Материалдар / Зертханалық жұмыс: Ферменттердің белсенділігіне әр түрлі жағдайлардың( температура, pH)зерттеу.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Зертханалық жұмыс: Ферменттердің белсенділігіне әр түрлі жағдайлардың( температура, pH)зерттеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология мұғалімдеріне әдістемелік көмек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2020
22822
43 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп

«№2 Теректі орта мектебі» КММ

Күні


Мұғалімнің аты-жөні:

Булекбаева Гульжанат Токтарбаевна

Сынып

Барлығы –

Қатысқандар –

Қатыспағандар -

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Қоректену

Сабақтың тақырыбы:

Зертханалық жұмыс: Ферменттердің белсенділігіне әр түрлі жағдайлардың (температура рН ) әсерін зерттеу.

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

9.1.2.3 ферменттердің белсенділігіне әр түрлі жағдайлардың (температура рН ) әсерін зерттеу.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:сілекей құрамындағы ферменттердің крахмалға әсерін байқап, амилаза ыдырағанда асқорытатын ферменттердің болуына көз жеткізу.

Оқушылардың басым бөлігі: ферменттердің белсенділігіне әр түрлі жағдайлардың (температура рН ) әсеріне байланысты қорытынды жасайды.

Кейбір оқушылар:Фермент белсенділігініңқандай жағдайда өзгеретінінедәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

1. Ферменттің не екенін біледі. Ферменттің әртүрлі жағдайға белсенділігін талдайды.

2. фермент белсенділігінің қандай температурада өзгеретініндәлелдейді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Зертханалық жұмысты жүргізе отырып, сілекейдің құрамындағы ферменттерді анықтайды. Әртүрлі жағдайда ферменттердің белсенділігін сипаттайды.Өзгерістерді бақылап, деректерді кестеге жазады (оқылым, айтылым, жазылым дағдылары).

Негізгі сөздер мен тіркестер:

бездер,сөлдер,асқорыту ферменттері,

крахмал, пепсин, амилаза.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған тармақтар:

Қойдың ішегінің ұзындығы өзінің денесінен 28 есе ұзын, ал адамның ішектері 6 есе, арыстанда 3 есе ұзын болады. Неге осындай айырмашылықтар болатынын талқылап, жауап беріңдер. /Ішектердің ұзындығы жеген тамаққа байланысты болады. Қой өсімдіктекті қорекпен қоректенгендіктен қиындау қорытылады, арыстан етпен қоректенеді, сондықтан қорытылуы жеңілдеу, ал адам өсімдіктекті азықпен және етпен аралас қоректенеді.

Сіз ... екенін айта аласыз ба?

Қарын сөлі етті қорытуға қатысатыны белгілі, ал қарынның қабырғасы бұлшық еттерден тұрады. Неліктен қарын өзін-өзі қорытып жібермейтінін айта аласыз ба? Қарынның қабырғасын сілемейлі қабықша астарлап жатады. Ол өзін-өзі қорытуға қарсы антиферменттер бөледі.

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Асқорыту жолына кіретін мүшелерді ретімен дәптерге жазу

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының үшінші құндылығы: «Зайырлы қоғам және руханият» аясында оқушыларды денсаулық сақтауға, ұлттық мәдениетті дамытуға, сапалы білім алуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, химия.

Алдыңғы білім

8.1.2.3 адамның ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметтері арасындағы өзара байланыс.





Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2-10 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру. «Суретке байланысты тілек».Оқушыларды шеңберге шақыру. Стикерлерге салынған әртүрлі суреттерді ұсыну (жүрек, көз, тіл, ми, тіс, шаш т.б.). Оқушылар таңдаған суретке байланысты бір-біріне жақсы тілек айтады.

Шағын топтарға топтастыру.Сабақ мақсатына байланысты құрылымдалған топтарға оқушыларды топтастыру.

І топ – Амилаза

ІІ топ – Лактоза

Тапсырма 1.

«Меннен сұрақ, сізден жылдам жауап» әдісі.

Екі топқа мұғалім кезек-кезек сұрақ қояды, оқушылар жылдам жауап береді.

  1. Ас қорыту жүйесіне жататын мүшелерді ата.

  2. Ауыз қуысының құрылысы қандай?

  3. Тіл қандай қызмет атқарады?

  4. Ересек адамда неше тұрақты тіс болады?

  5. Ас қорыту бездеріне қандай бездер жатады?

  6. Адам ағзасындағы ең ірі ас қорыту безі?

  7. Ас қорыту бездерін неліктен сыртқы секреция бездері деп атайды?

  8. Тілдің ұшы қандай дәмді сезеді?

Қолданылатын әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап

Қалыптастырушы бағалау: Бағалау парағы бойынша топтар бірін-бірі бағалайды.

Әртүрлі стикердегі суреттер

























Сабақтың ортасы

20-25 минут

Оқушыларға бейнежазба көрсетіледі.

Ой-толғаныс:

  • Фермент дегеніміз не?

  • Қандай ас қорыту ферменттерін білесіңдер?

  • Ферменттердің өзіне тән қандай қасиеттері бар?

Тапсырма 2.

Оқушыларға зертханалық жұмысқа арналған дәптерлерін алады.

Оқушылар қандай зертханалық жұмыс жасау керек екенін нұсқаулықтан оқып,талдайды.

2 зертханалық жұмыс. Фермент белсенділігіне әртүрлі жағдайлардың (температура, рН) әсерін зерттеу».

Мақсаты: Сілекейдегі амилаза мысалында асқорытатын ферменттердің болуына көз жеткізу.

