Материалдар / Зияткерлік сайыс «Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ілім біл» 2-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Зияткерлік сайыс «Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ілім біл» 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілдік саясатын дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Мамыр 2020
3344
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы: Манатова Сандугаш Божеевна

Жұмыс орны: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы №6 гимназия ҚММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Тақырыбы: 2-сыныптар арасында өткен зияткерлік сайыс

«Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ілім біл»


Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілдік саясатын дамыту.

Сайыс ҚР-ның әнұранымен ашылады.

1. Бейнефильм көрсетіледі.
1 - Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен білім алушылар! Бүгін біз осы залда «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім білім» атты зияткерлік сайысымызды өткізуге жиналып отырмыз. Қош келдіңіздер! Елбасымыз «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны алғаш рет 2006 жылы жария етіп, 2007 жылғы жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мəдени жобаны кезең- кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бұл жоба бойынша Қазақстан халқы үш тілде сөйлейтін жоғары білімді ел ретінде бүкіл əлемге танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі жəне ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі.Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін адам бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз.

Ана тілім -ардақтым қасиетім,

Ана тілім -құдірет бас иетін.

Ана тілін сақтайық, көтерейік,

Ата -баба аманат өсиетін. 

2 - жүргізуші:
Здравствуйте, уважаемые учителя, учащиеся! Здравствуйте, все, те кто пришел на наш праздник. Мы рады приветствовать вас в кабинете «Мәңгілік ел». Интеллектуальный конкурс посвященный «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім білім» разрешите считать открытым.
3 - жүргізуші: Good day dear teachers and and pupils!.Welcome to our party. I’m glad to see you at our competition, which will be help in the form of competition between our pupils of 2 forms. I’ m sure you will demonstrate what you know about three languages.
1 - Жүргізуші:
Кешімізді ашу үшін сөзді мектеп директорына береміз.
Директор сөзі...

1-Жүргізуші: Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Тіл мерекесі, тіл салтанаты, тіл қуанышы құтты болсын!   Олай болса ортаға сайыскерлерімізді шақырып, таныс болайық

3-жүргізуші:Our competition consists of 5 tasks. They are:

І – «Сәлем - сөздің анасы»(таныстыру, сәлемдесу)

ІІ    - «Аламан бәйге» (Берілген сұрақтарға тез жауап беру)

ІІІ    - «Жеті жұрттың тілін біл» (суреттерді 3 тілде атын атап беру)

ІҮ   - «Әдебиет әлемінде» (үш тілде өлеңді мәнерлеп оқиды)

Ү   - «Мақал- мәтел сайысы » (үш тілде мақал-мәтелдер айтады)

ҮІ   - «Топбасшылар сайысы – Берілген тақырып бойынша оқушылар қазақ тілінде сөйлейді. («Өзім туралы», «Менің досым», «Менің мектебім», «Менің бөлмем», «Менің отбасым»)

2-жүргізуші: Наш конкурс оценивает уважаемое и неподкупное жюри в следующем составе:


1- жүргізші: Бүгінгі сайысымызды бастаға рұқсат етіңіздер.І-кезең «Сәлем сөздің анасы» . Әр топ өзін таңыстырады. (Сайыскерлер ортаға шығып, өздерін таңыстырады.)
2 «Б» сыныбы – «Болашақ» тобы


2 «В» сыныбы – «Жүйріктер » тобы

2 «Г» сыныбы – «Барыс » тобы

2 «Д» сыныбы – «Қырандар»тобы

2 «Е» сыныбы – «Жұлдыздар» тобы

2-жүргізуші: Наш праздник начинается, мы желаем нашим конкурсантам удачи. Каждый тур будет оцениваться нашим компетентным жюри. Самый высокий балл - 5. И так ваши оценки.

1-жүргізуші:

         ІІ кезең - «Аламан бәйге» Әр топқа 3 сұрақ қойылады. Аламан бәйге сұрақтарының жауаптары 5 ұпаймен бағаланады. Ендеше, іске сәт!

Сұрақтары:

  1. Сен нешінші сыныпта оқисың?

  2. Сен неше жастасың?

  3. Сен қай мектепте оқисың?

  4. Сен қайда тұрасың?

  5. Сенің ең жақын досың кім?

  6. Жазда күн ыстық па?

  7. Қыста күн қандай?

  8. Сенің отбасың қандай?

  9. Балақай мен Карлсон кім?

  10. Карлсон нені жақсы көреді?

  11. Винни Пух нені жақсы көреді?

  12. Карлсон қайда тұрады?

  13. Біздің мектеп қандай?

  14. Бір аптада неше күн бар?

  15. Біздің президентіміз кім?


Музыкалық нөмір


1 - жүргізуші: Қазақстан көпұлтты мемлекет. Қазіргі таңда елімізде 130 - дан астам ұлт өкілдері тұрады. 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
2 - Ж: Kazakhstan is our common home. Besides Kazakh and Russian people, there are 2 thousand representatives of about 130 peoples in Kazakhstan.
3 - ж: Казахстан – многонациональное государство. В нашей стране проживает более 130 наций и народностей и все живут дружно, одной сплоченной семьей и зовутся казахстанцы.
2 - жүргізуші: Наш президент Нурсултан Абишевич Назарбаев поставил перед нами задачу: говорить на з - х языках: казахском, русском и английском, не забывая при этом и своего родного. Это прекрасно, ведь знание языков – это наше богатство

  1. Жүргізуші : ІІ кезең - «Жеті жұрттың тілін біл» Теледидардан суреттер шығады, сіздер оның атауын үш тілде айтуларын қажет. Әр сөзге 5 ұпайдан береміз.

2 - Ж: English is a world language. It’s the language of progressive science and technology, trade and Cultural relations, commerce and business. English is spoken by more than 350 million people. Geographically, it’s the most widespread language on earth
3 - Ж: Хорошее знание и развитие родного языка, умение пользоваться выразительными средствами иностранных языков - самая лучшая опора для каждого человека в его общественной и творческой деятельности.

(Экраннан суреттер шығады, әртоп өз жауаптарын береді.)


1 - Ж. Қазақстан әр тілде сөйлейтін халықтардың басын біріктіріп отырған мемлекет. Қазақстан біздің достық үйіміз. ІІІ кезең«Әдебиет әлемінде» : Елбасымыздың үштұғырлы тіл саясаты да біздің мектебімізде жалғасын табуда, соның бір айғағы ретінде оқушыларымыз үш тілді өлең оқиды .
 Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады.  - дей келе, мәнерлеп оқу кезеңіне береміз.

«Болашақ» тобын қарсы аламыз.

1. Mother country

One among many countries,

Native land- mother,

Native land- universe,

Native land- Kazakhstan.

2. Ана тілің, біліп қой,

Еркіндігің теңдігің,

Ана тілің, біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

2 «В» сыныбының тобы « Тұлпар » тобын қарсы аламыз.

3. Родина

Один средь многих стран.

Отчизна-мать,

Отчизна –мир,

Отчизна-Казахстан.

4. Отан.

Отан деген –атамекен,

Отан деген- туған жер

Отан-ана,

Отан- үлкен

Қазақстан –туған ел!

2 «Г» сыныбының тобы «Барыс »

5. Танытқан қазағымның қазақтығын,

Танытқан қазағымның азаттығын,

Танытқан қазағымның ғажаптығын,

Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.

6.   Ана тілің арың- бұл,
       Ұятын боп тұр бетте. 
       Өзге тілдің бәрін біл!

Өз тілінді құрметте!



7. Язык мы русский изучаем

И на уроках отмечаем

Как он велик, как он могуч

И ярок, словно солнца луч.

2 «Д» сыныбының «Қырандар» тобын қарсы аламыз.

8. Сүйемін туған тілді – анам тілін

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім

10. Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін.

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.



2 «Е» сыныбының тобы «Жұлдыздар»

11. Туған тілім – бабам тілі, өз тілім

Туған тілім – анам тілі, өз тілім

Туған тілім – далам тілі, өз тілім

Туған тілім – адам тілі, өз тілім.

12. Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте!

  1. Жүргізуші: ІІІ –кезеңде өз мәресіне жетті. Әділ-қазылар өз бағаларын береді деген ойдамыз.

1-жүргізуші: Келесі кезең  «Мақал – сөздің мәйегі» . Мақал-мәтелдер талай замандар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан асыл мұраны  қаншалықты білетіндіктерін көрсетеді..

2-жүргізуші: Каждая команда будет рассказывать свои пословицы. А компетентное жюри будет считать сколько пословиц они рассказали.

(Әр топтан оқушылар шығып мақал-мәтелдерін айтып жарысады.)

1-жүргізуші: Сонымен біз ең соңғы «Топбасшылар сайысы»  кезеңге де жетіп қалды.

2-жүргізуші: Капитаны команд выходят на середину, достают листочки. И преводят на казахский язык текст. Эток конкурс называется «Тапжылмай аудар» конкурс переводчиков. И так удачи вам.


1 - ж: Жүргізуші: Көп - көп рахмет, ойынға қатысушылар! Сіздерге алдағы уақытта да осындай белсенді, білімді, өнегелі бола беріңіздер дейміз. Сонымен, құрметті көрермендер,
Әр адамда өз анасынан басқа,
Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада.
Болу керек құдыретті төрт ана
Туған тілін - түп қазығың, айбының,
Туған жерің сатылмайтын байлығың.
Туған дәстүр, салт - анасы, тегі,
Шуақ шашар қадамына үнемі.
Және туған тарихы
Төрт анасы қорғамаған халықтың
Еш уақытта бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана -
Тағдырының тынысы.
Төрт ана үшін болған күрес -
Күрестердің ұлысы!
2 - Ж: Язык отцов, язык тысячелетий
Ты временем, как глина обожжен
В тебе - удар меча и посвист плети,
Мужская гордость и горячность жен.
Тебя по жилам к нам перенесло
И ты звучишь, переполняя тело
Ударом сердца, колоколом души
3 - Ж: Oh, friend unseen, unborn, unknown,
Student of sweet English tongue,
Read out my words at night alone:.
I was a poet, I was young
Since I can never see your face,
And never shake you by the hand,
I send my soul through time and space
To greet you. You will understand.

2-жүргізуші: Халықаралық байланыста әлемдік деңгейде қолданылатын 6 тіл бар. Олар: ағылшын, француз, орыс, испан, қытай, араб тілдері. Жарқын болашаққа ұмтылған Қазақстан үшін бүгінгі жағдайда біздің көп тіл білуіміз қажет. Бірақ өзге тілді білсек те, өз ана тілімізді ұмытпай, қастерлеп, құрметтей білуіміз керек. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» дегендей, өз тілімізді құрметтеп өсу біздің парызымыз.


Жүргізуші: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмей өскен әңгүдік.
Өсер болсаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік,- дей отырып, біздер ұлан - ғайыр болашақ иесіміз, үміт артар, арқа сүйер азаматтарымыз. Осындай бай, асыл, алып мұраны - біз, жас ұрпақ әрі қарай жалғастыруымыз керек.

Жүргізуші: Осымен «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Тілдер апталығының өткізілуіне атсалысқан оқушылар мен мұғалімдерді марапаттау үшін әділқазыларға сөз беріледі.

1Ж: Көріскенше күн жақсы болып, аспанымыз ашық болсын! Сау болыңыздар!
2 - Ж: Хотим завершить нашу программу словами президента Н. А. Назарбаева;«Для народа нет лучше и дороже, чем родной язык, который остр как алмаз, чуткий как парящий орел, мягкий как свинец, и оружие, и щит, и древний, и вечно молодой.»
3 - ж: Thank you, good bye!

1-жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Барлық топ мұшелеріне үлкен алғысымызды білдіреміз. Марпаттау сөзін тәрбие ісінің меңгерушісіне береміз. Сау болыңдар!





7


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!