Материалдар / Әдебиет теориясы ғылымының зерттейтін мәселелері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әдебиет теориясы ғылымының зерттейтін мәселелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдебиет теориясы ғылымының зерттейтін мәселелері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2019
300
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Әдебиет теориясы – әдебиеттану ғылымының бір саласы

1 слайд

 Әдебиеттану - көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін ғылым . Сөз өнерінің түп төркінін, тегін, туу , қалыптасу тарихын

2 слайд
 Әдебиеттану  -  көркем әдебиет  мәселелерін зерттейтін  ғылым .  Сөз  өнерінің түп төркінін, тегін,  туу , қалыптасу тарихын,  даму  заңдылықтарын,  көркемдік  және эстетикалық ерекшеліктерін зерттейді. Негізгі салалары үшеу: әдебиет теориясы,  әдебиет  тарихы,  әдебиет сыны .  Жанама  тараулары — текстология,  тарихнама ,  библиография .    Әдебиет  теориясы әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды.  Сөз өнерінің ерекшеліктерін, қоғамдық рөлін, көркем шығарманы танудың принциптерін, талдауын, әдістері мен методологиясын, әдеби  жанрлар  мен оның түрлерін,  өлең жүйелерін,  тіл  мен  стиль , әдеби ағым мен ағыс мәселелерін тексереді, талдайды. Сонда  әдебиет  теориясының зерттеу объектісі де үшеу болғаны —  әдебиет , әдеби шығарма, әдеби  процесс . Әдебиет дегенде, оның тағы да үш түрлі яки, таным тарапындағы, тәрбие саласындағы және эстетикалық мәні мен мәнісі дара-дара сараланады. Әсіресе эстетикалық табиғатына ерекше назар аударылады. 

 Әдеби шығарма дегенде, мәселен, роман яки поэма талдана қалған жағдайда оның мазмұны мен пішініне айналған шындық оқиғада

3 слайд
 Әдеби шығарма дегенде, мәселен,  роман  яки  поэма  талдана қалған жағдайда оның мазмұны мен пішініне айналған шындық оқиғадан туатын кем дегенде бес түрлі сауалға жауап беру шарт: Қандай оқиға болды? Оқиға қалайша болды? Оқиға кімдердің басында болды? Оқиға қалай баяндалған? Болған оқиғаға автордың көзқарасы қандай? Осы сұрақтарға жауап беру барысында шығарманың тақырыбы мен идеясын,  сюжет  пен композициясын, типі мен характерін, суреткердің тілі мен стилін, дүниетанымы мен көркемдік әдісін талдап-тексеру арқылы әдеби шығарманың сыры мен сипатын тұтас танып-білуге болады.

 Ал әдеби процеске келсек, мұндағы ең басты мәселе — жанр және жанрлық түрлер, мұны тексерудегі негізгі принцип — тарихилық.

4 слайд
 Ал әдеби процеске келсек, мұндағы ең басты мәселе —  жанр  және жанрлық түрлер, мұны тексерудегі негізгі принцип — тарихилық. Нәтижесінде — сөз өнеріндегі тек пен түрді, бет пен бағытты айқындау. Осылардың бәрін тек әдебиет теориясын терең білген адам, сол арқылы өз дәуірінің талабы дәрежесінде өзінің эстетик. талғамын қалыптастырған адам ғана істей алады. Бұл ретте,  әдебиет  теориясы көркем шығармашылықтың психол-сы мен ерекшеліктеріне қатысты суреткер лабораториясынан да белгілі мөлшерде нақты мәліметтер берері даусыз. Сонымен,  әдебиет  теориясын білмей, қандай да болса әдеби құбылысты нәзік түсіну, шынайы сөз өнерінің шындық өмірге қарым-қатынасын білу, әдебиеттің өсіп- өрбуіндегі заңдылықты ұғу, сайып келгенде, күллі ілгерішіл адам баласының жалпы көркемдік дамуындағы сыр-сипатты тану мүмкін емес. 

 Әдебиет теориясының ереже секілденген эстетикалық қағидалары мен қисындары — әшейін ойдан туа салған нәрсе емес, әдебиет

5 слайд
   Әдебиет  теориясының ереже секілденген эстетикалық қағидалары мен қисындары — әшейін ойдан туа салған нәрсе емес,  әдебиет  тарихы арқылы табылып, тексеріліп, жүйеленген ұшан-теңіз нақты әдеби деректерді терең және жан-жақты талдау, байыптау нәтижесіеде қорытылған толғамдар, түйін- тұжырымдар ( қазақ әдебиеті теориясы ).  Әдебиет  тарихы жалпы сөз өнерінің әр халықтың тарихында қалай пайда болғанын, қайтып қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейді. Әр ұлттың атамзаманғы сәбилік шағында, жазу-сызуы жоқ кезінің өзінде  ауыз әдебиеті  өрбігенін, одан ілгерілей келе жазба әдебиеті өніп-өрістегенін, сөйтіп оның көркемдік дамуы қай заманда қай бағытта болғанын саралайтын да, сын көзімен сұрыптап, сарапқа салатын да әдебиеттің тарихы.

 Сонымен қатар бұл ғылым әр дәуірдің әдеби нұсқасына тарихи тұрғыдан қарап, оның сапасын сол тұстың сана сатысына, ой өрісіне

6 слайд
 Сонымен қатар бұл ғылым әр дәуірдің әдеби нұсқасына тарихи тұрғыдан қарап, оның сапасын сол тұстың сана сатысына, ой өрісіне байланыстыра тексереді. Олай етпей, ауыз әдебиетінің нұсқалары болсын, жеке жазушылар шығармашылығы болсын, әділ бағаланып, әдеби дамудағы өзіне лайық орнын алуы мүмкін емес. Мұның өзі  Қазақстанның  жоғары оқу орындары соңғы отыз жыл бағдарында тұрақты оқулық ретінде пайдаланып келе жатқан “ Сөз өнерінде ” бір ғана өлең  эволюциясы  арқылы дәлелденеді: “[[Жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым, тату елге  жақсылық  қылдым, төрт бұрыштағы халықтың бәрін бейбіт қылдым, тату қылдым]]” деп келетін  Орхон жазуындағы  жырлардың  қазақша аудармасын  бүгінгі биік талғаммен өлшесек, эстетик. құны онша мықты емес.

 Ал тарихтық тұрғыдан тексеріп, танымдық мәнін, ғылымдық маңызын бағалап, қазақтың халық ретінде қалыптаса бастаған тұсындағы

7 слайд
 Ал тарихтық тұрғыдан тексеріп, танымдық мәнін, ғылымдық маңызын бағалап, қазақтың халық ретінде қалыптаса бастаған тұсындағы әдеби, мәдени мүлкінің ажарын аңғарып, енді дәл осы іспеттес өлең сөздің 15 ғасырладағы белгілі  Доспамбет жыраудың : “[[Ағарып атқан таңдай деп, шолпанды шыққан күндей деп, май қабақта ағалардың аты жусап жатыр деп, ақ шаңдақты құрып қойған шатыр деп, жазыда көп-ақ жортқан екенбіз]]” деген толғауындағы  жыр  тілінің төгіле жөнелетін шалқыма шешендікке ғана емес, әдемі айшыққа дейін қалай жеткенін байқаймыз да,  қазақ  өлеңінің ғасырлар бойы қандай жолмен сатылап дамығанын топшылаймыз. Осының бәрін тек әдебиеттің  тарихы  арқылы ғана танып-білуге болады. Бірақ бұл  қазақ поэзиясының  есею, жетілу барысындағы мың белгінің тек біреуі ғана. Ал бүкіл әдебиеттің қалыптасу, даму тарихын жан-жақты талдап-түсінуде Әдебиеттанудың әлгі саласының атқарар қызметі орасан зор ( қазақ әдебиеті тарихы ).

 Әдебиет теориясы ғылымының туу , қалыптасу, даму тарихы тым әріде жатыр. Бүкіл әлем шеңберінде алып қарасақ, сөз өнері, оны

8 слайд
 Әдебиет теориясы ғылымының  туу , қалыптасу, даму тарихы тым әріде жатыр. Бүкіл әлем шеңберінде алып қарасақ, сөз өнері, оның сыры мен сипаты туралы топшылаулар, көркемдік таным мен талғамның алғашқы белгілері грек өркениетінен ондаған ғасыр бұрын көне  Қытайдың  “Ән кітабы”, “Құбылу кітабы”, ежелгі Мысырдағы “Ағалы-інілі екеу туралы ертегі”, байырғы  Вавилон  жұртының “Көрмегені жоқ кісі туралы” дастаны немесе көне үнді халқының “ Ригведа ”, “ Махабхарата ”, “ Рамаяна ” жырлары тәрізді  адам  баласының жер бетінде тұңғыш туғызған әдеби ескерткіштерінде б.з.б. 3 — 2 мыңыншы жылдарда пайда болып, келе-келе тұрлаулы эстетикалық ұғымға көше берген.  Эллада  эстетикасы да бірден мектепке айналып, қауырт қалыптаса қалған жоқ.  Гректің  әдемілік туралы ілімі  Пифагор  мен пифагоршілердің (б.з.б. 6 ғ.) өнер мәнін санға,  Гераклиттің  сапаға, Демокриттің мөлшерге, Сократтың өлшемге сайған аңқау аңғарымдарынан басталып,  Платонның  “сәбилик” филос-сы арқылы  Аристотель  (б.з.б. 384 — 322 ж.) “Поэтикасына” келіп ұласады.

 Әдебиеттанудың ендігі дамуы Иммануил Канттың эстетикасына, одан әрі дүниенің түп діңгегі — абс. идея, абс. рух деп білген

9 слайд
 Әдебиеттанудың ендігі дамуы  Иммануил Канттың  эстетикасына, одан әрі дүниенің түп діңгегі — абс. идея, абс. рух деп білген  Гегельдің  атышулы тридасына барып тіреледі.  Ресейдегі  эстетикалық байыптаулардың басын сөз өнерін зерттеушілер сонау 10 ғасырдағы библиографиялық жазбалардан іздеп, кейінгі риторикалар мен пинтикаларға көшіп жүр. Бірақ біз бұл жерде бұл мәселені мұншалық егжей-тегжейлі тексеріп жатпай-ақ, әдебиет пен өнерді шын мәніндегі сипаты тұрғысынан уағыздап, сыншыл реализмнің эстетикалық принциптерін теор. жағынан айта қалғандай жарқырата ашқан орыс демократтары В.Г. Белинскийдің, А.И. Герценнің, Н.Г. Чернышевскийдің, Н.А. Добролюбовтың, Д.Н.Писаревтің есімдерін атап өтеміз. Өйткені олардың эстет. ой-пікірлері тек орыс қоғамында ғана емес, бүкіл дүн. жүз. парасат әлеміндегі бір биік болып табылады.

 Қазақ топырағындағы төлтума қоғамдық ой, оның ішінде эстет. пікір тарихында қазақтың асқан ғалымы Ш. Уәлихановтың , атақ

10 слайд
   Қазақ  топырағындағы төлтума қоғамдық ой, оның ішінде эстет. пікір тарихында қазақтың асқан ғалымы Ш.  Уәлихановтың , атақты ағартушысы  Ы. Алтынсариннің , ұлы ақыны А. Құнанбаевтың алатын орындары айырықша. “Шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыққан” (Веселовский)  Ш. Уәлихановтың  сөз өнері жайлы ғылымға қатысты еңбектерін ауыз әдебиетін жинау және жинаған нұсқаларын өзінше парықтау деп екі салаға бөлуге болады. Бұл ретте, Шоқанның өзі “дала Илиадасы” деп бағалаған әйгілі қырғыз эпосы “Манастың” бір тарауын тұңғыш жазып алуы, өз халқының ұлаңғайыр өлең- жырларын ел аузынан іздеп-тауып, талдап-тексеріп, оларды араб поэзиясымен салыстыра келе қазақ поэзиясы — саф таза сұлу поэзия екенін,  қазақ тілі   араб  тіліндей бояма, күлді-балам емес, татаусыз төгілген тұнық, мөлдір тіл екенін дәлелдеуі — соншалық байсалды, парасатты, ғылым тұрғысынан әбден піскен, кәмелетті пікір. Нәтижесінде оның поэзияны жалпы жұрттың рухани сусыны ретінде ғана емес, халықтың көркем тарихы, халық тағдырының сырлы шежіресі ретінде пайымдап, сол арқылы сөз өнерінің таным және тәрбие тарапындағы мәні мен маңызын белгілеуі, сондай-ақ қазақ өлеңін бес түрге бөліп, бұлардың әрқайсысына өзінше мінездеме әрі сипаттама беруі —  әдебиет  теориясына қатысты толғамдар. 

