Материалдар / Зиянды әдеттер. Ашық тәрбие сабағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Зиянды әдеттер. Ашық тәрбие сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам бойындағы зиянды әдеттер мен қасиеттеріне қатысты тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2023
367
4 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А.Назарбеков атындағы №87 ЖОБММ

8 «Б» сынып



Сабақтың тақырыбы: Зиянды әдеттерден сақтан

Сабақтың мақсаты: Бірінші байлық – денсаулық» деп дана халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктен сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру, өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу.

Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге
қамқор болуға үйрету.
Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Әдептілікке, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, бейне фильмдер

Сабақтың барысы:

  1. Кіріспе.
    Адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады. Бізге адалдықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, ата-бабаларымыз, ұстаздарымыз үйретеді. Алдымен бұл қасиеттер біздің бойымызға ананың ақ сүтімен дариды.
    Сондай-ақ адам бойында жаман, жат, теріс қасиеттер де болады.
    Ол қандай қасиеттер, одан қалай сақтанамыз, оны бүгінгі «Зиянды әдеттен сақтан» атты сабағымыздың барысында білетін боламыз.



  1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу

ә) Топқа бөлу

1-топ «Алғырлар»

2-топ «Белсенділер»

3-топ « Білімділер»



Б) Үй тапсырмасы

Оқушылар үйге «Темекі, Алкоголь, Нашақорлық зияны » туралы видеоролик дайындап келуі керек еді. Әр топ өзінің тақырыптарын қорғап, бүкіл сыныпты таныстырады.

  1. Негізгі бөлім



А) «Миға шабуыл»

Видео ролик арқылы «Біз байқамайтын зиянды әдеттер қандай? »деген сұрақтарға жауап іздейміз

https://youtu.be/d8zuZ63leXo?si=WfYonM-MWLZk0Q0H



Ә) «Сәйкесін анықта»

Пайдалы пайдасыз әрекеттерді ажыратып қоржынға салады

Б) « Мен қандаймын? » бес саусақты қима қағазға өзі туралы мәліметтерді жазады

Тақтаға ілінеді

Д) « Ыстық орындық » ортадағы орындықта бір ата-ана отырады. Басқа оқушылар сол баланың бойында бар қасиеттерді айтады.
Ол баланың өзі жазған пікірімен ата- ананың пікірі салыстырылады.



  1. Қорытынды бөлім

А) «Сатамын, сатып аламын» ойыны оқушылар шеңбер бойында тұрып, оңжағындағы көршісінің бір жақсы қасиетін сатып аламын , бір жаман қасиетін сатамын деп айтып өтеді.

Ә) «Хор» Өміріңе немқұрайлы қарама әні

Б) Қорытынды пікір алмасу













































  1. Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұл дүниенің рахатының кайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды.

14Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ - өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды.

Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады. Білімді білсе де, арсыз, қайратсыздығынан ескермей, ұстамай кетеді. Жаманшылыққа бір елігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады. Осы жұрттың көбінің айтып жүрген мықты жігіт, ер жігіт, пысық жігіт деп ат қойып жүрген кісілерінің бәрі - пәлеге, жаманшылыққа еліртпек үшін, бірін-бірі «айда, батырлап!» қыздырып алады да, артын ойлатпай, азғыратұғын сөздері. Әйтпесе құдайға терістіктен, не ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі, тәуір жігіт түгіл, әуелі адам ба өзі?

15 Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен дағы, күнінде өкінгені пайда болмай-ды екен. Жастықта бұл қызықтан соң және бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, буыны босамастай көріп жүріп, бірер қызықты қуғанда-ақ мойны қатып, буыны құрып, екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады екен.

Үшінші - әрбір нәрсеге қызықпақтық. Ол өзі бойға құмарлық пайда қылатын нәрсе екен. Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады екен, әртүрлі құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен.

шінші - әрбір нәрсеге қызықпақтық. Ол өзі бойға құмарлық пайда қылатын нәрсе екен. Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады екен, әртүрлі құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен.

Әрбір мастық бойдан оғатты көп шығарып, ақылдың көзін байлап, төңіректегі қараушылардың көзін ашып, «ананы-мынаны» дегізіп, бойды сынататұғын нәрсе екен. Сол уақытта есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді екен. Есер кісілер ер-тоқымын тастап, бөркі түсіп қалып, етегі атының куман жауып кетіп, екі көзі аспанда, жынды кісіше шаба беруді біледі екен, соны көрдім.

Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың.

19 Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз.



лы ойшыл Сократқа кезінде ынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, атақ па, даңқ па?» - деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытқа кенелте алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ – деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулық келілі – салауаттылықта ,балалар.

Насыбай құрамы: темекінің жапырағы, тауықтың қиы, әктің суы, қарағаштың шайы, сексеуілдің күлі,-бәрі улы заттар адам ағзасына әсер етеді.

Жасөспірімдер әуелі олар өздерін үлкен санап, мықты жігітпін деп ойлап, сөйтіп насыбай қолданады. Екеуі де никотинге тәуелді. Темекі өкпеге түссе, насыбай ауыз қуысы арқылы қан тамырларына түседі. Насыбай атқандардың 80 пайызы адамдардың ауыз қуысы, асқазанда қатерлі ісіктер пайда болады.

Шығармашылық тапсырма



........................... балаыз

...........................даламыз

........................................

........................... баламыз

«Аяқталмаған сөйлем» тренингі

https://youtu.be/d8zuZ63leXo?si=StTdl1LMacS3mUFk

https://youtu.be/31YBe5odcGs?si=h6x1yM4Lj7kQ2XyP

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!