Керекті құрал- жабдықтар: крахмал, йод, термостат(тар)немесе ыстық (55-60⁰С) жылы (36-37,5⁰С), суық (мұзы салынған) суы бар термос, лимон қышқылы, ас содасы, йод, сағат, су термометрі, сынауықтар және химиялық стақанда жиыны.










Жұмыс қорытындысын (байқалған нәтижені) нұсқаулық картаға толтырып отырады:

рН әсері

Темпратура әсері

1- тұғырдағы сынауықтар №

2- тұғырдағы сынауықтар №

1 қышқыл

2 сода

3 бақылаушы

1 суық

2- 55-66с

3 36-38с

ЙОД қосылған соң не байқады








Қалыптастырушы бағалау: Активатор 321


Тапсырма 3.

Оқулықтағы мәтінді қолдана отырып флипчартқа сызба жасаңыздар.

Дескрипторлар:

1. Ферменттердің белсенділігін әр түрлі темпратура жағдайында әсерін түсіндіру.

2. Ферменттердің жетіспеушілігі мен артықшылығы кезінде туындайтын өзгерістерді анықтайды.

Қолданылатын әдіс-тәсіл: Графикалық органайзер.

Ұйымдастыру формасы: топтық.

Қалыптастырушы бағалау: Бағдаршам.


Тапсырма 4.

Оқушылар мәтіндегі жаңа ұғымдарға анықтама береді.

Үш тілде айтып береді.

Kazakh

Russian

English

сілекей

слюна

saliva

Ұйқы безі

Поджелудочная железа

pancreas

бауыр

печень

liver

өт

жельч

bile

Қарын сөлі

Желудочный сок

Gastric juice

Дескрипторлар:

1. ферментердің белсенділігі жоғарлаған мен төмендеген кезінде туындайтын өзгерістерге анықтама береді.

2. ферменттердің белсенділігіне әр түрлі жағдайлардың (температура рН ) әсері кезінде туындайтын өзгерістерді салыстырады.

3. Ұғымдардың үш тілде айтылу жолдарын ұсынады.

Қолданылатын әдіс-тәсіл: Ақпаратты сүзу.

Ұйымдастыру формасы: жұптық.

Қалыптастырушы бағалау: Мұғалімнің басқаруымен және өзін-өзі бағалау арқылы тексеру жүреді. «+», «-», керемет.

Бейнежазба.

https://youtu.be/KP3nWdL4M98

Зерханалық дәптер.


йод,ас содасы,лимон қышқылы, сағат, мұз, крахмал,өлшеуіш колбалар, су моншасы, термостат.















Оқулық мәтіні, оқулық суреттері.















Кесте
















Сабақтың соңы

8-10 минут

Кері байланыс: Стикерлер арқылы.

- Мен бүгін білдім:..........

- Менде бір сұрақ............

- Маған қиындық туғызады..............


Үйге тапсырма:ферменттердың адамға пайдасы туралы хат. «РАФТ» әдісімен жазып келу.


Қосымша ақпарат

Bilimland. Kz, twig-bilim.kz


Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

-Сыныпта шағын топтарға топтастыруда саралауды қолдандым. Топқа бөлуде, оқушылардың қабілет деңгейлерін ескере отырып, құрылымдалған аралас топ құрдым.

-Терең білім алуға деген ынталарын жандандыру және оқытудың нысандарын іске асыру арқылы шығармашылығын дамыту мақсатында үй тапсырмасын жаңа тақырыппен үйлестіру мақсатында "Графикалық диктант"әдісі қолданылды.

-Жаңа сабаққа көпір салу мақсатында бейнежазба көрсете отырып «Миға шабуыл» әдісі қолданылды.

- Жаңа тақырыпты меңгеру үшін «Графикалық органайзер» әдісін қолдана отырып оқушылар өзіне белгілі ақпаратпен жұмыс істегенде мағлұматтармен жаңа деректерді салыстырады . «Ақпаратты сүзу» әдісі мәтіндегі терминдердің түсініктілігіне мән берілді. Мәтіндегі негізгі ойды тұжырымдайды.

-Мәтінге қосымша ресурстарды беруде, терминдердің түсініктілігіне мән берілді.

-Сабақтағы жаттығулардың күрделілігі тиісті деңгейде және барлық оқушылар орындай алатын етіп сараланған тапсырмалар дайындалды, тапсырманы орындау барысында оқушылардың қажеттілігіне қарай көмек қажеттілігі де ескеріліп, сараланды.

-Эксперимен арқылы оқушылар заттарды және оларда болып жатқан өзгерістерді танып біледі.

- Оқушылар зертханалық жұмыс барысында жұптық оқушылар өз білімдерінің деңгейлеріне байланысты талқылауқа қатысып, эксперименттің нәтижесін талдап, қорытынды жасай тырып, сараланып ашылып отырды. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда қарқынды жұмыс істейді, сондықтан кейбір оқушыларға қосымша тапсырмалар дайындалды.

Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырысыз?

- «Жалған» және «шындық»

тапсырманың дұрыстығын оқушылар Интербелсенді тақтадағы дұрыс жауап арқылы өзара бағалайды.

- «Бағдаршам» топтардың өзара бірін-бірі бағалауы.

- «+», «-», «керемет» тапсырманың дұрыстығын өзім бағалаймын

- «Активатор 321» оқушылардың оқу мақсатына жету деңгейін бағалаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

-Зертханалық жұмысты орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

Сымбатты сақтау ережелері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарларынан ауытқулар болды ма және неліктен?






578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!