Ы. Алтынсарин атындағы орта
мектеп
Сабақтан тыс
шара
Тақырыбы:
«Зерделілер мен
зейінділер» (Интеллектуалды
сайыс)
Сыныбы: 4
«Ә»»
Сынып жетекшісі:
Бекмашева Ж.У
Атырау
қаласы
Тақырыбы: «Зерделілер мен
зейінділер» (Интеллектуалды
сайыс)
Мақсаты: Оқушының
білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау
қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа
бейімдеу.
Әдісі: сайыс
сабақ
Көрнекілік: интерактивті
тақта, слайд, қима қағаздар.
Пәнаралық
байланыс: ауыз әдебиеті, шет тілі,
өнер,халық педагогикасы.
Барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
ІІ. Алдын ала тағайындалған топтарды
шақыру.
ІІІ.Әділқазылар алқасын
сайлау.
ІҮ.Сайыстың мақсатымен
таныстыру.
Ү.Топтардың аттарымен , ұранымен, таңбасымен
танысу.
- Сәлеметсіздер, құрметті оқушылар, ұстаздар,
келген қонақтар! ( әуен ойнап
тұрады)
«Зерделілер мен зейінділер»
атты
интелектуалды сайысымызға қош
келдіңіздер!
Әділ қазылар біздің мектебіміздің
ұстаздары.
(Әділ қазы
алқасымен таныстыру)
Бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысып
кетейік:
Таныстыру
І тур
«Бәйге»
ІІ тур «Мақал сөздің
мәйегі
ІІІ тур «Көрерменнен
көрімдік»
ІҮ тур «Кім көп сөз
жинайды?»
Ү тур «Алтын
жұмбақ»
ҮІ
тур «Тапқыр»
ҮІІ
тур «Елші»
Бәйгеге түсіп
жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар
ма?
Білім мен өнер
жарысып
Тәрбие, тәлім табар
мән.
Бұл бәйге – ойдың
бәйгесі.
Кім жүйрік ойға, сол
алда. Ендеше сайысымызды
бастайық.
І топтың аты
-«Тұлпар», ұраны
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», таңбасы - аттың
суреті.
ІІ топтың аты - «Қайсар»,
ұраны «Ұранды ердің- ұрпағы
қайсар»
ІІІ топтың аты- «Сұңқар»,
«Сұңқарға біз ұқсаймыз, алғырлықпен биікке
самғаймыз»
І тур
«Бәйге»
(Оқушылар қойылған сұрақтарға 1 минут ішінде тез
жауап беруі тиіс. Әр дұрыс жауапқа
1-ұпай)
І топ «Тұлпар» тобына
сұрақтар
1. 42 әріптің жүйелі
тізбегі қалай аталады?
әліпби
2. «Ерінбесең –емерсің»
мағынасы қандай? Еңбек
ету
3. Дауысты дыбыс тілдің
қатысына қарай нешеге бөлінеді? Жуан,
жіңішке
4. «Ақ киізге көтерді»
мағынасы не? Хан
сайлады
5. Жалғаудың түрлерін ата.
(көптік, тәуелдік, септік, жіктік)
6. Неше септік жалғауы бар? (7)
7. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар? (42)
ІІ
топ «Қайсар» тобына
сұрақтар
1. Қазақ әліпбиінде қанша
дыбыс бар? 42
2. «Көзіңді ойып берсең де
- дос көңілін қалдырма» мағынасы қандай? Досты ренжітпей,
сыйла.
3. Дауыссыз дыбыстың
түрлерін ата. (қатаң, ұяң,
үнді)
4. «Баланың» деген сөз қай
септікте тұрғанын тап. Ілік
септік
5. Дауыссыз дыбыс нешеге
бөлінеді?
6. «Ақылды» сөздің түбірін
тап.
7. «Құдықтан су әкелді»
етістігін тап.
ІІІ топ «Сұңқар» тобының
сұрақтары.
1. Қазақ әліпбиінде қанша
дауыстч дыбыс бар?
12
2. «Білегі күшті бірді
жығады,
Білімі күшті мыңды жығады» мағынасын
түсіндір.
3. Етістіктің неше шағы
бар? 3
4. «Әкеммен» деген сөз қай
септікте септелген? Көмектес.
5.Тұрлаулы мүше нешеге
бөлінеді? 2 бастауыш,
баяндауыш.
6.Сын есімнің
сұрақтары
7. Сөйлем түрлерін
ата.
І турдың қорытындысын
тыңдау.
