Материалдар / зерттеу жұмыс "Алашқа 100жыл"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

зерттеу жұмыс "Алашқа 100жыл"

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің таңдаған ғылыми жобамның тақырыбы – Алаш партиясына 100 жыл Бұл тақырыпты зерттегендегі негізгі мақсатым Алаш партиясы қалай құрылғаның, қандай жолмен келгенің терең қарай отырып, жан-жақ қырынан танып, білу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2018
810
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі» КММ


Қарымсаков Несібелі - 8 сынып оқушысы

Тақырыбы:Алаш партиясына -100жыл

Жетекшісі: Туканова Сымбат Болатовна

Кіріспе --------------------------------------------------------------------------

«Алаш» париясының құрылуы-------------------------------------------

Алашорда үкіметі ------------------------------------------------------------

Қорытынды--------------------------------------------------------------------

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі --------------------------------------


Зерттеу мақсаты:

Менің таңдаған ғылыми жобамның тақырыбы – Алаш партиясына 100 жыл

Бұл тақырыпты зерттегендегі негізгі мақсатым Алаш партиясы қалай құрылғаның, қандай жолмен келгенің терең қарай отырып, жан-жақ қырынан танып, білу.

Зерттеу міндетім:

Тақырыбымның мақсаты негізгі жоспарға сәйкес Алаш партиясының құрылуын негізге ала отырып, Әлейхан Бөкейханов., Ахмет Байтұрсынов. Міржақып Дулатовтың ерең еңбектерін зерттеу.













XX ғасырдың бас кезі қазақ қоғамы үшін түрлі ағымдардың өзара қақтығыс, күрес кезеңі болды. Қазақ қоғамы үшін нағыз өтпелі кезең болған сол уақытта тарих сахнасына көтеріліп, бас-аяғы жиырма жылға созылған қысқа мерзім ішінде өшпес із қалдырған ұлт зиялылары еді. Кеңес үкіметі тұсында қазақ зиялыларының тарихын жасау ірі ресми саясатқа тікелей тәуелді болды. 1917жылдың ақпанынан қазанына дейін Ресейдегі сияқты Қазақстанда да көптеген саяси ағымдар мен саяси партиялар өмір сүрді. Солардың бірі –Алаш партиясы. Алаш партиясы Қазақстанның жеке мемлекет болып құрылуын, өз тілін, әдет-салтын сақтап, өркениетке жетуін аңсады.Олар сол кезде –ақ Кеңес Одағының құрамында Қазақстан жеке мемлекет болып дами алатындығын түсінді. КСРО-ның оны шикізат базасы ретінде ұстайтын саясатын алдын-ала білді. Алаш партиясының жетекшісі-Әлихан Бөкейханов болды және оның төңірегінде Ахмет Байтұрсынов., Міржақып Дулатов т.б. қазақтың таңдаулы зиялы өкілдері топтасты.

Кеңес үкіметі тұсында қазақ зиялыларының тарихын жасау ірі ресми саясатқа тікелей тәуелді болды. Алаш қайраткерлерінің тағдырын, әсіресе шет елдерге қоныс аударуға мәжбүр болған алаштықтардың өмірі мен қызметін танып білуде X.Оралтай еңбегінің орны ерекше. Мәселен, автордың "Алаш" партиясы тарихын 1905 жылдан бастауымен "Қазақ" газетімен бірге "Айқап", "Қазақстан" басылымдарын осы ұйымның органына жатқызуы. Бұл сөздер аталған еңбектің даулы жерлері болып табылады. Ф.Голощекин 1925 жылы Қазақ өлкелік партия комитетінің басшылығына келген кезден бастап "Алаш" деген атқа қатысы бар өнер, ғылым, мәдениеттің түрлі салаларында халық үшін жемісті еңбек етіп жүрген барлық қазақ зиялыларының соңына шам алып түседі. Алаш қозғалысына жетекшілік еткен қайраткерлер қызметтерінен куылып, Қазақстаннан аластатылып, олардың басым көпшілігіне "контрреволюциялық әрекеттер ұйымдастырушылар" деген саяси айып тағылады. Қазақ халқына қарсы жасалған геноцидтік саясатын іске асыру үшін Голощекин 20-шы жылдардың өзінде жекелеген қызметкерлерге алаштың "контрреволюциялық ұлтшылдық мәнін" әшкерелейтін еңбектер жазуға арнайы тапсырмалар береді.

