Материалдар / Әбіш Кекілбаев шығармашылығы.Оқушының көркем шығарма оқу және талдау дағдысы нәтижесінде орындаған ғылыми жұмысы.

Әбіш Кекілбаев шығармашылығы.Оқушының көркем шығарма оқу және талдау дағдысы нәтижесінде орындаған ғылыми жұмысы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем шығарманы оқуға қызықтыру,оқу сауаттылығын арттыру мақсатында оқушыларға ғылыми жоба жұмысы берілген.Оқушы өз жұмысында Ә.Кекілбаев шығармаларындағы ұлттық құндылықтарға тоқталады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2024
132
1 рет жүктелген
1170 ₸ 1300 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КӨРІНІСІ Орындағын: Бельдеубаева Гульзат Абай Құнанбаев атындағы жалпы

1 слайд
ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КӨРІНІСІ Орындағын: Бельдеубаева Гульзат Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Ғылыми жоба өзектілігі • Қаламгер Әбіш Кекілбаев әрбір шығармасында қазақ даласының салт- дәстүрді,адами қасиеттерді жоғары қ

2 слайд
Ғылыми жоба өзектілігі • Қаламгер Әбіш Кекілбаев әрбір шығармасында қазақ даласының салт- дәстүрді,адами қасиеттерді жоғары қоятын,тұрмыс- тіршіліктің қиындығына мойымаған кейіпкерлер бейнесін сомдайды. Жалпы рухани,ұлттық құндылықтар арқылы ата-ана мен бала арасындағы байланыс, отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы,түсіністігі туралы ұғым қалыптастыру жұмыстың өзектілігін айқындайды.

Зерттеудің мақсаты • Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Ә.Кекілбаев шығармаларындағы ұлттық

3 слайд
Зерттеудің мақсаты • Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Ә.Кекілбаев шығармаларындағы ұлттық құндылықтарды анықтау , өзіндік ерекшеліктерін танып-білу арқылы зерделеу.

Міндеттері • - Ә.Кекілбаевтың еңбектеріне шолу жасау; - Қаламгер шығармаларындағы құндылықтарға үңілу; - Шығармалардағы кейіп

4 слайд
Міндеттері • - Ә.Кекілбаевтың еңбектеріне шолу жасау; - Қаламгер шығармаларындағы құндылықтарға үңілу; - Шығармалардағы кейіпкерлердің өмірі,өмірге деген көзқарасы,іс- әрекетінен ұлттық құндылықтарды ашып көрсету

• Зерттеудің әдістері : салыстыру, жинақтау, насихаттау. • Зерттеудің теориялық және тәжірибелік мәні . Зерттеу нәтижесі қаза

5 слайд
• Зерттеудің әдістері : салыстыру, жинақтау, насихаттау. • Зерттеудің теориялық және тәжірибелік мәні . Зерттеу нәтижесі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен көркем шығармалар талдауда,оқу сауаттылығы бойынша мәтінмен жұмыс істеуде, жалпы шығармашылық жұмыстарды орындауда оқушыларға сөз мағынасын түсінуге , ұғынуға ықпал етеді. • Зерттеудің құрылымы : Кіріспе, негізгі болім, қорытындысы, пайдаланған әдебиеттер.

• Қандайда бір халықтың өміршеңдігі мен жасампаздығы оның ұлт болып қалыптасқаннан бері өзімен бірге өмір сүріп келе жатқан ұл

6 слайд
• Қандайда бір халықтың өміршеңдігі мен жасампаздығы оның ұлт болып қалыптасқаннан бері өзімен бірге өмір сүріп келе жатқан ұлттық құндылықтарына тікелей байланысты екені сөзсіз.Себебі,ұлттық құндылықтар ұлттық идеяның негізгі өзегі, ұлт қалыптасуының басты факторларының бірі ғана емес, сонымен бірге сол халықтың сан ғасырлық тарихы мен салт-дəстүрінің бедерлі белгісі. Əбіш Кекілбаев - қазақ əдебиетіне ХХ ғасырдың алпысыншы жылдары келіп қосылған жазушы.Бұл кезді қазақ əдебиетіндегі дамудың жаңа белесі деп атауға болады.Осы тұста бір сапта əдебиет əлеміне қадам қойған жазушылардың қазақ елінің тарихын,салт- санасын,тұрмыс-тіршілігін сипаттауда жаңашыл ой-өремен,биік парасатпен,соны талғаммен келгенін атап өтуге болады.Əбіш Кекілбаев -осы бір шоғыр ішіндегі өзгеше болмысты,бітімі бөлек қаламгер.

• Шығармаларында көшпелі қазақ тұрмысын, болмысын бейнелі жеткізе білген,«дала жыршысы» деген атқа əбден лайық Ə.Кекілбаев

7 слайд
• Шығармаларында көшпелі қазақ тұрмысын, болмысын бейнелі жеткізе білген,«дала жыршысы» деген атқа əбден лайық Ə.Кекілбаев сөзсіз ұлттық салт-санамыздың шырақшысы бола білді.Оның қай шығармасын оқысаңыз да дархан дала төсінде күн кешкен қазақ деген халықтың тыныс-тіршілігін, асқақ рухын, адамдық асыл қасиеттерін айқын аңғарасыз, жазушы повестері мен көптеген əңгімелерінде дерлік ұлттық идея басты назарға алынған.

• Қаламгер «Құс қанаты » повесінде өз анасы Айсәуленің бейнесін сомдайды. Шығармада Айсәуле ананың ауылдан көшу сәтінде қарап

8 слайд
• Қаламгер «Құс қанаты » повесінде өз анасы Айсәуленің бейнесін сомдайды. Шығармада Айсәуле ананың ауылдан көшу сәтінде қарапайым сюжет арқылы әрбір қазақтың жан-дүниесін көрсете білген. « ... Бұларды аттандырып салуға келген қатын – қалашқа ожауы мен тарақтарына дейін таратып берді. Төрт қанат шатпаның сүйегі мен қара қазанына ғана тимеді. • Байқап отырсақ, сылдыраған кесе-аяқ пен тарақ-ожау атадан қалған мұра емес, киесі де,қасиеті де жоқ. Бірақ шатпа сүйегі(киіз үйдің сүйегі) мен қара қазанын ешкімге бермей,қалаға көшіп бара жатса да сенімді қолға тапсырып кетеді.Қызына тапсырып,жазда тігіп қой деуі,шаңырақтың киесі ұрмасын,шаңырағым биік болсын деген әрбір қазақтың мақсаты емес пе? Қара қазан-береке-бірліктің, таусылмас несібесінің белгісі. Бүкіл отбасын бір дастархан басына жинаған - құдірет. Әр қазақ отбасының шаңырақ,бесікпен қатар тұрар құндылығы.

• Қаршадайынан жолдас болған мүліктен алғаны қорғасын құйған ұршығы ғана., - дейді.Ұршығы жай ермек емес. Ол- еңбектің,баршылы

9 слайд
• Қаршадайынан жолдас болған мүліктен алғаны қорғасын құйған ұршығы ғана., - дейді.Ұршығы жай ермек емес. Ол- еңбектің,баршылықтың дәлелі. Әке-шешесінен қалған мұра, өзгеге алтынға да айырбастамас ескерткіш. • «Содан бұл жататын кең бөлменің еденіне жеткенінше шүберек пен клеенка, жетпеген жеріне газет төселіп көлдей дастарқан жайылды. Қақ төрге қақырайып бұл отырды. Жігіттерге еріп елген екі-үш келіншек бұны бүгін өз қазанының маңына жуытар емес. Ал, әлгі кетік қара білекті сыбанып тастап, аузы жалпылдап көк кастрюльге ас салып жүр. Біреуі ыдыс-аяқ жуып жатыр, біреуі шұжық турап жатыр, біреуі рюмка сүртіп жатыр. Әйтеуір, шүрменнің баласындай жабылған да кеткен..». Қазақтың «үй тар болса да көңіл тарылмасын» дейтін даладай кеңдігі, қонақжайлылығы, келіндердің қазан-ошаққа өзі ие болып,үлкендерді төрге жайлар құрметі - нағыз ұлттық тәрбиені көргендіктің,руханилықтың белгісі.

