Материалдар / Зерттеушілік оқытудың негіздері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Зерттеушілік оқытудың негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеушілік оқытудың негіздері Қазіргі кезде зерттеушілік шағын кәсіби ғылыми қызметкерлер тобына ғана тән, аясы тар мамандандырылған қызмет ретінде ғана емес, ол кез келген саладағы қазіргі адамдардың өмір сүру тәртібіне айналған кәсіби өмірге бел сене араласатын тұлғаға тән құбылыс. «Зерттеу» түсінігі Үлкен кеңес энциклопедиясында «жаңа білім алу процесі және танымдық әрекет түрлерінің бірі болып табылады» делінген. Танымдық әрекет оқушы үшін қабылдаушылық және өзгертушілік сипатта болуы мүмкін. Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады. Интелектуалдық, шығармашылық қабілеті жоғары оқушыға өз бетімен білім алуына жағдай жасалуы тиіс,яғни оқушының өз іс-әрекетін өзі ұйымдастырып, басқаруына мүмкіндік туғызуы қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Мамыр 2022
613
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШҚО, Семей қ.

«№15 жалпы орта білім беретін мектеп»

Бастауыш сынып мұғалімі

Асембаева Сая Капашевна


Зерттеушілік оқытудың негіздері

Қазіргі кезде зерттеушілік шағын кәсіби ғылыми қызметкерлер тобына ғана тән, аясы тар мамандандырылған қызмет ретінде ғана емес, ол кез келген саладағы қазіргі адамдардың өмір сүру тәртібіне айналған кәсіби өмірге бел сене араласатын тұлғаға тән құбылыс.

«Зерттеу» түсінігі Үлкен кеңес энциклопедиясында «жаңа білім алу процесі және танымдық әрекет түрлерінің бірі болып табылады» делінген. Танымдық әрекет оқушы үшін қабылдаушылық және өзгертушілік сипатта болуы мүмкін.

Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады. Интелектуалдық, шығармашылық қабілеті жоғары оқушыға өз бетімен білім алуына жағдай жасалуы тиіс,яғни оқушының өз іс-әрекетін өзі ұйымдастырып, басқаруына мүмкіндік туғызуы қажет.

Зерттеуші оқушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім келеді. Білуге құмарлық, бақылау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу баланың балалығымен бірге жүретін процес. Зерттеу, іздеу белсенділігі – баланың жаратылысына тән табиғи құбылыс.

Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен қарауымен түсіндіріледі. Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандыруға, көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Одан басқа, өз бетінше зерттеу жүргізу интелектуалдық және шығармашылық қабілеті мен ойлау, зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі үшін жаңа білім ашады. Соңғы жылдары «зерттеушілік әрекеті» мәселесіне жаңа термин ретінде зерттеушілік әдебі орыс тіліндегі аудармасы «исследовательское поведение» термині енгізілді. «Поведение» термині ғылыми-педагогикалық әдебиетте және практикада жиі қолданылады. Ал біздің қолданылуымызда «поведение» («әдеп») сөзінің этимологиясы «біреудің өмір сүру әдебі, әрекеттері мен іс-қимылдарының жиынтығы» деген ұғымды білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда «поведение» (мұнда «мінез- құлық») «адамның, жануардың қоршаған ортасы мен қарым-қатынасын білдіретін реакциясы мен іс-әрекеті» ретінде қарастырылады. Адамның мінез-құлқы тұлғаның әлеуметтік ортасына қатынасында байқалатын саналы әрекеттерінің жүйесін білдіреді. Адам тұлғасының мінез-құқында оның мінезі, темпераменті, талабы, қөзқарасы, талғамы байқалады. Мінез-құлықта немесе әдепте эмоция мен сезім маңызды рөл атқарады. Ал зерттеушілік әдебіндегі басты ерекшелік өзін- өзі үйрету, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту арқылы қалыптасатын іздеушілік белсенділігі. Оқушының іс-әрекет процесіндегі әдебі оның тұлғалық қасиеттеріне айналады. Тұлғаның қасиеттері, оның әдебі жалпы алғанда қоғамдық қатынастар, жалпы адамзаттық құндылық тар ретінде қарастырылады. Сонымен қатар әр адам өзін қоршаған ортасымен қарым-қатынасы түрліше болуына байланысты оның әдебі де түрлі формада байқалады. Адам әдебінің формалары әлеуметтік қатынастармен және тәрбиеге сәйкес жинақталады.

Зерттеушілік әдебі негізінде ізденушілік белсенділігі, оқушының қоршаған ортасын зерттеуге деген талабы жатыр. Зерттеушілік әдебінің басында оның ішкі биологиялық психикалық табиғи талабы тұрады. Бұл талап тың негізінде И.П.Павлов анықтаған бағдарлы зерттеушілік рефлекс жатыр. Рефлекс адамға да, жануарға да тән қоршаған ортасына психикалық реакциясын сипаттайтын талап. Зерттеушілік әдебі «кез келген тіршілік иесінің өмір сүру белсенділігінің байқалуы ретінде» қарастырылады. Ол дамыту қызметін атқарады. Адамның зерттеушілік әдебі шығармашылықта байқалады. Шығармашылық зерт теушілік әдебінің басты сипатын білдіреді. Зерттеушілік шығармашылық ізденіс адамға екі жақты көзқараста: біріншісі қандай да бір жаңа өнім алу жағынан, екіншісі ізденіс процесінің мәні жағынан маңызды. Адам тек шығармашылығының нәтижесін ғана емес, сонымен қатар шығармашылық, зерттеушілік процестің өзінен ләззат алуға қабілетті. Психологтар зерттеушілік әдебін тұлғаның өзін- өзі дамытуға маңызды деп көрсетеді. Ізденушілік белсенділігі оның өзіне деген сенімін төмендетеді, ақырында өзінің мүмкіндігін қолдана алмайтын жағдайға душар етеді. Соңғы кезде «жобалауға оқыту», «оқушылардың жобалау әрекеті» туралы көп айтылғанмен, ол отандық тәжірибеде кең таралған. Елімізде көп жылдан бері оқушылардың ғылыми қоғамы бар. Бірақ бұл сыныптан тыс жұмыстар сипатында болып келеді. 1999 жылдан бастап, оқушылардың зерттеу- шілік, ізденушілік, жобалау әрекеті біртұтас жүйе ретінде құрылды. Ал бүгінгі күні бұл әдістеме оқытудың құзыреттік тәсілі жағдайында ерекше қажеттілікке ие.

Жоба латын тілінен аударғанда «алдын ала» деген ұғымды береді. Сонымен қатар мәндес бірнеше ұғымды: белгілі бір ғимараттар бойынша құжаттар жиынтығын, кейбір құжаттың жобасы, белгілі бір жоспарды білдіреді.

Зерттеу күнделікті қолданыста адамның танымдық әрекет түрлерінің бірі ретінде жаңа білімді игеру қабілетімен түсіндіріледі. Ғылыми зерттеудің теориялық және практикалық тұрғыдағы ерекшеліктеріне тоқтала кетелік.

Зерттеушілікке оқыту – баланың қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған оқытудың негізгі тәсілі. Зерттеушілікке оқытудың негізгі мақсаты оқушының адамзаттық мәдениеттің қай саласында болмасын өз бетінше шығармашылық жаңа іс-әрекет тәсілдерін игеуге дайындығы мен қабілетін қалыптастыру.

Зерттеудің жобалаудан айырмашылығы мынада. Зерттеу алдын ала жоспарланған нысанды құруды көздемейді. Ол белгісізді іздеу, жаңа білімді іздеу процесі. Бұл адамның танымдық әрекеттерінің бірі.

Зерттеудің жобалаудың зерттеуден айырма- шылығы – жобалау тәжірибеге бағдарланған. Жобаны жүзеге асырушы адам жаңаны ғана емес, өзінің алдында тұрған нақты проблема- ны шешеді. Жобаны әзірлеу әдетте шығармашылық іс, бірақ, шығармашылық ақиқатты іздеу міндеттерінен тыс түрлі сыртқы жағдайларға байланысты болады. Теориялық жобаны дай- ын жобаны алгоритмдер мен сызбалардың көмегімен орындауға болатынын естен шығармаған жөн.

Жобалаудың проблеманы шешу жолына қарай шегі болғанмен, зерттеу сияқты тереңдей береді. Нәтижесі туралы сөз болғанда ескеретін жағдай, зерттеу жұмысының барлық кезеңдеріндегі негізгі күтілетін нәтиже – баланың жаңадан алған білімін шығармашылықпен игеру қабілетін; алған материалдарды өндеу және зерттеушілік әдебінің дағдыларын дамыту. Оның кішкентай ғана зерттеу нәтижесін басқалармен шатастыруға болмайды.

Оқушының зерттеушілік әрекетінің жетекшісі төмендегі ережені сақтауы тиіс:

  • Оқушыларды өз бетінше әрекет етуге үйрету.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!