Алаш партиясы 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өткен Бірінші бүкілодақтық съездің шешіміне байланысты құрылған еді. Бұл съезге Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана, облыстарынан және Бөкей ордасынан делегаттар қатысқан. Съезде қаралған 14 мәселенің ішіндегі ерекше маңыздысы қазақ қоғамының сол кездегі алдында тұрған мақсаттарына сәйкес қазақтың дербес саяси партиясын құру болатын. Бұл мәселені талқылау барысында съезд іс жүзінде партияны Ұйымдастыруға арналған Құрылтай Жиналысына айналады. "Алаш" партиясының облыстық ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастайды. Мәселен, Ә.Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен қазан айының шамамен 12-20 жұлдызы аралығында партияның облыстық ұйымдары алдымен Семейде, сонан соң Омбыда, ал
қарашаның 10-на қарай Орынборда ашылады. "Алаш" партиясының Семей облыстық комитетінің ашылуы Ә.Бөкейхановтың Тамда 8-10 қазан аралығында болып өткен Сібір автономистері съезінен қайтар сапарында іске асырылады. Ол қайтар жолында Семей қаласына тоқтап 12-13 қазан күндері қала жұртшылығымен кездесулер өткізіп, баяндамалар жасайды. Ал оның соңы "Алаш" партиясының 15-кісіден тұрған уақытша комитетін ашумен аяқталады.
Комитеттің төрағасы болып Халел Ғаббасов, жолдасына Ахмеджан Қозбағаров, хатшысына Сыдық Дүйсенбин, қазынашы Әнуар Молдабаев сайланады. Комитет мүшелері оған құрметті төраға етіп Әлихан Бөкейхановты сайлайды.

"Қазақ" газеті өзінің 1917 жылғы 14 желтоқсандағы санында "Алаш" партиясының Орынборда Торғай облыстық комитетінің ашылғандығын мәлімдейді. Комитетке мүшелікке Орынбор қаласында "тұратын 10 қазақ һәм 4 уезден 4 қазақ, барлығы 14 ағза" сайланады.

Жалпықазақ құрылтайының қаулысымен құрылған қазақтың тұңғыш либералдық-демократиялық «Алаш» партиясы себеп болса, екіншіден – Ұлттық-демократиялық парламенттік республикасы және оның ресми астанасы болған қала да (1917 жылдың мамырына дейін Заречная Слободка деп аталған, қазіргі Семей қаласы) – ресми түрде «Алаш» деп аталды. Жаңадан құрылған партия қазақ атауының синонимі "Алаш" деген атқа ие болды. Оның құрамына қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері - М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Ж.Досмұхамедов, М.Дулатов тағы басқалар кіреді. Алашорда үкіметінің өз баспасөз орталығы- «Қазақ» газеті болды. Осы газетте Алашорда өзінің бағдарламасын жариялады. Бұл бағдарламада елді басқару, білім, құқық т.б. сияқты мемлекеттің өмір сүруіне қажетті мәселелер қарастырылды. Бірақ Алаш мемлекеті құрылған күннен бастап Кеңес үкіметі тарапынан қарсылыққа ұшырады. 1918-1920 жылдардағы Азамат соғысынан кейін жеңіске жеткен Кеңес үкіметі Алашорда үкіметін таратып, оның басшыларын қуғынға ұшыратты.