• ..«Төбе-төбенің басында шаң шықпас па екен деп қарап жүрген балалар әуелі: «шүйіншілеп» ауылға, артынан «алақайлап» шаң шыққ

10 слайд
• ..«Төбе-төбенің басында шаң шықпас па екен деп қарап жүрген балалар әуелі: «шүйіншілеп» ауылға, артынан «алақайлап» шаң шыққан жаққа қарай сандарын шапалақтап жүгірмейтін бе еді? Әуелі шапқылап күйеулер келер-ді. Алдынан ақ бауырсақ шашып әжелер шығар-ды. ..Табалдырықтың алдына жаңа сойылған жас тері төселер- ді. Оң аяғымен аттаған келін сүрінбесе, таймаса - қадамының құтты болғаны. Сосын ащы даусы аспанды шатынатып заржақ ақын бет ашар-ды. Беташардан соң жұрт таласып-тармасып келіннің қолынан шай ішер-ді. Шай ішуге келген жұрт екі босағаға қаздай тізіліп жалаңдап отырған ауызды қатындардың алдына топытып көрімдік лақтырар-ды.» Міне,осы үзінді ұлттық құндылығымыздың көрінісі - рухани байлығымыз , салт-дәстүріміз.Сүйіншіден басталып,шашуы,жас отауы,оң аяқпен аттаған қалыңдық,беташар мен келіншайы, көрімдігі – ұлттық тәлім-тәрбие.

• «Сол күні бұл қатып ұйықтады. Тек бір уақытта барып, омырау тұсы қыбырлағандай болғасын көзін ашып еді, сыпырылып кеткен көр

11 слайд
• «Сол күні бұл қатып ұйықтады. Тек бір уақытта барып, омырау тұсы қыбырлағандай болғасын көзін ашып еді, сыпырылып кеткен көрпесін қымтап жауып жатқан келіні екен. Оның елден бұрын тұрып үй тазалап қоятынын сонда барып байқады» . Бұл үзіндіде қаламгер үлкенге құрмет,ене мен келін арасындағы сыйластық,отбасы берекесі қазақтың басты ерекшелігі екендігін айғақтайды. Жазушы жер бетінде жақсылық, қайырымдылық ұрығын егіп, мәнді өмір сүру керектігін өз оқырмандарына ұғындырады.

« Жолаушы құдайы қонақ екенін айтты. Əйел:Онда түсіңіз,қоныңыз,–деді». Халқымыздың қаншалықты қонақжай болғанын бі

12 слайд
« Жолаушы құдайы қонақ екенін айтты. Əйел:Онда түсіңіз,қоныңыз,–деді». Халқымыздың қаншалықты қонақжай болғанын білу үшін «Ашбөрі» əңгімесінен алынған осы бір қысқа ғана үзіндінің өзі де жеткілікті болар.«Құдайы қонақпын» деп шақырылмастан келе салған бөтен жанды жатсынбай, құшақ жайып төрінен орын беру дəстүрін қазақтан өзге ешбір халықтан кездестіре алмайсыз. « Б ə йбіше: – Түнекке барасың ба?М ə, қойшыларға сыбағасын ала бар,– деп,табақтан алып қалған бірер омыртқа, қабырғаны шүберекке түйіп, баласына ұсынды». Бір қараған адамға бұл қарапайым қазақ отбасының тірлігі болып көрінуі мүмкін.Алайда,бұл сөйлемдердің астарын тереңірек ұғына білген оқырман үшін бұл үзіндіде ұлтымызға т ə н асыл қасиеттердің тамаша үлгісі бар. Сыбаға арқылы құрмет,сыйластықты білдіреді.Бұл ұлттық құндылықтарымыздың ерекше орнын көрсетіп қана қоймай,ата-бабамыздың отбасы,ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарамағын көрсетеді.

• «Күй» шығармасында:«Жолаушының есіне жаңағы жол үстінде туған жайма қоңыр əуез түсті. Құлағыңды құнықтырып, көкірегіңді

13 слайд
• «Күй» шығармасында:«Жолаушының есіне жаңағы жол үстінде туған жайма қоңыр əуез түсті. Құлағыңды құнықтырып, көкірегіңді күмбірлетіп”, - дейді.Осы бір үзіндіні оқып отырып, ұлтымыздың аса қасиетті құндылықтарының бірі қоңыр домбырадан күмбірлеген күйді өз құлағыңызбен естігендей боласыз. Көз алдыңызға талай тарихқа куə болған кең байтақ қазақ даласы елестейді. Бұл да қаламгердің ұлттық құндылықтарды шығармада шебер түрде суреттей білгенінің айқын дəлелі.

• Ене,жата беріңіз,мен тұрайын, – деген Торғынды: • Жата бер,қалқам! Жұмысқа дейін бір ұйықтап оян, – деп қозғалтпайды. • «Ең б

14 слайд
• Ене,жата беріңіз,мен тұрайын, – деген Торғынды: • Жата бер,қалқам! Жұмысқа дейін бір ұйықтап оян, – деп қозғалтпайды. • «Ең бақытты күн » əңгімесінде көрініс тапқан осы бір шағын ғана детальдан халқымыздың өмірінде аса маңызды орынға ие келіннің ибалылығы, ененің келінге деген аналық мейірімі, шынайы жанашырлық сезімдерін аңғарамыз.Отбасының берекесі ене мен келіннің татулығында екенін сөзсіз аңғартады.

