Материалдар / Зерттеу сабағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Зерттеу сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың қарапайым тәжірибелер жасауға, ауызша қорытынды жасау және байқау қабілеттерін, танымдық зерттеу белсенділігін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2021
475
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепалды даярлық «Салтанат» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші: А.А.Сулейменова

«Таным», «Қатынас» білім беру салаларының ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану, Көркем әдебиет.

Өтпелі тақырып: «Көктем жаршысы-құстар»

Тақырыбы: «Құстар - біздің досымыз».

Мақсаты:

Тәрбиелік: Құстарды қорғап аялауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың қарапайым тәжірибелер жасауға, ауызша қорытынды жасау және байқау қабілеттерін, танымдық зерттеу белсенділігін дамыту.

Оқытушылық: Құстар туралы, құстардың қауырсындарының маңызы туралы ойларын кеңейту. Құстың қауырсынымен тәжірибе жасау.

Педагогикалық технологиялар: денсаулық сақтау, ойын, жеке тұлғаға бағытталған технология.

Ресурстармен қамтамасыз ету: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу, зерттеу. қауырсындар, пипеткалар; өсімдік майы, су құйылған ыдыс, лупалар, майлықтар, алжапқыштар, клеенка.

Көптілділік: қауырсын-перья-feathers.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі

Үстел үсті су тамшыларына толы:

Тәрбиеші: Балалар, мына су нелер деп ойлайсыңдар?

Балалардың ойын тыңдау: -Жаңбыр жауды, су ақты, біреу тамызып кетті, қардың тамшысы ақты.

-Бұл қайдан келген тамшылар, білгілерің келе ме?

-Ия, білгіміз келеді.

-Ендеше тапсырмаларды орындап, бұл қайдан келген тамшылар екенін табайық:

-Жаңа сендер қардың тамшысы ақты дедіңдер, неге олай дедіңдер?

Өйткені жылдың көктем мезгілі, күн жылынып, қар ериді де төбеден тамшылар ағады.

-Сендер бала бақшаға келе жатқанда ауа-райы қандай болды?

Балалардың ойын тыңдау:.......

Көктем айларын атаңдаршы: -наурыз, сәуір, мамыр.

-Көктемді қалай сипаттауға болады, ол қандай?

-Көктем жылы, жарқын, қуанышты, керемет, мейірімді, нәзік, жасыл, әдемі, шуақты.

- Өте жақсы, енді мен сендерге жұмбақ жасырайын:

2.Негізгі бөлім:

Жұмбақ жасыру:

Аспаныма шарықтап нәр беретін,

Қонақтаса ағашқа сән беретін

Ол не? Ол — құс!

-Сендер қандай құстарды білесіңдер?

-Жыл құстары және қыстап қалатын құстар.

Жыл құстарын атап беріңдерші: -ұзақ, қарлығаш, қараторғай, тырналар, аққу, көкек, және тағы басқа құстар.

-Неге жыл құстары дейміз?

Өйткені олар күзде жылы жаққа ұшып кетеді.

Себебі олар қысқы суыққа шыдамайды.

-Қандай құстар қыстап қалады?

- торғай, көгершін, қарға, көкшымшық, сауысқан қыстап қалады.

Олардың қауырсындары қалыңдай түседі сондықтанда олар қысқы суыққа шыдамды.

- Дұрыс айтасыңдар, енді құстардың дене бөлшектерін айтып беріңдерші:

Құстың басы, денесі, аяғы, мойыны, тұмсығы, қанаты, қауырсыны болады.

-Өте жақсы!

Ойын: «Құстарды ажырат» деген ойын ойнайық: /коврогрофта/

Мақсаты: Қыстап қалатын құстар мен жыл құстарын ажыратып, дұрыс орналастыру керек.

-Өте жақсы!

- Тағы қандай құстар бар?

Қызыл кітапқа енген құстар бар

-Дұрыс айтасыңдар! енді осы өзіміздің өлкемізде орналасқан «Науырзым қорығындағы» қызыл кітапқа енген құстар жайлы бейнеролик тамашалайық:

Бейнеролик:

-Науырзым қорығында мекендейтін қандай құстарды көрдіңдер?

Аққу, безгелдек, бірқазан, қоқиқаз, бізтұмсық, сарғалдақ, тарғақ, қараторғайлар мекендейді..

-Олар қандай екен?

-Әсем, сұлу, көрікті, адал, сыпайы, мейірімді құс.

Суретпен жұмыс:

Бала: Аққу - ұяларын жасыруға болатын қалың қамыс - ірі көлдерді мекендейді.

Аққулар —  өте сымбатты, киелі құстар. Аққуларды ақылды құстар деп санауға болады, өйткені есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Олар ешқашан жасалған жамандықты ұмытпайды. Аққу жақсы адамға тез үйренеді, үй маңындағы су қоймаларында, қаладағы саябақтарда осы құстарды жиі кездестіруге болады.