Алаш қайраткерлері. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов- қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт азаттық қозғалыс жетекшісі әрі публицист ғалым, аудармашы. Ол 1866 жылы бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ауылында дүниеге келген. Әлихан Бөкейханов студент кезінен –ақ саяси талас –тартыстарға белсене араласып, ұлт-азаттық қозғалыстарға қатысып отырған. Сол кездің өзінде «саяси белсенділігі үшін» патша жандармериясының қара тізіміне іліккен. Патша үкіметі билігі жылдарында қазақ елінің тәуелсіздік күресін басқарады, сол үшін Павлодарда, Семейде бірнеше рет қамауда отырды. Кеңес үкіметін қанша қудаласада мойындамады. Қазақтың егеменді елболуы үшін күресті, сол себептен 1937 жылы ату жазасына кесілген. Өмірі қысқа болғанымен рухы мықты, бағытыізгі "Алаш" партиясының қазақ тарихында алатын орны және сол кезеңдегі тарихи жағдайдың ерекшелігі қай қазақ баласын қызықтырмас. Алашорда қайраткерлерінің өмірі мен құқықтық көзқарасы арқылы саяси күрес пен оны зерттеу нәтижесінде қалыптасқан саяси және құқық ілімі тарихының пайда болуы мен даму жолын зерттеу.

Бүкіл халыкты саяси ағарту, ұлттык сана-сезімді қалыптастыратын саяси ұйым құру арқылы ғана қайта түлету мақсатына жетуге үміт артуға болатын еді. Алаш қайраткерлері жалпы адамзаттық гуманизм принциптерін асқақ тұтып, бүкіл қазақ халқының мүдделеріне қызмет етті және бүкіл ғұмырын осы максатка жетуге арнады. "Алаш" партиясы бар күшімен әділдікті қолдайды, ол барлық жәбір көргендер мен жарлы- жақыбайларды жақтайды. Халықтың жалпы мәдени деңгейін көтеруге бар күшін салады.

Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылдың 18 қаңтарында қазіргі Қостанай облысы Торғай уезінде Сартүбек деген жерде дүниеге келген. Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі, мемлекет қайраткері, ақын публицст, қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы. Ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы.

А.Байтұрсынов Торғайда,Орынборда білім алғаннан кейін Ақтөбе де Қостанайда , Қарқаралыда орыс-қазақ мектептерінде сабақ берген. 1909жылы саяси белсенділігі үшін Семей Түрмесіне жабылады.1910 жылы Орынборға жер аударылады және сонда 1917 жылға дейін болады.

Өзінің сенімді достары Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірге 1913 жылдан бастап ұлттық «Қазақ» газетін шығарып, оның жұмысына жетекшілік етті. Ресейде патша билігі құлағаннан кейін қазақ жерінде Алашорда үкіметін құру үшін бар күшін салады. Большевиктерді мойындамады, оларға қарсы шықты.



1913 жылы Ахмет Байтұрсынұлының басшылығымен Орынборда ресми емес "Қазақ" газеті шыға бастады.1917 жылға дейін шығып тұрған бұл газет халық қамын ойлаған, прогресшіл бағытта болды, қазақ халқының санасын оятуда теңдеусіз рөл атқарды. газет үздіксіз қудаланды, Ахмет Байтұрсыновты түрмеге жаппақшы да болды.

Осынша қуғын-сүргінде жүрген Ахмет мұғалім кезінен бастап қазақ елін мәдениетке тарту үшін тынымсыз еңбектенді. 1917 жылы Қазан төңкерілісінен кейін «Халық түрмесі» болып келген патшалық рессейдің отарлық езгісінде болып келген Қазақстанда да ұлт — азаттық қозғалысы кең етек алады. Сол замандағы қазақ зиялыларының басын көпшілігін қамтыған ұлт жандылық, елшілік топ ішінде Ахмет Байтұрсыновта болады. Ол Орынбарда болған құрылтай съездеріне қатысады

1919 жылдан бастап Ахмет кеңес үкіметті жағына шығады, әр түрлі жауапты қызмет атқарады. Қазақстан оқу халық коммиссариатын басқарады. Қазақ Орталық Атқары коммитетінің мүшесі болады. Репрессияның қара бұлты бүкіл ел аспанын жауып тұрған заманда, 1929 жылы 2 маусымда Алаш қайраткерлерімен бірге Алматыда тұтқынға алынып, Ресейдің солтүстік облыстарына жер аударылады. Кейіннен босап шығып 1937 жылы жалақорлардың атқан оғынан мерт болады.