 Қазақтың болашақ Ә-ының алғашқы кірпішін Ш.Уәлиханов осылай қалаған еді. Ал Ы.Алтынсаринның әдебиет туралы ғылымға қосқан ү

11 слайд
 Қазақтың болашақ Ә-ының алғашқы кірпішін  Ш.Уәлиханов осылай қалаған еді. Ал Ы.Алтынсаринның әдебиет туралы ғылымға қосқан үлесі жұртқа мәлім ағартушылық еңбектерімен сабақтас. Осы бағытта ол қазақтың әдеби тілінің тазалығы, әдеби шығармалардың халықтығы, тәрбиелік мәнінің биіктігі үшін күресті. Ақындардың ақыны А. Құнанбаев  өзінің эстетикалық көзқарасын жүйелейтін ғыл. трактат жазып қалдырған зерттеуші де, сыншы да емес. Десе де нағыз реалистік поэзияның үлгісін көркеткен шыншыл ақынның, ғасырлар бойғы қазақ өлеңінің игі дәстүрін тың өріске, соны сатыға көтерген жаңашыл ақынның тамаша шығармашылық принциптері, сөз өнері хақындағы ұғым-түсініктері мен ой-пікірлері күллі көркем шығармаларының өнбойында желі тартып жатыр. Сонымен, сайып келгенде, қазақ топырағындағы әр түста әр сипатта көрініс тапқан қоғамдық-эстетик. ой-пікірлердің шын мәніндегі жүйелі әдеби ғылымға айналуы — Абайға дейін емес,  Абайдан  кейін болған процесс.  1905  жылы Ә. Бөкейханов жазып, жариялаған “Абай (Ибрагим) Құнанбаев” деген азанама — Абайтанудың басы.

 Байтұрсыновтың 1913 жылғы “ Қазақтың бас ақыны ” атты мақаласы — соның жалғасы. Осыдан былай қарай Абай туралы (дұрысы б

12 слайд
 Байтұрсыновтың  1913  жылғы “ Қазақтың бас ақыны ” атты мақаласы — соның жалғасы. Осыдан былай қарай  Абай туралы (дұрысы бар, бұрысы бар) пікір айтпаған, еңбек жазбаған, шығармашылық айтыс-тартысқа араласпаған әдебиетшілер кем де кем. Солардың дәл ортасында талмай еңбектеніп, жан-жақты зерттеп, ақыр-аяғында атақты монографиясы — “Абай (Ибраһим) Құнанбаев” арқылы Абайтану мектебін қалыптастырып тынған  Мұхтар Омарханұлы Әуезов  болды. Осылай туып, дамыған қазақтың әдебиет туралы ғылымының бүгінде барлық саласы түгел, тұтас: А. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышынан” бастау алып, Қ. Жұмалиевтің “Әдебиет теориясына” жалғасқан, одан З. Қабдоловтың “Сөз өнеріне” (әдебиет теориясының негіздеріне) келіп ұласқан қисын саласы;  Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің  “Әдебиет тарихынан” басталып,  Сәкен Сейфуллиннің  “Қазақ әдебиетінен”,  Сәбит Мұқанұлы Мұқановтың  “ XX ғасырдағы қазақ әдебиетінен” әрі қарай өрбіп, Ә. Марғұланның, Б. Кенжебаевтің,  Қоңыратбаевтың , Т. Нұртазиннің,  Мәлік Ғабдуллиннің , Х. Сүйіншәлиевтің, М. Сильченконың, Р. Бердібаевтің, М. Базарбаевтың, З. Ахметовтің, С. Қирабаевтың, Х. Әдібаевтің, Ш. Сәтбаеваның, Н. Ғабдуллиннің, Р. Нұрғалиевтің т.б. оқулықтары мен монографиялары — әдебиет тарихы;  Жүсіпбек Аймауытовтың  “Мағжанның ақындығы” секілді үздік үлгісі бар әдеби сын  Е. Ысмайыловтың ,  Мұхамеджан Қожасбайұлы Қаратаевтың , А. Нұрқатовтың, Т. Кәкішевтің, Ш. Елеукеновтың, З. Серікқалиевтің т.б. сын-зерттеулеріне дейін өрістеді. Бұлардың соңынан жедел жетіліп келе жатқан жас ғалымдар мен сыншылар қазақ әдебиеттануын одан әрі дамытып, жаңа белестерге шығарары даусыз.

Назар аударғандарыңызға рахмет!!!

13 слайд
Назар аударғандарыңызға рахмет!!!

13 слайд

Назар аударғандарыңызға рахмет!!!