• “ Бұл кіргенде үйдің іші ығы-жығы.Төрде,атасының төңірегінде осы ауылдың шалдары. Екі-үш кемпір ошақ жақтағы кебеженің алдын

15 слайд
• “ Бұл кіргенде үйдің іші ығы-жығы.Төрде,атасының төңірегінде осы ауылдың шалдары. Екі-үш кемпір ошақ жақтағы кебеженің алдында əлі есін жия алмай отырған енесін ортаға алыпты. Екі-үш əйел дастарқан жайып,пішенші ауылдың кебежелерінде қалған ірімшік- құртты табаққа сап əкеліп,ортаға төгіп жатыр” • Жазушы осы баяндау арқылы «көрші ақысы – Тəңірі ақысы» деген қазақ даналығын дəлелдей түскендей. Автор қолданған бұл деталь көршілік қарым-қатынасқа селқос қарайтын бүгінгі қоғам үшін үлгі боларлық.

• Бəйгеге қосатын атты баптау,оны құлын кезінен тани білу өз ісінің маманы,нағыз атбегінің қолынан ғана келетін дүние. Атбегін

16 слайд
• Бəйгеге қосатын атты баптау,оны құлын кезінен тани білу өз ісінің маманы,нағыз атбегінің қолынан ғана келетін дүние. Атбегінің қолынан келген барша қазақтың қолынан келмесі анық. Атқа ықыласы ауған халықтың ішінде бұл өте қастерлі іс. • Егер күтімі болмаса кез-келген жануардың азып-тозары анық.Ал тұлпарды дұрыс бағалай білмеген,бабын таба білмеген адамның тұлпар бағын қайтарары тағы анық. Мұндай тарихты бастан кешірген тұлпарлар жайлы баяндар қазақ əдебиетінде молшылық.Дегенмен,Əбіш Кекілбаевтың «Бəйгеторы »повесінің орны ерекше,себебі автор ұлттық өнеріміз атбегілікті дәріптеп қана қоймай,құндылықтарымызды бағалайық деген ой тастайды.

• Міне,қарымды қаламгер Ə.Кекілбаев əңгіме жанрындағы туындыларына ата-бабамыздың асыл аманаты – ұлттық құндылықтарымызды осыл

17 слайд
• Міне,қарымды қаламгер Ə.Кекілбаев əңгіме жанрындағы туындыларына ата-бабамыздың асыл аманаты – ұлттық құндылықтарымызды осылайша арқау ете білген. «Жазушының тiлiнде де, дiлiнде де мiн жоқ. Қашанда сергек, қашанда сезiмтал, бəйгенiң алдынан ғана келетiн тұлпарларға ұқсатам мен Əбiштi. Ал,аспанға қарасам оның жұлдызын оңай танимын. Оның жұлдызы сол Əуезов,сол Шолохов,сол Айтматов,сол Нұрпейiсов жұлдыздарымен қатар тұр. Ол да жарық жұлдыз, мəңгi жанатын жұлдыз», – деген екен ақын Тұманбай Молдағалиев. Ə.Кекілбаев əңгімелері ең алдымен,адамның рухани байлығын, адамгершілікті,қазақ халқының құндылықтарын ту етіп көтереді.

Осы ғылыми зерттеуімді қорытындылай келе, жазушы Әбіш Кекілбаев туындыларының ұлтжанды тұлға тәрбиелеуде орны ерекше; - Қа

18 слайд
Осы ғылыми зерттеуімді қорытындылай келе, жазушы Әбіш Кекілбаев туындыларының ұлтжанды тұлға тәрбиелеуде орны ерекше; - Қаламгер әңгімелерін оқыған оқушының қазақ халқының ұлттық құндылықтары жөніндегі түсінігі кеңейеді; - Көркем шығарманы оқи отырып сөздік қоры байып қана қоймай, қазақы болмыс, дүниетаным жөнінде білімі кеңейеді. - Жазушы Әбіш Кекілбаевтың шығармалары– көркем туынды ғана емес, халықтық мұраны қадір тұтар ұрпақ тәрбиелеудегі ерекше құрал дер едік.  