Міржақып Дулатов 1885 жылы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданында дүниеге келген. Көрнекті қазақ ақыны, жазушы педагог, қоғам қайраткері. 1902 жылы Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ педагогикалық училищесін бітірген. 1902-1918 жылдары мұғалім болған. 1917-1918 жылдары «Алаш» партиясын, Алаш автономиясын, Алашорда үкіметін құрушылардың бірі ретінде, Қазақ мемлекетін құру ісіне белсене атсалысты. Елі мен жерінің тәуелсіздігі жолында іздене отырып, сол күрес жолында Алаш зиялылары өздерін де, өз замандастарын да, өзінен кейінгілерді де қайраткерлік жағынан да, каламгерлік жағынан да дайындады, жетілдірді деуге болады.  Алаш қайраткерлерінің тіл саласындағы тағылымын биік бір асқарға теңесе болғандай. Сол асудың төңірегінде Алаш зиялыларының қазақ тілін дамытудағы еңбектерін ерекше бөле-жара айтуға болады. 1928 жылы желтоқсанда репрессияға ұшырып, 1935 жылы айдауда жүріп қайтыс болды .1988 жылы 4 қарашада ақталды.

Алаш арыстарының рухын біз сияқты жас ұрпақтың жүрегіне сіңіру үшін, отансүйгіштікке, мемлекетшілдікке баса назар аударуы тиіс. Алаштың 100 жылдығы жергелікті деңгейде ғана емес, үкімет болып жас ұрпақтың жүрегіне тигізіп аса құндылықпен өтсе екен деп тілейміз.





Алаштың ордасы болып, Алашқала аталған қазіргі Семейдегі Ертіс өзенінің сол жағалауындағы Алашорда үкіметі мен Алаш партиясы тұрған үйді қазіргі мектеп жасындағы оқушылармен студенттерге таныстырмай-ақ білетіндей мұражайға айналдыру кезек күттірмейтін мәні зор мәселе. Қорыта айтқанда, Алаш идеясы –бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның да басты идеясы болуы тиіс. Алаш арыстарының еңбегімен ерлігі зая кеткен жоқ. Олардың арман мақсаттары бүгінгі таңда орындалды.Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан оған дәлел.

Алаш пен тәуелсіздік мен үшін егіз ұғым. Тәуелсіздік қалай келді? Оны бізге кім алып берді? Тәуелсіздік үшін кімдер күресті? Қанша уақыт кетті?. Бұны білу қарапайым адамдарға ауыр сұрақ.

Аумалы-төкпелі бұл кезеңде ширақ қимылдап, тереңнен ойлау аса қажет болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда ғана қазақ елі бір жарым ғасыр бойы үстемдік еткен Ресейдің билігінен құтылып, көптен аңсаған арманына жетті. Өз алдына тәуелсіз де егемен мемелекетке айналды.

Аллаға шүкір Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығын тойладық. Қазақ халқы үшін бұл үлкен бақыт.!



























Қолданылған әдебиеттер

1. Бөкейхан Ә. Таңдамалы. Энциклопедия.-Алматы

2. «Егемен Қазақстан»-Ұлттық қоғамдық-саяси газет.

3. Қазақстан тарихынан әңгімелер 5 сынып Алматы «Атамұра» 2015ж.

4. «Семей таңы»

5. Тарихи тұлғалар. Танымдық — көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматы кітап баспасы”













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!