Материалдар / Зерттеу жұмысы: Инновациялық технология

Зерттеу жұмысы: Инновациялық технология

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда инновациялық технология қолдану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2023
322
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Абай обылысының білім басқармасы

КГКП «Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова»

Управление образования Восточно-Казахстанской области

Положение

СМК ПП-5.3-88-01

Ғылыми жоба туралы Ереже/

Положение о научном проекте

Издание /басылым

1/2017

Стр/бет.

0 из 13




«М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК

(оқу орны атауы)

Бағыты: Педагогика

Секциясы: «Педагогика-психология» ПӘК

Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда инновациялық технологияларды қолдану»











Авторы: Шаяхмет Бибінұр,

Тоқтағанова Нұрай

Мамандығы, курсы: 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», 3-курс

Жетекшісі: Комаева М.С.

«Педагогика-психология» ПӘК оқытушысы
















2022-2023 оқу жылы










МАЗМҰНЫ


Кіріспе

3

1

Теориялық бөлім

4

1.1

Инновация туралы жалпы түсінік және инновация түрлері


4


2.1

Зерттеу бөлімі

Дамыта оқыту технологиясы мен ойын технологиясы

6

6

2.2

Ынтымақтастық педагогикасы мен Триз технологиясы

7

2.3

АКТ және Денсаулық сақтау технологиясы

8

2.4


3.1


Проблемалық оқыту және жобалау технологиясы

Практикалық бөлім

Мектепке дейінгі ұйымдарда Инновациялық технологияларды қолдану әдістері

9

10

11

12


Қорытынды

13


Әдебиеттер тізімі

14






















КІРІСПЕ

Ғылыми жоба мақсатты түрде жаңартылған білім беру мақсатында негізделіп жасалынған. Жұмыстын 1 – 2 таурауында инновация технологиялар мен инновациялық технологиялардың түрлері қамтылған. Жаңаратылған білім беру мазмұны жағдайында баланы оқытуда инновациялық технологиялардың маңызы жайлы көрсетілген

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда инновациялық технологияларды қолдану»

Зерттеудің жұмысының мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды қолдану бойынша педагогикалық ұжымның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін зерттеу

Міндеттері:

- мектепке дейінгі ұйымда инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану арқылы тәрбие және білім беру жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктеріне талдау жасау;

- инновациялық технологияларды қолдану арқылы мектепке дейінгі ұйымда білім беру үдерісін жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

- мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын ендіру қажеттілігін негіздеу;

Өзектілігі: ХХI ғасырдың бет-бейнесі біліммен өлшенбек. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән.

Баланың бойындағы жақсы қасиеттермен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып бой түзеуіне мекетпке дейінгі білім беруде инновациялық педагогикалық технологияларды енгізудің мүмкіндігі мен  маңызы зор.



















ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 Инновация туралы түсінік және инновациялық технологиялар

Бүгінгі заманда жаңа компьютерлік технологияларды енгізумен бірге «технология» деген ұғым жиі кездеседі. ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ пен Англияда пайда болып, содан бұл термин өмір қажеттілігіне байланысты дүниежүзіне таралып кетті.

«Технология» деген термин гректің түп тамыры techne – өнер, шеберлік, кəсіп жəне logos – ғылым, білім деген сөздерінен шыққан.

«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтама берген. Мысалы, Э.Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея.

Майлс: «Инновация арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз»

«Инновация» ұғымы ежелден енген педагогикалық термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгізу» деп көрсетілсе, кейбіреулер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды.

Инновация сөзі латынның «novis» жаңалық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны береді

Қолдану ерекшелігі мен орнына байланысты инновацияның бірнеше түрлері ажыратылады:

1.Технологиялық инновациялар – өнімдерді, өндірістің жаңа технологияларын дайындаудың жаңа тәсілі.

2. Әдістемелік инновациялар – сабақ беру мен білім алу, тәрбиелеу және оқыту әдістемесі, оқыту және оқу саласындағы инновациялар.

3.Ұйымдастырушылық инновациялар – еңбекті ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістерін орнықтыруға қатысты.

Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық кадрларының кәсіби қызметінде келесі инновациялық технологияларды қолдану ұсынылады:

1. Дамыта оқыту технологиясы (Д. Б. Эльконин В. В. Давыдов жасаған бұл технология әрбір баланың индивидуалды танымдық іс-әрекетін дамытуына, өзін тұлға ретінде тануына, оқыту үдерісінде өзін-өзі анықтауға бағытталған);

2. Ойын технологиялары;

3. Ынтымақтастық педагогикасы (К. Д. Ушинский, Н. П. Пирогов,

Л. Н. Толстой);

4.ТРИЗ технологиясы (Г. С. Альтшуллер, А. М. Страунинг, ол шығармашылық қабілеттіліктерін дамытуға бағытталған);

5. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар;

6. Балалардың денсаулығын нығайту мақсатындағы денсаулық сақтау

технологиясы;

7. Проблемалық оқыту технологиясы (Дж. Дьюи);

8. Жобалау технологиясы (Л. С. Киселёв, Т. А. Данилин) және т.б

ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

2.1Дамыта оқыту технологиясы мен ойын технологиясы

Дамыта оқыту технологиясы негізінде бастауын И. Г. Песталоцци, К. Д. Ушинский және т.б. еңбектерінде алатын теория жатыр.Дамыта оқытудың теориясы Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов және т. б. эксперименттік еңбектерінде жетілдіріле түсті. Олардың тұжырымдамаларында оқыту мен даму бір үдерістің диалектикалық өзара байланысты тараптардың жүйесі ретінде көрініс алды.

«Педагогика бала дамуының кешегі емес, ертеңгі күніне бағытталуы керек», дейді Л. С. Выготский. Ол бала дамуында екі деңгейді атап көрсетті:

1) Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

2) Бала дамуының жақын аймағы - баланың үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.

Дамудың қол жеткен аймағы бала өзі істей алатын істерінен ынтымақтастықты істей алатын істерге өту мүмкіндігі. Дамыта оқытудың басты белгісі дамудың жақын аймағын құруы, психикалық ішкі үдерістерінің қозғалысқа келтіруі,туындауы болып табылады.

«Ойын педагогикалық технологиялары» ұғымы әртүрлі педагогикалық ойындар түрінде педагогикалық үдерістердің әдістері мен тәсілдерінің жеткілікті ауқымды тобын қамтиды.

Ойын ортасы ойындар технологиясының ерекшелігін анықтайды: затпен және затсыз ойындар, үстел үстінде, көшеде, бөлмеде, компьютерде, оқу техникалық құралдармен және түрлі жүру техникасымен ойындар. Ойын іс-әрекетінің психологиялық тетіктері тұлғаның өзін-өзі көрсету, өзін-өзі бекіту, өзін-өзі реттеуге деген күрделі қажеттіктеріне сүйенеді.

Бала ойындарының мазмұны келесідей кезектілікпен дамиды:

- заттық іс-әрекет;

- адамдар арасындағы қарым-қатынас;

- қоғамдық тәртіптің ерекшеліктерін орындау.

Ойын технологияларының мақсаты бірқатар міндеттерді шешу болып табылады:

- дидактикалық (ой-өрісті кеңейту, танымдық іс-әрекет; практикалық ісәрекетте қажет белгілі бір қабілеттер мен дағдыларды қалыптастыру және т.б.);

- дамытушы (назарды, есте сақтауды, сөйлеуді, ойлауды, көз алдына елестетуді, қиялды, шығармашылық идеяны, заңдылықтарды орнату, оңтайлы шешімді табу қабілетін және т.б. дамыту);

- тәрбиелеуші (өз еріктерін тәрбиелеу, мінез-құлық, эстетикалық және дүниетанымдық позицияларын қалыптастыру, ынтымақтастықты, бірлестікті, тіл табысушылықты және т.б. тәрбиелеу);






2.2 Ынтымақтастық педагогикасы мен Триз технологиясы.

Ынтымақтастық оқыту (cooperative learning), кіші топта оқыту педагогикада бұрыннан қолданылуда. Кіші топта оқыту Япония, Израиль, Австралия, Нидерландия мен Батыс Германияда алғаш рет қолданылды. Содан бастап ынтымақтастық оқыту пікірі көптеген әлем мемлекеттеріндегі педагогтарының күшімен өзіндік дамуға ие болды.

Ынтымақтастық оқытудың басты идеясы – бірігіп орындау ғана емес, бірігіп оқу болып саналады. 

Ынтымақтастық педагогикасының жалпы құндылық бағдарына байланысты үш басты тұлғалық қасиеттерін бөлуге болады, олар:

a) кез келген баланы қандай болса, тура солай қабылдау. Мұнда бала мен педагог бір-біріне жеккөрінішті қарамайды.

b)баланың эмпатикалық түсінуі. Педагог баланың ішкі әлеміне енуге тырысады. Қоршаған ортаны бала сияқты көріп, оны баланың ішкі әлемі арқылы сезінуге ұмтылады;

c)оқушымен ашық, сенімді қарым-қатынас.

ТРИЗ – өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы. Негізін салушы - Генрих Альтшуллер. Оның технологиясының басты идеясы техникалық жүйелер белгілі бір заңдармен туындап, дамиды: бұл заңдарды тануға болады және өнертапқыштық тапсырмаларды шешу үшін қолдануға болады. Қазіргі таңда Г.С.Альтшуллердің ТРИЗ технологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін, тапқырлығын, шығармашылық елестетуін, диалектикалық ойлауын дамыту үшін бала бақшаларда табысты қолданылады. ТРИЗ мақсаты – балалардың ой-өрісін дамытумен қатар, жүріп жатқан үдерісті түсіндіре отырып, жүйелі ойлауынуға үйрету. Тәрбиешілердің қолына балалардың қоршаған ортаның қайшылықтары мен біртұтастығын ұғынуға қабілетті шығармашылық қасиеттерін нақты практикалық тәрбиелеу құралын беру. Үдерісте ТРИЗ бейімделген әдістерін қолдануда артықшылықтары бары сөзсіз:

- балалардың танымдық іс-әрекетін белсендіреді;

- шығармашылықтың туындауына ынта береді; - балалардың бейнелей сөйлеуін дамыту үшін жағдай жасайды (бағалау лексикасының сөз қорын ауыспалы мағынадағы сөздер, синоним мен антонимді байыту);

- барлық тілдік құралдарды меңгерудің тиімділігін арттырады;

- лексика-грамматикалық құрылысын құрудағы саналылығын қалыптастырады; - ойлау қабілетінің талдау-синтетикалық операцияларының икемділігін дамытады.








2.3 АКТ және денсаулық сақтау технологиясы

Ақпараттық технологиялар деп оқыту педагогикасында арнайы техникалық ақпараттық құралдарды (интерактивті тақта, электронды -есептеуіш машиналар, аудио, бейне) пайдаланатын барлық технологияларды атайды. Компьютерлер білім беруде кеңінен қолданыла бастады, «оқытудың компьютерлік технологиясы» термині пайда болды. Компьютерлік технологиялар бағдарламалаған оқытудың идеяларын дамытады, заманауи компьютерлер мен коммуникацияның бірегей мүмкіндіктерімен байланысты тың, әлі зерттеле қоймаған нұсқаларды ашады. Компьютерлік технологиясының мақсаты ақпаратпен жұмыс жасау қабілетін қалыптастыру, коммуникативтік қабілеттіліктерді дамыту, «ақпараттық қоғам» тұлғасын дайындау, зерттеу қабілетін қалыптастыру, оңтайлы шешімдерді қабылдау қабілеті болып табылады.

Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды қолдану кезінде денсаулық сақтау технологиялары туралы естен шығармау керек, тәрбиелеудің техникалық құралдарын қолдануды балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес уақытпен шектеу керек.

Педагогика ғылымында «денсаулықты сақтау» ұғымы XX ғасырдың 90-жылдары қолданыла бастады және түрлі кезеңдерде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері арқылы балалардың денсаулығын сақтауда қатынас өзгешелігін көрсетті. Мектепке дейінгі ұйымның міндеті мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту бойынша педагог жұмысының тиімділігін арттыру. Денсаулық сақтау педагогикалық технологияларын таңдау: мектепке дейінгі ұйым типіне, мектепке дейінгі ұйымның нақты жағдайларына, педагогтердің кәсіби құзыреттілігіне, балалардың денсаулық байланысты болады.

Мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологиясы келесідей қызмет

атқарады:

релаксациялық – бұлшық еттерді босаңсытып, шаршағанды басады, жағымды жағдай тудырады;

коммуникативтік – өз денсаулығына ұқыпты қарауға ықпал ететін салауатты өмір салтын ұстану тәжірибесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

түзету

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