Материалдар / Зерттеу жұмыстарын жасау 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Зерттеу жұмыстарын жасау 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеу жұмыстарын жасауды үйрену 2.1.1.2 Мысалдар келтіре отырып, зерттеу жұмыстарын түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2018
557
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлімше тақырыбы/дағдылар:

    1. Зерттеу жұмыстарын жасау.

Оқу мақсаттары

2.1.1.1 Зерттеу жұмыстарын жасауды үйрену

2.1.1.2 Мысалдар келтіре отырып, зерттеу жұмыстарын түсіндіру

Cабақ мақсаттары




Барлығы: Зерттеу жұмыстарын жасай алады;

Көпшілігі: Нені, қалай зерттеу керектігін айтады,

Кейбіреуі: қолдана алады, көрсете алады

Бағалау критерийі

Зерттей алады.

Зерттегендерін ажырата алады.

Зерттегендерін әңгімелей алады

Тілдік мақсаттар

Тақырыптық лексика мен терминология: шырынсыққыш, үстел-үсті шамы, бояғыш заттар.

Өзің зерттеген заттарды сипаттай аласың ба?

Зерттеу кезінде басқа бір затқаа айналатынын қалай түсінесің?

Зерттеу жұмыстары жайлы не айтар едің?

Құндылықтар

 

Зерттеу барысында зерттелетін заттарға мұқият болуға.

Жанындағы зерттеу жұмысындағы оқушыларға сыйластықпен қарауға.

Зерттеу кезінде ой- өрістерін дамытуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу пәнімен байланыс

Ресурстар

ҚБ жазылған парақшалар, оқулық суреттері; берілген суреттер. Стакандар,төсбелгілер, қасықтар,лимон, лимон шырыны,жүн, ұршық

бояулар, қылқалам

Сабақтың жоспарлау кезеңдері

Оқыту әдістері


Бағалау әдістері


Саралау тәсілдері


Сабақтың басы

ынтымақтастық

атмосферасын

қалыптастыру

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, «Ертегілер әлеміне» қонаққа «Дымбілмес» пен «Көпбілгішке» барады. Көздерін жұмады, ұшақтың моторының дауысы гүрілдейді.»Көпбілгіштің академиясына» келеді Зерттеу жұмыстары жасалады (Су, лимон, жүн, қауырсын)

Бүгінгі өтетін тақырып пен ОМ анықтап аламыз.



шапалақ












Көтеріңкі көңіл












Сабақтың ортасы

Лимон, қауырсын, жүн, су- туралы толық мәлмет алу

Оқушылар берілген сұраққа жауап береді.

Лимон, қауырсын, жүн, су- адам өміріне пайдасы қандай? Ойлан.

(Ж) Сурет бйоынша жұмыс. Қатар отырған оқушылар бір –біріне сурет бойынша әңгімелейді.

1-ші оқушы: Судың қатты күйі: мұз, газ күйі: бу,сұйық күйі туралы суреттермен әңгімелеу.

Шағын топтармен жұмыс жасай отырып, «Зерттейміз» мағынасын түсіндіреді. Су мен сүтті тоңазытқышқа қояды. Су құйған шыны құты жарылады, түсіндіреді: қатқан су ыдысты кергенде құты жарылады. Сүттегі құты жарылмайды.Сүт қатқанда құтының қақпағы ұшып, сүт сыртына шыға қатады.

«Мнемо» әдіс- тәсілдерімен жұмыс жасайды. Суреттерде: сынған құты суымен , екінші суретте сүттің құтысы жарылмаған. Су түссіз, дәмсіз, иіссіз, көлемсіз. Екі стаканды алып, біреуіне су, екіншісіне сүт құйып, екеуіне қасық салса, судың ішіндегі қасық көрінеді, ал сүттің ішіндегі қасық көрінбейді. Суға бояу қосып, бояуға болады. Қант салып, дәмдеуге болады.

.








 Тамаша!


































Тапсырма







Тапсырма

































Дереккөз


Оқушылар зерттеу жұмыстарын дәптерлеріне өздерінжетістік баспалдағына орналастырады.

Жетістік баспалдағы

Қарқын

ҚБ тапсырмасы

Оқу мақсаты: 2.1.1.2 мысалдар келтіре отырып, өз өмірлерінде кездесетін зерттеулерін түсіндіреді.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы Айдаргазин Нурзат

Суды зерттеу барысындағы жұмыстарын сипаттайды.

Басқа зерттеулердің маңыздылығын түсіндіретін

мысалдар келтіреді .

1-тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Өз зертеулеріңіздегі бейнелейтін суреттерді түсіндіріңіз.

«Зерттеу жұмысын қалай жасау керек?» дегенді қалай түсінесіз? Жұпта талқылаңыз.

