Материалдар / Абай философиясында “Толық адам”
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Абай философиясында “Толық адам”

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайдың «Толық адам» философиясына арналған тапсырмаларды орындау арқылы Ұлы ақын шығармашыларындағы ғылыми – философиялық ойды түсінулерін, сөйлесу, талдау дағдыларын қалыптастырудағы әдіс – тәсілдердің тиімділігін көрсету.
Авторы:
14 Наурыз 2024
83
3 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!

1 слайд

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Абай және ХХІ ғасыр дағы Қазақстан» атты мақаласында нақты міндеттер қойы

2 слайд
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Абай және ХХІ ғасыр дағы Қазақстан» атты мақаласында нақты міндеттер қойып: «Біз Абайдың «толық адам» тұжырымын қайта зерделеуіміз керек. Бұл бағытта ғалымдарымыз тың зерттеулерді қолға алуы қажет. «Толық адам» концепция сы, шындап келгенде, өміріміздің кез келген саласының, мемлекетті басқару мен білім жүйесінің, бизнес пен отбасы институттарының негізгі тұғырына айналуы керек деп есептеймін», деді.

Мақсаты : Абайдың «Толық адам» философиясына арналған тапсырмаларды орындау арқылы Ұлы ақын шығармашыларындағы ғылыми – фил

3 слайд
Мақсаты : Абайдың «Толық адам» философиясына арналған тапсырмаларды орындау арқылы Ұлы ақын шығармашыларындағы ғылыми – философиялық ойды түсінулерін, сөйлесу, талдау дағдыларын қалыптастырудағы әдіс – тәсілдердің тиімділігін көрсету.

Адам мәселесін Абай әр түрлі: философиялық, биологиялық – психологиялық,эстетикалық және этикалық көзқарастан қарастырған. Аб

4 слайд
Адам мәселесін Абай әр түрлі: философиялық, биологиялық – психологиялық,эстетикалық және этикалық көзқарастан қарастырған. Абайдың адам туралы негізгі тұжырымдары Чернышевскийдің «Философиядағы антропологиялық принцип» (1860) деген еңбегінде айтылатын ойлар ұштасады. Чернышевскийдің түсіндіруінше болмас біріңғай болған жағдайда адам басынан екі түрлі: материалдық (адам тамақ ішеді, ұйықтайды, жүреді)және адамгершілік тұрғыдағы (адам ойлайды, сезеді, қалайды) құбылыстарды байқаймыз. Абайдың жетінші сөзінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады,. Біреуі- ішсем,, жесем, ұйықтасам деп тұрады... Біреуі білсем екен демелік. Дүниенің көнінген Һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды» , - дейді ойшыл – ақын.

Абай негізін қалаған «Толық адам» ілімінің түп төркіні қайда жатқандығын білдіретін құнды дерек көздеріне жатады. Осы ф

5 слайд
Абай негізін қалаған «Толық адам» ілімінің түп төркіні қайда жатқандығын білдіретін құнды дерек көздеріне жатады. Осы философиялық тұжырым Абайдың «Он жетінші» қара сөзінде өзінің логикалық жалғасын тапқан сияқты. Абайдың осы сөзінде «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» үшеуі әрқайсысы өзін мықты санап, айтысып, таласып, ақыры «ғылымға» келіп жүгінеді. Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты: – Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ – менің ісім, – депті. Бірақ билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді: жақсылық айтқанына жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады. Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет, – депті. Осы үшеуің бір кісідей менің айтқанымдай табыссаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол. Үшеуің ала болсаң, мен «Жүректі» жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды» – деген қорытындыға келеді.

Абай жас өркеннің бағдар түзер айқындамасы ретінде талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахымды атайды. Абай атаған бес қа

6 слайд
Абай жас өркеннің бағдар түзер айқындамасы ретінде талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахымды атайды. Абай атаған бес қасиет негізінен толықтықты танытатын үш қасиетті құрайды: талап пен еңбек – қайратты танытса, терең ойыңыз – ақыл, ал қанағат пен рахым – жүректен туатын қасиеттер. Адам бойындағы осы үш қасиетті ерекше танып білуге тұратын таным екенін ақын «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңінде: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, - деп нақтылай түседі. «Ыстық қайрат» - бұл үнемі ізденіс үстінде болу, тек қана алға ұмтылу, жасампаз болу. «Нұрлы ақыл» - елге сәуле түсіріп, ізгілікті іс істеу, алла берген ақылды тек жақсылыққа жұмсау. Ал, «жылы жүрек» - иманды, иман жүзді болу, адамдарға құрметпен қарау, олардың мұң-мұқтажын, көңіл-күйін ұға білу. Міне, осы үш қасиет ізгілікті мақсатта пайдаланылған жағдайда ғана толымды адам деген мәртебеге ие болуға болады. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек,- дейді. Олай болса, Абай үшін дүниенің басты құндылығы – адам, жәй ғана адам емес, рухани тұрғыда кемелденген толымды адам. Абайдың арманындағы толық адамның іргетасы дінмен ұштасып, дінмен дамиды және дінмен жетіледі. Адамзат өркениетіндегі барлық игі қасиеттер: дін, иман, ғылым, білім, тәрбие, әдеп, өнер, құқық, іскерлік, тапқырлық, қайраткерлік, азаматтық, жомарттық, әділеттік, т.б. бойында жетілдіре білген, дамытқан адам – Абай ұсынған «толық адам» концепциясы.

Ұлы ақын мұрасы арқылы, оның Толық адам туралы тағылымы негізінде оқушыларға Адамды сүю, оны құрметтеу, биік адамгершілі

7 слайд
Ұлы ақын мұрасы арқылы, оның Толық адам туралы тағылымы негізінде оқушыларға Адамды сүю, оны құрметтеу, биік адамгершілік, елжандылық, имандылық, ізгілікті үлгі ету. Соның негізінде олардың жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына түрткі жасау. Өзін-өзі тануларына, өзін-өзі, бір-бірін тәрбиелеуге ықпал ету, тәлімдік мүмкіндік туғызу,оқушылардың бір-біріне деген сыйластық, өзгені өзіндей қабылдауға, өзге ұлттардың салт-дәстүрлерін сыйлаудың маңызына мән беру; Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін талдай отырып, әр оқушының өз тапсырмасын орындауына қолайлы орта туғызу, Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы ақыл, қайрат, жүрек, ғылымның адам өмірінде алатын орнын түсінуге, адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өз бойларында осы қасиеттер болуы үшін күресе білуге, ақынның қарасөздерінің мәнін, ғылыми-философиялық ойды түсінулерін, сөйлеу, талдау дағдыларын қалыптастыру.

Абайдың «толық адам» ілімі «Ғы лым таппай мақтанба» өлеңінен бас тау алады. Ондағы «бес асыл» мен «бес дұшпанның» негіз

8 слайд
Абайдың «толық адам» ілімі «Ғы лым таппай мақтанба» өлеңінен бас тау алады. Ондағы «бес асыл» мен «бес дұшпанның» негізі, профессор М.Мыр зах метұлы айтпақшы, шығыс ой шылы Ғұламаһи Дауанидің ( XV ғ.) шә кірті Жүсіп Қарабағидың ( XVIII ғ.) «Рисаласындағы» екіге бөлінетін жан азығынан (жанның пайдалы азығы, жанның зиянды азығы) негіз алады. Онда шын сенім, жомарттық, ғылыми түсінік пен күншілдік, жалған сенім қарама-қарсы қойылады. Абайдың дүниетанымында бұл ой тереңдетіліп, адам бойына қажетті «бес асыл қасиет» пен «бес дұшпан» нақ ты ланады.

Толық адам Жылы жүрек Нұрлы ақыл Ыстық қайрат

9 слайд
Толық адам Жылы жүрек Нұрлы ақыл Ыстық қайрат

« Адам баласы адам баласынан ақыл , ғылым , ар , мінез деген нәрселермен озбақ . Одан басқа нәрселерден оздым ғой демекті

10 слайд
« Адам баласы адам баласынан ақыл , ғылым , ар , мінез деген нәрселермен озбақ . Одан басқа нәрселерден оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық» « Нұрлы ақыл , ыстық қайрат және оларға әмірі жүретін жылы жүрек бір кісіден табылса , онда ол «қасиетті адам» болмақ .»

17-қарасөзінде Абай сипаттаған толық адам кім? Абай «жүректі» жырлайды. Былайғы қазақтың жүрек туралы ұғымы «жүректі ад

11 слайд
17-қарасөзінде Абай сипаттаған толық адам кім? Абай «жүректі» жырлайды. Былайғы қазақтың жүрек туралы ұғымы «жүректі адам», «батыл адам», дегеннен аспайтынын айта келіп, оған тың мағына үстеп, рақым, шапағаттың қайнар көзі деп философиялық тұрғыдан мән бере ді. Ақыл, қайрат, жүректің бір лі гін де жүректі бірінші орынға қояды. 17-қарасөзінде жүректі сөйлетіп: «қан менен тарайды, жан менде мекен қы ла ды... әділет, нысап, ұят, рақым, мейір бан шылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады» деп сөйлетеді. Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек, – деп ғылымға ден қоя отырып: Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, – деп ой қорытады. Ақылдың өзін «нұрлы ақыл», «суық ақыл» деп бөлген ақын жоғарыдағы қарасөзінде айтқандай, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылықтың ұясы жүрекке бірінші орынды беруі, соған ішкі қуатты, ақыл-ойды билетуі – адамзатты гуманизмге шақыруы және әрбір адамның бойында мейірбандықтың, адамдықтың үстем болуын қалауы еді.   

Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл ,жылы жүрек Ыстық қайрат , • Талап , еңбек, шыдамдылық Нұрлы ақыл •

12 слайд
Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл ,жылы жүрек Ыстық қайрат , • Талап , еңбек, шыдамдылық Нұрлы ақыл • Терең ой,білім,зеректілік Жылы жүрек • Рақым, махаббат,ұят,қанағат

«Толық адам» сатысын Абай отыз сег i з i нш i қара сөз i нде: «Бұл айтылмыш үш қасиетт i ң иелер i н i ң алды – пайғамбарлар

13 слайд
«Толық адам» сатысын Абай отыз сег i з i нш i қара сөз i нде: «Бұл айтылмыш үш қасиетт i ң иелер i н i ң алды – пайғамбарлар, онан соң – әулиелер, онан соң хак i мдер, ең ақыры – кәм i л мұсылмандар» деп төртке бөлед i. Бұлардың бастапқы екеу i таза құлшылық жолындағылар. Ал соңғы екеу i – аралас құлшылықта, себеб i ниеттер i таза болғанымен, болмыстары әл i толық тазаланып үлгермеген. Олар сый-құрмет, атақ-даңқ тәр i зд i адамның жүрег i н құрсаған құмарлықтардан әл i де болса толық арыла қоймаған. «Отыз сегізінші қара сөзінде» Абай « Ғалам Алла тағаланың ішінде », - дей отырып, өзінің бір шумағында былай дейді: «Мекен берген халық қылған Ол  Лә мәкан , Түп иесін көксемей бола ма екен? Және оған қайтпақсың оны ойламай, Басқа мақсат ақылға тола ма екен?!» Лә мәкән, яғни Алла адамды жаратып мекен бергенімен Өзі  мекенсіз  екенін айтып отыр.

Отыз сегізінші сөз . Құдай тағала дүниені кәмәлатты шеберлікпен жаратқан һәм адам баласын өссін-өнсін деп жаратқа

14 слайд
Отыз сегізінші сөз .          Құдай тағала дүниені кәмәлатты шеберлікпен жаратқан һәм адам баласын өссін-өнсін деп жаратқан. Сол өсіп- өну жолында адамның талап қылып ізденер қарызды ісінің алды - әуелі дос көбейтпек. Ол досын көбейтпектің табылмағы өзінің өзгелерге қолыңнан келгенінше достық мақамында болмақ. Кімге достығың болса, достық достық шақырады, тілмен, я қылықпен өзін-өзі артық көрсетпек мақсатынан аулақ болмақ. Бұл өзін-өзі артық көрсетпек екі түрлі!    Әуелгі - әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жимақтық, бұл адамға нұр болады.        Екінші - өзін-өзі өзгешелікпен артық көрсетпек адамдықтың нұрын, гүлін бұзады.        Үшіншісі – қастық қылмақ, қор тұтпақ, кемітпек. Олар дұшпандық шақырады.        Һәм өзі өзгеше боламын демектің түбі – мақтан. Әрбір мақтан біреуден асамын деген күншілікті бітіреді де, күншілік күншілікті қозғайды...        Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің.        Надандық – білім – ғылымның жоқтығы, дүниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды...        Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.        Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады.        Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан есебіне қосылады