Бала: Бірқазан – жыл құсы, наурыз айында ұшып келіп, өсіп - өніп, қараша айында жылы жаққа ұшып кетеді. Наурызым қорығында ұлттық «Қызыл кітапқа» енгізілген.

Бала: Қоқиқаздар - ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құстар. Қызыл қанат деп те аталады.  Қорғалжың қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып, сүзіп алып жейді. Ұясын да су түбіне салады. Ұшып бара жатқан қоқиқаздың қанаттары, жанған отқа ұқсайды, сондықтан оларды «жалын құс» деп те атайды.

Бала: Қараторғай жыл құсы. Ұяларын қуыстарға - жерден қазылған індерге, тас арасына, құрылыс шатырларына салады, топтасып өмір сүреді. Көбіне  жәндіктермен, қоректенеді.

-Өте жақсы, жарайсыңдар!

-Құстар немен қоректенеді?

Балалар: Құстар дәнмен, жеммен қоректенеді.

Енді, тақтаға назар аударыңдаршы:

Слайдпен жұмыс:

Ұзақ, қараторғай тамақ талғамай бәрін жейді.

Қарлығаш, көкек, бұлбұл – жәндіктермен қоректенеді.

Тырна, бірқазан, ләйлек – көл жағалауын мекендейді.

Аққу, қаз, үйрек – суда жүзетіндер.

Осы құстар сиреп, саны азайып, жойылып бара жатыр, сондықтан құстарды қызыл кітапқа еңгізген.

-Жарайсыңдар, балалар!

Тәрбиеші: Осы суда жүретін құстардың қауырсыны неге суланбайды деп ойлайсыңдар?

- өйткені оларда арнайы май безі бар.

-Құстардың өздері қауырсындарын тұмсығымен майлайды.

Тәрбиеші: Міне, көрдіңдер ме балалар, құстардың қауырсындары қандай керемет. Құстарды судан, салқыннан қорғап тұрады екен.

Сергіту сәті:

Бала қарға – қарқ, қарқ (бәсең дауыспен)
Ана қарға – қарқ, қарқ (орта дауыспен)
Әке қарға – қарқ, қарқ (қатты дауыспен)

Енді, сендерді шағын зерттеу алаңына шақырамын. Бүгін біз сендермен құстың қауырсындарына зерттеу жасаймыз.

Зерттеу алаңына келіп, алжапқыштарын киеді.

Орынға отырып: Мынау не деп ойлайсыңдар?

-Бұл құстың қауырсыны.

1 зерттеу:

Қауырсынды алақанға қойып, дұрыс тыныс алу арқылы үрлейміз.

Қорытынды: қауырсын ұшып кетті, өйткені ол жеңіл.

2 зерттеу:

Үлкейткіш лупа арқылы қауырсынды зерттеу.

Не байқадыңдар?

Қорытынды: Қауырсындар үлпілдек, ұзынды, қысқалы, тармақталған....

3 зерттеу:

Қаламды және қауырсынды бір мезетте тастаңдар. Не байқадыңдар?

Қорытынды: Қалам бірден түсті, ал қауырсын ұшып баяу түсті. Өйткені, қалам ауыр, ал қауырсын ауада қалықтайды.

4 зерттеу:

Пипетканың көмегімен қауырсынға май тамызамыз және үстіне су тамызыңдар.

Не байқадыңдар?

Қорытынды: Майлы қауырсынға су жұқпайды. Су домалап сырғып кетеді, өйткені құстар өздерінің қауырсындарын тұмсығымен майлайды.

Тәрбиеші: Міне балалар көрдіңдер ме, манағы тамшылар қайдан пайда болғанын?

Балалар: Құстар қанатын қағып, қауырсындағы сулары тамған екен ғой.

Дұрыс, өте жақсы!

Тәрбиеші: Құстарға қауырсыны не үшін керек?

Балалар: Құстарға үлкен қауырсындар ұшу үшін, ауада тепе-теңдік сақтау үшін, кішкентай үлпілдек қауырсындар тоңып қалмауы үшін, ылғалдан қорғау үшін қажет.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! енді, алжапқыштарыңды шешіп, серігіп бір ойын ойнап алайық:

Ойын: «Дыбысынан тап»

Шарты: Әуен ойнағанда балалар құс болып ұшып жүреді, ал құстың дыбысын естігенде сол құстың жанына ұшып барады.

Тәрбиеші: Тамаша, балалар!

Тәрбиеші: Балалар, осы құстарға байланысты қандай тыйым сөздер білесіңдер?

Тыйым сөздер.

*Құстардың ұясын бұзба!

Ой қозғау.....- Неліктен құс ұясын бұзуға болмайды?

Балалардың ойы................

*Құстардың балапанына тиіспе!

*Құсқа тас лақтырма!

-Неге тас лақтыруға болмайды?


3.Қорытынды. Жарайсыңдар балалар, сендер бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар! Мына сандықшадан смайликтар алыңдар.























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!