ІІ
тур «Мақал сөздің мәйегі» (отан, тіл, денсаулық,
білім) туралы мақал-мәтел айту. Қай топ көп мақал-мәтел айтса ұпай
да көбірек беріледі.
ІІ турдың қорытындысын
тыңдау.
ІІІ тур «Көрерменнен
көрімдік»
(Топ ойыншылары қима қағаздағы сөздерді алып
қимылмен немесе жуық сөздермен түсіндіреді. Әр табылған сөзге
1-ұпай)
Ат Жұлдыз Аю
Телефон Той
Көгершін
Сәби Балмұздақ
Боран
ІІІ турдың қорытындысын
тыңдау.
ІҮ тур «Кім көп сөз
жинайды?»
(Сайыскерлер берілген
«Қазақстандық» деген сөзден көп сөз құрау.
)
ІҮ турдың қорытындысын
тыңдау.
Ү тур «Алтын
жұмбақ»
(Оқушылар берілген үзіндінің қай шығармадан
екенін анықтап, сол
шығармадағы кез келген киіпкерінің суретін салу. Әр
жауабқа 5-ұпай)
1.
Ол өзінің басқалардан
әлдеқайда артықтығын сезінетін тәрізді, өте маңғаз. Оның үстіне үш
мезгіл шақырған дауысы да
ерекше.
2.
Болған жоқ ұстауға оны жаман
ойым,
Көруге көзге бар ма, сірә
тойым?!
Адамға сенбейді ғой құс
баласы,
Жақыннан көрсетуге тұла
бойын.
3.
Әлгіде маған жинап бергендерің
ақша емес, енді қажеті жоқ лотория билеттері еді. Бірақ сендер
нағыз жігіт екенсіңдер, адал балақай
көрінесіңдер.
Ү турдың қорытындысын
тыңдау.
ҮІ
тур «Тапқыр»
1 топ
сұрақтары.
1. Сенің шашың
қандай?
2. Қазақстанда қандай жануарлар
бар?
3. Сенің досың
қандай?
4. Ән айтқан ұнай
ма?
5. Көктемде күн қандай
болады?
6. Бос кезінде не
істейсің?
7. Мектепте кітапханаға барасың
ба?
8. Қандай гүлді жақсы
көресін?
9. Қыста адамдар не
істейді?
2 топ
сұрақтары.
-
Сенің көзің
қандай?
-
Жасың
нешеде?
-
Аспанда не
бар?
-
Досың қандай
адам?
-
Мектеп
мұғалімдері қандай?
-
Жеміс-жидекті жейсің
бе?
-
Ең жақсы
көретін тамағың?
-
Үйіңде кім
бар?
-
Ата-анаң
неше жаста?
3 топ
сұрақтары.
-
Досың
кандай?
-
Сағат
неше?
-
Туған күнің
қашан?
-
Бақшада не
өседі?
-
Мектепте
қанша оқушы бар?
-
Кім болуды
армандайсың?
-
Отанды
сүйесің бе?
-
Үйіңде неше
адам бар?
-
Үйге
барғасын не істейсің?
ҮІ турдың қорытындысын
тыңдау.
ҮІІ
тур «Елші»
ҮІІ турдың қорытындысын
тыңдау.
1-сауал: «Бүгінгі сайыс жайлы, қатысушылар жайлы пікірлеріңізді
ортаға салсаңыз».
2-сауал: «Бүгінгі сайыста ерекше көзге түскен оқушылар жайлы
бір-екі ауыз сөз айтып
кетсеңіз»
3-сауал:
«Бүгінгі
қатысушыларға, біздерге қандай тілек
білдіресіз»
Қорытынды:
Оқушылардың тыңдау және есте сақтау қабілеттері
арқылы сайыс тапсырмаларына нақты жауапты ойлылықпен айта
білетіндіктері байқалды. Жан-жақты білім танымдылықтары арқылы
ізденіс, талпыныс мүмкіндіктері көрінді. Сөйлеу дағдылысы,тіл
мәдениетінде нақты жауап беру ұшқырлығы сыналды. Бірін - бірі
тыңдай біліп, бағалай білетіндіктері де байқалды. Оқушылар қазақтың
ұлттық салт-дәстүрін қадір тұтып, адамгершілік қасиеттерге ие
болды. Жеңімпаз топ анықталып мектеп әкімшілігінен мақтау қағазы
тапсырылды. Жеке оқушыларға да аты аталып, мақтау қағазы
тапсырылды.