Материалдар / Абайдың қара сөздері-тәрбие көзі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абайдың қара сөздері-тәрбие көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайдың қара сөздері-тәрбие көзі
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Абайдың қара сөздері- тәрбие көзі Мақсаты: Абайдың қара сөздерін терең меңгерту, тәрбиелік мәнін түсіндіру, сөз мәнерін қыр-сы

1 слайд
Абайдың қара сөздері- тәрбие көзі Мақсаты: Абайдың қара сөздерін терең меңгерту, тәрбиелік мәнін түсіндіру, сөз мәнерін қыр-сырымен таныстыру. Халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, дәстүр мен жаңашылдық ,оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру.

Абай Құнанбайұлы Өлсе өлер табиғат, адам өлмесӨлсе, өлер табиғат, адам өлмес Ол бірақ қайтіп келіп, ойнап – күлмес «Мені» мен «

2 слайд
Абай Құнанбайұлы Өлсе өлер табиғат, адам өлмесӨлсе, өлер табиғат, адам өлмес Ол бірақ қайтіп келіп, ойнап – күлмес «Мені» мен «менікінің» айрылғанын «Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес. Көп адам дүниеге бой алдырған Бой алдырып, аяғын көп шалдырған Өлді деуге сыяма айтыңдаршы Өлмейтұғын артына сөз қалдырған? Кім жүрер тіршілікке көңіл бермей? Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей Міні қайда екенін біле алмассың Терең ойдың телміріп соңына ермей. Дүниедегі дос ақиретке бірдей болмас Екеуі тап бірдей боп орныға алмас Дүниеге ынтық, махшарға амалсыздың Иманын түгел деуге аузым бармас.

Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – оның қара сөздері.Оның әрбір түйген

3 слайд
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – оның қара сөздері.Оның әрбір түйген ойы, өмірден алған тәжірибесі осы қара сөздерінде келер ұрпаққа өсиет етіп қалдырады. Жалпы саны 45 бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы мен берер ойы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан.

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ Абай Құнанбайұлы 1845 жылы қазiргi Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыс т

4 слайд
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ Абай Құнанбайұлы 1845 жылы қазiргi Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыс тауында дүниеге кел- ген. Қазақтың ат қою дәстүрі бойынша азан ша- қырып қойған есімі Ибраһим болған.  Абай бала кезінде-ақ аса ширақ, соншама пысық болғанымен, әжесі Зере мен анасы Ұлжанның, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімелерін жылдам құлағына құйып, ұғып алатын зеректігімен, ынтылылығымен дараланатын. Әкесі Құнанбай қажы салдырған медресесінде, кейін Семейдегі Ахмет Риза медресесінде, сол қаладағы «Приходская школада» оқыған кезінде өзі тұтас үлкен-кіші балалардың барлығынан әлдеқайда зейінді, ұғымтал, ерекше ықыласты болған.

Абай Құнанбайұлының жұбайлары Абайдың Ділдә, Әйгерім және Еркежан деген үш жары болған. Абай Ділдәға 15 жасында үйленді

5 слайд
Абай Құнанбайұлының жұбайлары Абайдың Ділдә, Әйгерім және Еркежан деген үш жары болған. Абай Ділдәға 15 жасында үйленді. Неке жастардың әкелерінің келісімімен қиылған. Ділдә да Абай сияқты текті отбасынан шыққан. Ол Қазыбек бидің ұрпағы, арғын руының биі Алшынбайдың туған немересі. Ақынның екінші жары – Әйгерім. Оның шын есімі – Шүкіман. Ал оған Әйгерім деген есімді Абайдың өзі қойған. Абай Әйгерімге 30 жасында үйленген, олардың жас айырмашылығы 11 жасты құрапты. Әйгерім ақынның ең сүйікті жары болған екен. Әйгерім де текті отбасынан шыққан қыз, ол ұлт батыры, қазақтарды жоңғарлардан қорғаған Мамай батырдың тікелей ұрпағы. Ұлы ақынның үшінші жары – Еркежан. Ол бастапқыда Абайдың інісі Оспанның әйелі болған. 1892 жылы Оспан қайтыс болғаннан кейін Еркежан әмеңгерлікпен Абайды үшінші жары болып, ақынның өмірінің соңғы 11 жылында Жидебайда бірге тұрған.

