылорда күріші

3 топ- көмір


4 кезең «Елтану»

Мәтін беріледі. Сол мәтінде қай ел немесе қай жер екендігін табу қажет.

1 топ:

Сіздер бейтаныс жерге кемемен жүзіп, жергілікті адамдармен тіл табыспақшы болып, оларға әртүрлі сұрақтар қоя бастадыңыздар. Олар сіздерге Кенгуру деген сөзден басқа сөз айтқан жоқ. Сіздер қай жерге келдіңіздер?

2 топ:

Сіздер бұл материкте оқымысты ғалым қызметкерлерден басқа адамдарды кездестірмейсіздер. Бірақ, ешқайсысы зәулім ғылыми институттарға жұмысқа бармайды және қарапайым вагон үйлерде тұрады. Бұл қай материк?

3 топ:

Бұл Ақмола -өңірінде орналасқан қырат. Орташа биіктігі 300-500м. Бұл жер туралы Сакен Сейфуллин поэма жазды. Бұл жерде Қазақстанның ірі демалыс орны бар. Бұл қай жер?


5 кезең «Картограф»

Берілген обьектілерді картадан тауып көрсету қажет

1топ - Балқаш көлі, Жайық өзені, Нұрсұлтан қаласы

2 топ- Арал теңізі, Мұғалжар таулары, Қарағанды

3 топ- Ертіс өзені, Жетісу Алатауы жотасы, Шығыс Қазақстан облысы


6 кезең «Ойконимдер шеруі»

1 топ:Алматы

Ақтөбе

Ақтау

Атырау

Шымкент

2 топ:Көкшетау

Қостанай

Қарағанды

Қызылорда

Тараз

3 топ:Өскемен

Қапшағай

Түркістан

Арқалық

Екібастұз

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден-жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол еңбектену, жалықпау

Қорытындылау


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
26.09.2020
1765
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі