Материалдар / Зорлық -зомбылық қоғам қасіреті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Зорлық -зомбылық қоғам қасіреті

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілер, психологтар,әлеуметтік педагог. Зорлық -зомбылықтың алдын алу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2019
916
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Зорлық –зомбылық қоғам қасіреті.Начало формы

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – ол отбасы мүшесінің басқа отбасы мүшесіне, сонымен қатар, үй, пәтерде бірге тұрып жатқан адамға, немесе бөлек тұрып жатқан бұрынғы күйеуі не әйеліне көрсетілетін зорлық-зомбылық. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы» Заңға сәйкес зорлық-зомбылық физикалық, психологиялық, жыныстық және эмоционалдық, экономикалық болып бөлінеді «Зорлық – зомбылық» түрлері :Физикалық: итеру, жұлмалау, алақанмен     жұдырықпен немесе басқа да заттармен ұру, отбасы мүшелерін мас немесе сау күйінде сабау.Жыныстық: күштеп жыныстық қатынасқа  итермелеу, қорқыту, бопсалау, зорлау;Психологиялық: адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту.Эмоционалдық: қорлау, сөгу, оның намысына тие отырып, орындауына мәжбүрлеу;Экономикалық: адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру, Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар. Отбасындағы зорлы-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Әйелдер мен балаларға арналған зорлық-зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқынды. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен. Есіңізде болсын, үйдегі зорлық –зомбылыққа ешқандай ақталу жоқ!
  • Нақты бір «жәбірленушінің түрі болмайды»
  • Егер агрессор оларды ұрып –соғуға құқым бар деп санаса, кез келген әйел және бала , басқа да отбасы мүшелері зорлық –зомбылықтың құрбаны болуы мүмкін.
  • Үйдегі зорлық –зомбылық басқа адамдарды, яғни әйелді, балаларды өзіне бағындырғысы келумен тікелей байланысты, ал біреуді күштеп көндіру үйдегі зорлық –зомбылық болып табылады.
Отбасылардың қиюы қашуының басты бір себебі – жанұядағы зорлық-зомбылық. «Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек. Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады. Әйеліне, құрбысына және балаларына зорлық көрсететін агрессордың мінез – құлқында төмендегідей белгілер болады.
  • Өзін төмен бағалау немесе өте жоғары;
  • Отбасы және қоғамда еркек басты рөлде болуы жөніндегі көзқарасқа сенуі;
  • Өзі жасайтын іс –әрекетті басқалардан көрсе, оларды ақтауы;
  • Тумысынан қызғаншақ болуы;
  • Агрессиялық іс –әрекеті күрделі нәтижелерге әкеледі деп ойламауы;
Қазақ халқының дана сөз бар: «Әйел адамға рухы әлсіз ер адам ғана қол көтереді». Бұны халық жазылмаған заң деп санап осы уақытқа дейін сақтап келеді, алайда өкінішке орай кейбір ер адамдар ұмытып кеткен сыңайлы. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» - демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады. Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны. Зорлыққа душар болған адамның мінез-құлқына сипаттама
  • Өзін төмен бағалау
  • Өзіне зорлық жасаушының іс –әрекетін ақтауға тырысу;
  • Өзін кінәлі сезініп, зорлық жасаушыға деген ашу сезімін басуға тырысуы;
  • Отбасындағы зорлық мәселесін шешуге ешкім де көмектесе алмайды деп сенуі,


Егер отбасында мына жағдайлар болса, адам үй зорлығына тап болғаны.
  • Жолдасы физикалық күш көрсетеді: ұрып –соғады,тепкілейді ,итереді.
  • Басқа адамдардың көзінше жәбірлеп қорлайды.
  • Жолдасы өз рұқсатынсыз үйден шығуға тыйым салады.
  • Жолдасы – балаларды тартып алып, үйден қуып шығамын деп қорқыту.
Зорлық –зомбылыққа түскен адамға мына сұрақтар төңірегінде сөз қозғауға болмайды:
  • Оны ашуландыратындай Сіз не істеп қойдыңыз?
  • Міне мыналарды Сізге міндетті түрде істеу керек
  • Мен бұған сене алар емеспін!
  • Егер мен сіздің орныңызда болсам, оның қасында бір минутта болмас едім
Зорлық –зомбылыққа түскен адамға мына сөздерді айту қажет:
  • Мен Сізге сенемін
  • Сіздің қауіпсіздігіңіз, жақсы өмір сүруіңіз маңызды
  • Сіз өте батыл екенсіз
  • Мен сізге көмектесу үшін осындамын
  • Сізге менің көмегім ғана жеткіліксіз, Сізге қосымша көмек қажет.
Зорлықтан құтылғысы келмейтін немесе осы жағдайға тап бола беретін адамға мыналар туралы айту қажет.
  • Мені Сіздің қауіпсіздігіңіз алаңдатады
  • Жағдай бұдан ары ушығып кетуі мүмкін
  • Мен Сізге көмек көрсету үшін осындамын
  • Сіз бұдан да жақсыға лайықсыз.
Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық-зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады, отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. «Тәрбиесіздік – ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбунасыр әл Фараби. Бала жасында қандай тәрбие алса, ержеткенде сол әдет қалмайды деген сөз. Ұлтымыздың қанындағы ізеттілік дөрекілікке, қайырымдылық қатыгездікке, жомарттық тоғышарлыққа, адалдық арамдыққа, парасаттылық парасыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.

















Зорлық –зомбылық қоғам қасіреті.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!