Дескриптор: Білім алушы Қабдолла Назым

-Жүнмен жұмыс бейнелейтін суреттерді көрсетеді;

«Жүннен не жасалады? туралы ой қорытады. Зерттейді, жүнді алады түткішпен майдалап түтіп көрсетеді, оны ұршықпен иіруін көрсетеді. Бояумен бояуға болатынын бояп көрсетеді. Жүнді қойдан, ешкіден алынатынын, жылына қойды екі рет қырқатыныны, қойдың адам өміріндегі пайдасы ет пен жүні жайлы айтады. Одан қолғап, шүлық, жейде, кілем тоқитындарын айтады.

2- тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Қалай зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы әңгімелеңіз.

Басқа қандай зерттеуге болатынын, мысал келтіріңіз.

Сергіту сәті

Қазым, қазым қаңқылда, (екі қолдарын екі жаққа сермейді қанаттарын сермегендей)

Көлде жүзіп салқында.(жүзгенді көрсетеді)

Жем шашайын жейсің бе?(оң қолын алға созып, жем шашады)

Әлде кәмпит дейсің бе?

Жоқ, жоқ, жоқ.(сұқ саусағын көрсетеді)

Кәмпит тәтті болмайды ас.

Арпа менен бидай шаш.(жем шашады.)

3-тапсырма

Дескриптор: Білім алушы Мұратқан Нұрдәулет

Лимон туралы сурет бойынша ой бөліседі;

Лимон туралы мысал келтіре отырып, әңгімелейді.Лимонның дәрумен ретінде де пайдаланылатынын, шырын жасайтынын, шайлар жасайтынын айтады. Шырын сыққышты алып, лимоннан шырынын сығып, оған қант салып, дәмін оқушыларға тарттырады, қантсыз дәмінің қышқылдығы туралы айтады.Енді лимонның сығындысын ақ қағазға жазып, шаммен қыздырғанда, лимон сығындысы күйіп, жазылған сөздің көрінетіні байқалады.Лимоннығ жылы жақта өсетіні, түсі сары, ішінде ұсақ дәндері бар, қабығы қалың деп сипаттайды.

4- тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Қалай зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы әңгімелеңіз.

Басқа қандай зерттеуге болатынын, мысал келтіріңіз.

Дескриптор: Білім алушы Орал Махаббат

Қауырсын туралы сурет бойынша ой бөліседі;

Қауырсын туралы мысал келтіре отырып, әңгімелейді.



Сурет бойынша жұмыс. Қауырсынға зерттеу жұмысын жасайды. Қауырсынды алып, тауық үйрек, қаздарда болатыны. Құстардың адамға пайдасын: жұмыртқасын қуырып, жейді, қауырсынынан жастық жасайды, еттерін жейді. Қауырсынды суға салады, қауырсын суға батпайды. Сондықтан үйрек, қаз судың бетінде жүзеді. Суға салғанда қауырсын суланбайды, өйткені құстың денесінен май бөлінеді, қауырсынды бояймыз, бояу жұқпайды, майдың денеден бөлінген себебінен.

«Триз» әдіс- тәсілдерімен жұмыс жасайды.

Топта талдап, ойларыңды ортаға салады. Бұл не? Үйрек. Дене мүшелері: денесі, аяқтары, басы, қанаттары. Немен қапталған? Қауырсынмен. Дауысы қандай: бақ, бақ-деп дауыс шығарады.Немен қоректенеді? Жеммен, сумен. Қалай қозғалады? Жүзеді, жүреді. Мекені қайда? Қорда. Балалары: балапандар. Адамға пайдасы: жұмыртқасын қуырп жейді, жастықтар қауырсынынан жасайды. Етін жейді.

Жазбаша кері байланыс

Тапсырма

Сабақтың соңы

-Қандай тақырыппен таныстық?

-Зерттеу жұмыстары туралы не білдік?

-ОМ жеттік пе?

«Бас бармақ» әдісі арқылы не үйренгендеріңді көрсетіңдер.

  • Сабақта не үйрендің?

  • Не түсініксіз болды?

  • Тағы не үйренгің келеді?

Үйге тапсырма: Басқа қандай заттарды осылай зерттеуге болатынын біліп келіңіздер

 







Мадақтау


















1) OМ жeткeн жәнe жeтпeгeн oқушылaр сaны

2) Eгeр жeтпeсe, сeбeбi нe?

3) Жoспaрдaн қaндaй aуытқулaр бoлды, нeгe?

 0

Жaлпы бaғa

OМ жeту үшiн қaндaй әдiс – тәсiлдeр тиiмдi бoлды?

Сaбaқтың жaқсы өтуiнe нe әсер eтуi мүмкiн eдi?

 Кeлeсi сaбaқтa нeгe көңiл қoю кeрeк (сыныптың, oқушылaрдың жeтiстiктeрi мен кeмшiлiктeрi)?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!