Абай Құнанбайұлының балалары Абайдың екі әйелінен он бала – жеті ұл, үш қыз болған. Бәйбішесі (Алшынбай бидің немере қызы) Ді

6 слайд
Абай Құнанбайұлының балалары Абайдың екі әйелінен он бала – жеті ұл, үш қыз болған. Бәйбішесі (Алшынбай бидің немере қызы) Ділдәдан: тұңғышы Ақылбай 1861 жылы туған. Ақылбайдан: Әлімқұл, Әубәкір, Исраил атты үш ұл, Сағдат, Пакизат, Рухия есімді үш қыз болған. Екінші баласы Әкімбай. Ол жеті жасында өлген. Үшінші баласы Әбдірахман(Әбіш) (1869 – 1895). Ол Верниде (Алматы) қызымет істеп жүріп, 26 жасында аурудан қайтыс болады. Төртінші баласы  Мағауия (1870 – 1904 ). Абайдың екінші әйелі Әйгерімнен туған балалары : Тұрағұл (Тұраш) (1875 – 1934 ). Екінші баласы Микайлдан (Мекеш) Құзайыр, Әлішер (Қылкен) деген балалар туған. Үшінші баласы Ізкайыл. Төртінші баласы Кенже (қыз). Қосып айта кетейік, Абай ұрпақтарынан бес азамат отан соғысы майданында қаза тапқан.

Абай Құнанбайұлының қоғамдық қызметі Абайдың ел алғаш болыстыққа сайлануы 1866 жылдан басталуына ағасы Құдайбердінің ерте қайт

7 слайд
Абай Құнанбайұлының қоғамдық қызметі Абайдың ел алғаш болыстыққа сайлануы 1866 жылдан басталуына ағасы Құдайбердінің ерте қайтыс болуының әсері мол. 1866 жылы сәуір айында Құдайберді қайтыс болады. Кандидат болып сайланған Абайға осы қызмет  жүктеліп, осы кезде Күшік Тобықты елінде қызметке кіріседі.  Абай 1872-1874 жылдары Күшік Тобықты болысына екінші рет болыс болады.  1876-1878 жылдары – Абайдың Қоңыр - Көкше еліне болыс болып сайланады. Абайдың туған халқы үшін жанталасып еңбек етуі өз елінің басқа мақсат көздеген жекелеген адамдарына жақпай да жатады. Әділдік пен адалдықты темірқазық етіп ұстанып, өмірлік қағидасына айналдырған Абайдың ел басқарудағы ісіне жаптым жала, жақтым күйе дейтіндей жағдайлар да осы жылдары белең алады. 

Абай Құнанбайұлының шығармашылығы Қазақ классигі әдеби қызметін жасөспірім жасында бастады. Оның алғашқы өлеңдері 12 жа

8 слайд
Абай Құнанбайұлының шығармашылығы Қазақ классигі әдеби қызметін жасөспірім жасында бастады. Оның алғашқы өлеңдері 12 жасында жазылған. 28 жастан бастап ақын Шығыс халықтарының поэзиялық шығармашылығын және орыс классикалық әдебиетін тереңдете зерттеді. Ол Крылов, Шиллер, Пушкин, Байрон, Мицкевич, Гейне, Лермонтов, Гете шығармаларын қазақ тіліне аударған. Көрнекті қайраткердің еңбектерінің арқасында қазақ халқы алғаш рет әлемдік классикалық әдебиетпен танысты. Абайдың қарасөздері жалпы тақырып, мазмұн жағынан алғанда, оның ақындық мұрасымен тығыз байланысты. Көп сөздеріңдегі ойлар, пікірлер өлендерімен ұштасып, солардың мән-мағынасын кейде қайталап пысықтап, кейде әрі қарай жалғастыра дамытып отырады.

Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй тө

9 слайд
Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе - шаршап, жаяу жүрсе - демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшік ноғай» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп. Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бер депті» деп. Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім. Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһары жауласпайды! Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға қимайтұғын малыңды кірелеп сол айдап кетіп тұрды ғой. Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық - бәрі соларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның малдыларына, құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз. Біздің ең байымызды: «сәнің шақшы аяғың білән пышыратырға қойған идән түгіл, шық, сасық казақ», - деп үйінен қуып шығарады. Оның бәрі - бірін-бірі қуып қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып, зор болғандық әсері. Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз. Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда?Абайдың екінші қара сөзі

Абай Құнанбайұлының 11-ші қара сөзі Осы елдің үнем қылып жүргені немене? Екі нәрсе. Әуелі - ұрлық, ұры ұрлықпен мал та

