Зорлық
–зомбылықсыз балалық шақ!
Қазіргі
таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ.
Оның етек алуы отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық –
өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе
жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып,
қалыптасады.
Адамды
өзара түсіністікке жеткізетін шынайы да, тұрақты сүйіспеншілік
дәстүрлері де тек салауатты отбасында ғана
қалыптасады.
Ел
президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына
жолдауында ,алдағы отыз жыл ішінде мемлекетіміздің қандай бағытта,
қалай дамуы керек екендігін белгілеп берді. Әрине, осы міндетті
болашақта жастардың жүзеге асыратындығы күмәнсіз. Олай болса, сол
жастардың білім деңгейі, ата-анадан алған тәлім-тәрбиесі қандай
дәрежеде деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа толық, жан-жақты жауап
беру әзірге қиындау, оған дәлел – бүгінгі қоғамымызда қылмыстың
күнен-күнге көбеюі. Біздің ойымызша, оның себебі жастарымызға
уақытында ұлттық тәрбиені бере алмағанымыздан туындағаны жасырын
емес. Әрине, қазіргі таңдағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың
нашарлауы да бұған әсер етуде. Кеңес дәуірі кезінде балаларымызды
мектеп тәрбиелейді деп отбасындағы ата-ананың рөлін тым босаңсытып
алдық. Мектептер оқу мәселесін өздерінің басты міндеті деп санады
да, тәрбиелік сабақтарға аса көңіл бөлмеді. Бұл мәселе жөнінде
біздің ұлы бабамыз Әбу Насыр әл Фараби:"Адамға ең бірінші білім
емес, тәрбие берілу керек,тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас
жауы".
Балалар
–еліміздің болашағы. Оларды тәрбиелеу, оқыту, білім беру, болашаққа
қадам бастыртып осы өмірде өз орнын таптыру әр ата-ананың міндеті.
Ал, ата –анасыз жетімсіреген бала қайтеді?! Осы басты мәселе. Осы
орайда оларға көп көңіл бөлінуде. Оларға қаражат бөлініп, оқытып,
тоқытып отыр. Дегенмен "Бес саусақ бірдей емес" дегендей оларды
қанша жерден бағып, қағып отырса да, бәрін бірдей қорғауға жағдай
жетіңкіремейді.
Тек
балалар үйінің тәрбиеленушілері ғана емес, қарапайым отбасы
балаларыда зорлық көруде. Барша адамның жауына айналған алкоголь
ішімдіктері көптеген адамдарға зардабын шектіруде. Ішімдікке
масайған ата-ана, балаларын қараусыз қалдырып, оларға қол жұмсап,
тағдырдың тәлкегіне салуда. Бұның аяғы неге әкеліп соғарын
білмейтін ата-ана бала алдындағы өздерінің міндеттелген борышына
жауапкершіліксіз қарайды.
Айтылғандары біреудің мәпелеуінде және ата-анасы, панасы
бар балалар. Ал, өмір есігін ашқалы жатқан балалардың, өмірге келе
сала далада қалатынына не дерсіз?! Жеңіл жүрісті аналар, үлкен күнә
жасап, кейін оған жауапкершіліксіз қараған болашақ әкелер осыған
себепкер. Біреулердің етегіне ерген жас қыздар өздерінің алдында не
күтіп тұрғанын білмей, нәпсі қуып, зор мақсат жетелеп, артынша
балалы болып, ол баланы асырауға жағдайы жетпейді. Әрине, сосын ол
өз құрсағынан шыққан баланы далада қалдырып, өз болашағына, баланың
болашағына балта шабады.
Ананың
бесік жырынан басталатын қарым-қатынасы, іс-әрекет, әдет-ғұрып,
салт-дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана-сезімін,
мінез-құлықн қалыптастыратын тәлімдік мұра.
2.
Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің хал-ақуалы (видео фильмдер
көрсету.)
3.
1.«Ұл-қызыңды бес жасқа дейін хандай көтер, он беске келгенше
құлдай жұмса, одан соң құрбыңдай көріп ақылдас.»
2.«Ақылсыз ұл – қырыққа
келгенше бала, ақылды бала – он бесінде дана».
3.«Ақылсыз бала араққа
құмар.»
4.«Жақсы бала –
сүйеніш, жаман бала –
күйеніш».
5.«Қызың өссе қызы
жақсымен,ұлың өссе ұлы жақсымен ауылдас бол».
6.«Баланы
жастан».
7.« Адамы азған қоғам
тозушаң келеді».
Мектеп
табалдырығында оқушылардың бойында имандылық қасиеттерді
жетілдіріп,тәлім-тәрбиені жаңғырту,адамгершілік әдетке баулу,
рухани мәдениетке үйрету.
Сөз
соңында мынандай тілекпен аяқтағым келеді.
ХХІ ғасырға – 21
тілек
ХХІ
ғасыр, қазақ халқының ғасыры болсын.
Қазақ елі
мәдениетті дамыған ел болсын.
Қазақстан
тәуелсіз егемендігін сақтасын.
Елде
бейбітшілік орнасын.
Данышпан
адамдардың саны көбейе берсін.
Қазақ
тілі мемлекеттік тіл болсын.
Сырт
елдермен достығымыз нығая берсін.
Экономикамыз өрге бассын.
Салт
–дәстүрімізді сақтай, қадірлей білейік.
Қазақстан
елі – байтақ ел болсын.
Демография жағынан қазақ халқының саны көбейе
берсін.
Отандық
өнеркәсіп дамысын.
Жастарымыз білімді, мықты болсын.
Мектеп
табалдырығында оқушылардың бойында имандылық қасиеттерді
жетілдіріп,тәлім-тәрбиені жаңғырту, адамгершілік әдетке баулу,
рухани мәдениетке үйрету.