“ЗОРЛЫҚ
ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ
16 күн”
МАҚСАТЫ:
Оқушыларға зорлық -зомбылық туралы
мағлұмат беру, адамның ең жаман
қасиеті екенін айту.
Зорлық – зомбылық адам ағзасына
тікелей әсер ететінін түсіндіру.
Жаман әдеттерден бойларын аулақ
ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу,
ЖОСПАР
Тақырыпқа
шолу
Ой қозғау
(видео ролик)
Кіріспе
Қорытынды
Зорлық-зомбылықсыз
балалақ шақ
Рефлекция
Тақырыпқа шолу
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз
өмір.Оның кепілі – заңдылық.
Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам
бостандығы.Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз
ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы.
Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы
басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.Егер
жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда
тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді.Ол –
жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен
балалар.Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған.
Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты
дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.Әйелдер мен балаларға қатысты
зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды
жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады.
Зорлық-зомбылық дегеніміз не?
Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына
тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.
Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне
зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің
денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.
Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен
мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер
ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы
мүмкін.
Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес
жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.
Зорлық-зомбылық түрлері:
Физикалық
Психологиялық
Психологиялық
Жыныстық
Психологиялық зорлықзомбылық - адамның
психикасына қасақана әсер ету,
оны қорқыту, қорлау, бопсалау
немесе құқық бұзушылықтарды
немесе өмірге немесе
денсаулыққа қауіп төндіретін,
сондай-ақ психикалық, дене
және жеке басы дамуының
бұзылуына әкелетін әрекеттерді
жасауға мәжбүрлеу (еріксіз
көндіру) арқылы ар-намысы мен
абыройын кемсіту.
Физикалық зорлық-зомбылық – балаға қатысты өзге
баланың не ересектің тарапынан физикалық зардапқа не
жарақатқа әкелетін, баланың денсаулығына, оның
өмірінің ұзақтығына, дамуына, өзін-өзі бағалау сезіміне
нұқсан келтіруі мүмкін физикалық күш көрсету арқылы
жасалатын әрекеттер.
ЖЫНЫСТЫҚ:
16 жасқа дейінгі баланы
оның наразылық
білдіруіне қарамастан
ерексектердің жыныстық
әрекетке тартуы
бала
құқықтары
туралы
КОНВЕНЦИЯ
БҰҰ БАС
АССАМБЛЕЯСЫ
1989жылы 20
қарашада
қабылдады.
19-бап.Зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен қорғау
құқығы
37-бап.Қатігездіктен қорғау құқығы
40-бап.Балалар заңдарды бұзған кезде адамгершілікпен
қарау құқығы
Ой қозғау
•1. Ата-аналарың сендерді
мадақтағанда қандай сөздер
айтады?
•2. Ата-аналарың сендерді
жазалағанда қандай сөздер
айтады?
Постермен жұмыс
«Зорлық – зомбылықсыз қатыгездіксіз
балалық шақ»
ҚАЛАЙ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ДУШАР
БОЛМАУ КЕРЕК?
(АТА-АНАЛАРҒА,ҰСТАЗДАРҒА ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА АЙТЫП ЖҮРУ ҮШІН ЖАДНАМА)
Көшеде түнгі
беймезгіл уақытта
қалмауға тырысу,
көшеде
танымайтын
адамдармен
әңгімелеспеу және
онымен қараңғы
жерлерге, адамдар
жоқ орындарға
және т.б. жерлерге
бармау.
Қауіп-қатерді
азайту, балаларды
зейінділікке,
сақтыққа, қауіпті
жағдайлардың
алдын алуға
үйрету керек,
ондай
жағдайларды олар
дала немесе үйде
де кездестіруі
мүмкін.
Үйде жалғыз болғанда,
бөтен адамдарды үйге
кіргізбеу керек; Бөтен
біреудің машинасына
отырмау, қыдырып
жүргенде бөтен
адамдардан тәтті,
сыйлықтар алмау
керектігін үйрету қажет;
Көшенің қараңғы
жерлерінен, көпшілік
жүрмейтін саябақтар
мен стадиондардан
аулақ жүруге үйрету.
Жағдаят:
•Көршің өз баласына күнде зорлық- зомбылық
жасауда, сенің әрекетің қандай?
•Ата-аналарың сендердің қызықтарыңа
қуанып бақытты өмір сүруі үшін қандай
болуларың керек?
•Ата-анаңыздың қандай жақсы істерін мақтан
тұтасыздар?
•Ата-аналарыңыздың қандай жағымсыз
қылықтан аулақ болғанын қалар едіңіз?
•Көршің өз баласына күнде зорлық-зомбылық
жасауда, сенің әрекетің қандай?
Қорытынды:
Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен
құқықтарын құрметтey бул тек мемлекеттің ғана емес,
сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті екенін
естен шығармауымыз керек. Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі
қос босағa-тәртіп пен мәдениет күллі адам атаулының
күнделікті әдеттеріне айналған кезде, біздер мейірімі мол,
қайырымды қоғамды құрып ғана қоймай, зорлықзомбылықсыз балалық шақтың шаңырағын биіктете
түскен болар едік. Бейбіт ел, ынтымағы жарасқан халық,
үлгілі отбасын құру бәрі де адамның өз қолында.
РЕФЛЕКЦИЯ
“Әлемнің бір адамы ретінде
Ақ жүрегіммен сөз
беремін…..”
(стикерге өз ойын жазады)
Назарларыңызға рахмет!