10 слайд
Абай Құнанбайұлының 11-ші қара сөзі Осы елдің үнем қылып жүргені немене? Екі нәрсе. Әуелі - ұрлық, ұры ұрлықпен мал табам деп жүр. Мал иесі артылтып алып, тағы да байимын деп жүр. Ұлықтар алып берем деп, даугерді жеп, құтқарам деп ұрыны жеп жүр. Қарапайым жұрт ұрлық айтып мал алам деп, ұрыға атымды сатып пайдаланам деп, не өткізбесін арзанға түсіріп алам деп жүр. Екінші - бұзақылар біреудің ойында жоқ пәлені ойына салып, бүйтсең бек боласың, бүйтсең кеп боласың, бүйтсең кек аласың, мықты атанасың деп, ауқаттыларды азғырғалы әлек болып жүр. Кім азса, мен соған керек боламын деп, к...н қыздырып алып, өзін бір ғана азық қылайын деп жүр. Ұлықтар пәлі-пәлі, бұл табылған ақыл деп, мен сені бүйтіп сүйеймін деп, ананы жеп, сені бүйтіп сүйеймін деп, мынаны жеп жүр. Қара халық менің сонша үйім бар, сонша ауыл-аймағыммен сойылыңды соғайын, дауыңды айтайын деп, қай көп бергенге партиялас боламын деп, құдайға жазып, жатпай-тұрмай салып жүріп басын, ауылын, қатын-баласын сатып жүр. Осы бір ұры, бұзақы жоғалса, жұртқа ой да түсер еді, шаруа да қылар еді. Бай барын бағып, кедей жоғын іздеп, ел секілденіп талапқа, тілеуге кірісер еді. Енді жұрттың бәрі осы екі бүлік іске ортақ, мұны кім түзейді? Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме? Ұрыны тыю да оңай болар еді, бірақ осы бұзақының тіліне еретұғын, азатұғын байларды кім тыяды?

Абайдың бесінші қара сөзі Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып

11 слайд
Абайдың бесінші қара сөзі Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар: «Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр!» деп тілек тілегенін өзім көрдім. Онысы - жас баладан гөрі өзі есті кісі болып, ескермес нәрсесі жоқсып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсың: әуелі - «Түстік өмірің болса, күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Мал - адамның бауыр еті», «Малдының беті - жарық, малсыздың беті - шарық», «Ер азығы мен бөрі азығы жолда», «Ердің малы елде, еріккенде қолда», «Берген перде бұзар», «Алаған қолым - береген», «Мал тапқан ердің жазығы жоқ», «Байдан үмітсіз - құдайдан үмітсіз», «Қарның ашса, қаралы үйге шап», «Қайраны жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без» деген осындай сөздері көп, есепсіз толып жатыр. Бұл мақалдардан не шықты? Мағлұм болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, мал үшін қам жейді екен, бірақ ол малды қалайша табуды білмейді екен, бар білгені малдыларды алдап алмақ яки мақтап алмақ екен, бермесе оныменен жауласпақ екен. Малды болса, әкесін жаулауды да ұят көрмейді екен. Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшілік, соған ұқсаған қылықтың қайсысын болса да қылып жүріп, мал тапса, жазалы демесек керек екен. Бұлардың жас баланың ақылынан несі артық? Бірақ, жас бала қызыл ошақтан қорқушы еді, бұлар тозақтан да қорықпайды екен. Жас бала ұялса, жерге ене жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен. Сол ма артылғаны? Қолымыздағыны үлестіріп талатпасақ, біз де өзіндей болмасақ, безеді екен. Іздеген еліміз сол ма?

Абайдың алтыншы қара сөзі Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды -тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе

12 слайд
Абайдың алтыншы қара сөзі Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды -тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады - білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік - ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады! Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе құдайдан тілемейді, шаруа іздемейді. Әуелі біріне-бірі пәле іздейді. Не түсін, не ажарын, не өкпесін бұлдап, ол болмаса, бір пәле салып, қорғалатып, әйтеуір бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі. Мұның қай жерінен бірлік шықты? «Ырыс алды - тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады. Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады. Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың. Кеселді жалқау, қылжақбас, Әзір тамақ, әзір ас, Сыртың - пысық, ішің - нас, Артын ойлап ұялмас, - болып жүріп, тірімін деме, онан да алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық.