Материалдар / «Зиянды әдеттерден аулақ бол!» Баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Зиянды әдеттерден аулақ бол!» Баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі қоғамымызда салауатты өмір салтына деген саналы көзқарас темекі шегу, спирттік ішімдікке салынудың, есірткі қолданудың көбеюіне себепкер болып отыр. Спирттік ішімдіктердің, есірткі мен темекінің адам өміріне зиянды екендігін түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2020
4418
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

«Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі








Тақырыбы

«Зиянды әдеттерден аулақ бол!»

Баяндама










Орындаған:

Әлеуметтік педагог: З.Умбетбаева

Мерзімі: 27.11.2020 ж












Тараз 2020 жыл


Тақырыбы: «Зиянды әдеттерден аулақ бол!»


Мақсаты:

1.Білімділік : темекі мен ішімдіктің, нашақорлықтың зиянын балаларға түсіндіру;

2.Тәрбиелік: қазіргі қоғам талабына сай салауатты,білімді ұрпақ тәрбиелеу

3.Дамытушылық: осы зиянды заттардың салдары туралы білімін кеңейту, балалардың ой-пікірін ортаға салу.


Көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздары



Ұйымдастыру кезеңі:

Мен сөзімді Сара Назарбаеваның мынадай сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» деген екен.


Қазіргі қоғамымызда салауатты өмір салтына деген саналы көзқарас темекі шегу, спирттік ішімдікке салынудың, есірткі қолданудың көбеюіне себепкер болып отыр. Спирттік ішімдіктердің, есірткі мен темекінің адам өміріне зиянды екені белгілі.

Темекі тартудың зияны. Темекінің зияндылығы темекі құрамында болатын никотиннің орталық жүйке жүйесін қоздыратынына байланысты. Никотиннің адамға әсері аса жағымсыз. Никотин тәжірибеде барлық ағзаларға әсер етеді, бірақ орталық жүйке жүйесіне, жүрек қантамырлық, эндокриндік жүйелерге әсері тым жоғары. Никотин инсульт пен жүрек ауруларына әкелетін тамыр атересклерозының өсуіне себеп болады. Никотин тромбтардың пайда болуына себеп болады және канцерогенді (обырдың (рак) өсуіне себап боалтын) әсерге ие. Адам ағзасына тигізетін әсерінің ең қауіптісі бұл, келер ұрпаққа тек дами беретін жасушаларды мутацияға ұшырататын қабілеті бар. Никотиннің ағзаға енетін негізгі жолы бұл өкпе. Никотин және оның басқа компоненттері демді ішке тарту кезінде темекі түтіні кеңірдектен, қолқадан өтіп, альвеоларға түсіп, ол жақтан қанға сіңеді. Никотин жүйке жасушалар үшін өте уытты. Никотиннің аз дозасы өте қысқа уақытта ми қыртысының қозғыштығын күшейтеді, сосын жүйке жасушаларының қызметін бұзады, олар бірте- бірте әлсіреп, ақыл ой қызметі мен мидың басқа да функцияларын төмендетеді.

Алкогольдің зияны. Ең әуелі, алкоголь миға қауіпті өйткені, басқа ағзаларға қарағанда концентрациясының аса көп бөлігі осы жерде шоғырланатындықтан миға аса қауіп туғызады, сонымен қатар ми қабығының бұзылуына, ұюына және басқа бөлімдерінің бұзылуына әкеледі.

Алкоголь ас қорыту органдарына: өңеш, асқазан, ұйқы бездеріне жағымсыз әсер етеді. Мұнда алколгольдің адам ағзасына әсері ас қорыту органдарының жасушаларының ішкі қабығының бұзылуына және зақымдануына, ұлпалардың күйіп солуына, асқазан сөлін шығаратын бездердің атрофияға ұшырауында, инсулин шығарушы жасушалардың жойылуында көрінеді. Асқазан мен ішектен алкоголь қанға түседі және мұнда алкоголдің адам ағзасына жағымсыз әсері жалғасады. Ішкен адамның көңіл – күйі көтеріңкі болады. Сондықтан да бір – екі рет ішіп көрген соң әр түрлі себептерді сылтауратып адамның оны тағы ішкісі келіп тұрады. Осылайша бірте – бірте оған құмарлық пайда бола бастайды. Әсіресе жастар көбірек еліктегіш болады. Жасөспірімдер көп жағдайда ішімдікті белгілі бір жағдайда, яғни өзін мезі еткен проблемалардан арылу мақсатында, қыздармен пікірлесу кезінде ұяңдықты жеңуге, кештерде өзін батыл және сенімді көрсету үшін пайдаланады. Бұл себептердің барлығы маскүнемдікке салынудың басты жолдары болып табылады. Осындай түкке тұрмайтын себептермен күнде ішеді. Таңертеңгісін ұйқыдан тұрған соң басы ауырып, мең – зең болып, көңіл – күйі нашарлап оянады да, бір жүз граммды ішке тастағаннан кейін жадырап, күлімдеп шыға келеді.

Есірткінің зияны. Наркотикалық заттарды үш жолмен пайдаланады. Біріншісі – тарту, екіншісі — ішу, үшіншісі арнаулы инелер (шприц) арқылы денеге инекция ретінде дарыту. Бұл үшеуінің ішіндегі ең ауыры наркотикалық заттарды инекциялап денеге тарату. Бұл тәсіл емдеуге келмейді. Өйткені есірткі заттар қанға бірақ барып әсер етеді. Бұл адамның миын, психикасын (жүйке жүйесінің дисфункциясы салдарынан мидың бұзылуы) ақырындап бұзатын у. Есірткі қабылдау зардабының негізгі аурулары бұл гастрит, жүрек бұлшық етінің әлсіреуі және ЖИТС. Ағзаға наркотикалық заттарды енгізген кезде, адамның беті қызарып, бүкіл дене қызып рахатқа бөлене бастайды. Тері жеңіл-желпі қышиды. Кейін жайбарақаттық үрдіс бойды алады. Ойға неше түрлі әлемде жоқ құбылыстар келе бастайды. Есірткі ағзаға өте тез қалыптасатын зат. Кейіннен адам өз еркінен мүлдем айырылып қалады. Бірте-бірте қоғамдық өмірге, жұмысқа, міндеттерін орындауға деген ынта-жігері баяулап, кейіннен мүлде жоғалып кетеді. Наркомандар, көбіне дөрекі, өзімшіл, отбасындағы міндеттеріне немқұрайлы қарай бастайды. Олар өздерінің қатерлі жағдайларға тап болғанын байқамайды. Сонымен қатар, есірткі қабылдайтын адамның тістері түсіп, терісінің түсі өзгереді, бетінде әжімдердің пайда болуы, шын мәніндегі өз жасынан әлдеқайда үлкен болып көрінеді. Қаражаттың жетіспеушілігінен ұрлыққа баруға мәжбүр болады, адам өлтіруге де барады, есірткі саудасымен айналысады. Есірткі бәрін құртады күштілерді де, ақылдыларды да.

Есірткілерге және оны қолдануға қатысты бірнеше мифтер бар.

Бірінші миф: байқап көр — бәрі байқап көреді. Бұл олай емес, жасөспірімдердің 80 % ешқашан есірткінің дәмін татып көрген емес.

Екінші миф: байқап көрсейші, зиянды салдары болмайдыБұл өтірік. Кейбір есірткілерге тәуелділік 1-2 рет қалыптасады. Сонымен қатар, жеке ерекшеліктермен байланысты алғашқы дәрі жіберу кезінде өлімнің пайда болуы мүмкін.

Үшінші миф: байқап көр, егер ұнамаса – қабылдауды тоқтатасың. Жоқ, есірткілерді қолдану кезінде адам бойындағы еріктілік зардап шегеді және тіпті дәрігерлердің көмегімен нашақорлық тәуелділіктен емделу өте қиын.

Төртінші миф: «зиянсыз» есірткілер бар. Ондай мүлдем жоқ. Есірткілердің барлық түрлері организм үшін улы.

Есірткілерді пайдалануға ғана емес, өзіңмен бірге ұстап жүруге де болмайды, өйткені біздің республикада есірткінің шамалы мөлшерін сақтау заңмен жазаланады.

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.


Ой жұмбақты шешу.


... саудың жаны сау.(дені)


  1. ... тепкен құлынның еті ауырмайды.(енесі)


  2. Ер ... ат.(қанаты)


  3. Ауру ... болада.(астан)


  4. ... үйді қонағы билейді.(жаман)


  5. ... жасырғанды өлім әшкерлейді.(ауруын)


  6. ...басынан шіриді.(балық)


  7. ... алды ынтымақ.(ырыс)


  8. ...түскен баспакшыл.(басқа)


Қорытынды.


Лұқпан хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Сонда ол «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш — жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен.

Яғни, адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп баяндамамды аяқтайын.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!